Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі Амангелді негізгі орта мектебі Тақырыбы: Құрастырған: 5-сынып жетекшісі Гумарова А. А



бет19/21
Дата27.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#155203
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ата-аналармен жұмыс жоспары

Ата-анаға берілетін кеңес:

Балаңызды өзіне – өзі қызмет етуге дайындаңыз.

Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіз.

Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, дұрыс түсінік беріңіз.

Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі.)

Балаңызға сүйңспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Оқушыларды топқа бөлуді «Мақал жалғастыру» арқылы өткіземін.
Топ аттары: «Береке», «Шаттық»
А) Блиц - турнир сұрақтары
«Береке» тобына
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Аюдың баласы (қонжық)
3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
4. Математикада неше амал бар (4)
5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
6. Қатып қалған су (мұз)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)
9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
10. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)
11. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
12. Мойны ұзын жануар (жираф - керік)


«Шаттық» тобына
1. Жылқының сүті (қымыз)
2. Қасқырдың баласы (бөлтірік )
3. «26» неше таңбалы сан (екі)
4. Ауданның өлшем бірліктерін ата (см. кв)
5. Әкемнің әкесі маған (ата)
6. Жыл мезгілдері нешеу (4)
7. Абылай ханның шын аты (Әбілмансур)
8. Жолаушылар таситын ең үлкен самолет (Боинг 747)
9. Қалталы жануар (кенгуру)
10. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады (қашықтықты)
11. Ең биік ағаш (секвойя Калифорниядағы)
12. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер (мультфильм «Ну, погоди!»)

Ата-ананың басты қуанышы - бала. Ата-ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б. келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.


Ә) Жаңылтпаш пен жұмбақты оқушы айтып береді, ал ата-анасы қайталап, шешуін табады.
Маған да, саған да Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан Бәріде өз жұртың, Айтады кәне кім атын? (Ата - ана)
Әлпештеп өзіңдей өсірген Нағашы әжеңнің баласы Төрінде марқайып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (ана) Айтары мол ғұлама Көп жасаған бұл адам Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған Ол кім? (ата)
Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті - ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп Ол кім? (әже) Атаңның баласы Кей кезде таласып Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге Ол кім? (әке)
Б) Талдау:
1- «Торғай» бейнефильмін қарайды, талдап, постерде қорғайды.
2- «Менің әкем өтірікші» бейнефильмін қарайды, талдап, постерде қорғайды.
В) «Бір сәтке болашаққа» Менің жасым отызда (оқушылар шығармаларын оқиды)
Армандары: отбасылы болу, маман атану, қала мен жеке емхана салу, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет