Тальк, ақ саз, алюминий гидрототығы, белсендірілген көмір (сarbo activatus), карболен.
Бұл препараттар жоғары сорғыш беткейлері бар жұқа, ұнтақ тәрізді инертті заттар, олар суда ерімейді және тіндерді тітіркендірмейді. Бұл препараттар өздерінің беткейіндегі химиялық қосылыстарды сорып алып, сезімтал нерв ұштарын тітіркендіргіштерден қорғайды. Фармакологиялық әсерлері:
а) сорғыш;
б) детоксикациялаушы
в) аналгезиялық;
г) қабынуға қарсы.
белсендірілген көмір
белсендірілген көмір
Қолдануға арналған көрсетімдер:жіті уланулар кезінде, газдарды адсорбциялау үшін метеоризм кезінде, диспепсия және тағамдық улану кезінде қолданады.
Адсорбциялаушы гемостатикалық заттар, хирургиялық шаралар кезінде тіндердің жабысуын және қан кетуді тоқтату үшін қолданылады: берипласт (жергілікті қолдануға арналған ерітінді); тахокомб (сорғыш губка).
Ақ саз (bolus alba) немесе алюминий силикаты, аз мөлшердегі сумен тез қосылып пластикалық массаға айналады.
Адсорбциялық және тұтқыр зат ретінде стоматологиялық пасталардың құрамына кіреді.
Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.
Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі.
Әсері рефлекторлы Тікелей әсерлі (резорбтивті)
Әсері рефлекторлы
Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. Бұрын белгіленеді.