Шоқан қай жерде дүниеге келген? А. Алматы облысы, Жамбыл ауданы



бет1/4
Дата14.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
  1   2   3   4
$$$264C

Шоқан қай жерде дүниеге келген?

А. Алматы облысы, Жамбыл ауданы

В. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

С. Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы Құсмұрын бекетінде.

D. Қостанай облысы, Затобол ауданы

Е. Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы

$$$265А


Шоқанның өмір сүрген жылдары:

А. 1835-1865.

B. 1845-1875

C. 1867-1916

D. 1835-1876

E. 1841-1889

$$$266E

Шоқанның арғы бабасы кім?



А. Барақ сұлтан

B. Керей хан

C. Тәуекел хан

D. Хақназар хан

E. Абылай хан.

$$$267В


12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына қай жылы оқуға орналастырады?

A. 1848 жылы

B. 1847 жылы.

C. 1849 жылы

D. 1846 жылы

E. 1850 жылы

$$$268D

Сібір кадет корпусын Шоқан неше жасында бітірді?



A. 18

B. 16


C. 13

D. 17.


E. 15

$$$269Е


Шоқан туралы: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін» - дейді. Бұл кімнің пікірі?

A. Достоевский

B. П.С. Семенов-Тянь-Шанский

C. М.М. Хоментовский

D. И.И.Березин

E. Г.Н. Потанин.

$$$270А

Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиетінің қай жырымен танысады?



А. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».

В. «Қыз Жібек»

С. «Ер Тарғын»

D. «Қобыландыы батыр»

Е. «Ер Сайын»

$$$271В


Қай жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін барып, Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинады?

A. 1854 жылы

B. 1855 жылы.

C. 1853 жылы

D. 1856 жылы

E. 1850 жылы

$$$272С

Қай жылы Шоқан полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді?



A. 1854 жылы

B. 1855 жылы

C. 1856 жылы.

D. 1853 жылы

E. 1850 жылы

$$$273D


«Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектердің авторы кім?

A. Мұсабек Байзақов

B. Нұржан наушабаев

C. Әріп Тәңірбергенов

D. Шоқан Уәлиханов.

E. Мәди Бапиұлы

$$$274А

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың анасының аты кім?



A. Зейнеп Шорманова.

B. Айсары Уәлиханова

C. Гүлнар Оразбаева

D. Батима Серікова

E. Айғаным Мұратова

$$$275С

Ш.Уәлихановтың азан шақырып қойған есімі кім?

А. Шыңғыс

B. Шоқан

C. Мұхамедханафия.

D. Мұхамеджан

E.Мұхамедқали

$$$276В

Шоқан Уәлиханов ең алғаш қай елге саяхат жасады? 

А. Қырғызстан

B. Қашқария.

C. Қытай 

D. Моғолстан

E. Россия

$$$277D

Шоқанның суреттері қай кітапта басылып шықты ? 
A. Шоқан - суретші

B. «Шоқан – этнограф»

C. «Шоқан – асқан жазушы»

D. «Шоқан және өнер».

E. «Шоқан ғалым»

$$$278С

Шоқан Уәлихановтың ең алғаш 19 жасында жазған ғылыми мақаласын белгілеңіз?

A. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»

B. «Манас» жыры

C. «Тоқтамыс ханның жарлықтары».

D. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры

E. «Тәңірі (құдай)»

$$$279В

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!», - деп жазған орыс ғалымы кім?

A. Достоевский

B. Н.И.Веселовский.

C. Г.Н.Потанин

D. Костылецкий 

E.  Гонсевский 

 $$$280А



Шоқан Уәлиханов Госфорттың адьютанты болып қай жылы қызметке тағайындалған?

A.1853 жылы.

B. 1857 жылы

C. 1856 жылы

D. 1851 жылы

E. 1850 жылы

$$$281Е

Шоқан Уәлихановтың Қашқар қаласына барғанда жамылған бүркенші аты кім?

A. Әлжапар

B. Бекбай

C. Битөре

D. Жезқазған

E. Әлімбай.

$$$282С

Шоқан Уәлиханов Князь Владимер орденінің IV дәрежесімен марапатталғанда неше жаста еді?

A. 27

B. 28

C. 25.

D. 24

E.23

$$$283D

Шоқан Уәлихановпен бірге оқыған сыныптас досы кім еді?

A. Достоевский

B. П.С. Семенов-Тянь-Шанский

C. М.М. Хоментовский

D. Г.Н. Потанин.

E. И.И.Березин



$$$284А

Еңбектері Европада жарық көрген ғалым?

A. Шоқан Уәлиханов.

B. Ыбырай Алтынсарин

C. М. Жұмабаев

D. С.Дөнентаев

E. А.Байтұрсынов

$$$285С

Ш. Уәлиханов аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тянь-Шанскиймен қай уақытта танысты?

A. 1858 жылы

B. 1857 жылы

C. 1856 жылы.

D. 1855 жылы

E. 1853 жылы

$$$286А

Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» Ш.Уәлиханов қай жылы жазып алды?

A. 1857 жылы.

B. 1858 жылы

C.1855 жылы

D. 1851 жылы

E. 1850 жылы

$$$287С

Қашқар сапарында Шоқан Уәлихановтың қандай еңбегі дүниеге келді?

A. «Қырғыздар туралы жазбалар»

B.«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»

C. «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы».

D. «Ыстықкөл сапарының күнделігі»

E. «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» 

$$$288D

Шоқан Уәлихановқа ескерткіш қойдырған кім?

A. Н.И.Веселовский

B. генерал Гасфорт

C. генерал-адьютант фон Кауфман 

D. генерал-лейтенант Колпаковский.

E. П.С. Семенов-Тянь-Шанский

$$$289С


Шоқан Уәлиханов Петербургте қай жылдары әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді?

А.1853-1855

В. 1858-1860

С. 1859-1861.

D. 1856-1858

Е. 1857-1859

$$$290С

Шоқан туралы: "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазған?



A. Достоевский

B. П.С. Семенов-Тянь-Шанский

C. Г.Н. Потанин.

D. И.И.Березин

E. М.М. Хоментовский

$$$291С


Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінде тәрбиенің мәні терең түрде ашылды?

А. «Бір уыс мақта»

В. «Әке мен бала»

С. «Жеміс ағаштары».

D. «Атымтай Жомарт»

Е. «Асан мен Үсен»

$$$291В

Шоқан Уалиханов Жанақ ақыннан «Қозы Көрпеш –Баян сұлуды» қай жылы жазып алды?



А. 1860

В. 1856.


С. 1857

D. 1859


Е. 1861

$$$292А


Абайдың тәрбиеге арналған қара сөздерін атаңыз:

А. 15,17,23,29,32.

В. 11,12,13

С. 33,34,35

D. 24,25,26,27

Е. 1,2,3,4

$$$293C

Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арналған мектепті қай қалада ашты?



А. Верный қаласында

В. Қызылордада

С. Ырғыз.

D. Орал


Е. Ақтөбеде

$$$294С


Ыбырай Алтынсариннің шын есімі кім?

A. Әбілмансұр

B. Мұхаммед Қанафия

C. Ибраһим.

D.Айтық

E. Қазанғап



$$$295Е

1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері кім?

A. Шоқан Уәлиханов

B. Спандияр Көбеев

C. Абай Құнанбаев

D.Оралхан Бөкей

E. Ыбырай Алтынсарин.

$$$296А

Ыбырай Алтынсарин қай жылдары тілмаштық қызмет атқарады?

A.1857-1859.

B. 1868—1874

C.1853-1870

D.1863 - 1871

E.1858 - 1862

$$$297 В

Ыбырай әкесінен айырылғаннан кейін кімнің қолында тәрбиеленеді?

A. Абай Құнанбаевтың

B. Балқожа Жаңбыршиннің.

C.Анасының

D. Ағасының

E.Мектеп – интернатта өскен

$$$298D


"Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деген жолдардың иесі кім еді?

A. Абай Құнанбаев

B. Шоқан Уалиханов

C. Шәңгерей Бөкеев

D.Ыбырай Алтынсарин.

E.Құлыншақ Кемелұлы

$$$299Е

Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне қай жылы тағайындалады?

A.1859


B.1863

C.1871


D.1874

E. 1879.

$$$300С

Ыбырай Алтынсариннің: «Айшылық алыс жерлерден.Көзіңді ашып, жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.» - деген үзіндісі қай өлеңінен алынған?



A. «Кел, балалар оқылық»

B. «Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп»

C. «Өнер-білім бар жұрттар».

D. «Жаз»

E. «Өзен»

$$$301D


«...аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың...» - деген ой тастайтын Алтынсариннің шығармасы?

A. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

B. "Атымтай жомарт"

C.  "Бай баласы мен жарлы баласы" 

D. "Әке мен бала".

E. "Бақша ағаштары" 

$$$302В

Ыбырай Алтынсарин 1887 жылы қандай мектеп ашты?

A. Екі кластық орыс-қазақ мектептері

B. Ырғызда қыздар мектебі.

C. Орскіде бастауыш мектебі

D. Торғай қаласында қолөнер мектебі

E. Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі 

$$$303D

Ыбырай Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болып қызмет атқарған жыл?

A. 1879-1883жылдары

B. 1863 – 1871жылдары

C. 18681874жылдары

D. 18761879жылдары.

E. 1869 – 1871жылдары

$$$304С

Ыбырай Алтынсаринның неше баласы болған?



A.2

B.3


C.4.

D.1


E.баласы болмаған

$$$305С


Орынборда “Қазақ хрестоматиясы”басылып шыққан жыл?

A.1875 жыл

B.1863жыл

C. 1879 жыл.

D.1881жыл

E. 1862жыл

$$$306А

«Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқа басшылық» кітабының авторы кім?



A. Ыбырай Алтынсарин.

B. Шоқан Уалиханов

C. Абай Құнанбаев

D.Шәңгерей Бөкеев

E.Құлыншақ Кемелұлы

$$$307D


Ыбырайдың (1868—1874) жылдары атқарған қызметі қандай?

A.Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі

B. орыс тілінің мұғалімі

C. Қазақ тілі мұғалімі

D. Торғайда уездік судья.

E. тілмаштық қызмет

$$$308А

«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» қай жылы жарық көрді?



A.1879 ж.

B.1881 ж


C.1875 ж

D.1877 ж


E.1862 ж

$$$309С


13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағаны туралы жазған Ыбырайдың шығармасы?

A. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

B. "Атымтай жомарт"

C.  "Мейірімді бала" .

D. "Әке мен бала" 

E. "Бақша ағаштары" 

$$$310А

Ыбырайға: «Үміт еткен көзімнің нұры – балам,



Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.» - деген өлең жолдарын арнаған кім?

A. атасы.

B. әкесі

C.анасы


D.әжесі

E.ағасы

$$$311С

 "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз" – деп Ыбырай кімге хат жазады?

A.  В.В.Григорьев

B. Балқожа Жаңбыршин

C. Н.И.Ильминский.

D.орыс патшасына

E. И.Паульсон

$$$312А

«Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады» - деген ой Ыбарайдың қай шығармасынан алынған?

A. "Атымтай жомарт".

B. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

C.  "Мейірімді бала" 

D. "Әке мен бала" 

E. "Бақша ағаштары

$$$313А

Ыбырайға күмбезді мазар орнатылған жер?

A. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы.

B. Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы

C. Торғайда

D. Омбы қаласында 

E. Орынборда

$$$314C

Абайдың оқу-білім, өнер тақырыбындағы өлеңдерінде қандай сарын басым?



А. Азаматтық сарын

В. Психологиялық сарын

С. Дидактикалық сарын.

D. Эстетикалық сарын

Е. Реалистік сарын

$$$315B


Абай қай өлеңінде болыстың автопортретін жасайды?

А. «Бойы бұлғаң»

B. «Болыс болдым, мінеки».

C. «Мәз болады болысың»

D. «Байлар жүр»

E. «Көжекбайға»

$$$316C

Бес нәрседен қашық бол,



Бес нәрсеге асық бол, - деп қандай мәселені қозғайды?

А. Адамзаттық мәселе

B. Махаббат, ғашықтық жайын

C. Адамдық, адамгершілік мәселесін.

D. Ғылым, білім мәселесін

E. Көңіл-күй, достық жайын

$$$317 E

«Талаптың мініп тұлпарын», «Тұла бойың ұят-ар еді» деген өлеңдерін Абай қай баласына арнаған?

А. Мағауия

B. Ақылбай

C. Әлімбай

D. Тұрағұл

Е. Әбдірахман.

$$$318A


«Молда да бар жан мен тән,

Ақыл, сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса?»

Қай өлеңінен алынған үзінді?

А. «Жүректе қайрат болмаса».

B. «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас»

C. «Жарқ етпес қара көңілім»

D. «Адамның кейбір кездері»

E. «Жүрегім менің қырық жамау»

$$$319B

Абай «Айттым сәлем, Қаламқас» өлеңін кімге арнаған?



А. Әйгерімге

B. Тоғжанға.

C. Шүкіманға

D. Айғызға

E. Ділдәға

$$$320D


Абайдың 1890 жылы жазылған шығарма түрін көрсетіңіз?

А. Евгений Онегин

B. Масғұт

C. Әзімнің әңгімесі

D. Қара сөздер.

E. Ескендір

$$$321E

Абайдың барлық қарасөз жиыны неше тақырыпқа бөлінеді?



А. 6

B. 7


C. 8-9

D. 2


E. 10-11.

$$$322C


Абай 5-ші қара сөзінде қандай мәселелерді қозғайды?

А. Күлкі туралы ойы, сыны

B. Өсиет, үгіт туралы

C. Қазақтың кейбір мақалдарын сынайды.

D. Жазуға қалай кіріскені туралы

E. Халықтарды салыстырады

$$$323B

«Ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Бұл Абайдың қай қара сөзінде айтылған?



А. 1

B. 19.


C. 3

D. 26


E. 20

$$$ 324 A

Абайдың 25 қарасөзін қайсы көрсетіңіз?

А. Хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр.

B. Ырыс алды – тірлік

C. Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.

D. Адам баласы 2 түрлі мінезбен туады

E. Жаман дос – көлеңке.

$$$ 325B

Абайдың Лермонтовтан аударған шығармаларын көрсетіңіз?

А. «Жүректе көп қазына бар”

B. «Вадим», «Теректің сыйы», «Дұға».

C. «Жарлы бай», «Әншілер»

D. Онегиннің сипаты

E. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі”

$$$326A


Абайдың Байроннан «Европейская мелодия» деген өлеңінің қазақша аудармасы қалай?

А. «Көңілім менің қараңғы».

B. «Қараңғы түнде тау қалғып»

C. «Желсіз түнде жарық ай»

D. «Көктем»

E. «Өлсем орным қара жер»

$$$327C

Абай Лермонтовтан жалпы саны неше шығарма аударған?



А. 23

B. 25


C. 20.

D. 27


E. 31

$$$328C


Крыловтан аударған «Шырылдауық шегірткеде» Абай оқырманға нені көрсетпек болған?

А. Оқу-тәрбиеге шақырады

B. Білімді, ақылды, парасатты болуға.

C. Ертеңгісін ойламайтын жалқауларды әшкере етеді.

D. Мақтан сүйгіш, даңғойлардың түлкі мінездес қуларға мазақ болуын

E. Қулық-сұмдықты, жауыздықты аяусыз шенейді.

$$$329Е

Абай Крыловтан қай жанрда шығармалар аударған?



А. Ертегі

B. Әңгіме

C. Лирика

D. Өлең


E. Мысал.

$$$330C


Абай Крыловтың мысалдарын қандай мазмұнмен аударады?

А. Дәл сол күйінде қолданады

B. Мазмұнын өзгеріссіз сақтайды

C. Адам мінезіндегі өрескел жайларды астарлап сынайды.

D. Жанураларды баламалайды

E. Ақыл-нақыл айтады

$$$331A

Абайдың Крыловтан аударған өлеңін көрсет?



А. «Бүркіт пен қарға».

B. «Құлагер»

C. «Жаз»

D. «Дұға»

E. «Жартас»

$$$332C


Абай жазған поэмаларды атаңыз?

А. «Медғат-Қасым», «Еңлік –Кебек»

B. «Әзім әңгімесі» , «Ақан сері»

C. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».

D. «Қалқаман-Мамыр», «Ескендір»

E. «Ләйлі-Мәжнүн», «Масғұт»

$$$333A

«Ағын жесең ақылың жаннан асар,



Сары жесең, дәулетің судай тасар.

Егер де қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар»

Бұл үзінді Абайдың қай поэмасында кездеседі?

А. «Масғұт».

B. «Ескендір»

C. «Әзім әңгімесі»

D. Ешқайсысында емес

E. «Медғат-Қасым»

$$$334B


Абайдың аяқталмаған поэмасын ата?

А. «Масғұт»

B. «Әзім әңгімесі».

C. «Ескендір»

D. Барлығы аяқталған

E. Үшеуі де аяқталмаған

$$$335D

Абайдың қай поэмасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі?



А. Ескендір

B. Масғұт

C.Қалқаман-Мамыр

D. Әзім әңгімесі.

E. Әзім ертегісі

$$$336C


«Кәпір көздің дүниеде араны үлкен

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.»

Бұл Абайдың қай поэмасынан үзінді?

А. Әзім әңгімесі

B. Масғұт

C. Ескендір.

D. Медғат-Қасым

E. Поэмаларда кездеспейді

$$$337A

Ескендір поэмасы шығыстың қай ақынының еңбегінде кездеседі?



А. Низамидің хамсасында.

B. Фирдоуси еңбегінде

C. Науаи зерттеуінде

D. Жәми еңбегінде

E. Аристотель еңбегінде

$$338B


Абайдың «Жаз», «Болыс болдым, мінеки» өлеңдері қай жылы, қай газетте жарияланды?

А. «Түркістан уәлаяты»1987 ж

B. «Дала уәлаяты» 1887 ж.

C. «Қазақ газеті»1986 ж

D. «Айқап»1988 ж

E. «Абай»1986 ж

$$$339A

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы қашан, қай қалада шықты?



А. Петербургте 1909 ж.

B. Семейде 1809 ж

C. Орынборда 1900 ж

D. Троицкіде 1901 ж

E. Алматыда 1908 ж

$$$340C


Абай туралы тұңғыш мақала кім жазды?

А. Ж.Аймауытов

B. М.Әуезов

C. Ә.Бөкейханов.

D. А.Байтұрсынов

E. М.Жұмабаев

$$$341D

«Абай» журналы қай зерттеушілердің ұйтқы болуымен шығарылды?



А. А.Байтұрсынов, М.Дулатов

B. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов

C. А.Байтұрсынов, М.Әуезов

D. Ж.Аймауытов, М.Әуезов.

E. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов

$$$ 342A


Абайдың көзі тірісінде айналасына шоғырланып ақындық, азаматтық тәрбиесін алған шәкірттері:

А. Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай.

B. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов

C. Мағжан, Сәкен, Ілияс

D. Ж.Аймауытов, М.Әуезов

E. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев

$$$343B

«Қар – аппақ, түлкі – қызыл, бүркіт – қара...» деген Абай өлеңінің үзіндісінде айшықтаудың қай түрі?



А. Психологиялық паралллелизм

B.Шендестіру.

C. Градация

D. Қайталау

E. Арнау

$$$344D


Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі неше тармақтан тұрады және қандай ұйқас?

А. Төрт тармақ, шалыс ұйқас

B. Үш тармақ, шұбыртпалы ұйқас

C. Төрт тармақ, кезектес ұйқас

D. Сегіз тармақ, егіз ұйқас.

E. Сегіз тармақ, қара өлең ұйқас

$$$345C

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Алла деген сөз жеңіл»деген Абай өлеңдері қай лирикаға жатады?



А. Табиғат лирикасына

B. Көңіл-күй лирикасына

C. Философиялық лирикаға.

D. Адамгершілік, достық лирикасына


Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу