Шымкент қаласы
№34 жом
Пәні: қазақ тілі
Мұғалім: Абдраманова Меруерт Нурмахамедкожаевна
Күні:15.12.16
Сыныбы:7
Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!».
Мақсаты:1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы,бейбіт шеруге шыққан тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шықан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату.
Көрнекілігі: «Желтоқсан желі» бейнебаян, суреттер топтамасы, жар қағаздары
Жүргізілу барысы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
І жүргізуші: Роза
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Соның бірі 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі ғаламат оқиғалардың бірі. 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минуттың ішінде елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Бұл шешімге наразы болған жастардың талап-тілегі «Әр халыққа – өз көсемі!» , «Ұлттар өзін-өзі билесін!» еді.
ІІ жүргізушы: Шерзат
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан- кестең ойда жоқта
Артыңда ұмытылмас із қалдырдың - Ақұштап Бақтыгереева апамыз жырлағандай Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрліктің, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ләззат, Ербол сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күн еді. Ендеше осы желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық.
Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің!
Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін
Бейнебаян «Желтоқсан желі ызғарлы»
1 оқушы: Мария
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы
Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып
Бұғаудағы боздақтар кете барды,
Бірі атылып, біреу дарға асылып.
2 оқушы: Роза
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Мұғалім
Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. ҚР Президенті Н.Ә.Н 1986 жылғы 16-17желтоқсанға қатысқандарды ақтау туралы жарлығы шықты. Содан бері 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» болып аталып өтіледі.
Ән «Туған жерім». Хор
Көрініс «Егемендік деген не?»
Немере: -Ата
Атасы:-Ау, балам, тағы не білгің келеді?
Немере: - Ата, енді Қазақстанның қазіргі жағдайын айтыңызшы.
Ата: -Жарайды, тыңда балам.
Жылдар сөйлейді.
1991 жылғы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады, ал 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады.
1992 жылы Қазақстан біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Және де осы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
1993 жылғы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта - теңге енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конститутциясы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
2000 ж-Мәдениет жылы
2005ж – 4 желтоқсан Бүкілхалықтық ҚР Президент сайлауы
2006 ж- «Қазақ елі» монументінің ашылуы. «Менің Қазақстаным» әні әнұран болып қабылданды.
2012 ж 1 желтоқсан- Президент күні болып жарияланды.
2017ж- ЕХРО
Роза
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Камила 7б
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Камила 7 в
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Фурқат
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік -ел бақыты, ертеңі,
О,халайық, құтты болсын қуаныш!
Владимир
Қуан бүгін, қуан халқым шынында,
Ақтарылсын, ағыл-тегіл жырым да.
Бір Құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Веселова Любовь
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
Ирина
Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
16 оқушы
Мұғалім.
Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
Композиция: Шаңырақ «Тәуелсіздік»
Т-әуелсіз Қазақстан
Ә-н жырым
У-ығы берік
Е-лдігім
Л-аула, лаула Желтоқсанның алауы!
С-арқылмасын байлығың
І-ргесі кең
З-айырлы мемлекетім
Д-аласы дархан
І-зетті халқым
К-үншуағым.
Анастасия
Тәуелсіз 21 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Дмитриева Любовь
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Композииция
1 оқушы: Қазақстан
2 оқушы : Туымен тұғырлы
3 оқушы :Елтаңбасымен еңселі
4 оқушы :Әнұранымен айбатты
Ксения
Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын,
Толқыған ұлы өзендер арнасымын.
Осынау қалың елім, жұртым деген,
Тілегі қабыл болсын Елбасының.
Мұғалім
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.
Семенов Владимир
Свободен, величав и первоздан
Звезде подобный средь земель и стран.
Кюй счастья ты наиграешь звонко
Родной мой лучезарный Казахстан!
Ихтияр
Расцветай и будь прекрасной
Наша древняя земля,
Пусть живут твои народы,
Как единая семья!
Қорытынды: «Ақ бата» Басшыларымыз алысты көрсін, Жекешелеріміз табысты болсын! Қыздарымыз саналы, сұлу болсын, Ұлдарымыз қамысты болсын! Қалада, мейлі қырда болсын! Келген-кеткен ырза болсын! Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын! Баға сөмкемізге сыймайтын болсын! Халқымыз ғасыр табалдырығын, Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын! Аумин!
Хор: «Атамекен»
Достарыңызбен бөлісу: |