Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


Google компаниясы Assistant — жасанды парасатпен дербес көмекшіні ұсынды



бет25/27
Дата13.12.2016
өлшемі2,67 Mb.
#3734
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Google компаниясы Assistant — жасанды парасатпен дербес көмекшіні ұсынды







Google 2016 конференциясының барысында Assistant қарапайым атауымен, толығымен дерлік Google Now қайта жасалған, Siri және Cortana бәсекелесуге дайын дауыстық көмекші ұсынылды


Өзінің негізін қалаушысы секілді Assistant те «OK, Google» сөйлемшесіне үн қатады. Одан бұрынғысынша ертеңгі күнге арналған ауа райы болжамы секілді қарапайым заттарды сұрауға болады, бірақ енді ол күрделірек міндеттерді де орындауға шамасы келеді: мысалға, ол еш қиындықсыз сізге киноға билет брондай немесе «Галереядан» тапсырылған уақытта жасалған суреттерді ашып бере алады.

Функционалдықтың мұндай жақсартуға, сіздің өтініміңіздің мәнмәтінін анықтайтын табиғи дауысты танып білу технологиясының арқасында жетуге сәті түсті. Мысалға, сіз оны жұма күні кешке көру үшін кино таңдағыңыз келеді. Assistant сол сәтте кинотеатрлар тізімін және олардың жарқағазын кешкі сағат 6-дан бастап шығарады — дәл соны Cortanaда, Siri де жасайды. Алайда осыдан кейін: «Біз өзімізбен бірге балаларымызды алып барғымыз келеді» деп нақтыласа, онда Apple және Microsoft іздеушілері сіз не айтып тұрғаныңызды түсінбейді, сол екі арада Assistant рейтинг бойынша фильмдер тізімін сұрыптайды. Егер сіз кинотаспасымен беттердің біреуін ашсаңыз, онда ассистент бірден сіз билетті төрт адамға брондағыңыз келе ме, жоқ па сұрайды.

«Біз Assistant туралы әркім үшін дербес іздестіруші деп ойлаймыз», — деп айтты бас Google атқарушы директоры Сандар Пичай (Sundar Pichai). Ол сонымен қатар мобильді құрылғылардың іздеу жүйесінде барлық өтінімдерінің 20% дауыстық енгізу арқылы жасалатындығы туралы айтып ескертті.

Жақын арада Google Assistant мобильді құрылғылар, компьютерлер (тұсаукесерде анықтаған жоқ, бірақ, әңгіме Chromebook туралы сияқты) және компанияның өзге девайстары үшін қол жетімді болады. Assistant Android Wear-да пайда болады ма, әзірге белгісіз, бірақ Google өзінің жаңа дауыстық көмекшісінің (немесе жаңа дерлік, егер оны Google Now дамуы деп қабылдаса) қолдану аясын максималды кеңейткісі келеді. Іске қосу мерзімін Google компаниясы әзірге құпияда ұстауда.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15158



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет