Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


Бақташы роботтар австралия фермерлерінде жұмысқа кіріседі



бет21/27
Дата13.12.2016
өлшемі2,67 Mb.
#3734
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Бақташы роботтар австралия фермерлерінде жұмысқа кіріседі







Робот-фермермерлері көшеттерді тексеру, егіндерді санау және арам шөпті шабуда сәтті қолданылады. Енді олар бақташы кәсібін де игеріп алды


Австралиялық тақыршақтарында қой және мүйізді малды өсірумен шұғылданатын фермалар үлкен аумақтарына ие және көп жағдайларда өркениеттен алыстатылған. Мысалы, елдің ең шеттетілген мал шаруашылығының фермасы, Солтүстік аумақтарында орналасқан Саплджек Даунс 4000 шаршы шақырымға жайылған және Элис Спрингс жақын қаласынан машинадағы 13сағаттық жүріс қашықтығында орналасқан.

Бұл фермада малға тек мезгіл-мезгілімен қарайды – көбінесе жылына бір немесе екі рет. Осы себептен малдар жиі дертке шалдығады немесе басқа да қолайсыз жағдайларға тап болады, ал олардың иелері мүлдем хабарсыз болып отырады.

Дегенмен қазіргі уақытта бақылаушылардың және бақташылардың жұмысына роботтар кірісуге дайындалуда. Келесі айда Австралияда екі жылдық сынамалық бағдарламасы іске қосылады, оның аясында роботтарды фермерлік шеберлігіне үйрететін болады.

Механикалық бақташылар ауру және жарақат алған малдарды денедегі температураның өзгеруін және әрбір малдың жүрісін белгілеуге қабілетті жылу және бейне сенсорларының көмегімен анықтай алады. Бұдан бөлек, роботтар малдың жаю үшін жақсы жайылымдарды таңдау үшін, жердің және қоршаған өсімдіктердің түсін, температурасын және нысанын тіркей алатын сездіргілерімен жабдықталатын болады.

Осы екі жылдық сынақтың міндеті — роботтың бағдарламаларын шебер баптау, ол оны бейсауат мал табуға, сонымен қатар бұталықтарды, балшықты, батпақты және төбені сәтті жеңуге үйретеді. Робот-бақташы әлі өз атын алған жоқ, бірақ ол 20-150 сауын сиырынан тұратын кішігірім топты жаю үшін жобаланған Shrimp ертерек үлгісінің дамуы болып табылады.

Роботтехникасы саласындағы әрбір серпіліс, дәстүрлі түрде адамдарға тиесілі жұмыс орындарын роботтар басатындығы туралы мәселені көтереді. Алайда ауыл шаруашылығы үшін бұл бата болуы мүмкін. Бүкіл әлем бойынша фермерлік шарушылықтар жұмысшылардың қатты тапшылығын сезінуде, және олардың орнын машиналар толығымен баса алады. Мысалы, Сидней Университетінің инженерлері (University of Sydney), Shrimp басқа, Австралия фермаларында әлдеқашан еңбек етіп жатқан бірнеше роботтарды әзірледі. Солардың бірі – Ladybird, арамшөпті іздеуге арналған көшетті қадағалай алады. Зиянды өсімдікті байқаған соң робот оны отайды немесе нүктелей химиялық заттекпен бүркиді, ол гербицидтердің пайдаланылуын ықшамдауға мүмкіндік береді. Келесі робот фермерлер түсім жеткіліксіз және өсімдіктерге қосымша тозаңдандыру қажетті аймақты нақты анықтау үшін, бақтардағы әр алманы есептейді.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15189



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет