Шылау сұраулық шылауды көрсетіңіз



Дата19.01.2023
өлшемі18,7 Kb.
#165921
Байланысты:
Тест ШЫЛАУ


ШЫЛАУ

1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз.
А) Ғана, тек.
В) Кейін, шейін.
С) Қарай, таман.
Д) Ма, ме.
Е) Туралы, үшін.


2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.
Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.
А) Демеулік. В) Талғаулық. С) Септеулік. Д) Жалғаулық. Е) Шарттық.


5. Септеулік шылауды анықтаңыз.
А) мен.
В) кейін.
С) –шы.
Д) –мыс.
Е) –ма.


2. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.
А) Бірге.
В) Шейін.
С) Соң.
Д) Үшін.
Е) Кейін.


5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.
А) Мен. В) Кітаптан. С) Той. Д) Туралы. Е) Оқыдым.


6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан ... көктем келеді.
А) Жайлы. В) Соң. С) Үшін. Д) Бірге. Е) Арқылы.


7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз. А) пен, бен. В) әлде, не . С) басқа, өзге. Д) –міс, -мыс. Е) ма, ме.


3. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас.
В) Талғаулы.
С) Қарсылықты.
Д) Себеп-салдар.
Е) Кезектес.
6. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз. Қыста ... күзде күн суық болады.
А) Бірақ.
В) Және.
С) Арқылы.
Д) Әйтпесе.
Е) Мен.
10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.
А) Демеулік шылаулар. В) Септеулік шылаулар.
С) Жалғаулық шылаулар. Д) Одағай сөздер.
Е) Қыстырма сөздер.
11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.
А) –ді. В) –мыс. С) –ақ . Д) –ай. Е) –ау.
12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
А) От(пен) ойнама! В) Машина(мен) келген еді.
С) Марат (пен) Қанат келді. Д) Марат(пенен) сөйлесті. Е) Марат(пен) барып кел.
13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Орманға таман. В) Мал мен бас. С) Мектепке қарай. Д) Мен келдім. Е) Сен отыр.
14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
А) Бекерге қиналу. В) Орта мектеп. С) Қазыбектің жоспары. Д) Жиналыстан кейін. Е) Дәл өзі.
15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
А) Сенен гөрі. В) Көлге шейін. С) Көрген-ді.
Д) Сен бе? Е) Қарыз бен парыз.
16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Марат үйде жоқ . В) Мен кешке барамын. С) Ол кешке ойнайды. Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз. Е) Балам, сабаққа дайындал.
4. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.
А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды.
В) Қазақша жүзге дейін санайды.
С) Алғаш сөз болған Бораш болды.
Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық .
Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.
18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған ... , оның кескіні құбыла бастады.
А) Таман. В) Туралы. С) Қарай. Д) Сайын. Е) Тарта.
19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А) Өйткені, сондықтан, сол себепті. В) Сондықтан, және, әрі. С) Өйткені, сол себепті, бірақ .
Д) Дегенмен, әйтсе де, ал. Е) Немесе, бірде, кейде.
20. Шылауды табыңыз.
А) Басты мәселе-оқу үлгірімі. В) Сөз өмірдің үлкен қаруы. С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады. Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Е) Ой жетпейтін жер болмайды.
21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
А) Сен әкел(ме). В) Өтірік айт(па). С) Сенейін(бе), сенбейін(бе). Д) Жаман әдетке үйрен(бе).
Е) Сен сен(бе).
22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз
А) Жалғаулық . В) Септеулік. С) Болжалдық демеулік. Д) Демеулік. Е) Шектік демеулік.
23. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.
А)Жүйрік-ақ екен. В)Сең үстінде кету. С)Ақ көбейді. Д)Жаңбырдан соң. Е)Ойға таман жылжу
24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.
А) Үй, жер, тал, тас. В) Екі, он, үш, бес. С) Үшін, және, ғана, түгіл. Д) Тез, тым, сонша, оңаша.
Е) Кел, тұр, жүр, кет.
25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.
А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға. В) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты. С) Машина(мен) келдім. Д) Ықылас(пен) тоқылық . Е) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет