Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі Амангелді негізгі орта мектебі Тақырыбы: Құрастырған: 5-сынып жетекшісі Гумарова А. А


Г) «Кім мықты?» телеойынының желісі бойынша заттар көрсету, атау, не үшін пайдаланатынын түсіндіру



бет20/21
Дата27.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#155203
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ата-аналармен жұмыс жоспары

Г) «Кім мықты?» телеойынының желісі бойынша заттар көрсету, атау, не үшін пайдаланатынын түсіндіру.

Оқушыларға

Ата –аналарға

Айналсоқ
Жүн тарақ
Қырықтық
Ұршық

Джойстик
Виртуалды көзілдірік
Флешкарта
Электронды күнделік

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелуші. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өсіңдер. Қанаттарың талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер! Сен ата-ананың қарызын ақтау ісіне адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратындай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет етсін десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.


Караокемен ән: «Ақ мамам»
Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы - перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбие болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет