Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы
арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы
арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның
танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір
жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері 12 құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас
жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады. Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді.
Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. «Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |