Шураев Арсен 207 топ “Оғыз қаған жырының батырлар жырымен үндестігі”



Дата25.04.2023
өлшемі13,65 Kb.
#175359
Байланысты:
“Оғыз қаған жырының батырлар жырымен үндестігі”


Шураев Арсен 207 топ

*“Оғыз қаған жырының батырлар жырымен үндестігі”
Батырлар жыры – қай халықтың әдебиетіне болсын тән мәдени құндылық. Бұл тұрғыда, түркі халықтарының ішіндегі эпостық жырлардың бір – бірімен байланысы жайлы айтуымызға болады. Неге? Өйткені, ауыздан – ауызға тараған көшпелі ел мәдениеті қырғызға да, қазаққа да, түрікке де ортақ мұра. Ендеше, бүгінгі біздің тоқталатын тақырыбымыз - «Оғыз қаған» жырымен қазақ батырлар жырының бір – бірімен үндестігі жайында болмақ.
Оғыз елін сөз еткенде, тарихымызда оғыз тайпасы, ал әдебиетіміз де Оғыз қаған жырларын еске түсіреміз. Осы тұста, «Екі ел жырларының үндестігіне қандай дүниелерді жатқыза аламыз?» деген сауалдың санамызда туындары анық. Біріншіден, құрылымдық жағынан байланыстыра аламыз. Неге? Өйткені, батырлар жырының ұйқасы көп бунақты қажет етпейтін болғандықтан, Оғыз қаған жырында да дәл солай. Әсіресе, өлеңдерде қолданылған метафора, эпитет, теңеу, гипербола сынды әдебиеттік терминдердің жиі жұмсалуы. Бұған дәлел, Бумын қағанның бейнесін « - дай», «-дей», «-тай», «-тей» сынды жұрнақтармен жасауы. Бұнда, Алпамыс, Қобыланды, Қамбар тәрізді жырларда батырлар бейнесін құбылту, айшықтау үшін осы әдебиеттік терминдерді қолданған екен. Дәлел ретінде , екі жырға да ортақ – өгіздей, бөрідей, т.б. сөздерін айтсақ болады. Ал, екіншіден, батырлар жырында жақсы кейіпкерлерден жаман пиғылды кейіпкерлердің шығуы – Бумын мен оның балаларының арасындағы сюжеттерге қатты ұқсайды. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырындағы – Алпамыстың бауыры – Ұлтан құл. Ойлап қарайтын болсақ, екеуі де бір әкеден туған бауырлар, алайда, екі ағайынды – бауырдың ниеттері, халыққа жасаған істері екі түрлі, тіпті салыстыруға да келмейді. Сол секілді, Бумын қаған балалары әкесінің жақсы атын, жинаған абыройы, халқына көрсеткен қамқорлық істерін бағаламай – өз беттерінше дұрыс емес әрекеттер жасады.
Сөзімізді қорытындылай келе, батырлар жыры – ұрпақ тәрбиесіне анағұрлым әсер ететін ұлттық құндылықтарымыздың бірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет