Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
Құстарды темір жол көлігімен сирек тасымалдайды (асыл тұқымды өсіру үшін, сойылатындыларды ет комбинатына). Құстардың дені сау, жарақат, ісік, іріңдеулерсіз болуы керек. Тірі салмағы: қаздар 3-3,5 кг; ұйректер 1-1,4 кг; тауықтар 0,8-1 кг; балапандар 0,6-0,7кг.
Артар алдында ветеринарлық қарау өткізіледі. Сұрыпталған құсты тасымалдауға жібермей, осы жайлы акт толтырылады. Құстарды жақын қашықтықтарға торда тасымалдаған жөн (300км), алыс болса бос ұстап апарған дұрыс. Құстарды алыс жолдарға жәшік пен торларда тасымалдау құс күйі мен күту сапасына кері әсер тигізеді, тәбетінен айырылады, тірі салмағы едәуір түседі, өлім-жітім 4-5% құрайды.
Құстарды тасымалдау үшін стандартты ағаш торларды қолданады, оларды қабырға бойына орнатады. Түптері бүтін болуы керек, жем су сауыттары берік бекітілген болғаны дұрыс. Әрбір торға құстарды келесі мөлшерде артады: 18-24 тауық, 10-12 үйрек, 6-7 қаз.
5-Кесте. Төртдіңгекті вагонға құстарды торда арту нормасы
Құстар түрі
|
Бір вагонға тиілген құс саны, бас
|
Ересек тауықтар
|
850-1050
|
Балапандар
|
2500
|
Үйректер
|
400
|
Қаздар
|
200
|
Сурет-4. Құстарды тасымалдауға арналған торлар
Құстарды тәулігіне 3 рет азықтандырады, бір басқа тәулігіне 11,5л су қажет. Төсеніш ретінде сабан не ағаш үгінділері қолданылады, төсенішті күнде жаңартып отыру керек. Жүру кезінде құс ауырып қалған жағдайда, оны сау құстардан оқшаулап, кезекші мал дәрігерін шақырады, ал өлексесін арнайы жәшікке салып, келіп жету стансасында тапсырады. Құсты, жабдықтарды, азық қалдықтарын тапсырып-қабылдау қабылдап-тапсыру актісімен орындалады. Құс вагоны келіп жеткенде 12 сағат ішінде тапсырылуы керек.
6-Кесте. Құстарды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы
Құс түрлері
|
Жем, концентраттар
|
Шырынды азықтар
|
Тауықтар
|
0,08-0,1
|
0,1
|
Үйректер
|
0,2-0,25
|
0,1
|
Қаздар
|
0,3-0,35
|
0,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |