«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі15,63 Kb.
#93122
Байланысты:
Адалдық - ең асыл қасиет


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№47 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Адалдық - ең асыл қасиет

Орындаған: 9 «в» сынып оқушысы
Сафарова Сая Мансурқызы

Семей қаласы


Адалдық - ең асыл қасиет
Қазіргі заманда адал адамдар саусақпен санарлықтай өте аз.Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Біз қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда адал өмір сүрсек өміріміз әлде қайда жеңіл және көңілді өтер еді.Адалдық дегеніміз не? Соған тоқталсақ, адалдық деген ол ар - ождан, адамның сана-сезімі, адам бойындағы таза қасиеттер, басқа адамға өтірік айтпау - жалған сөйлемеу, сол жанның бойындағы бағалы қасиеттер.
Ата – бабаларымыз адалдық туралы былай деген екен: «Адалдық-ардың ісі», «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді», «Асылдың бірі-адалдық». Иә, расында да адалдық адам ғұмырындағы бағалы қасиет. Өсіп келе жатқан жас балаларды кішкентай кезінен адалдық пен шыншылдыққа үйретсек онда олар ешқашан жаман жолға түспейді. Себебі адал жолмен жүрген адам қиналып ақша тапсада өз еңбегімен нан тауып жейді.Ал, жаман жолға түскендер өз еңбегімен нан тауып жеудің қандай екенің білмейді. Біз адал жолмен жүрсек бақытты боламыз. Мектепте де адалдықты алдымызға мақсат қойып соны іске асырып жатырмыз. Мектепте «Адалдық дүкені» ұйымдастырылып қойылған. Адалдық дүкенінде ешқандай сатушы, тексеруші жоқ. Яғни, біз мектеп қабырғасында адалдығымызды танытамыз. Менің ойымша, адал болудың өзі бақыт деп ойлаймын. Біз ешкімге арамдық жасамауымыз қажет. Арамдық дегеніміз не? Арамдық дегеніміз жасырын, бүркемелі қарым-қатынас, қасындағы досыңды сату, өтірік айту т.б.жаман қасиеттер. Біз барлығымыз осы арам қасиеттерді істемей тек қана адал өмір сүруіміз қажет.Сонымен қатар біздер өзіміздің күшімізге сеніп жатамыз. Күш бізбен өмір бақи бірге болмайды, ал адалдық өміріміздің соңына дейін бізбен болатын қасиет. Күш адам қартайғанда кетеді. Сондықтан адал болу керек деп ойлаймын.
Сонымен қорытындылай келе ешқандай адамның ала жібін аттамай, адал жолмен жүруге міндеттіміз. Адалдығымызды қолдан келгенше сақтауымыз керек.Сонымен қатар осыған дейін қателесіп жүрген адамға дұрысталуға әлі кеш емес деп ойлаймын. Өмірде адамдардың барлығы қателеседі, оны түсініп, түзету өз қолыңда!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет