Шыңғыс Айтматов «Найман Ана»



бет5/5
Дата26.06.2018
өлшемі10,02 Mb.
#44261
1   2   3   4   5
Cлайд

7








Авторлар шығарма – ларындағы мәңгірттіктің зардаптары туралы айтады

Өлеңдегі екі кейіптердің тұлғасы туралы ойды өз түсініктерімен пайымдайды

Мәтіндегі негізгі ойдан өзіндік қорытынды шығарып, өз өмірлерінде пайдалана алатынын көрсетеді.




І топқа тапсырма:

Қырғыздың «Манас» жырында:

Басына шиыр тағалы,

Мәңгүрт қылып алалы,- делінеді. Бұл – бұдан мың жыл бұрын шыққан мұра. Бұл мәселе туралы Ә.Кекілбаев «Күй» повесінде түрікмендердің қолға түскендерді мәңгүрт қып, басына кепеш кигізетіндігін жазған. Мәңгүрт жайында Әбіш былай дейді: «Мен шексіз кекшілдіктің қатыгездікке, ал шексіз қатыгездіктің рухани мәңгүрттікке ұрындыратынын сөз еттім» десе, Ш. Айтматов мәңгүрттіктің шексіз қатыгездікке ұласатынын егжей- тегжей жазады. Сонда екеуінің көтерген проблемасы екі басқа, біріншісі-кекшілдіктің қатыгездікке, ал қатыгездіктің мәңгүрттікке әкелетінін көрсетсе, екіншісі, керісінше, мәңгүрттіктің шексіз қатыгездікке әкелетінін, анасына қарсы оқ ату арқылы адамның өзін-өзі жоюға әкелгендігін көрсетіп берді.


ІІ топқа тапсырма:

«Екі Шыңғыс ғұмыр кешті мына


ұмытшақ ғаламда,
Екі дара із қалдырды олар елге, заманға.
Екеуі де дарынымен, жалынымен лаулады,
Бірі қылыш, найза кезеп, бірі рухпен баурады.
Екеуі де сан миллион адамдарды жаулады,
Екеуін де еске сақтап қалды қырғыз таулары.

Оның бірі – даңқ көгіне зорлығымен тырмысқан,


Жарты әлемді қан қақсатқан
бас қолбасшы Шыңғыс хан.
Екіншісі – қару еткен рухи-намыс қанатын,
Қара күшке қарсы қойған зор адами санатын,
Әр жүректің айдынында ізгілік боп жанатын,
Жаңа Манас – ұлы Шыңғыс Айтматов болатын...

Ол көтерген мәңгүрттену мәселесін алалық,


Неге қазір сол қасірет емес мұңлы жаңалық?
Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,
Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?
Үш-төрт қазақ, қырғызыңның бірі мәңгүрт бұл күнде.
Ұлттың жеткен жері осы ма қанша ғасыр жол жүріп?

Мәңгүрт емес басшы көрсе таң қалатын болды жұрт.

Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер — әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
ұлттың ұлт боп қалмағы?
Міне, Айтматов ойларының салмағы мен толғағы...

Сені өлді деп кім айтады Шыңғыс аға, Шың аға,


Әр шығармаң қайталанбас жеке, ұлы мұнара.
Жетінші рух түйсігінің жотасынан жағар от,
Сендей дос жоқ мен сорлыға,
сенен жақын аға жоқ.
Көз жұмуың ұлғайтқанмен жүрегімнің жарасын,
Тынбай жалғай бересің сен ел мен елдің арасын.
Иә, екінші Манассың сен, Манаспен тең данасың.
Күнде рухпен, сөзбен емдеп мәңгүрттердің санасын
Және ана-табиғатпен тауып мәңгі жарасым,
Енді Алатаудан да зор
ШЫҢҒЫС-ТАУ боп қаласың!»
ІІІ топқа тапсырма:

«Бұл қасіретке тең келері болмас»

«Ғасырдан да ұзақ күн» романын жазарда мәңгүрт тақырыбын үңіле зерттедім.

Осы мәңгүрт туралы алғашқы деректердің бірі осыдан он ғасыр бұрын жырланып, қырғыз халқының ерлік пен ерлік энциклопедиясына айналған «Манас» эпосында кездеседі. Онда бала Манастың тентектігі мен шыдас бермес күшінен қорыққан қалмақтар оны «мәңгүрт етіп жіберейік» деп уәж байласқаны былай жырланады:

Баланы ұстап алалық

Басына шіре салалық,

Үйге алып барып қиналық,

Алты ағайынды қалмақтың

Аяқ-басын жиналық.

Алпысыншы жылдардың ішінде ғой деймін, атақты Саяқбай Қаралаевтан мәңгүрт пен шіренің мағынасын сұрағанм бар. Сонда қадірлі қария біраз ойланып отырып, әңгімесін бастады:

-Ертеде қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында екі жақ мал-мүлікпен қоса, бір-бірінен құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтап жүргенімен, күндердің күні болғанда ебін тауып қашып кетер. Әлде кімдер арқылы өзі жайлы еліне хабар беруі де, тіпті тірі жан болған соң, ауылдың қыз-қырқынына қырындап қоюы да ғажап емес. Жастай қолға түскен, күш-қуаты толған тұтқын бес жыл, бәлім, он жыл «ләппай» деп қызмет етер. Әрі-беріден соң ол да адам баласы, іштей қарсылығы оянып, қолына қару алып, қарсы көтерілуі мүмкін. Сондықтан оның ең тыныш жолы – мәңгүрт етіп тастау. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын, тақырлап алып, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Мұны қырғыздар шіре деп атаған, оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайына тартып, мықтап байлап тастайды. Тұтқын содан екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп, сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, бүкіл жүйке сезімін өлтіреді, яғни еске тұту қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен соң не өліп қалады, не мәңгүртке айналады. Өлсе азаптан құтылады, тірі қалса аты-жөнін, шыққан тегін, бүкіл өткен тыныс-тіршілігін ұмытып, тек өз қожасының айтқанын орындайтын қара күш иесіне айналады. Адам баласы зұлымдықтың төбе шашыңды тік тұрғызар нешеме түрін ойлап шығарған ғой. Тек мына қасіретке тең келері болмас. ( Ш. Айтматов, М.Шаханов «Ғасыр айрығындағы сырласу» (Құз басындағы аңшының зары). Алматы, «Рауан», 1997 жыл, 121-бет)








Рефлексия

1.Бүгінгі тақырып сен үшін қаншалықты маңызды?

2.Осы шығарма арқылы қандай қорытындыға келдің, көкейіңе не түйдің?

3. Сен автор орнында болғанда шығарманы қалай аяқтар едің?


Бағалау:













«Өркениеттер тоғысындағы мәңгүрттіктің көріністері» тақырыбында эссе жазу. Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім (аргументтер, мысалдар), қорытынды бөлім)

Сөз көлемі – 250 сөз

Кіріспе – 70-80 сөз

Негізгі бөлім – 80-90 сөз



Қорытынды - 70-80 сөз







Бағалау парағы


Топтар

І

ІІІ

ІV



ұпайы

бағасы

1- тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

1-тапсырма

2-тапсырма

3- тапсырма

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

1-тапсырма







2

2

2

3

3

3

4

4

4

15

І топ





































ІІ топ





































ІІІ топ






































Білім рейтингісі

І деңгей – 3 тапсырма х 2 ұпай – 6 ұпай

ІІ деңгей – 3 тапсырма х 3 ұпай – 9 ұпай

ІІІ деңгей – 3 тапсырма х 4 ұпай – 12 ұпай

ІV деңгей – 3 тапсырма х 5 ұпай – 15 ұпай
Баға мониторингі

2 - 6 ұпай – «3»

7 - 12 ұпай – «4»

13 - 15 ұпай – «5»







Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет