Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылы атқарған жұмысы туралы АҚпарат



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі104 Kb.
#43285
  1   2
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылы атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылғы негізгі қызметі мемлекеттік органдардың тіл заңдылықтарының орындаудағы жұмысын қадағалау мен үйлестіру, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын және соған сәйкес жасалып, 2006 жылғы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №20/312-ІІІ сессиясының шешімімен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыруға бағытталды.
Басқарма жұмысы негізінен мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

  • Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму

1. Шығыс Қазақстан халқының тілдерін дамытуды құқықтық қамтамасыз ету үшін  2007 жылы облыс әкімдігінің 3 қаулысы қабылданды. Олар:

  • «Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары,

2006 жылға арналған бюджеттің атқарылуы мен 2007 жылға арналған міндеттер туралы» 13 ақпандағы №14 қаулы. Бұл қаулының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес іс жүргізу мемлекеттік тілге көшкен 11 ауданмен құжат айналымының қазақ тілінде жүргізілуін қамтамасыз ету, ал 2008 жылы көшетін аудандар мен қалаларда жыл соңына дейін мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағын 80% жеткізу тапсырылды.

  • 2007 жылғы 9 шілдедегі «Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары әкімдерінің жұмысы туралы» облыс әкімдігінің №169 қаулысы. Қаулығы сәйкес мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағын арттыру, сапалы аударма жүргізу, мемлекеттік тілді оқытатын орталықтар құру, қазақ тілінде оқытып, тәрбиелейтін бала бақшалары мен мектептер санын жоспарлы түрде көбейтудің шаралары белгіленді.

  • 2007 жылдың 9 қазанында «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік

органдарында мемлекеттік тілді  оқытуды  жақсарту  шаралары  туралы»  облыс  әкімдігінің № 259 қаулысы қабылданды. Мұнда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жақсарту және оның сапасын арттыру талап етілді.

  • 2008 жылы мемлееттік органдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілге

көшіруге дайындық жұмыстарына байланысты қала және  аудан әкімдіктерінің, облыстық департаменттер мен басқармаларының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын мониторинг жүргізіліп келді.
Облыс әкімі төрағасы болып табылатын «Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының» істі жандандыруға ықпалы үлкен болды. Жыл ішінде оның 4 отырысы өткізіліп, 8 мәселе қаралды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан және қала әкімдіктерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлес салмағы 67,5 %-ға жеткізілді, 2006 жылы ол 42% болатын. Желтоқсан айында мемлекеттік тілдің үлесі 93,6%, облыстық департаменттер мен басқармаларда 43,6 % - ға жетті. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде сауатты ресімдеуді қамтамасыз ету мақсатында 33 аудармашы біліктілікті жетілдіру курстарынан өткізілді.

3.Облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің жайын зерделеу мақсатында 2007 жылы бекітілген кестеге сәйкес 5 аудан мен қала,  6 облыстық департаменттер мен басқармалар тексерілді. Сонымен қатар, тексеру қазан айында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілмеген Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха аудандарының мемлекеттік органдары мен барлық облыстық департаментер мен басқармаларда жүргізілді.

Тілді оқыту салаларындағы және білім берудегі тілдік даму

1. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену үшін облыстық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» ашылды. Қазір онда облыстық департаменттер мен басқармалардың 298 тыңдаушысы  37 топта, Өскемен қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің 162 қызметшісі 17 топта мемлекеттңік тілді оқып үйренуде. Сондай-ақ 32 топқа жасақталған  облыс орталығының  334 тыңдаушысы ақылы негізде дәріс алуда.


2007 жылдың 1 қазанынан бастап осындай орталықтар Курчатов және Риддер қалаларында, Глубокое мен Шемонаиха, Зырян аудандарында ашылды. Қазір 4940 мемлекеттік қызметші қазақ тілін оқуда. Ол барлық мемлекеттік қызметшілердің 52%-і. Жалпы облыс көлемінде азаматтардың барлық санаттарын қоса алғанда 10086 тыңдаушы қазақ тілін оқып-үйренуде.
Мемлекеттік тілді үйрету үйірмелерінің оқытушыларына әдістемелік көмек беру мақсатында оқыту орталығының негізінде қыркүйек айында облыстық семинар-кеңес өткізіліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Мемлекеттік қызметшілердің сабақтан тыс кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуін жалғастыру мақсатында «Қазақша үйренейік», «Жас толқын» және «Қазақша сөйлесейік»  электронды оқыту бағдарламалары орнатылып, оқу кабинеттеріне оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздіктер таратылып берілді.
2. Облыста тұратын этникалық топтардың ана тілдерін оқуына жағдай жасау да тұрақты назарында болып келеді. Облыстағы 9 жексенбілік мектептердің негізінде 17 ұлттың 726 тыңдаушысы ана тілдерін оқуда. Шығыс Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының Достық үйінде  ана тілдерін оқытумен қатар мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қажетті ұйымдастыру техникалары, оқулықтар, анықтамалықтар, сөздіктер сатып әперілді.
Облыстағы жексенбілік мектептерде  ана тілдерін оқуда жақсы жетістіктерге жеткен  оқушыларды марапаттау қолға алынды. Жексенбілік мектептердің  25 оқушысы  демалыс лагеріндегі он күндік демалысты  мемлекеттік тілді оқумен ұштастырды. Облыстың достық үйлеріндегі ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оларды әртүрлі шараларға тарту іс-тәжірибеге енгізілді. Ұлттық-мәдени орталықтардың қатысуымен «Мемлекеттік тіл және отбасы» жанұялық конкурсы өткізілді.  
3. Орыс тілінің жалпымәдени қызметін сақтау және дамытуға арналып мамыр айында славян мәдениеті мен жазбасы күндері өткізілді.  Қолөнер мен сурет салудан, шығарма жазудан  жақсы нәтижеге жеткен мектеп оқушыларын, облыс мектептерін марапаттауға басқарма белсене араласты.
4. Тілдік дамудың жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы жағдайы да басқарманың тұрақты назарында. Жоғары оқу орындарында оқитын 28933 студенттердің 11411-і немесе 39,4% қазақ тілінде оқытатын топтарда оқиды. Оларда оқитын басқа ұлт студенттерін қазақ тілін оқып-үйренуге ынталандыру мақсатында сәуір айында мемлекеттік тілді білуден облыс әкімінің жүлдесі үшін конкурс өткізілді. Мұндай тәжірибе әзірше тек Шығыс Қазақстан облысында ғана қолданылып жүр. Мамыр айында облыстағы жоғары оқу орындары студенттерімен «Мемлекеттік тіл саясаты және жастар» тақырыбы бойынша телепікір сайысы өткізілді.
5. Білім беру саласында қазақ тілінің рөлі біршама артты. Облыстағы жалпы білім беретін 791 мектептің    395-і,  немесе  49,9 %   қазақ тілінде оқытады. Жалпы қазақ тілінде  оқитын   оқушылар    бүкіл  оқушылардың  52,7 % құрайды.
2007 жылы облыстық білім департаментімен бірлесе отырып қазақ тілінде оқытатын мектептер санын арттыру бағытында жұмыстар атқарылды.  Облыс әкімі бекіткен қазақ тілінде тәрбие беретін мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер санын жоспарлы түрде арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған жоспарына сәйкес өткен жылы 4 қазақ мектебі ашылды.
Өскемен қаласының №34 балабақшасында басқа ұлт тәрбиеленушілері арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты  облыстық конкурс өткізілді. Қала және аудан әкімдіктерімен тиісті жұмыстар жүргізу нәтижесінде 2007 жылы облыста 15 балабақша ашылды, оның ішінде 13 - і қазақ тілінде тәрбиелеп, оқытатын балабақшалар да, 2-і аралас тілде тәрбиелейтін балабақшалар.

3. Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету, ономастика мәселелері

1. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жанынан ғылыми-әдістемелік кеңес құрылған. Оның құрамында облыстың жоғары оқу орындарының әр түрлі сала ғалымдары бар. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер жүргізу кезінде, ономастика мәселелерінің көкейкесті проблемаларын негіздеуде, аударма ісінің практикалық және теориялық мәселелерін жетілдіруде, тілдерді оқытуда қазіргі заманғы және жеделдете оқыту әдістемелерін енгізуге ғылыми тұрғыдан негіздеме жасауға мүмкіндік береді. Кеңес мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Т.Қалдыбаеваның басшылығымен 2007 жылы мамыр айында «Шығыс Қазақстан: тілдік дамудың бүгіні мен болашағы» тақырыбымен әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тілдік ахуалдың облыстағы жағдайы зерделенді. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты О.Сапашевтің  басшылығымен «Шығыс Қазақстан облысының топономикалық кеңістігі» атты топономикалық атаулардың негіздемесі жасалды. Облыстың ономастикалық картасы жасалды.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет