Шығыс Қазақсан облысы, Тарбағатай ауданы, «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» кмм тарих пәнінің мұғалімі: Казыкенова Асем Даулетбековна



Дата19.02.2017
өлшемі85,27 Kb.
#10658
Шығыс Қазақсан облысы, Тарбағатай ауданы,

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі: Казыкенова Асем Даулетбековна.

Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 8 сынып.
Тақырып:Абай Құнанбаев және Ыбырай Алтынсарин.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқу курсындағы сабақтың орны: Тарих сабағын басқа пәндермен байланыстыра отырып, оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ету, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойын еркін жеткізу, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жауапты нақты, ғылыми тілде айтуға жетелеу. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, АКТ-ны сабақта қолдану негізінде оқушыларды заман ағымына сай тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, қазақ тарихындағы алатын орны жайлы мағлұмат беру

Құрал – жабдықтар, ақпарат көздері: Бағдарлама, Күнтізбелік жоспар, Оқулық
8 сынып. Ж. Қасымбаев. Т.Омарбеков. Алматы. «Мектеп» 2012.
Қосымша деректер, You tube сайтынан алынған бейнеролик, Интерактивті тақта, ноутбук, таратпа материалдар.

Сабақтың нәтижелілігіне бағытталған критерийлері:





Исламдық білім жағдайы,
Білім берудің жалпы барысы, қазақтар арасындағы сауатсыздық деңгейі туралы негізгі мәліметтерін көрсете білуі

Жеке өмірі, шығармашылығы, еңбектері, ағартушылық, педагогикалық еңбектері, тарихта алатын орны тақырыптағы негізгі деректерді жеткізе алуы

Топтағы белсенділігі, пікірін жеткізе алуы,
Тақырыпқа қатысты негізгі мәліметтерді көрсете алуы, Тақырыптың, келтірілген дәлелдердің қамтылуы,

Толық жауап 3
Жартылай жауап 2
Жауап жоқ 1

Толық жауап 3
Жартылай жауап 2
Жауап жоқ 1

Толық жауап 3
Жартылай жауап 2
Жауап жоқ 1

Жұптық бағалау

Өзін – өзі бағалау

Топ басшысының бағалауы

Қорытынды балл: 6 -9 «5» 4-6 «4» 3 – 1 «3»


Сабақ: Қазақстан тарихы

Мектеп: Тоғас батыр атындағы орта мектеп. КММ

Күні: 15. 04. 2016

Мұғалімнің есімі: Қазыкенова Ә

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев және Ыбырай Алтынсарин.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, қазақ тарихындағы алатын орны жайлы мағлұмат беру

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар: Жеке өмірі жайлы, өлеңдерін біледі,

еңбектерін атай алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Жеке өмірі жайлы толық мәлімет, шығармашылығы, еңбектері не жайында екенін атап

көрсете алады;

Кейбір оқушылар: Педагогикалық, ағартушылық басқа да еңбектеріне баға береді, қазақ тарихында алатын орнын

сипаттай алады;

Тілдік мақсат

Оқушылар:Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, қазақ тарихындағы алатын орны, педагогикалық, ағартушылық, аудармашылық еңбектері жайлы атап көрсете алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер: Ағартушылық көзқарас, педагогикалық қызмет, этнографиялық еңбек, зиялы қауым

өкілдері, саяси жер аударылып келушілер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:
1. Ұлы ойшыл ағартушылардың еңбектеріне қандай баға беруге болады?
2. Бір ауыз сөзбен кім деп баға берер едіңдер?
3. Ағартушылық, педагогикалық көзқарастары қалай қалыптасты?
4. Абай мен Ыбырай өмір сүрген қоғам қандай қоғам еді?


Алдыңғы оқу

Жеке өмірі жайлы қысқаша біледі, өлеңдерін біледі

Жоспар

Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
1.Қызығушылықты ояту.
14 мин
Ұйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау.
7 мин

Топқа бөлу.

Амандасу, түгендеу,


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөлінеді, өлеңді оқып жағымды ахуал қалыптастырады, топ өлеңнің атымен аталады
Үй тапсырмасын сұрау
«Үш қадамды сұхбат» әдісі
Төрт оқушыдан тұратын топ жұпқа бөлінеді, 1қ.1 оқушы 2 оқушыдан, 3 оқушы 4 оқушыдан сұхбат алады,
2 қ. Керісінше. 2 оқушы 1 оқушыдан, 4 оқушы 3 оқушыдан сұхбат алады,
3 қ. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен топта бөліседі, жұбын бағалайды

Қағаз қиынды
лары

Интер
белсенді


тақта,
Ноутбук

Оқулық,
таратпа


материалдар


Ортасы
Ой қозғау
5 мин

2. Мағынаны тану.

12 мин

Сергіту сәті.


Психологиялық тренинг

Сөйлем құра.


СөздеріӘ..,Н..,Ө..,Ж..,К.., мына әріптерден басталатын
сөйлем ойлап тап.
Мысалы: Әжем немересін өте жақсы көреді.1 мин

Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннің суретін көрсетіп ой – қозғау сұрақтарын қою арқылы жаңа сабаққа көшу, оқушылар білетін
мағлұматтарын ортаға салады
«Аялдама» әдісі арқылы мәтінмен танысады.
Оқушылар жеке өздеріне берілген мәтінді оқиды, өз тобынан басқа 3 топқа 3 оқушы жібереді, 1 – ші тақырыпшаны оқыған оқушыдан бастап, барлық оқушы өз оқыған мәтінін топтағы басқа оқушыларға түсіндіреді, басқа топтан келген оқушылар өз топтарына қайтады

Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин туралы бейнежазбаны демонстрациялау,


Оқушылар бейнежазбадан алған мағлұматтар туралы пікірлерін ортаға салады



Аяқталуы

3. Ой – толғаныс.


15 мин

Кері байланыс


4 мин

1 топ. Абай Құнанбаевқа постер


2 топ. Ыбырай Алтынсаринге кластер
3 топ. Абай Құнанбаевқа кластер
4 топ. Ыбырай Алтынсаринге постер
Топтан 1 оқушы шығып презентация жасайды

«Жарық жұлдыз» жұлдызға жеткенше бүгінгі сабақта не түсінгенін жазып шығады



Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(Үй тапсырмасы)

Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринның еңбектері жайлы қосымша деректер қарастыру, өлеңдерін жаттау

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Оқу мақсаттары қолжетімді, нақты, айқын, нәтижелі білім алуға негізделген
Оқушылар жаңа тақырып бойынша негізгі мәліметтерді толық меңгерді
Оқу оқушыға бағытталды
Бүгінгі сабаққа таңдап алынған «үш қадамды сұхбат», « аялдама» әдістері тиімді болды
Уақытқа үлгердім, оқушылар тапсырмаларды уақытымен түсініп орындап отырды
Өз жоспарыма ашық сұрақтар, постер, кластер жасауды енгіздім. Себебі: Тақырыпты жан – жақты қарастыруды жоспарладым, оқушыларды сыни тұрғыда ойлануға, өз пікірлерін еркін жеткізуге жетеледім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Тиімді әдісті таңдап алу

2. Ой -толғаныс кезеңіндегі постер, кластерлердің сәтті шығуы, оқушылардың барлық мәліметтерді толық қамти алуы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.«Аялдама» әдісі арқылы мәтінмен танысу, топта оқушылардың белсенділігі, өз ойларын жеткізе алуы

2. Ашық сұрақтар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге не көмектесетінін білдім?

Сұрақтардың дұрыс қойылуы, оқушыны ойлануға жетелеу,
Тапсырмалардың түсінікті, жүйелі берілуі

Сабаққа рефлексия. Бүгінгі сабақта әдіс – тәсілдерді тиімді таңдағаныма көз жеткіздім. Атап айтқанда үй тапсырмасын сұрауда «үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы жұптық жұмыс жүрді, барлық оқушы қамтылды, жұптық бағалау жүрді. Оқушылар белсенді қатысты. Білмей қалған сұрақтарын бір – біріне түсіндіріп, топқа қорытындыны нақты жеткізе білді. Бұл арада дайындап келген сұрақтарына, қайтарған жауаптарына және топ ішінде жасаған қорытындыларына қарап, оқушылардың әр деңгейде ойлана алатынын көруге болады.



Ой – қозғау үшін суреттер пайдаландым, оқушылар пікірлерін ортаға салып, жаңа сабақты бастауға жағымды ахуал қалыптастырды. Мәтінмен танысып болған соң бейне жазбаны пайдаландым, көріністі көре отырып өз ойларын жеткізді.
Постер, кластер дайындап, оған таныстырылым жасау сабақты қорытындылауда тиімді болды, өте сәтті шықты. Оқушылардың көптеген қырлары байқалды. Шығармашылықпен жұмыс жасай алатындарын көрсетіп, идеяларын шығара білді. Тарих пәніне тиімді тәсіл екеніне көз жеткіздім.
Сәтсіздеу болған тұсы табыс критерийлерінің ұпайларын дұрыс түсінбей қалулары болды. Болашақта табыс критерийін сабаққа жүйелі түрде пайдалана отырып, оқушыларға толық түсінік беріп дамыту қажет екенін түсіндім.
Кері байланысқа алған «жарық жұлдыз» әдісінде өз ойларын қағазға түсіріп үлгере алмай қалған оқушылар болды, бұл жерде уақыттың жетпеуі кедергі болды.
Ашық сұрақтардың қойылуы, сұрақтарға оқушылардың жауабын да сабақтың сәтті тұсына жатқызуға болады. Уақыт шектеулі болғандықтан келесі сабаққа ойланып келуді ұсындым.
Сабақта төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім.Сабақ барысында оқушылар өз ойын жүйелі жеткізе білді, салыстыра отырып ойланды, өзіндік идеяларын ұсынуға дағдыланды, бұл сабақ барысында шығармашылық тапсырма берілгенде айқын көрініс тапты. Оқушының нәтижелі білімді игеруіне жағдай туды, оқушының сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артты, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ойын жинақтай білуге үйренді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет