«Шыңғыс хан: қанішер әлде ұлы қолбасшы?»



Дата06.02.2023
өлшемі14,77 Kb.
#167621
Байланысты:
3 СРС


«Шыңғыс хан: қанішер әлде ұлы қолбасшы? »
Шыңғыс хан аты күллі әлем білетін есім. Оның ұлы империя құрған даңқты қолбасшы болғандығын дүниежүзі мойындайды. Бүгінде оның жеке басы туралы талас өте көп. Әсіресе қазақ қоғамында оны кейбір адамдар, қазақ болған деп те санайды. Ал зерттеушілер болса бірі оны қанішер десе, екінші біреулер теңдесі жоқ кемеңгер деп санайды. Ал шын мәнінде, ол қанішер ме, әлде ұлы қолбасшы?-ма мен осы сұраққа жауап еріп көруге тырысамын.
Кейбір адамдар, Шыңғыс ханды аяусыз жаулап алушы ретінде біледі. Ол өзінің алғашқы жорығын 20 жасында әкесінің өліміне кек алу үшін ұйымдастырды деген пікір бар. Бұл жорықта, ол бойы 90 см асқан кез-келген адамның басын кесуді бұйырды, тек кішкентай балалар ғана тірі қалыпты. Күйеу баласының өлімі үшін ол әйелдерді де, балаларды да аямаған десті. Ұрыстан кейін ол барлық кесілген бастардың ішінен басқаларды қорқытудың символы ретінде тауды бүктеуге бұйрық берді. Европалықтар пікірінше, Басқа елдермен ол ешқашан мәселелерді дипломатиялық жолмен шешкісі келмеді, шабуылдады, тонады, өлтірді және кетіп қалды. Көптеген қалалар тоналып, жойылып кете жаздады. Ал жергілікті тұрғындары Шыңғысханнын қорлық көрмеік деген мақсатта шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Александр Македонский де, римдіктер де жаулап алудың мұндай ауқымын білмеді. Ол үлкен Моңғол империясын құрды. Ғалымдар оның кінәсінен 40 миллионнан астам адам қайтыс болды деп есептеді. Бұл империя оған тұрарлық болды ма?
Сонымен, Шыңғыс ханның әлемге соғыс ашуы тек қана жер бетінің қожасына айналу ма? Әлде «адамзаттың бәрін сүй бауырым» дегендей, дүниеге ортақ «коммунизим» орнатпақшы болып, халықтар бірлігінің ортақ мұратын ойлады ма? Әрине, тамыры терең талай сыр бар. Түркілік одақтықты ыдырату пиғылымен қараушылардың кез-келгені бізді бір-бірімізге жау қойып, Шыңғыс ханды тек қана «шапқыншы, жауыз» көрсеткісі келді. Сайын далада жасаған бір тұтас ағайынды халықты тайпалық, ұлттық текке бөлді. Шыңғыс хан ешқашан «басқа халықты жаула, қанын судай ағыз, тоздыр» деген секілді сөздерге бармады дейді. Жер бетіне әділдік, тыныштық орнатуды армандады. Және де мұны тектен-текке айта салмайды. «Мен жалғыз ауыз сөзді ағат айтсам, бүкіл елді бұзады. Жалғыз ауыз сөз болса да, жалған айтпауға тырысамын» – деп, «хан екі сөйлесе қара болады, қара екі сөйлесе қатын болады» деген қағиданы ұстанды. Шыңғыстың қуатты әскери қосыны тек қана қару-қайратына сүйенген жоқ. Мейлі жауы, мейлі досы болсын, кім өнерлі, білімді, адал болса, ол қол астына соларды жинады. Таланттыларды тани білді. Өз қол астындағылардың арам пиғылдыларын тез аңғарып, оларды аластап отыруды да қағыс қалдырмады. Шыңғыстың өз көкірегі қалай дана, даңғыл болса, өзгеден де соны күтуі, надан, сәулесіз тобырға жирендіре қарады. Оларға тіл сұғын ғана емес, найзасының ұшында кезейтін. Сонда, Шыңғысхан аталарымыздың атасы, түркі-қазақ жұртының жиһангер баһадүрі емес пе!?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет