Шуберт шығармашылығындағы романтизм лебі



бет1/5
Дата03.07.2018
өлшемі4,97 Mb.
#46211
  1   2   3   4   5
Шуберт шығармашылығындағы романтизм лебі
Романтизм бағытының сүйікті жанры саналатын әнде халықтық негізге, адамның ішкі рухани сұлулығын ашуға деген ұмтылыс бар. Міне, сол ән жанры да Шуберттің жанына жақын еді.

Шуберттің вокалдық шығармалары өз негізін халықтық музыка өнерінен бастау алатындықтан, өз төл туындысы болғанымен, халық әндеріне қарапайымдылығы, шынайылығы, түсініктілігімен жақынырақ. Шынайы халықтық тақырыпты еш уақытта қолданбаған Шуберт туындыларында әрқашан халықтық негіз бар.

Ал осы оның әндерінің кейіпкерлері – өзі секілді кішкене, бақытсыз қарапайым адам. Сырласары тек қана табиғат болғандықтан, Шуберт әндерінен бұлақтың сылдырын, орманның сыбдырын, құстардың сайрағанын естейміз.

Шуберт өзінің қысқа өмірінде 600-ге тарта ән жазған. Композитордың сол кездегі шығармаларының ішінде неміс ақыны Гетенің өлеңіне жазылған шынайы вокалдық лирикалары – «Маргарита тоқу үстінде» («Маргарита за прялкой») және «Орман патшасы» айрықша танылады.



Маргарита әні – Гетенің «Фаустынан» үзінді. Аталған туынды - Маргаританың Фаустқа деген сүйіспеншілігін, оның мұңын, айырылысуды алдын ала сезуі, жалғыздық және азабы туралы баяндайтын миниатюралық драма. Осы сезімдерді жеткізуде тоқыма қозғалысына ұқсас фортепианолық сүйемелдеудің маңызы зор. Алайда, бұл тоқыманың қарапайым гуілі емес, сүйемелдеу алғашқы тактіден-ақ мазасыздық пен жасырын үрей сезімін жеткізеді.

№ 46 мысал.


Ал «Орман патшасы» балладасы ¹ мүлде өзгеше жазылған. Бұл қарапайым ән емес, ат үстінде шауып келе жатқан әке, оның қолындағы науқас сәби және орман патшасы қатысатын драмалық көрсетілім. Мұнда жұмбаққа толы, сұрықсыз қараңғылыққа оранған орман және сол орман ішінде қолына әл үстіндегі сәбиін қысып, шауып келе жатырған әкесі мен сандырықтап жатырған сәбиді өзінің қорқынышты патшалығына еліктірген қатыгез орман патшасының фантастикалық бейнесі айқын берілген.

Балладаның әр кейіпкерінің өз музыкалық мінездемесі бар. Сәбидің сөзінен қиналғандық, қорқыныш, жалыныш үні естілсе, орман патшасының сөзінен ұрланымдылық байқалса, әкесі баласын жұбатумен келеді.



№ 47 мысал.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет