«Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты 1 – қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынды өткізу жоспары
Мақсаты:
Білім күні мерекесін өткізу.
Мектеп, ұстазды сыйлау, қадірлеу тәрбиелік пен білімділіктің адам бойындағы ең ұлы қасиеттер екенін шәкірт бойына сіңіру.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Ата Заңы мерекесімен құттықтау. Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриоттық пен азаматтықты тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Pәміздерізалды безендіру.
Мұғалім: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен, Қазақстан Республикасының Ата заңының 21 жылдығымен құттықтай отырып, 1қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Оқушылар! Түзеліп тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Tуы енгізілсін.
Гимн орындалады.
Бар мектептің басталар бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырып ұғындыны
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт
Құтты болсын бүгінгі Білім күні
Біздің алтын ұя мектебімізге, дарынды да талантты шәкірттерімізге ақ тілектерін жеткізуге қадірлі, сыйлы қонақтар келіп отыр біздің қуанышымызды бөлісіп отырған қонақтарды таныстырып өтейін.
1
2
Мінеки жаңа 2016-2017 оқу жылының салтанатты жиынында бас қостық. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығының астарында қаншама салмақты ой, саналы ұғым жатыр. «Мектеп – кеме, білім-теңіз» десек сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын –мектеп. Ендеше жаңа оқу жылымен құттықтау сөз мектеп меңгерушісі Бердібеков Шабай Сырымұлына беріледі.
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді
Құрметпен қонақтарға сөз беремін
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді
Құттықтау сөз кезегін құрметті қонақтарға берелік.
Ертеңгі егемен ел иесі – бүгінгі ұрпақтар. Тәуелсіз елдің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы дені сау, жаны таза,саналы да білімді, білгір азаматы, еліміздің ең қымбат қазынасы ертеңгі ел болашағы оқушылар сіздерсіздер. Бүгін сіздер үшін үлкен қуаныш. Ендеше оқушылар өз қуаныштарымен бөліссін.
1-оқушы:
Өткеріп жазды дүбірмен
Туған жер төсін тербеттік
Уақытпен алға жүгірген
Бір жасқа біздер ержеттік
2-оқушы:
Келді міне қоңыр күз
Келді қағып қоңырау
Мектеп - ана жылы жүз
Ашты қушақ – омырау
3-оқушы:
Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп анам болып көріндің
4-оқушы:
Мектеп анаң бүгіннен
Мектеп – алтын босағаң
Мектеп берген біліммен
Марқаясын жас ұлан
Хор: Мектебім
Мұғалім:
Мектеп ана күліп тұр тағы
Шақырады – қыркүйектің нұр таңы
Асығуда әліппені алуға
Еліміздің тағы бір ұрпағы.
1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе 1 сыныпқа баратын балалар үшін аса маңызды. Алғашқы мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді ортаға шақырайық.
1 сынып оқушылары шығады.
1-оқушы:
Келдік алғаш мектепке
Білмейтін едік әріп тe
Оқып, бізді үйретер
Ғылым анасы – Әліппе!
2-оқушы:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып, білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз
3-оқушы:
Мен мектепке барамын
Кілең бестік аламын
Ата – анамды қуантып
Шоқ жұлдыздай жанамын.
4-оқушы:
Бақытты балғын баламыз
Өсті ой мен санамыз
Әріп танып, сабақ оқып
Білім нәрін аламыз.
5-оқушы:
Міне, мен де үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Арқама сөмке асынып
Мектепке барам асыға
6-оқушы:
Биыл менде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым.
7-оқушы:
Құтты болсын тойымыз
Орындалып әрқашан
Арман, мақсат ойымыз
Сауатты болып ұрпақтар
Гүлденсін мәңгі жайқалып
Тәуелсіз Қазақстан еліміз
8-оқушы:
Өткеріп жазды дүбірмен
Туған жер төсін тербеттік
Уақытпен алға жүгірген
Бір жасқа біздер ержеттік
Хор: Мұғалім – ол біздің
Жандары қаламайтын аласаны
Шәкірттер алда талай бел асады
Әлемге туған халқын танытатын
Осылар еліміздің болашағы!
Мұғалім:
Көп жылын осында өткізген
Ұстаздар – ізгі пәк жандар
Қуана шәкірттер қабылдап
Білімнің көшін жалғандар
5-оқушы:
Ұстаз болу – жүректің батылдығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтуғын адамның алтындығы
Ақбота:
Мектебіміз сеніммен жалғасты
Мектебімізді әуелеген ән басты
Құтты болсын оқушылар, ұстаздар
Жадыраған білім күні алғашқы
6-оқушы:
Аламын білім, күш жалын
Арманға биік ұшамын
Өрлетер өмір шыңына
Өнегең абзал ұстазым
Хор: Ұстазым.
Балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қашан жариялады. 1991 жылы 16 желтоқсан. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл? 25 жыл!
7-оқушы:
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.
8-оқушы:
Тәуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келелі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.
9-оқушы:
Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік – ұлтың менен уранын
10-оқушы:
Қазақстан туған жерім
Қасиетіңді қастерлеп басымды да иемін
Табиғатың тунып тұрған қазына
Соның бәрін аялаймын сүйемін.
11-оқушы:
Отан деген атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана, Отан –үлкен
Қазақстан – туған ел!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің саяси жаңаруының негізі. 1995 ж 30 тамыздағы бүкіл халықтың референдумда ортақ тарихи тағдыр біріктірген Казакстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып, еркіндігі теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жоғарғы жауапкершілік сезімдерін егемендігін құқықты негізге ала отырып Ата Заңымызды қабылдады. 1995 ж еліміздің Ата Заңы – Конституция қабылданды.
12-оқушы:
Ата Заңым
Алтын Заңым ардағым
Аялаған адамзаттың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз
Әрбір бабың, тарауларың тармағың
13-оқушы:
Ата Заңым
Тәуелсіз таң, нұрлы үміт
Ортақ бізге қоғамдағы игілік
Ақиқаттың аппақ жолын аттамай
Жүрер халқым Заңым сені ту қылып.
Мұғалім:
Ана-әлем, ана-жыр, ана-көктем
Дүниеге тіршілік нәрін сепкен
Сұлулық пен ұлылық құдіреті
Адамзат өміріне нұрын төккен
Ата- аналарга куттыктау соз беру
Жаңа оқу жылы құт болсын
Ізгілік оты жағылсын
Бөбек пен түлек жұп болып
Алғашқы қоңырау қағылсын
Егеменді ел тірегі білімді ұрпақ десен, сол ұрпақ мақтаныштары ғасыр көшбасшылары болуға лайық оқу озаттары
алғашқы қоңырау соғу салтанаты тапсырылсын.
Хор: Қоңырау
14-оқушы:
Аялар бейбіт күн нұры
Мектебім, бізге жөргексің
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін
15-оқушы:
Сыңғырла қоңырау сыңғыр қақ
Жаңа оқу жылы ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын
Мұғалім:
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын!
Құрметті оқушылар білім күніне арналған «Мен – өз Отанымның патриотымын» атты алғашқы сабаққа шақырамыз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастыққа өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Өз Отанымның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіне ұялату. Ол – өз Отанымен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Әркімнің өз күш – жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылап жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі.
Мен сіздерді осыған шақырамын!
Бүгінгі мерекені: Біздің алған шыңдармыз қаншама биік болса, алар шыңдарымыз әлі көп, әрқашанда бірге алда болайық» деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін.
Білім күніне салтанатты жиынды жабық деп жарялаймын.
Соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |