Шымкент көлік, коммуникация


Спорт үйірме түрлерінің кестесі



бет20/26
Дата01.08.2017
өлшемі4,54 Mb.
#22451
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

Спорт үйірме түрлерінің кестесі





Спорт түрі

Өтілетін күні

Өтілетін уақыты

Жауапты оқытушылар

1.

Баскетбол

Сейсенбі

Бейсенбі


18-00. 19-30

Қ.Жаңабаев

Б.Рыспай


2.

Волейбол

Дүйсенбі

Сәрсенбі


18-00. 19-30

С.Берденов

3.

Үстел тенисі

Дүйсенбі

Сәрсенбі


14-00. 14-30

Н.Билеров

4.

Шахмат

Дүйсенбі

Сәрсенбі


10-00. 11-30

Қ.Жаңабаев

5.

Дойбы

Сәрсенбі

Жұма


10-00. 11-30

Н.Билеров

6.

Тоғызқұмалақ

Сейсенбі

Бейсенбі


10-00. 11-30

Д.Ибраймов

7.

Қол добы

Сенбі

Сәрсенбі


18-30. 11-30

Т.Қадыров

8.

Шағын футбол

Дүйсенбі

Бейсенбі


18-00. 19-30

С.Уртаев

Студенттерге жатақхана ішкі тәртібі таныстырылып, оқушылардың сабақ оқуына компьютер пайдалану кестесі ретке келтіріліп, студенттерге бөлме тазалығы, жатақхана төлем ақысын уақытылы төлеп тұруын айтып, қиын балалардың ата-аналарымен жұмыс жасалынды.Студенттер кеңесінің құрамы сайланды. Жыл бойы «Тәуелсіздік - тұғырым », «Қош келдің - бізге Жаңа жыл!», Наурыз мейрамымен Халықаралық қыз-келіншектер мейрамы, сонымен қатар Қ.Р. Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа жолдауын студенттермен бірге талқылады. Бұл жұмыстар әлеуметтік тәрбиеші С.Арапбаеваның басқаруымен атқарылды.

Тәрбиеші С. Арапбаеваның басқаруымен: Жатақхананың ішкі және сыртқы тәртібімен және талаптарымен танысып, студенттермен кеңестің жаңа құрамын сайлады. Студенттерге компьютер пайдалану уақытының жаңа кестесімен таныстырып, тәртіп және тазалық жөнінде біршама ескертулер ескертіп өтті.Студенттердің жалпы саны: 64. Оның ішінде 27 ұл бала, 37 қыз бала.

09.10.2014 жылы Ұлағатты ұстаздар күніне мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекеде колледжден арнайы ұстаздар қонаққа шақырылды.


20.11.2014 жылы Студенттер мерекесіне орай «Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы» атты мерекелік кеш өтті. Кеште студенттер өз өмірлерінен қызықты сәттерді көрініс етіп көрсетті.

12.12.2014 жылы «Тәуелсіздік – тұғырым» атты іс- шара ұйымдастырылып, кеште Қазақстанның даму жолы туралы баяндамалар оқылды.

25.12.2014 жылы «Қош келдің бізге – Жаңа жыл!» атты көңілді кеш ұйымдастырылып, кешке жыл мезгілдері және мұғалімдер қонаққа шақырылды.

05.03.2015 жылы «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште жігіттер қыздарға мерекелік шоу көрсетті.

20.03.2015 жылы «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесіне салт дәстүрге байланысты кеш ұйымдастырылды. Кеште Наурыз көже ұсынылды.

10.04.2015 жылы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу тарихы» күніне орай ғашықтардың мерекесі тойланды. Мерекелік кеште түрлі ойындар ұйымдастырылып, әуендер шырқалды.

01.05. – 09.05.2015 жылы «1-мамыр Ынтымақ күні» және «9-мамыр Жеңіс күні»мерекелеріне орай студенттер мен бірге сыртқа серуендеуге шықтық. Мерекелік серуен барысында Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ынтымақтастығын және Жеңіс күніне арналған мерекелік кешті тамашалап қайттық.

Сонымен қатар, «Семей полигоны», «Конституция күні», «Елбасының жолдауы» және «Қыз тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өткізіліп, «Денсаулық- зор байлық», «Жемқорлық пен сыбайластыққа жол жоқ!», «Бүкіл әлемге таралған індет» және «Діни экстремизм және терроризм», «Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны», «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Қазақ халқы Ассамблеясына – 20 жыл», «Мемлекеттік рәміздер күні» тақырыптары бойынша ай сайын баяндама мен презентациялар оқылды

Оқу жылының қыркүиек айында студенттердің №26, №063-формалары жиналып, оқытушылар толық медициналық тексерілуден өткізіледі. 2014жылдың 09/10-17/10 аралығында арнайы маман дәрігерлердің қатысуымен 1997-1998 жылғы студенттер толық медициналық тксеруден өткізілді, яғни (фг,лабаротория,ЭКГ,маман дәрігерлер ж.тб.) Тексеру боиынша 107 бала «Д» - тізімге алынып,қайта тексерілуге жіберілді. Ауру балалар ем қабылдауда.
Мүгедек балалар


  1. Әліпбай Мұстафа АТУЖТ 9-111 тобы (ДЦП)

  2. Слан Нұрбол ТМ 9-121 тобы (С детство)

  3. Рүстем.Е ТМ-125 тобы (Офтом)

  4. Рахымжанов.И (С детство)

Ұзақ мерзімді аурулар

Эпилепсия -4

  1. Омаров Бөрібай ТМ -123 тобы

  2. Әбдіәлі Мөлдір ТЖТҰР 9-121 тобы

  3. Бархыбай Мадияр ТЖТҰР 9-121 тобы

  4. Сейітханов.А ТМЖТ 9-131 тобы

Сахарный диабет-1

  1. Өндірісбек Абзал ЖМ 9-131 тобы

Язва желудок – 1

  1. Тлеуов Оралхан ЖМ 9-131 тобы

Жүрек ақауы -1

  1. Балабек.Н ЖМ 9-121 тобы

Эхиноккоз -1

  1. Ілияс Ердаулет

Колледжде әрбір 16-жасқа толған балаларға ай-сайын «дифтерия,стольбняк» - ауруларына қарсы егу вакциналарын жүргізідіп отырады. Жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы сақтандыру,алдын алу және ауырған жағдайда әңгіме сүхбат жүргізіліп санбюллетендер шығарылады.

Жоспар бойынша 1998 жылғы балалар әскери шақыруға тіркелу мақсатында толық медициналық тексеруден өтті. 28 қараша 2014 жыл 1 желтоқсан СПИД ке қарсы күніне байланысты «СПИД – пен Нашақорлық ортақ қасиет» атты семинар тренинг өткізілді. Арнайы дәрігерлер кең көлемде баяндама жасады. Колледж медкабинет студенттерге алғашқы көмек көрсетіп, олармен жұмыс жүргізіп отырады.

Арнайы «Д» - тізімде тұратын балаларға тегін дәрілер беріліп өз кезеңінде емдерін қабылдады. Колледжде 2015 ж 10 ақпан күні «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, Спид пен Нашақорлықтың алдын алу» - мақсатында үлкен акция семинар тренинг өткізілді. Онда арнайы психолог, Спид орталық дәрігері, Нарколог дәрігер,СӨС дәрігерлері баяндама жасады.

2015ж. 18 ақпан күні колледж акт залында «Қазақстан Республикасында қызылшаның алдын алу жөніндегі санитариялық эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» - №1 қаулысын орындау мақсатында 15-19 жас студенттер аралығында үлкен жиналыс өткізілді. Осыған байланысты 19-20 ақпан күні 250 балаға қызылшаға қарсы егу жұмысы жүргізілді. Салынған балалар 5-6 күндері және 10-11 күндері дәрігердің бақылауында болды. Жұқпалы аурумен ауырған балалар емханаға жіберіліп, байланыстағы балалар бақылауға алынып, колледжде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. 5 наурыз 2010 ж 1998 жылы туылған балалар толық әскери тексерілуден өткізілді. 24 наурыз туберкулездің алдын алу мақсатында және зиянды әдеттерден аулақ болу үшін студенттер арасында әңгіме сұхбат жүргізілді. 11-мамыр 2015 ж ІІ курс студенттеріне алғашқы әсери дайындық сабағы жүргізілді, ал қыздарға алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету сабағы өткізілді. 27 мамыр 2015ж. Абай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас мамандары студенттері арасында қызылша туралы және оның 1 қазаннан бастап қайта салынатынын түсіндіріп жиналыс өткізілді. Колледжде қалалық орталық емхана дәрігері Джаймағанбетова Д.Ж аптасына 2 күн келіп қабылдау жұмысын жүргізеді.

2014-2015 оқу жылының басында жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізуге қажетті құжаттар, «Автомеханика» және «Теміржол» бөлімдері студенттері туралы барлық мәліметтер топ жетекшілері арқылы жинақталды.


    1. Оқушылармен жұмыс

Жаңа оқу жылы басында 2 курс оқушыларының психологиялық паспортттары түзіліп, 3 курс оқушыларының әдеп, тәрбие деңгейлері зерттеліп анықтамасы жасалды. Құқықбұзушылықтың алдын-алу және теріс іс-әрекеттерден сақтандыру, психикалық даму деңгейін, ойлау қабілетін дамыту мақсатында колледж оқушыларымен төмендегі тесттер жүргізіліп алынды:

  • Темекі зияндылығы туралы сауалнама

  • Есірткі туралы сауалнама

  • Маскүнемдік туралы сауалнама

  • Насыбай туралы сауалнама

  • Зейінді зерттеу және дамыту мақсатында «Бурдон» тесті

  • Оқушылардың интеллектуалдық дамуына арналған тесттер

  • Құқықбұзушылық туралы сауалнама

  • Оқушылардың интеллектуалдық дамуы тесті

Сонымен қатар жекелеген оқушылармен психикалық даму және бойындағы өзгерістер мен қиындықтарды зерттеу мақсатында

  • «Геометриялық фигуралардан конструктивті адам суреті»

  • «Табиғатта кездеспейтін жануар»

  • «Отбасы» суреті

Алынған барлық әдістемелерге талдау жасалып, тесттер қорытындысы шығарылды. Зерттеу нәтижесі бойынша қажеттілігіне қарай жеке оқушыларға кеңес берілді. Жекелеген оқушылардың сұранысы бойынша өзі туралы білгісі келетін сұрақтар бойынша тесттер алынып, тест нәтижелері өздеріне түсіндіріліп, кеңестер берілді.

Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру және бойларында жақсы қасиеттерді дамыту, өзін-өзі тану және рухани жетілдіру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқу топтарымен



  • «Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, тұлғалық дамуы» тренингі

  • «Таныстық шеңбері» трненингі өткізілді.

    1. Мұғалімдермен және топ жетекшілерімен жұмыс

Жекелеген жетекшілер сұранысы бойынша балаларға отбасылық мәселесі, өздерін мазалап жүрген сұрақтары бойынша кеңестер берілді.

Колледж алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы С. Керімбековтың сұранысы бойынша әскери есепке тіркелетін 243 оқушыдан Шмишек және Басса-Дарки әдістемесі бойынша балалардың мінез акцентуациясы және агрессиясын анықтау тесттері жүргізіліп, хаттамалар жазылды.

Колледждің мұғалімдеріне «Мұғалімнің ашушаңдғын бағалау» тесттері жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша мұғалімдерге жеке кеңестер берілді.


    1. Қиын бала және колледждің тәртіп ережесін бұзған

оқушылармен жұмыс

2014-2015 оқу жылының 2014 ж қазан айында 3- оқушы, 2015 ж наурыз айында 1-оқушы, сәуір айында 4-оқушы колледжішілік «Қиын » және «Қиынға бейім» бала есебінде тұрды. Олардың топ жетекшілерінен ай сайын оқушының тәртібі, үлгерімі, ата-анасымен байланыс туралы мәліметтер алынды. Тесттер алынып, тест нәтижесіне жүгіне отыра, олармен сұхбаттасу арқылы кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушылар 6 ай есепте тұрып, бақылауда болды. Осы уақытта аралығында колледж ішкі тәртіп ережесін бұзбаса есептен шығарылып отырды.

Жақсы тәртібі мен үлгерімін ескере отырып және оқуды бітіруіне байланысты «Қиынға бейім» бала есебінен 2 оқушы және «Қиын бала» есебінен 2 оқушы шығарылды. Оқу жылының соңында 4 оқушы есепте тұр.


    1. Ата-анамен жұмыс

Колледждің ішкі тәртбін бұзған оқушылардың ата- аналары шақыртылып, олармен сұхбаттасау әдісі арқылы, сауалнама және отбасылық социограмма әдісін жүргізе отырып, баланың психикалық даму процестері кезінде кездесетін қиындықтар туралы кеңестер берілді. Ата-аналарға бала дамуында кездесетін қиындықтар түрлері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналар жиналысында ата-аналардан тест алынып, тест нәтижесі бойынша ата-аналарға баламен қарым-қатынас туралы кеңестер берілді.

    1. Психологиялық кеңес беру

Жеке психологиялық кеңес беру қызметі байланысушыға , оның ішінде оқушымен жұмыс жүргізілді. Байланысушыны мазалап жүрген мәселелер бойынша әңгімелесу, кеңес беру арқылы, релаксация жасалып және психокоррекция жұмыстары жүргізілді.

    1. Өткізілген іс – шаралар

21 ақпан 2014 жылы – Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықпен және қылмыстылықтың алдын алу

24 ақпан 2014 жылы – «Жас өпірімдер арасындағы діни ахуал», «Елімізде тыйым салынған және дәстүлі емес діни ағымдар»

28 қараша 2014 жылы - 1- желтоқсан Дүниежүзілік АҚТҚ –ға қарсы күрес күніне байланысты «Ғасыр дерті – СПИД» пен нашақорлық – ортақ қасірет семинар тренинг

28 қараша 2014 жылы - 1- желтоқсан Дүниежүзілік АҚТҚ –ға қарсы күрес күніне байланысты «Ғасыр дерті – СПИД» пен темекі– ортақ қасірет семинар тренинг

28 қараша 2014 жылы -- желтоқсан Дүниежүзілік АҚТҚ –ға қарсы күрес күніне байланысты «Ғасыр дерті – СПИД» пен ішімдікі– ортақ қасірет семинар тренинг

Айына 2 рет Абай ІІБ-мен бірлесе «Қару», «Допинг» рейдтері жүргізіліп, жасы 18-ге толмағандарға темекі, спирттік ішімдік сатып алуға және қоғамдық орындарда темекі шегуге, насыбай атуға, түкіруге, үшкір заттарды алып жүруге рұқсат жоқтығын, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр семестрде ата-аналар жиналысы өткізілді.

Колледж кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылы 18 шілдедегі № 503 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа және колледж оқу бағдарламаларымен жоспарларына сәйкес оқу-тәрбие процесін әдебиет және ақпаратпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі. Кітапхана іс-шаралар жоспарын колледж директоры бекітеді, сол жоспарға сәйкес кітапханалық қызмет көрсетіледі. Колледж бірыңғай жоспарына сәйкес өткізілетін іс-шараларды әдебиетпен және ақпаратпен қамтитын кітапхана. Әр оқу жылы өткізілетін пәндік циклдік комиссиялар апталығына міндетті түрде кітапханалық көрмелер, конференциялар, кездесулер, ұсынымдық кітаптар тізімі, ақпарат күні, тақырыптық библиографиялық шолулар, тақырыптық мақалалар топтамасы ұйымдастырылады, хаттамалар бар. Оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету үшін 9 компьютерлер орналасқан және интернет желісіне қосылған. ҚР-сы мемлекеттік рәміздері, кітап қоры орналасу схемасы, каталог бойынша ақпарат іздеу, сапа менеджменті жүйесі, кітапхана туралы ақпарат бұрыштары ұйымдастырылған.

Кітапхана ҚР мерекелері, белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мерейлеріне арнап ақпарат беріп, іс-шаралар өткізіді . Оқу залында оқу-тәрбие процессіне арналған «Қазақстан-менің Отаным» атты үлкен кітапханалық көрме ұйымдастырылған. Көрмеде Ата заң, ҚР-ның рәміздері, Елбасының Жолдаулары, «Қазақ Елі –Мәңгілік», 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні, Ел ертеңі бүгіннен басталады, Астананың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», «Назарбаев Университетінде» оқыған лекциясы, Ана тілі, Мәдени мұра-ұлттық қазына, «Білім қуған озар», «Еңбек етсең ерінбей», «Қазақстан құқығы - білу міндет», «Имандылық», «Отбасы- Отанның отауы», «Отанның қасиетті ұлдары», «Оңтүстік туған - өлкем», «Қоршаған ортаны аялайық», «Салауатты өмір-салтымыз», «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты », «Адам-Жол-Көлік», «Экология және қоғам», «Салауатты Қазақстан» - деген айдарлар бар. Кітапханалық көрме Елбасының Жолдауларынан, лекцияларынан, даналардың, белгілі ақын-жазушылардың қанатты сөздерімен безендірілген. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17.01.14) және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» (12.11.2014ж) атты ҚР-сы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларына арналған кітапханалық көрме, тақырыптық топтамалар жинағы, Жолдаудан алынған маңызды үзінділер жинағы бар. Осы шаралар мұғалімдер мен оқушыларға оқу-тәрбие процесінде көмекші құрал болуға бағытталған. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады, соған орай кітапханада кітапханалық көрме, тақырыптық топтамалар жинағы ұйымдастырылған.

Кітапхана оқушыларды кітап оқуға, кітаппен жұмыс істеуге тәрбиелеу мақсатында жоспарлы шаралар ұйымдастырылып, өткізді. Жоспар бойынша кітапханалық көрмелер, библиографиялық шолулар, оқырман конференциялары, кездесулер, ПЦК-лар апталығына арналған оқу-әдістемелік көрмелер ұйымдастырылды. ПЦК-ларға арналған оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы жүргізілді және кафедра төрағаларына тапсырылды.

Колледж директоры Г.Ү.Искакованың бастамасымен «Кітапхана күні» атты іс-шара белгіленіп, 1-3 курстар арасына енгізілді және тілдер ПЦК айына бір рет әдебиет пәнін оқу залында өткізу жүктелді.

Мақсаты: студенттерді кітап оқуға тәрбиелеу, кітапхана қорын оқу-тәрбие процесіне тиімді пайдалануға бағыттау, кітапхананың белсенділігін арттыру, сонымен қатар жалпы оқушылырдың білімділігін, тәрбиесін көтеру.

«Кітапхана күнін» ұйымдастырып, жүргізу тәртібі белгіленіп, жоспары жасалынып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Елекеев бекітті.

Кітапхана пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетті, «брейн-ринг» ойындарын өткізді. Кітапхана дәстүрлі ретінде «Абайға оралу», М.Әуезов оқулары, ақпан айында М.Мақатаев оқулары, «Бір ел-бір кітап» акциясы, міндетті түрде 1 курс студенттерімен, жалпы оқырмандар үшін өлкеміздің белгілі жазушысы М.Байғұтпен кездесу өткізілді. Бұл шаралар патриоттық, кітап оқуды насихаттау, өлкетану тәрбиесіне бағытталған.

Директордың бұйрығымен кітапхана жұмысының көкейтесті мәселелерін қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кеңесші орган құқығымен кітапхана кеңесі құрылған, төрағасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Елекеев, мүшелері директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,барлық ПЦК-төрағалары, әдіскер, бөлім меңгерушілері, белсенді, кітапқұмар оқушылар. Кеңес жұмыс жоспары бекітілген, мәжілісі оқу жылында 4 рет өткізілді.

Кітапхана жұмысын одан әрі жандандыру үшін төмендегідей ұсыныстар беріп отырмыз:

Колледж кітапханасы кафедра меңгерушілерімен келісе отырып келесі оқу жылына «Фолиант» баспасынан және «Академия-Медия» білім беру-баспа орталығынан шыққан кітаптарға тапсырыс дайындады. Тапсырыс саны жалпы білім беру пәндері бойынша 700 дана, ал арнайы пәндер бойынша 800 дана кітаптарды құрайды және жаңадан ашылғалы тұрған 1206000–«Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығына байланысты жеткіліксіз кітаптарымызды, осы 2015-2016 оқу жылында колледж ақша бөліп тапсырысымызды алып берсе. Кітапханаға ғаламтор желісін қосып, құжаттар кітап сөрелерінде тұрғандықтан, құжаттарға арналған шкаф берілсе.

Колледждің 2014-2015 оқу жылындағы қыз балалардың жалпы саны-137. Олардың ішінде:

І-курс бойынша -22 қыз бала;

ІІ-курс бойынша -34 қыз бала;

ІІІ-курс бойынша - 29 қыз бала;

ІV-курс бойынша -52 қыз бала.

Қыркүйек айында жоспар бойынша колледж акт залында қыз балалалрын ұлттық тәлім-тәрбие мен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты жиналыс өтілді. Жиналыста колледж директоры бастаған әкімшілік мүшелері қатысты. Қыздарымызға колледждің ішкі тәртіп ережелері мен киім кию тәртібімен таныстырды.

16.10.2014 ж. қыздар кеңесінің «Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері» атты жиналыс болды. Жиналыста қазіргі таңда қыздардың тағдырына әр түрлі факторлардың әсері, жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстау керектігі айтылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда пиротехникалық қару мен зат адам өміріне зиян екендігі, оның салдарынан көптеген адамдар, әсіресе жасөспірімдер түрлі жарақат алып жатқандығы айтылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге рұқсатсыз пиротехникалық қаруларды өзімен ұстап жүруге тыйым салынатыны айтылды.

28.11.2014 ж. «Ғасыр дерті - СПИД» атты колледж акт залында СПИД орталығының, наркология орталығының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері, колледж медбикесі мен психологының қатысуымен колледж бойжеткендерімен кездесу өтілді. Салауатты өмір салтын ұстану туралы біраз мағлұмат беріп, артынан сұрақ-жауап жүргізілді.

26.12.2014 ж. ж. «Өзіңнің өмірің – сенің қолыңда» атты тақырыбында дөңгелек үстелде әңгіме болды. Деннің саулығы қаншалықты маңызды сұрағына қыздармен пікір талас өткізілді.

13.01.2015 ж. «Қыз қылығымен сымбатты» атты қыздармен сырласу кеші өтілді. Жиналыста колледж қыздарымен әңгіме өткізілді. Түнгі жүріс, клубтағы өмір, темекі тарту қыздарымыздың өмірін тек қана қара түнекке әкелетіндігі айтылып, арнайы видеолар көрсетілді.

25.02.2015ж. «Жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу» атты дөңгелек үстел болды.

12.03.2015 ж. «Қазақ аруы» атты байқауымыз колледж акт залының жөндеуіне байланысты келесі оқу жылына қалдырылып, «Қазақ арау» қандай болу керек атты пікір-сайыс кеші өтілді.

27.04.2015 ж. «Ғашықтың тілі» атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Жиналыста қазақтың ғашық жұптары жайлы әңгіме етілді.

26.05.2015 ж. «Бәрінен де біз сұлу» атты жиналыс болды. Жиналыста әсемдік сырлары туралы әңгіме құрып, бойжеткендерге ендігі оқу жылына сәттілік тіледік.



2014 – 2015 оқу жылы «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиналыстан басталды. Оқушылар кәсіподақ ұйымы қаржысынан 1-қыркүйек «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиналысты безендіру үшін қаржы бөлінді. Колледж жатақханасында оқушыларға барынша жағдай жасалынған, оқу бөлмесі, ата – аналар бөлмесі, жуынатын бөлмелер, компьютер бөлмесі ашылып интернетке қосылған, теледидар, музыкалық орталық қойылған. Жатақханада «Студенттік кеңес» құрылып, аптасына бір рет тазалық күні белгіленген. Күнделікті сағат 19 00 – 23 00 – ге дейін оқытушылардың кезекшелігі ұйымдастырылған. Колледжде жетім, ата – анасының қарауынсыз қалған 10 тұл жетім бала оқиды. Осы оқушыларға ұстаз – тәлімгерлер бекітілген және олар колледж әкімшілігі, оқушылар кәсіподақ ұйымы тарапынан бақылауға алынып, оның барлығы бюджеттік топта оқып, стипендия және мемлекеттік жәрдем ақысын алады, ОПУАТ – 9 – 112 тобының оқушысы Жұмашев Едіге Сара Назарбаеваның стипендианты. Олардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Тұл жетім оқушыларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек жәрдемақы бөлінумен қатар оқушылар кәсіподақ ұйымының қаржысынан 5000 теңгеден бөлінді. Оқушылар кәсіподақ ұйымы түрлі өткізіліп жатқан іс – шараларға, үздік оқушыларды марапаттауларға, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарына қаржы бөліп әлеуметтік, материалдық көмекті уақтылы көрсетіп отырды. Бір күндік ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін әр оқушыға 656 теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді. Сонымен қатар қыстық киіммен қамтамасыз ету үшін әр оқушыға 64 500 теңге қаржылай көмек берілді. Колледжді бітірген САД – 123 тобының оқушысы Сариев Нұрлан, ТМ – 123 тобының оқушысы Омаров Бөрібай, ТМ – 125 тобыныңстуденті Зарлықов Қайрат пен ТМ – 125 тобының оқушысы Рысқұлов Қайратқа 174 904 теңге өтемақы берілді. Қазіргі таңда 6 тұл жетім оқушы қалды. «Өнерлі өрге жүзер» атты I - II курс оқушылары арасында жүлделі орын алған оқушыларымызды бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапаттадық. Қоғамдық орындарда темекі шегуге рұқсат жоқтығын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады және реидтер жасалып тұрды. Ата-аналар жиналысында «Баланың қылығы үйде, қылығы түзде» дегендей ата – аналарға балаларыңыздың қалтасына не жүргенін бақылау, пиротехникалық және суық қаруларды ұстамау, түнгі 22 00 – ден таңғы 6 00 – ге дейін кәмелеттік жасқа толмағандардың жеке жүруіне рұқсат жоқтығы ескертілді. «Парасыз сессия» акциясы әр жылы жалғасын табуда және оқушылар арасында күш көрсетулердің, нашақорлық пен наркобизнестің, тәртіпсіздіктердің болмауы үшін ОҚО ІІБ біріктірілген «Ұсыныстар мен хаттар» жәшігі және сенім телефондары (56-46-48 ОҚО ББ, 56-31-27, 50-01-20 «Нұр Отан» партиясы, 53-54-37,8701-156-73-82 ОҚО прокуратурасы, 30-02-02, 102, 21-21-87, 21-50-00 ОҚО ІІД, 21-34-35 жастар комитеті, 30-14-35 колледж сенім телефоны, 21-21-98 факс, 23-23-26 учаскелік полиция) жұмыс істейді, колледжге 68 жерден бейне-бақылау орнатылған. Айына бір рет сенім жәшігі ашылып, түскен арыз – шағымдар уақтылы оқу – тәрбиелік комиссиясында қаралып, шешім шығарылып отырды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» байланысты баннер шығардық.

Жастарды кереғар ағымдардан сақтанудыру мақсатында «Менің таңдауым Ханафи мазһабы», «Еліміздегі тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыптарында колледж студенттері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрды.

2013 – 2014 оқу жылы қорытындысында «озат оқитын оқушылар» анықталып, колледж әкімшілігінің қолдауымен Астана қаласына барып келеді. «Озат топ» рейтінгісінің көрсеткіштерін көрсету мақсатында баннер жасап ілінді.

Шымкент жастары коммуналдық мекемесі ұйымдастырған жеңілдетілген жол жүру билетінің орнына берілетін өтемақыға мұқтаж 172 оқушының құжаты жинақталып өткізілді. Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылардың ұсынысы бойынша «Қош келдің, жаңа-жыл - 2015» атты мерекелік кеш колледж акт залында өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеу колледж акт залында және жатақханада атап өтілді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушыларды марапаттадық. Сонымен қатар үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушыларымыз «Құрмет тақтасына» суреттері ілінді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қараша күні «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын колледж акт залында оқушылар мен колледж ұжымы арасында талқыланды.

15 ақпан 2015 жылы «Абай» саябағындағы, Ауған соғысында қаза тапқан азаматтарға арналған ескерткіштің алдында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай, «Ерлікке тағзым» атты акциясына ОПУАТ – 9 – 14 тобының оқушылары қатысып, 25 дана қалампыр (гвоздика) гүл шоқтарын қойдық.

6 наурыз күні колледжді бітіруші IV- курс студенттерінің диплом тапсыру кешін безендіруге оқушылар кәсіподақ ұйымының қаржысынан қаражат бөлінді.

4 маусым – рәміздер күнін атап өттік.

Елбасының «Жасыл ел» бағдарламасына орай ОҚО, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Таза қала» айлық акциясына байланысты ұйымдастырылған сенбілікиерге қатысып, колледж оқушылары белсенділік танытты.

Колледже «Білім негізі – тәрбиеде» деген қағида берік орын алған. Колледж ұстаздарының тынымсыз еңбегі, рухы биік жастарды тәрбиелеуге арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет