Серикбаева Камила
№20 «Нұршуақ» балабақшасының
тәрбиешісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
«Сиқырлы сандар әлемі»
Мақсаты: Балаларға 10 көлеміндегі сандарды қайталау, 1-10 – ға дейін тура және кері санауға, көршісін табуға, жыл мезгілін, апта күндерін ретімен атауға, сандар туралы тақпақтар, санамақ айтуға үйрету. Логикалық есептерді бере отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көп, аз, тең таңбалары арқылы сандарды салыстыруға, қосу, азайтуға арналған есептерді шығара білуге талпындыру.
Мақсатқа жете білуге, еңбек етуге, ұқыпты, таза жаза білуге, ұжыммен бірлесіп, өз бетінше жұмыс
жасауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, слайд.
Көрнекілігі: Суреттер, 1-10 ға дейін кеспе цифрлар, үлестірмелі әр түрлі карточкалар, санау
таяқшалары.
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылсын,
Көкте шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлем беру үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой
Ал қәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Ұранымыз
Кел бала, сабақ баста,
Жаз, оқы, сөйле, тыңда.
Айт, зертте, тексер, сұра,
Шаршама да, дем алма.
Математиканы үйренсең,
Көп ұғарсың сен ертең.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде математикадан ерекше оқу іс-әрекеті болды. Тақырыбымыз: «Сиқырлы сандар әлемі» деп аталады.
2. Ойын сабақ .
Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
Қыс мезгілінде неше ай бар? (3)
Бір аптада неше күн бар? (7)
Бүгін аптаның қай күні?
Тәрбиеші: Ендеше балалар өткен сабағымызды есімізге түсірейікші, қандай санмен танысқан едік?
Балалар: 10 санымен таныстық. 10 саны қай саннан кейін тұрады?
9 санынан кейін тұрады.
10 саны қалай жазылады?
1 және 0 цифрымен жазылады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымызды 10 көлеміндегі сандарды қайталаймыз және қызықты тапсырмаларды орындаймыз.
1 «Шашу» ойыны.
1-10 ға дейінгі сандар стол үстіне шашылады. Балалар шашылған сандарды жинап, ретімен тұрып, қолындағы қай сан екенін атап, тура және кері санап береді.
Тәрбиеші: Балалар сендер сандар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Ия.
1саны. Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап
Ең бірінші тұрамын.
2саны. Міне екі саны тұр
Қараңдаршы, неткен түр.
Мойнын алға иеді,
Құйрығы еріп жүреді.
3саны. Екіден соң әрқашан,
Үшінші мен тұрамын.
Қағазға сызып түсіресің
Екі ирек саламын.
4саны. Үш қашанда тақ саны,
Жұп болғанға не жетсін!
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
5саны. Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Төртеуін бүгін санасаң ,
Табасың оңай бесті.
6саны. Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нолмен бітер аяғым.
7саны. Қара мына қызықты
Көсеуге мені ұқсатып
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты
8саны. Жетіден кейін тұрамын,
Жұп сан болып тұрамын.
Бірге жазсаң қос дөңгелек
Сегіз болып шығамын.
9саны. Төбесінен тұрғанда алты
Тоғыз болып шығады.
Онды қуып жетем бе деп,
Қасынан бір қалмайды.
10саны Тоғызға бірді қосамыз
Он санын енді тосамыз.
Қос таңбаны кім білмек
Олар бір мен дөңгелек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, келесі тапсырмамыз
2, «Көршісін тап» ойыны.
Таблицадағы сандардың көршісін табу.
3. «Санамақ» ойыны.
Кел санамақ санайық
Санайық та табайық
Ойын аты «Санамақ»
10-ға дейін кідірмей,
Кім санайды мүдірмей.
Іңкәр. Бір дегенім-бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім- елім,
Далам, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар – жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем – өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім – жалау,
Жүректегі – алау.
Сегіз дегенім – сезім,
Серт беретін – кезім.
Тоғыз дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын – жоқтау.
Он дегенім - Отан,
Қорғай біл, оны – ботам.
4. Логикалық есептер.
1. Табақта үш алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма? (3+2=5)
2. Бір қоянның екі құлағы бар,
Екі қоянның неше құлағы бар? (4)
3. Аспанда неше күн бар? (1)
4. Торғайдың неше көзі бар? (2)
5. «Өз орныңды тап» ойыны.
Балаларға үлестірмелі карточкалар тарқатылады. Карточкадегі заттардың саны нешеге тең болса, орындықтарда сандар белгіленген, сол сан белгіленген орындықты дұрыс тауып тұру керек. (музыкамен айналып жүреді)
6. Қарама – қарсы сөзді айт.
Жоғары-
Биік-
Алыс-
Үлкен-
Көп-
Артық-
Ұзын-
Жуан-
Оңға-
Алдыға –
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
7. «Есеп шығару» ойыны. + - = белгілерін атау.
2+2 = 5-2=
4+1 = 4-3=
3+3 = 3-2=
8. Сергіту сәті. « Жасырын санды тап» ойыны.
9+
7+
6+
10
2+
5+
3+
10+
8+
9. Санау таяқшаларынан пайдаланып , сандарды жазу және неше таяқшадан жазғанын атап беру. Мысалы: 1 санын екі таяқшадан пайдаланып жаздым.
Қорытынды:
Балалар бүгін бізде қандай оқу – қызметі болды?
Тақырыбымыз қандай?
Қандай сандарды қайталадық?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Жарайсыңдар балалар, сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлықтар (фишкалар) беріп, марапаттау.
-
Достарыңызбен бөлісу: |