Тірі шаяндарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
Тірі шаяндарды тасымалдағанда, ветеринарлық қызметі қарау кезінде қысқыштары бүтіндігіне, сыртқы тысында механикалық зақымданулар болмауына, құрғақтығына назар аударады, егер шаянды алақанға салса, ол қозғалатын болуы керек. Шаяндарды арнайы ыдыстарда тасымалдайды (талдан өрілген кәрзеңке) орта көлемді шаяндар саңылауы 1 ден 15 см дейін, сыйымдылығы 100 ден 150-ге дейінгі. Түбіне бүктелген материал салады, бір-біріне тығыз етіп, арқасын үстіне қаратып салады, бұл олар қозғалмасы үшін жасалады. Әр шаяндар қатарын материалмен бөлектейді, бұл үшін құрғақ, батпақ мүгі, таза құрғақ балдыр, шөп пайдаланылады. Аулау мен арту аралығы 36 сағаттан аспауы тиіс. Тірі шаяндарды мұздақ вагондарда жазғы, ауыспалы мерзімдерде тасымалдайды.
ӘУЕ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жүктердің жіктелуі Сауда жағдайына байланысты әуе көліктеріндегі жүктер келесі түрлерге бөлінеді: тез бұзылатын және арнайы.
Тез бұзылатын жүктерге азық және басқа өнім жүктері жатады. Бұл жүктер оптималды температура және ауа ылғалдылығына байланысты тез бұзылатындықтан, оларды сақтағанда және жабдықтағанда ерекше жағдайлар жасап, тез арада белгіленген орынға жеткізу керек.
Тез бұзылатын жануартекті жүктерге келесі топтар жатады: жануартекті өнімдер - әр түрлі мал еті, құс, салқындатылған және ысталған балық, уылдырық, және сиыр майы, әр түрлі майшабақ, консервілер, шұжық өнімдері, ірімшік және т.б; тірі балық өнімдеріне – тірі уылдырық, азықтық ағзалар, мольки; биологиялық препараттар, қағанақ (плацентарная) сары суы, консервіленген қан, медициналық сүлік. Бұл өнімдерді сақтаған, тасымалдаған кезде арнайы жағдайлар жасалынады.
Сақтау барысында жағдай жасалып және тез арада жеткізілетін жүктер «Арнайы жүк түрлері» деген атаумен ерекшеленеді. Жеткізу уақыты шектелген және ұзақ қашықтыққа тасымалданатын жүктер тек қана әуе көлігімен жеткізіледі. Арнайы жануартекті жүктерге ауылшаруашылық және жабайы жануарлар, құс (сонымен қатар тәуліктік балапандар) және түбітті аңдар, ара, ауыл шаруашылық малдарының ұрықтары, бауырмен жорғалаушылар, асыл тұқымды жұмыртқалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |