Шешуі: 30см – 1500 км Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м) =5000000(см) 1см – Х Жауабы



Дата08.02.2022
өлшемі16,98 Kb.
#124431
Байланысты:
2 5319175171980921970


1.Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ
айтқанда – 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Шешуі: 30см – 1500 км Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м) =5000000(см)
1см – х Жауабы: 1:50 00000
2.Жер бетіндегі 2 нүктенің ара қашықтығы 420 км, карта бетіндегі ұзындық 7 см.
Картаның масштабын анықтау.
L – жер бетіндегі қашықтық
J- картадағы қашықтық
Шешуі: М = 420 км : 7см = 60 (км) = 60000 (м) =6000000 (см)
М -? Жауабы: 1:6000000

  1. 1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы

6 см. Екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығын табу.
Шешуі: Х – екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығы.Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз.
Х = 6 · 2 500 000 =15 000 000(см) =150 000 (м) = 150(км)
Жауабы: 150км

Ауа температурасы мен қысым
Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын теператураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км –де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір-бірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 ммбиіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді. Ауа температурасы мен қысымға байланысты есептер шығару.
1.Жаз айларында Іле Алатауының теңіз деңгейінен 1000 м биіктігінде атмосфералық қысымның мөлшері. 930 мм, ал температурасы +21º С градус болса, оның биік нүктесінде (шыңында) атмосфералық қысым мен температурасы қанша болмақ?
Шешуі: Талғар шыңы 4973 ≈ 5000
Қысымды есептеу: 5000:10 = 500
930 – 500 = 430
Температураны өлшеу: 5000:1000 = 5
5 ∙ (-6ºС) = -30°C -30ºC + 21°C = — 9ºC

  1. Тау етегіндегі ауа температурасы +18ºС , ал шыңында — 6 ºС. Таудың биіктігін анықтаңыз.

Шешуі: +18 °С – (-6ºС) = 24°C
24 ºC: 6 °С = 4 ∙ 1000 = 4000
Жауабы: таудың биіктігі 4000м немесе 4 км
3.Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең?
Шешуі: 3000:10 =300
300 + 450 = 750 мм
Жауабы: жер бетіндегі атмосфералық қысым – 750 мм
4.Барометр тау етегіндегі атмосфералық қысым 740 мм, тау басында 440 мм көрсетсе, таудың салыстырмалы биіктігін қалай анықтаймыз?
Шешуі: 740 – 440 = 300
300∙10 = 3000м
Жауабы: таудың салыстырмалы биіктігі 3000м немесе 3 км

  1. Егер жер бетіндегі қысым 750 мм болса, 5 км биіктіктегі ұшып бара жатқан ұшақтың бортында қандай атмосфералық қысым болатынын есептеп шығарыңдар.

Шешуі: 5 км – 5000 м
5000м: 10м =500
750 – 500 = 250 мм
Жауабы: 250 мм атмосфералық қысым
7.Жер қыртысында болатын өзгерістер
Жер қыртысының температурасы 100 метрге тереңдеген сайын +3ºС көтеріледі
Жер қыртысы тереңдігіндегі температура өзгерісі
1.Тас көмір өндірілетін шахтада 1000 тереңдікте тау жыныстарының температурасы қандай, егер жер бетіндегі температура +10 °С көрсетсе?
Шешуі: 1000: 100=10
10 ∙ 3= 30 °C
30 ºC + 10 °C= 40ºC
2.1600 тереңдіктегі жер асты шахтасындада қандай температура, егер жер бетіндегі температура – 5 °С болса?
Шешуі: 1600 : 100=16
16 ∙ 3°C= 48 °C
48 + (-5ºС) = 43 °C

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет