Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
Бал араларын, сонымен қатар өсiруге және акклиматизациялауға арналған шаяндарды, тiрi балықтарды, ұрықтандырылған уылдырықты тасымалдау, нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес атқарылады. Тасымалдау мерзімі мен тізімін жөнелтуші тағайындайды.
Араларды омартада фанер жәшіктерінде көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жәшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, әрі-бері жүріп тұру үшін орын қалдырады, жәшіктерді тақтайшалармен шегелейді.
Төртдіңгекті омартаға арту нормасы -100-120 дана, 6-рамалы қаңқалы жәшікке -200 бірқаңқалыға -380 көп емес. Оптималды температурасы 80С, ауыспалы кезеңде сыртқы ауа температурасы 100С аспайтын кезде тасымалдайды. Вагондарда мұнай өнімдері, өзге жағымсыз иісті заттар, химиялық заттар болмауы керек. Шайқалыс, соққы, діріл араларды мазасыздандырады, осы жайтты артып, түсіру кезінде естен шығармауы шарт. Өзімен бірге саңылауларды жабу үшін, жолсерік балшық, ермексаз, термометр, түтіндіргіш, шелек, тор жабынды, шеге, балға, қапшық алып жүреді.
Балықтарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Өзендерге енбейтін тек теңіз суына бейімделген теңіз балығын тірі күйінде тасымалдамайды. Тірі балық пен балық өрбіту материал (уылдырық) өсіру мен климатқа бейімдеу үшін арнайы жабдықталған аэрацияланатын вагондарда тасымалдайды.
Сурет - 6. Балық тасымалдайтын вагондар
Тасымалдауға дені сау, қозғалуы белсенді, механикалық зақымданусыз, зеңгі саңырауқұлағы, өсінділері, денесі ісіксіз, қабыршығы, желбезектері бүтін және таза, көздері зақымданбаған, дене беткейіндегі кілегейі жұқа балықтар жіберіледі. Балық құрсағы шертпеген, қампимаған, теріде ойық-жарасыз, желбезектері толық не жартылай бұзылусыз, дене беткейінде ақ не сұр бояусыз, көптеген ақ нүкте дақтарсыз, артқы бөлігі қарайған болмауы керек. Егер қарау кезінде осы айтылған белгілердің аздаған белгілері байқалса, барлық партия дәл диагноз анықталынғанша жіберілмейді. Арыған, бей-жай, жабырқау, механикалық соғылған балықты партиядан шығарып тастайды.
Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайын тексеру барысында су қоймасы төмендегі аурулардан сау болмаса, ұрықтандырылған уылдырық және өзге гидробионттар тасымалдануына тыйым салынады: қызамық, бронхиомикоз, қалқу қабының қабынуы (жүзу, торсылдағы), арқан балық айналмасы, дискотелез, инфекциялық анемия, көксерке ойықжаралы ауру, септицемия. Егер балықтардың триходиниаз, хилоденеллез, дактилогироз А,Б, және гиродактилозбен зақымдалғаны анықталса, балықтарды вагонға артар алдында паразиттерге қарсы өңдеуден тұздау, аммиакпен өңдеу өткізеді. Егер өңдеуден соң балықтар артылмаса, тасымалдауға тыйым салынады, балықтар костиоз, кокцидиоз, ихтиофириоз, нитишиоз, сангвиниколез, ботриоцефаллез, лигулез, писциколезбен зақымдалса, оларды облыс көлемінде тасымалдауды облыстық ветеринарлық комитеті шешеді, ал республика көлемінде болса, республикалық ветеринарлық комитеті шешеді, бекіре уылдырығы паразиті-полиподиум анықталған, су қоймаларынан бекірелерді тек жыныстық жетілмеген жасында шығаруға рұқсат етіледі. Карантин барысында балықты шығару енгізуге тыйым салынады. Тасымалдауға арналған тірі балықты аурулардан сау, сау емесіне қарамастан, 5% тұзды ерітіндегі ваннада өңдейді.
Сурет -7. Тірі балықтарды тасымалдайтын сауыттар
Тасымалдауға арналған су таза және балық ауланған су қоймасынан болуы керек, ондағы оттегі концентрациясы 5-8 мг/л, тасымалдау үшін хлорланған су алуға болмайды. Су реакциясы бейтарапты және жартылай сілтілі болуы керек. 1кг тірі балыққа 15-35 л су, температурасы жазда 6-80С, көктемде, күзде 3-50С болуы керек. Су температурасына байланысты тірі балықты вагон резервуарында көксерке мен табан 3-5 тәулік тасымалдауға төзімді сазан 5-10, бекіре 7-10 тәулік ұстайды. Жолда су оттегімен қанықтырылуы керек. Су неғұрлым жылы және оттегі аз болса, соғұрлым тірі балықтар тасымалдауды нашар көтереді. Тірі балықты тасымалдау вагондары, жолаушылар поезді құрамына кейде жүрдек поезд құрамына енеді. Жолда балық аурулары анықталғанда, оларды ары тасымалдайды, ал келіп жету стансасында жеке су қоймасына жіберіледі, мұнда комиссиялық акт толтырылады. Келіп жету стансасында тірі балықты арнайы автомашина түсіреді. Балық тасымалдайтын суды, су қоймасына құюға тыйым салынады, келіп жеткен балықты карантиндік тоғандарға жіберіп, 30 күн орта тәуліктік +120С-да ұстайды. Балық өсіру материалын бірден су қоймасына жібереді. Вагондарды арту және одан түсіру уақыты шектелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |