Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет7/12
Дата31.01.2018
өлшемі2,05 Mb.
#37263
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Операциялық естен тануда қан тоқтату үшін тері астына 5 % эфедрин ұсақ малдарға 0,1-0,2, ірі малдарға 5-8 мл егеді. Осымен қатар естен тануға қарсы Асратянның, Поповтың сүйықтығын және Плахотиннің камфорлы сары суын қолдануға болады.

Кеш пайда болған естен тану организм уланғаннан және инфекцияның әсерінен пайда созылады. Оны емдеуге камфораның сары суы немесе хлорлы кальций мен кофеин араластырған гексаметилентетраминнің 40% ерітіндісін қолданады.

Естен тануға алдын ала қолданылатын шаралар :

- сенсибилизациядан сақтау; операция алдында жергілікті және жалпы жансыздандыру қолдану;

- дер кезінде қан ағуды тоқтату; сынған сүйектердің қабығының жарақатын тез жабу және т.б.

Коллапс жағдайы. Аяқ астынан жүрек қызметінің әлсіреп, қан тамырларының соғуы, қызметі нашарлағандықтан артериялық қан қысымының күрт төмендеп кетуінен жануарлардың талықсуын - коллапс дейді. Ол қан айналымындағы қанның көлемі азайғандықтан, жүректің әрбір жиырылған кезінде қолқаға итеріп шығаратын қанның көлөмі аз болғандықтан байқалады. Коллапс жағдайына ұшыраған малдың миына келетін қанның қүрамыңда оттегі азайып кеткендіктен оның қызметі нашарлап қалады. Коллапс жағдайы көбінесе көп қан жоғалтып қансыраған малда, химиялық заттармен уланған малға, айналадағы ауада оттегі жетіспегенде, жарақаттанғаннан кейін инфекциялық ауруға шалынған жануарларда байқалады.

Коллапс пен талманың өзара ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Айырмашылықтарын айта кетсек, коллапс жағдайы жүрек және қан тамырларының қызметі жедел түрде нашарлағандықтан пайда болса, талма жағдайы миыдың қызметінің күрт нашарлауы салдарынан пайда болады.

Коллапс - уақытша, кенетген пайда болатын жүрек қызметінің бәсеңдеуі және қан тамырының қысымының төмендеуі. Мұнда артериялық қысым бірден төмендеп, бүкіл организмнің өмірлік қызметтері бәсеңдейді.

Коллапс пайда болу себептеріне, жарақаттанған малдың көп қан кетіп қансырауы, қатты ауырып тітіркенуі жатады. Кейде ол ұлпалардың ыдырауынан пайда болған уыт денеге тараганда, қатгы қорыққаннан, бұлшық еттердің қажығаныңда пайда болады.

Клиникалық белгілері: организмнің кенеттен туатын жалпы әлсіздігі, малдар көбінесе жатып алады, қан тамырының соғысы әлсіз, жиі, болар-болмас білінеді, дем алысы сирек, үстіртін, көздің шырышты қабығы ағарыңқы - көкшіл болады. Жалпы дене қызуы төмендеп, сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауабы бәсеңдейді. Аяқтары салқындап, бұлшық еттері босаңсиды.

Емі: Коллапсты тудырған себептерді жою, организмнің бұзылған қызметін қалыпқа келтіру. Қан ағысын тоқтату (бұрау, салу, тампондау, қан тамырларын байлау, күре тамырға хлорлы Са ерітіндісін егу). Қанды толықтырып, оның қысымын көтеру үшін глюкоза және аскорбин қышқылын физиологиялык ерітіндімен бірге күре тамырға жіберген жөн. Қан алмастырып құю немесе арнайы қаналмастырғыш ерітінділер (полиглюкин, реополиглюкин, гемодез, гидролизат, аминопептид) жақсы нәтиже көрсетеді. Уыт денеге тараған жағдайда күре тамырға 40% гексаметилентетралин ерітіңдісін кофеинмен қосып егеді. Жүрек қызметін және сыртқы қан айналысын жақсарту үшін, тері астына кофеин, камфора майын немесе күре тамырға камфора сары суын еккен жөн (күніне 2 рет ірі малға 250-300 г, ұсақ малға 25-30 г). Осыған қоса ауру малды есілген сабанмен ысқылап, малдың денесін қыздыру керек.
ОРГАНИЗМНІҢ ЖАРАҚАТҚА ЖЕРГІЛІКТІ ЖАУАБЫ – ЖАРАҚАТТЫҚ ҚАБЫНУ
Организмнің жарақатқа жергілікті реакциясы - жарақаттық қабыну арқылы байқалады.

Қабыну (inflammatio) - жоғары сатылы жануарлардың әр түрлі сыртқы жарақаттаушы әсерлерге қарсы (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық) жергілікті қорғаныс - бейімделу реакциясы.

Қабыну генетикалық және зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулардан басқа барлық аурулардың даму барысының патогенетикалық негізі болып табылады. Сондықтан да клиникалық тұрғыдан қабынудың биологиясын, кезеңдерін, даму сатыларын түсіну хирургиялық және басқа аурулардың патологенетикалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді.

Қабыну асептикалық және инфекциялық түрлерге бөлінеді. Асептикалық қабыну механикалық, физикалық және химиялық жарақаттардан пайда болады., Ағымы бойынша жіті және созылмалы, ал бөлінетін экссудатына байланысты сарысулы, сарысулы - фибринозды, фибринозды болады. Егер сарысулы экссудатта қызыл қан түйіршіктері кездессе оны геморрагиялық дейді. Скипидар және басқа химиялық заттарды егуден асептикалық іріңді қабыну дамиды.

Іріңді (инфекциялық) қабыну жарақаттанған ұлпаларға әр түрлі аурулардың қоздырғыштарының енуінен пайда болып, асептикалық қабынуға қарағанда жіті және ауыр түрде өтеді. Стрептококк, страфилоккок және т.б. микробтар тудыратын аэробты инфекция ірінді қабынумен сипатталады, іріңнің түсі сұрғылт, сарғылт - сүр, көкшіл жасыл, сұйықтығы қою не сүйық, кейде қаймақ тәріздес болады.

Анаэробты факультативті микробтар шірікті қабыну тудырып, өлі ұлпалардың іріп - шіруімен сипатталады. Экссудат сұйық, кірлеу, сұрғылт немесе қызыл қоңыр түсті, жағымсыз иісті болады.

Қабынудың жергілекті белгілері. Олар: қызару (rubor); жергілікті жердің қызуының көтерілуі (calor); домбығу (ісіну) (tumor) ; аурушаңдық (dolor); қызметінің бұзылуы (function laesa).

Қызаруды адамда қарау арқылы оңай анықтауға болады. Ал жануарлардың терісінің ерекшелігіне байланысты онша байқалмайды. Қабынған жерде алғашында ұсақ қан тамырлары кеңейіп ол жердегі қан айналысы күшейеді. Сәлден соң керісінше қан айналысы баяулап тіпті тоқтайды (стаз). Бұл өзгеріс «гипермия» деп аталады. Ол қан тамырларына гистаминнің әсер етуімен және қабыну белдеуіндегі ацидоздық өзгерістерге байланысты дамиды.

Қабынған жердің жергілікті қызуының көтерілуі ол жердегі катоболитикалық реакциялардың (зат алмасу) үдеуінен және одан бөлінетін жылу энергиясына байланысты.

Жергілікті домбығу (ісіну) қан тамыры қабырғасының қан плазмасы мен қан түйіршектерін өткізгіштігінің өзгеруінен және капиллярдағы гидростатикалық қысымның күрт жоғарлауынан болады. Қан тамырынан шыққан плазма ұлпа коллойдтарымен оңай байланысады да ол жер қабынады (ісінеді).

Аурушаңдық жарақаттанған жердегі жүйке тамырларының қысылуынан немесе жарақаттануынан болады.

Осылардан жарақаттанған жердегі ұлпалардың қызметі бұзылады. Жарақатық қабыну организмнің біртұтас өзара байланысты 2 кезеңнен тұратын жергілікті қорғаныс - бейімделу реакциясы. Бірінші кезеңі - альтерация (бүліну), ал екінші кезеңі және регенерациядан (қайта қалпына келу) кезеңі деп аталады. Қабыну кезінде бүліну немесе қайта қалпына келу процестері басым жүруі мүмкін.

Қарқындылығына байланысты қабыну - нормергиялық, гиперергиялық және гипоергиялық болады.

Нормергиялық қабыну - организмнің механикатық, физикалық, химиялық және биологиялық жарақаттаушы әсерлерге сай қалыпты (адекватты) реакциясы. Мұндай қабыну реакциясында организмге жарақат арқылы түскен бөгде заттар оқшауланады (инкапсуляция), залалсыздандырылады, сыртқа шығарылады немесе бойға сіңеді. Ал зиянды микроорганизмдер дер кезінде бейтараптанып жойылады, Нормергиялық қабынуда қалпына келу үрдістері (процесстері) яғни бүлінген ұлпалардың регенерациясы басым болады, ал альтерациялық процесстер инфекциялық ошақты басып, өлі ұлпаларды сұйылтуға (ерітуге) бағытталады. Бұл қабыну бүлінген ұлпалардың жазылуымен аяқталады.

Гиперергиялық қабыну жүйке жүйесінің бейімделу – қайта қалыпқа келу (адаптациялық – трофикалық) қызметі бұзылғанда, организмнің аллергиялық жағдайында, өлі ұлпалар өте көп болғанда және жарақатқа инфекция түскенде (инфекциялық қабыну) дамиды. Мұндай қабынуда организмнің қорғаныс күштері зиянды агенттің зақымдаушы әсеріне сәйкес болмай, ұлпалардағы бүліну (альтерация) үрдістері олардың қайта қалпына келу (регенерация) үрдістерінен басым болады. Яғни, гиперергиялық қабынуда зиянды әсерлерге организмнің оларға қарсы әрекеті өте жоғары болғандықтан, ұлпаларда қосымша көлемді бүлінулер жүреді. Соның салдарынан торшалық және грануляциялық кедергілер құрылуы тежеліп, қан және лимфа арқылы денеге өте көп мөлшерде ұлпалардың ыдырауынан түзілген улы заттар (токсиндер) мен қоздырғыштар сіңіріліп, тарап, организмнің ауыр улануын, кейде инфекциямен асқынуын тудырады. Қабынған жер қатты аурып, ісініп, жергілікті ацидоз дамиды. Гиперергиялық қабыну ошағындағы жоғары тітіркенуден мидың орталықтары да шектен тыс тітіркеніп, қабынудың бейімделу, қалыпқа келудегі ролін күрт төмендетеді. Соның салдарынан бүлінген ұлпалардың. одан ары бүліну шіру процестері үдейді. Сондықтан гиперергиялық қабыну ошағындағы шектен тыс ауырсынуды басу, өлі ұлпалардан арылту, сұйықтардың сыртқа шығуына жағдай жасау және инфекцияны жою оны нормергиялық қабынуға айналдыруға мүмкіндік береді.

Гипоергиялық қабыну – организмнің жарақаттаушы әсерлерге қарсы жергілікті қорғаныс - бейімделу реакциясының жарақаттаушы агенттердің әсерінен төмен болуы. Қабынудың мұндай түрі арық, көтерем, қатты шаршаған, жүйке жүйесі әлсіз және бұрыннан ауру малдарда байқалады. Мысалы қабынудың мұндай түрі анаэробты инфекцияларға тән. Ал иондаушы радияция әсерінен қабыну мүлде басылып қалады. Организмнің жалпы қорғаныс - қарсыласу күші жеткіліксіз болғанда қабыну реакциясы да әлсіз болады. Бұндай жағдайда ұлпалардағы қайта қалпына келу үрдістері яғни регенерациялық процесстер жеткіліксіз, толымсыз болғандықтан жарақаттың жазылуы баяу болады. Инфекциялық қабынудың даму қаупі туады. Осыны ескеріп, қабынуды қалыпты ағымға түсіру үшін жарақаттаушы агенттерді жоюмен қатар организмнің жалпы қорғаныс күштерін көтеру, қалыпқа келтіру керек.

Қабынудың даму кезеңдері. Қабыну біртұтас өзара байланысты екі кезеңнен, альтерация – (бүліну) және регенерациядан (қайта қалпына келу) тұрады. Әр кезең өзіне тән жергілікті био – физикалық, био - химиялық, морфологиялық және клиникалық өзгерістермен ерекшеленеді.

Қабынудың бірінші кезеңі — альтерация - гидратация процесстерімен сипатталады. Мұнда сөл және қан айналымы бұзылады, қан тамырларының тонусы (торшаларының өміршеңдігі) төмендеп, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі артады да экссудат түзілу үдейді, торшалардың шоғырлануы, фагоцитоз, ұлпалардың гистолизі үдейеді және био – физико - химиялық өзгерістер дамиды. Дегенмен асептикалық нормергиялық қабынуда ұлпалардың алтерациясынан регенерациялық үрдістер басым жүреді. Содан соң екінші кезеңге ауысады. Жылқылар мен иттерде асептикалық қабынудың бірінші кезеңінде сарсулы, ал инфекциялық қабынуда сарсулы – іріңді кссудация басым болады да протеолиз (өлі ұлпалардың ыдырауы) анық байқалады. Сиырда, қойда және шошқада асептикалық қабынудың бірінші кезеңінде жиі сарсулы – фибринозды, ал инфекциялық қабынуда фибринозды - іріңді экссудация және пролиферация (торшалардың бөлініп көбеюі нәтижесінде белгілі бір ұлпаның қалыпқа келуі) басым болады да протеолиздің бәсең болуы байқалады. Соңғысы іріңді қабыну ошағында ұзағырақ сақталады, өйткені бұл жануарларда іріңді – демаркациялық қабыну (тірі ұлпа мен өлі ұлпаның арасындағы шекара пайда болуы) құбылысы басым болады. Ол өліетермен араласқан фибринді - ұлпалық кепкен қоспа – секвестрация) пайда болуына жағдай жасайды. Осыдан іріңді – ферменттативтік процестер онша байқалмайды. Осының нәтижесінде өлі ұлпалар арасына дәнекер ұлпа өсіп, қабықпен қапталады. Кеміргіштер мен құстарда фибринозды экссудация басым. Ашық механикалық жарақаттарда демаркациялық қабыну реакциясы нәтижесінде фибрин өлі ұлпалармен араласып, кеуіп қабыршаққа (струп) айналады. Осы баяндалғандар жарақаттық қабынуды емдеу тәсілдерін таңдағанда, дәрілерді қолданғанда ескерілуі керек.

Қабынудың екінші кезеңі – регенерация - дегидратация процесстерімен сипатталады. Бұл кезеңде кедергі құру аяқталып, жарақаттанған аумақ немесе инфекциялық ошақ толығымен оқшауланып бөлектенеді. Мұның бәрі қабыну белдеуінің дегидратациясымен жүреді. Сонымен қатар организмдегі уыттар мен бөгде заттар жойылып сыртқа шығарылады, немесе сіңіріледі (бойға тарайды), осыдан кейін регенерациялық яғни бүлінген ұлпалардың толық қалпына келу процесстері басталады. Мұның бәрі қабынудың бірінші кезеңінде болатын қабынудың клиникалық белгілерінің бәсеңдеуі мен био – физико - химиялық және функционалъдық (қызметтік) өзгерістердің қалпына келуімен сипатталады. Біртіндеп бүлінген ұлпалардың құрылымы, зат алмасуы қалыпқа келеді. Қан және лимфа айналысы жақсарады. Жартылай тотыққан заттар, ацидоз азаяды. Қабыну ошағында көп мөлшерде гистиоцитарлық торшалар және дәнекер ұлпа элементтері пролиферациясы жүріп, соның нәтижесінде қабыну белдеуінде ұлпалардың қалыпқа келуі байқалды.

Қабынудың сатылары. Қабынудың әр кезеңі өзара тығыз байланысты сатылардан тұрады. Біртұтас қабыну үрдісін кезеңдер мен сатыларға бөлу міндетті емес, бірақ ол қабынудың әр сатысына тән патогенетикалық ерекшеліктері мен клиникалық белгілерге сай тәжірибе жүзінде әр түрлі емдеу тәсілдерін қолдану керектігінен туындайтын қажеттілік.

Жіті асептикалық қабынудың бірінші кезеңі екі сатыдан тұрады. Олар:

1. қабынып домбығу (ісіну);

2. торшалардың шоғырлануы және фагоцитоз сатылары.

Асептикалық қабынудың екінші кезеңі де 2 сатыдан тұрады:

1. биологиялық өздігінен тазару (сіңірілу);

2. регенерация және тыртықтану сатылары.

Ал жіті іріңді қабынудың бірінші кезеңі үш сатыдан тұрады. Олар:



  1. қабынып домбығу (ісіну);

2. торшалардың шоғырлануы және фагоцитоз сатылары);

3. тосқауылдану (барьеризация) және іріңдеу сатылары.

Жіті ірінді қабынудың екінші кезеңі де 3 сатыдан тұрады. Олар:


  1. жетілген абцесс;

  2. биологиялық өздігінен тазару (сіңірілу);

  3. регенерация және тыртықтану сатылары.

Дәріс 5. ТЕРМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР
Термикалық күйіктер,

химиялық күйіктер.

Термохимиялық күйіктер. Үсіну

Жалын-шоктан болғаң күйік. Бұл жоғары тсмператураның әсерінен орын алады. Олар — өрт кезіндегі жалын. кайнаған су, бу, қызған зат.



Белгілері. Күйіктің үш дәрежесі болады. Бірінші дәрежелі күйік болса, мал катты ауырсынады, күйген,жердің терісі қызарады және іседі. Екінші дәрежелі күйік болса, бірінші дәрежелі күйік белгісі айқындала туседі, оған қоса күйген жер іседі, күлбірейді, ішіне ірінді жалкаяк толады. Күйіктің үшінші дәрежесінде түйіршікті өлі ет, кабыршак паида болады, тері жиырылады, оның серпімділік касиеті жойылады және эпидермис ойылып түседі.

Денесінің едәуір жері куйсе, малдың тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді, дене кызуы алғашкы кезде төмендеп, кейіннен біршама көтеріледі, мал еліреді кейіннен мең-зен болады, каннын кысымы өзгереді. Организм кызметінің жалпы бұзылу сипаты денесінің күйген жерінің көлеміне байланысты болады. Денесі аумзғынын */з бөлігі, ал жылкының '/з бөлігі күйсе, малдын жалпы күйі нашарлайды, көбіне өліп кетеді.



Емі. Емдеу естен тануын болдырмауға және организмнің ылғалдылығынын, кемуіне, канның койылыауына, уланбауына бағытталуы керек. Бірінші дәрежелі күйік кезінде қорғасын, буров суйығының 2—3 проценттік ерітіндісі, әк линименті сіңірілген дәке шүберек басады және тальк, бор, көмір, мырыш тотыгы ұнтақтары, крахмал себіледі.

Екінші және үшінші дәрежелі күйік кезінде малды аурудан сактау максатымен бұлшык етке новокаинға ертілген антибиотиктер жіберіледі. Тканнің закымданған жерлеріне бензин және формалинның 1 проценттік ерітіндісімен араластырылған денатурат спирт жағады да, мүсәтір" спиртінің 0,5 проценттік ерітіндісіне малынған мактамен ептеп тазартады. Пайда болған күлбіректі, асептика шараларын сақтай отырып, теседі не кеседі, күлдірек шықкан теріні кесіп тастайды. Содан кейін нлік заттар (таңғ 5 проценттік спирт-тегі ерітіндісі, калий перманганатыныц 5 проценттік ерітіндісі пиоктаннын 1 проценттік ерітіндісі) колданылады. Венаға маллың 1 кг салмағына 1 мг есе-бінен новокаиннын 0,25—0.5 проценттік ерітіндісін жібереді, көп мөлшер-де қан кұяды, ацидоз білінсе 400—600 мл натрий гидрокарбонатынын 5 проценттік ерітіндісін қолданады. Жылкы мен ірі караға күн сайын физиологиялық ерітінді, глюкозаның 30 проценттік ерітіндісін жібереді, суды керегінше береді.

Химнялык күйік. Бүл күйік тканьге азот, кукірт, карбол, сірке және сүт кышкылдарынын. тиюінен болады. Кышқылдар белокты ұйытып-бұзады, тканьнің суын бойына тартып алады және тығыз қабыршық түзеді. Күйдіргіш сілтілер (күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, амиак) тиіп күйгенде ткань белоктары ұйып-бұзылмайды, сондықтан күйгенде пайда болатын кабыршақ борпылдак болады және тереңде жатады.

Емі. Кышкылдар тиіп күйгенде закымданған жерді суды көп жіберіп жуады, содан кейім кышкыл көмір қышқыл соданың 10 проценттік ерітіндісін қуяды. Сілті тиіп күйгенде закымданған жерге сірке, лимон, не шарап қышқылдарының 2—3 проценттік ерітіндісін кұяды. Бұдан кейінгісі термиялык күйік кезіндегідей.

Үсік. Көбінесе бұқа мен айғырдың ұмасы мен жыныс мүшесі, кейде аяктарының сырты, еріндері, мұрын мен кұлақ ұштары үседі, сиырдың емшегі, мен кұстарының айдары, алкасы, аяқтары үседі.



Белгілері. Үсіктің үш түрі болады. Бірінші дәрежелі үсікте кан тамырлары кенет рефлекторлы түйіледі, тері бозарады және ол сезгіштік кабілетінен айрылады. Суық әсер токтағаннан кейін тері қызарады. тері ісініп, жалқаяк жина-лады және тері бүріседі. Үсікгің екінші дэрежесінде күлбірек пайда болып, оған серозды-қанды жалқаяқ толады, бұл қан тзмырларынын күшті закым-даііганыіі көрсетеді. Үшінші дәрежесінде дененің сырт жағынан бастап терең қабатқа дейін ткань бірте-бірте өледі және олар сезу қабілетінен айрылады (ылғалды гангренаның белгісі).

Емі. Үсіген органды біртіндеп жылытады. Бұл үшін оның бензинге, спиртке не мүсәтр спнртініц 5 проценттік ерітіндісіне малынған дәкемен сүртеді, уқа-лайды, содан кейін органды суға батырып, судың температурасын үй жылуы-ная мал денесі жылуыиа дейін бірте-бірте көтереді. Судың жылуын әр 5 ми-нуттан кейін жылы су кұйып 2—3 градуска көтеру керек. Жылытылған орган-ға йод-глицернн (1:4) не спиртке ерітіл.ген 5 процеяттік танин қосылған каыфара майын жағады. УВЧ-емін қолдану керек. Ылғалды гангрена болса, операция жасалады.

Термикалық күиіктердің жазылу ерекшелігі( сәуле жағдайында) күйіктің сәуле әсерінен болуы, бастапқы кезең мен жасырын кезеннің арасы қысқарады, шоқтың дамуы және малдың өлі саны көбейеді . Иттерге жасалған зертеу бойынша ағзаның 20% күигенде 12% өлім болған , ал күйікпен сәулеленуді қосқанда өлім 75%-ке дейін көтерілген . Бұл эксперимент нәтижесін қөптеген зертеушілер басқада малдарға жасап дәлелдеген .Мал жағдайының күрт төмендеуі сәулелену ауруы мен термикалық күйіктердің патогенезі болады. Кейбір авторлардың (Н.А Федоров ,С.В Скуркович және басқалары) аитуынша , күйікті-сәулелі жарақат малды жаңа ауру тудрады, ол күйіктіңде де , сәулеленудің де бағытымен дамиды .Осыдан күйік тудратын интаксикация кемік майының регенеративті қасиетін бұзады, сондықтан ол иондаушы факторға сезімтал келеді.

Радияциялық зақымдалудың жеңіл, басталуы және жасырын кезеңдерінде, күйіктер кәдімгі күйіктерден ерекшелігі жоқ . Жасырын кезең аяғында және нағыз сәулелену ауруының кезінде қабыну реакциясы күрт төмендейді қабышақтануы тоқтайды (10-15 күнге дейін) , қанталаудың болуы , гранулденген ұлпаның еруі және эпителизацияның тоқтауы немесе мүлде болмауы .Сәулелену ауруы дамитын болса грнуляция лизиске ұшырайды. Күйік беті инфекциямен қиындайды және септицемия да қоса келеді.

Сонымен сәулелі – күйік жараларында қорғаныс реакциялары тез арада қажиды.Осы себептен күйікті – сәуле ауруы өте күрделі өтеді және өлім саны жоғары.

Күйік бетінің РЗ-мен ластануының бірден бір себебі ,ол некроз көлемінің ұлғаюы. Бұл регенерация процесін тоқтатады, күйікті ауырлатады.



Емдеу Күйікпен сәулелену ауруына комплексті түрде ем қолданады . Хирургиялық емдеуді ( некрэктомия, теріні көметтеу және басқалары) аурудың бастапқы және жасырын кезеңдерінде жасайды .Жалпы және жергілікті емдеу термикалық күйіктегі емді қолданады ,шокқа қарсы емге аса көп көңіл бөледі .Сонымен қатар хирургиялық өндеуге , қанталаумен күресуге , регенеративті процестерді стимулдеуге көңіл аударады. РЗ-мен ластанған жараларға хирургиялық өндеуді тез арада жүргізу керек.

Дәріс 7. ТЕРІ АУРУЛАРЫ

Терінің іріңді аурулары. (пиодермиттар)

Фолликулиттер.

Фурункул.

Карбункул.

Дерматиттер

Терінің іріңді аурулары ( пиодермит ) –терінің экзогенді микроптарға, ең таралған реакциясы. Бұның себебі, тері жабынына сары, ақ және лимонды-сары стафилококтардың енуі. Итермееу себебі-ішкі және сыртқы факторлардың теріс болуы: терінің кірлеуі, механикалық зақымдану, жалпы және жергілікті имунитеттің төмендеуі, трофикалық бұзылу, зат алмасудың бұзылуы, эндокринді зақымдану және аутоинтаксикация ішкі мүшелердің бөлу функциясының дефицитінде.



Фоликулит (folliculitis). Жүн аиналасындағы іріңді қабыну процесінің себептері, ол механикалық зақымдалу ( теріні үйкелеу ) және түк фолликулының сағасына инфекцияның қоздырғышын енгізу. Итермелеу себебі тері жабынының мацерациясы болады .

Клиникалық белгілері. Теріде түк маңайында кішкентаи түйнек қалыптасады, ол 3-5 күн ішінде пустулаға айналады. Ол ақ –сары іріңді болады. Бұл түиін ортасы түк болады, аиналасында қызарған сүрмелеу пайда болады. Пустуланы ашып немесе тескенде іріңді зат бөлінеді. Түбі ашық-қызыл грануляциямен жабылған . Пустула аимағында қабықша кеуіп түседі ,оның астына жаңа мүиізді қабат қалыптасады. Клиникалық белгілері аз түкті теріде жақсы көрініп ал қалың түкті малдарда білінбей қалады.

Емдеу. Басында себебін жояды және түкті жабынын алады (қырқиды). Зақымдалған жерді 70% иодты немесе 2% камфорлы спиртпен өңдейді. Пустуланы инемен ашып ,жаиғана тампондайды да пустулды дефекты жағады. 2%-ті формалинді спирт ерітіндісімен, брилиантты (малометті) жасылға, пиоктанин немесе метилді көгімен.

Фурункул-(Furunkulus)-Түк қабының тері безінің және дәнекер ұлпасының жіті іріңді – некротикалық қабынуы. Оны шиқан деп атаиды. Фурункулдардың дене бойымен орналасуы – фурункулез деп аталады. Соңғысы жіті, көбінесе созылмалы, жиі рецедивті түрде өтеді.

Этиологиясы. Фурункулдың пайда болуы фолликуттың басы. Бұл жағдай, пустула өз бетімен жарылмай, инфекция түк түбіне , яғни түк қабына және тері безіне енгенде болады.

Фурункулдың негізгі себебі- эпидермис бүтіндігі бұзылып стаффилакок инцекциясы енгенде, итермелі себебі – лас жерде ұсталуы, экзогенді факторлардың терідегі мацерациясы, органикалық және органикалық емес заттармен және тері және сөл бездерінің секреторлы функциясының бұзылуы, ағзаның тонуы, зат алмасуының бұзылуы, гиповитаминоз, жүдеу, терінің трофикалық және бариерлік функциясының төмендеуі.Жалғыз фурункулдың рецедивті болып стафилакок инфекциясының теріге сенсебилизацияболып түсіндіріледі.

Патогенез. Фурункул фолликулиттан (остеофаликулит) немесе өз бетімен дамиды. Стафилакок инфекциясын енгізген аимақта , Шектелген ашық 000 торша инфилтрациясы паида болады. Түкті фоликула аймағында жиналған стацилакок, оның және қасындағы дәнекер ұлпаның өлеттенуіне әкеледі. Ол “өлі өзек”пайда болдырады, ортасында түк, жан- жағында өлі леикоциттер мен стафилакоктар жиналады.Пайда болған фурункул үстіге қарай томпаяды, тері тығыз болып келеді, сәл ғана тиген қатты ауырсыну туғызады, кейін піскен кезінде ауырсыну қалыпты болады, жалпы дене температурасы көтеріледі.

3-4-ші тәулікте “өлі өзек” маңайында іріңді деморкациялық қабыну дамиды, ол ақырындап секвестрацияға ұшырайды, Конус тәрізді тығыз төмпекше үстінде сары дақ паида болады (инфилтрация сатысы) , кейін секвестрация және іріңді балқу “өзектің” ( абсцедерация сатысы) , бұл дақ кішкене ұлғаяды және томпаяды, флюктуация паида болады (фурункулдардың піскен сатысы) .содан кейін эпидермис жарылады, фурункул ашылады, және жасыл түсті өзек көрінеді. Келесі күндері ірің ағады, тромбталған тамырлар бұзылады, ірің қанмен бірге секвестірленген “өлі өзек” те бөлінеді (өзін өзі тазарту сатысы ), терең кратер. әлсіз қан ағатын жара пайда болады.

Қабыну процесі ақырындап тоқтайды, инфилтрат сорылады. Жарақат түбі ашық-қызғылт немесе қызыл түсті грануляциямен жабылады. Гранулды бариер пайда болады. Келесі 3-4 күн ішінде жарақат дефекті толық тыртықтанып бітеді.

Кей кездерде фурункул лимфангит, лимфонодулит немесе іріңдітромбофлебит тудрады. Егер процес ерін маңайында немесе бастың басқа бөліктерінде пайда болатын болса, бұл фурункулдар бастың венозды жүйесіне байланысты (бет веналары ми қабатынан қаттысинусының венозымен және үлкен ми веналарымен байланысқан) болғандықтан инфекция генерализациясы менингит пен сепсиске әкеледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет