Тазалық дәрежесіне жағынды алу
бет 34/34 Дата 26.01.2022 өлшемі 194,5 Kb. #115069
Байланысты:
гиникология Тазалы қ дәрежесіне жағынды алу.
Екі қолға бірдей жаңа бір рет қолданатын немесе стерильді көп рет қолданатын қолғап киіңіз (стерильді қолғап кигеніңізді көрсетіңіз);
Жатыр мойнын қарау үшін жақсы жарық түсуін қамтамасыз етіңіз.
Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айналарды, Фолькман қасықшасын, шыны әйнек.
Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.
Гинекологиялық айнаны енгізіңіз. Фолькман қасықшасымен немесе науалы зондпен артқы күмбезден бөліндіні алыңыз және әйнекке жағыңыз.
Қыныптан абайлап гинекологиялық айнаны шығырыңыз, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз.
Қолғаптарды киген күйде таза сумен қолыңызды шайыңыз.
Бір рет қолданылған қолғапты инфекцияның алдын – алу шараларын сақтай отырып шешіп тастаңыз, көп рет қолданылатын қолғапты шешіп, айналдырып 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз.
Қолыңызды сабындап жуыңыз.
Жолдама жазыңыз:
Бөлме номері;
Аты – жөні;
Жасы;
Оқу немесе жұмыс орны;
Жағындыны белгілеу (тазалық дәрежесіне жағынды);
Күні;
Акушерканың немесе дәрігердің қолы;
Жағындыны зертханаға жіберіңіз.»
Достарыңызбен бөлісу: