12апта – 8см (жаңа туған нәрестенің басының көлеміндей)
16 апта – 12см (кіндік пен симфездің ортасында)
20 апта – 16см (кіндіктен 2елі төмен)
24 апта – 20см (кіндік деңгейінде)
28 апта – 24см (кіндік пен семсер өсіндісінің ортасында)
36 апта – 34-36см (қабырға доғасының деңгейінде)
40 апта – 34-35см (кіндік пен семсер өсіндісінің ортасында)
Жатыр мойнының пісуін бағалау.
Жүкті әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз
Дезинфекциялық ерітіндімен сыртқы жыныс мүшелерін тазартыңыз
Стерильді қолғап киіңіз
Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін жан-жаққа ажыратыңыз, ал оң қолдың 2-ші, 3-ші саусақтарын қынапқа енгізіңіз
Жатыр мойының тығыздығын, ұзындығын, жамбастың өткізгіш осіне қатынасын, цервикальді канал өткізгіштігін жатыр мойнын басып анықтаңыз
Жатыр мойнының пісуі дәрежесіне баға беріңіз. Жатыр мойны жамбастың өткізгіш осіне сәйкес келсе, жұмсарса, цервикальді каналдан 1- саусақ немесе одан көп өтсе және 2см немесе одан төмен қысқарса, жатыр мойны піскен болып саналады.
Қолыңызды қолғаппен бірге таза сумен шайыңыз
Бір рет қолданар қолғапты инфекцияның алдын-алу ережесін сақтай отырып, шешіп тастаңыз, көп рет қолданатын қолғапты айналдырап шешіп, 3 % хлорамин ерітіндісіне тастаңыз.