Факультативтің мақсаты:
Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың есепке, жазу мен жүргізіп оқуға қызығушылығын арттыру;
Қазақстан халқының ұлы жазушылары мен ойшылдарымен таныстыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ойлау шеберлігін арттыру;
Сөз саптау мен буын санын анықтау, қай буында қанша әріп екенін өз бетінше анықтауға баулу.
Факультативтің міндеттері:
Оқушылардың қабілеттілігін арттыру;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру және қолдануға тәрбиелеу;
Экологияны қорғау мен табиғатты сүюге баулу;
Шапшаң есептеуге,ауызша есептеуге, өмірде сол қағиданы қолдануға баулу;
Логикалық тапсырмаларды орындауға бейімдеу;
Шығармашылыққа баулу.
«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат».
Аптасына 2 сағат. Барлығы 34 сағат
( Әліппе мен қазақ тілі)
1 – тақырып: Дыбыстарды шолу. ( 2 сағат)
-Дыбыстар туралы жалпы мәлімет беру;
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту;
-Не үшін дауысты, немесе не үшін дауыссыз екенін дәлелдеуге баулу;
-Сөзде қанша дыбыс барын, нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін анықтау.
2 – тақырып: Дауысты және дауыссыз дыбыстар. ( 3 сағат)
-Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажыратуға баулу;
-Дауыссыз дыбысқа дауысты дыбысты қосып оқу;
-Неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын меңгерту;
-Буын санын анықтауға меңгерту.
3– тақырып: Дауысты дыбыстар мен әріптер. (3 сағат)
-А,Ә,О,Ө,Е, (У),Ы,І,Э,Ю,Ұ,Ү,Ё,И,Я – дыбыстарымен таныстыру.
-Орыс тілінен енген әріптер мен дыбыстар жайында білімдерін шыңдау.
-Жуан және жіңішке дауыстылар туралы мәлімет беру.
-Жұп дауысты дыбыстар жайында мәлімет беру.
Достарыңызбен бөлісу: |