Шығыстағы отаршылдық: отаршылдық экспансиясының типологиясы мен тарихи формалары


Отарлық жүйенiң отар елдер экономикасына әсерi



бет4/4
Дата22.01.2023
өлшемі20,26 Kb.
#166071
1   2   3   4
Байланысты:
Шығыстағы отаршылдық
Литература 0 класс четверть Суммативное оценивание за раздел «Пл, Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі
Отарлық жүйенiң отар елдер экономикасына әсерi. Еуропалық отаршылдардың әлсiз дамыған Шығыс елдерiне баса-көктеп енуi және олардың тонаушылық саясаты — жаңа замандағы Шығыс мемлекеттерiнiң экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебi болды. Ол Шығыс елдерiнiң, еуропалық елдермен салыстырғанда, бiржақты нашар дамуына әкелiп соқтырды. Отаршылдардың тонаушылық әрекетi Шығыс елдерiнiң дербес, заңды түрде табиғи дамуын күшпен тежеп, өндiргiш күштерiн күйреттi, ежелден қалыптасқан мәдениетiн құлдыратты.
Соның салдарынан Шығыс елдерiнде капиталистiк қатынастардың қалыптасуы бәсең түрде дамыды. Жапониядан басқа барлық Шығыс елдерi метрополияның аграрлық-шикiзат көзiне айналды. Бұл елдерде, негiзiнен, жергiлiктi шикiзатты өңдеуден өткiзетiн өнеркәсiп салалары дамыды. Отаршылдар Шығыс елдерiнiң артта қалған, нашар дамыған жағдайын өзгерткiсi келмедi, олар халықты қанаудың ең ауыр әдiстерiн қолданып, саяси бытыраңқылықтарын барынша сақтауға тырысты. Осылайша Еуропа мемлекеттерiнiң отаршылдық экспансиясы жаңа дәуiрде бұл елдердiң дамуына барынша кедергi келтiрiп, шығыс халықтарының тарихи тағдырына керi әсерiн тигiздi. Әрине, бұл саясат Батыс державаларының отаршылдық қанау мен тонаудың нәтижесiнде экономикалық жағынан өркендеп дамуына қол жеткiздi. Шығыс пен Батыстың арасындағы теңсiздiк одан әрi тереңдей түстi.
Азия елдерiнiң iшiнен Жапония ғана әртүрлi iшкi және сыртқы себептер арқасында төнiп келген отаршылдық құрсауға түспей, өзiнiң егемендiгiн сақтап қалды. Бiрақ оның өзi ұзаққа бармай, ХIХ ғасырдың ортасында америкалықтардың Жапонияны күштеп «ашуынан» бiршама тәуелдiлiкке түсуге мәжбүр болды.
ХIХ ғасырдың 30—60-жылдарында Батыс державаларының Шығыс елдерiнде жүргiзген кең көлемдегi басқыншылық саясаты жергiлiктi халықтың тұрмыс жағдайының күрт нашарлауына, саяси күйреуiне әкелдi. Қалыптасқан ауыр жағдай Шығыс елдерiнде отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырып, тәуелсiздiк жолындағы ұзақ күрес кезеңi басталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет