Силлабус пән: Практикалық психология Курс


Психотерапиялық әсер етудің негізгі әдістері



бет11/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#1325
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Психотерапиялық әсер етудің негізгі әдістері.

Психотерапия әдістерінің классификациясы әр түрлі. Әр психологиялық бағыт жанынан психотерапевттің мінсіздігін бейнелейтін әдістер пайда болады. Әрине, себебі психотерапияның жетістігі психологтың ғылыми көзқарасы мен кәсібіи ұстанымының мазмұнымен айқындалады.

Түрлі ауруларда психотерапияның мақсаты мен міндеті психикалық ауытқудың табиғаты мен механизмдеріне қатысты автордың теориялық ұстанымымен айқындалады. Сонда да ем үшін бір ғана психотерапевтік әдістер қолданылуы мүмкін, алайда олардың әр теориялық тұжырымдамаларда өзіндік бағыты мен ерекшелігі болады.

Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:



  1. Жеке психотерапия;

  2. Топтық психотерапия.

Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін сипатау үшін қазіргі психотерапевтік әдістердің әр қырын жан жақты нақты сипаттайтын келесідей классификацияны қолданамыз:

  1. тұлғалық бағытталған(реконструктивті) психотерапия әдістері;

  2. суггестивті психотерапия әдістері;

  3. мінез құлықты(шартты рефлекторлы) психотерпия әдістері.

Осы әдістерін тобына сипаттама берейік. Тұлғаға бағытталған психотерапия әдістері оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген, олар келесідей:

  • емделуші тұлғасының эмоциялық жай күйін, мотивациясы мен қатынас жүйесін зерттеу;

  • жүйке жүйесінің жай күйін сақтау мен пайда болуына негіз болатын этипатогенді механизмдерді зерттеу;

  • емделушінің өзіндік қатынас жүйесі мен ауруының арасындағы ерекшеліктердің байланысын түсінуге жеткізу;

  • Психоапаттық жағдайларды шешуде емделушіге көмек көрсету;

  • Емделушінің әлеуметтік функциясының толыққанды қалыптасуына және көңіл күйінің жақсаруына алып келетін мінез құлық формаларын қалыптастыруға көмектесу.

Патогенді психотерапия аяқталу кезеңдерінде қайта тәрбиелеуге жақын, бұл туралы В.М.Бехтерев(1911), П.Б.Ганнушкин(1927), К.И.Платонов(1956), Е.К.Яковлева(1958) және т.б. жазған.

Бұл әдісте психотерапевтің негізгі құралы ретінде емделуші мен оның өмірлік жағдайының арасындағы және қатынас жүйесі мен мотивация арасындағы ерекшеліктер байланысының интерпритациясы болып табылады. Интерпритация тікелей және жанама сұрақтар, ескертулер т.с.с. іске асады.

Қазіргі медицинада нооцентристік аурудың социоцентристік және антропоценристік ауруға көшу жолдары түсіндірілген.

Бұл психоәлеуметтік табиғатты емдеу әеріне қызығушылықты тудырады. Топтық психотерапия, патогенетикалық психотерапия келесі ұстанымдардың негізінде құралған: Топ әлуметтік топ үлгісі деңгейіне ету керек, топ мүшелерінің арақатынасы ылғи да өзгеріп отыруы тиіс, психотерапевттің белсенділігі осыған бағытталған.

Әсер етудің құралы топ мүшелері арасындағы,сонымен қатар психолог арасындағы вербалды және вербалдв емес коммуникация болып табылады.

Әсер етудің негізгі формасы топтық дискуссия, онда өмірбаяны мен жағдаяттар талқыланады. Қосымша формалары рөлдік жағдаят орындау, психогимнастка, сурет және музкатерапия.

Рөлдік ойындар ойнау топтың әр мүшесінің мәселесін түсінуге алып келеді. Бұл форма әр қайсысы мәселелерін жеке шешуге шектен тыс талпынғанда көмек береді. Рөлдік ойындар ойнау жеке жаттығу және дискуссияға кіріктірілген болуы да мүмкін. Егер жеке жаттығу болса барлығы бір тақырып бойынша әр клиент кезек кезегімен өзіне әріптес ізде отырып ойнап шығады. Тақырыптар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы:


  1. «Қиын әңгіме» (өзіңе ұнамайтын адаммен немесе ұнамайтын нәрсе туралы сөйлесу);

  2. «Өтініш» (өтініш орындағысы келмейтін адамнан бір нәрсені өтіну);

  3. «Талап» (талапты орындағысы келмеген адамнан бір нәрсені талап ету);

  4. «Татуласу» (ренжіген даммен татуласу);

  5. «Реніш» (ренішінді айтып салу, ол адам өзінің кінәсін сезінеді);

  6. «Қанағаттанбаушылық» (жақын дамына мінез құлқындағы қанағаттанбаушылықты айту, ол өзін дұрыс санайды).

Кейде клиентке ойнды рөлді ауыстыра отырып ойнау ұсынылады.

Психогимнастика психотерапияның бір формасы бола алады. Мұның әсер ету құралы қимыл экспессисы, мимика және пантома.

Психогимнастикалық жаттығулар екі мақсатқа бағытталған: топ мүшелерінің эмоционалды дистанциясын азайту, күшін азайту, өз ойын, сезімін, тілегін айтуды қалыптастыру.

Психогимнастиканы әдетте зейінге бағытталған жаттығулардан бастайды, мысалы келесі жаттығулар:



  1. «Кешігу гимнастикасы» : барлық топ белгілі бір жаттығуды бастапқыдан бір қимылға артта қала отырып орындайды. Жаттығу жылдамдығы біртіндеп арта түседі.

  2. «Ритмді шеңбер бойы өткізу». Бір қатысушының ізімен топ кезегімен берілген ритмді алақанын қаға отырып орындайды.

  3. «Қимылды шеңбер бойы өткізу». Бір қатысушы елестете отырып жалғастыруға мүмкіндік болатын затты қимылдатады, ол тоты айналып шығуы тиіс.

  4. «Айна». Топ мүшелері жұптасып, өз әріптесінің қимылын қайталайды.

Босаңсыту жаттығулары жай қимылдардан тұрады: мен сумен жүріп келе жатырмын, ыстық құммен жүріп келе жатырмын, жұмысқа асығудамын, жұмыстан қайтып келемін, дәрігерге бара жатырмын, «Үшіншісі артық» жаттығуы тағы басқа.

Әріптесіңізбен радағы дистанцияны қысқарту жаттығулары: үстелге отыру, басқа адаммен қолы бос емес, ренжулі адамда тыныштандыру, сипалау арқылы өз қатынасыңды көрсету, т.с.с.

Вербалды емес мінез құлық. Басқаның сезімдерін түсінуге жаттығулар:


  1. Шыны арқылы сөйлесу: ым ишара арқылы бірнәрсеге келісу.

  2. Адамның белгілі бір көңіл күйін келтіру, мысалы, қуаныш, ашу, реніш, өкініш, жек көру т.с.с. Басқа адамның және өзінің психологиялық ерекшелігін көрсету: мен қандаймын, мен қандай болғанмын, мен басқаларға қандай болып көрінемін, қандай болғым келеді т.с.с.

  3. Өзге адамның қандай сезім білдіргісі келетінін түсіну.

  4. Топтың назарын өзіңе аудару.

Барлық жаттығулар топты дайындау бөлігіне жатады. Келесі жаттығуларды пантомиманың рөлі артады. Психолог тақырып береді, ал клиент оны вербалды емес құралдар арқылы көрсетеді. Тақырыпты психолог белгілі бір клиенттің мәселесі бойынша сонымен қатар жалпы топ, оның тұлғааралық қатынасына қарай бағыттайды. Мысалы:

  1. «Қиындықты жеңу» (барлық қатысушылар ым ишара арқылы мұны көрсетеді!;

  2. «Менің жанұям» әлеуметтік атом әдісі: клиент қатысушыларды өзінің түсінігі бойынша жанұя қатынасына қарай отырғызады. Нәтижесі талқыланады;

  3. «Мүсінші» топтың бір мүшесі мүсінші рөлінде болады, ол топ мүшелерінің ерекшеліктерін кикілжіңдерді көрсетеді;

  4. «Сезім» әр топ мүшесіне өз сезіміңді білдіру немесе түсіндіру;

  5. «Менің тобым» топқа деген қатынасын білдіру. Физикалық алшақтық эмоционалдық жақындықты білдіреді.


Суреттік жоба. Оның тақырыбы беріледі немесе еркін таңдалады. Мысалы: «Мен қандаймын», «Менің жанұям», «Мен адамдар арасында», «менің сау адам туралы пікірім», «Ең ауыр қиындық», «Менің басты мәселем», «Үш арманым», «Бақыт аралы», «Менің сүйікті кеіпкерім», «Менің туылған күнім» және тағы басқа. Сурет салуға отыз минут беріледі. Кейін суреттерді іліп талқылайды. Алдымен топ айтады, содан соң автор.

Сурет салудың тағы бір нұсқасы барлық топ бір суретті салады. Мұнда әр қатысушының белсенділігі мен басқалармен интерпритациясы талқыланады.

Психотерапия әдістерінің вербалды емес формаларына келесілер жатады, яғни олар өнермен қатынастың емдік әсері негізінде құралған: әуентерапия, библиотерапия, имаготерапия, арттерапия, натуртерапия, логотерапия, гештальттерапия, трансакты анализ, мироттерапия.

Бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.

Әуентерапия. Бұл әдіс әсіресе психотерапевттің өзі орындаған жағдайда тиімдірек болады, сенімділік әсері туындайды. Мұны қолданатын авторлар бұл әдістің оң әсерімен қатар кері әсері де бар деп есептейді, клиенттер уайымның, тітіркенудің артып кеткенін айтып жатады. Әуентерапия бойынша жаттығулар үшін мысалы бағдарлама:


  1. Бах. Соната соль минор, 1 б; Шопен. Соната №3; Рахманинов, 1- концерт, 1- б.

  2. Шопен7 Ноктюрн ми-бемоль мажор, соч. 9. №2. Шуберт. Симфония №7 до мажор, ч. 2, Чайковский. «Времена года». «Февраль».

  3. Лист. Ноктюрн №3, Моцарт. Симфония №25, 2-б. Шопен. Вальс №2.

Библиотерапия кітап оқу арқылы ауру адамның психикасына әсер арқылы емдеу. Кітап оқу барысында клиент күнделік арнайды, оның анализі аурудың күйін объективті бағалауға көмектеседі. Мұны жеке және топта қолдануға болады. Кітаптар тізімін психотерапевт клиент мәселесімен сәйкестендіріп түзеді.

Имаготерапия мақсаты бейнелермен йнау арқылы емдеу. Адам өзінің динамикалық бейнесін түзеді. Имаготерапия да психотерапевттің ассистенттері үлкен рөл атқарады. Имаготерапияның мақсаты мен міндеттері келесідей:



  • Клиенттің жағымсыз жағдайларға адекватты әсер етуін дамытуға, шынайылықпен сәйкетендірілген рөлге кіруге жағдай жасау: осылайша «Мен» бейнесі дамиды;

  • Тұлғаның эмоционалды қайнар көздерінің, коммуникативті мүмкіндіктерінің нақтылануы мен байытылуы;

  • Клиенттің шығармашылық қабілеттерінің дамуы;

  • өмірлік тәжірибені, өзін өзі бақылауды дамытуға бағытталған жаттығулар;

  • клиенттің өмірін жаңа оқиғалармен байыту.

Арттерапия өнер терапиясы. Көбіне қолданбалы өнер тұрлері қолданылады. Арттерапиялық жаттығулар екі нұсқада жүзеге асырылады: берілген материалмен белгілі бір тақырыпта жаттығулар жасау және еркін тақырыпта еркін құлардармен жұмыс. Бұл әдістің бірнеше нұсқасы бар:

  1. емдеу үшін бар шығармашылықтарды талқылау мен клиенттердің интерпритациясы анализін қолдану;

  2. емделушілердің өзіндік шығармашылығын ояту;

  3. белгілі шығармалар мен өзіндік шығармашылықты қолдану;

  4. психотерапевттің өз шығармашылығы клиентпен өзара әсерге бағытталған.

Натурпсихотерапия немесе табиғаттың әсері. Кейде ландшафттерапия жайлы айтылады, алайда мамандардың арасында бұған ден қоя айналысатындар жоқ. Натурпсихологияның урбанизацияның бір түрі ретінде дамуында күмән жоқ.

Логотерапия немесе сөздік психотерапия. Психолог клиентпен оның эмоционалдық күйін вербалдау арқылы әңгімелеседі, осы арқылы клиент өз қиындықтарын өзі шешеді, оның тұлғасында қайта құру жүзеге асады, өзін өзі сыйлау жүзеге асады. Негізігі түсініктер: өзіндік эксплорация, вербализация, оң баға, эмоционалды жылулық, өзінідік когруэнтность, өзіндік сипат.

Өзіндік эксплорация - психологпен әңгімелесу барысында клиенттің әңгімеге дайындығы.

Вербализация - емделушімен психотерапевттің эмоционалдық күзелістерін сөздік сипаттауы.

Оң қатынас, оң баға , эмоционалды жылулық - өзге адамның тұлғалық құндылықтарын мойындау, оған қамқорлық көрсету, сол адаммен күзелісін бір кешуге дайындық.

Өзіндік конгруэнция - клиен немесе психологтың айтуы мен ішкі дүниесінің сәйкестендірілуі.

Өзіндік сипат – жекелік күйзелістер, ойлар, сезімдер, қимылдар, тілектерді жеткізу.

Гештальттерапия әсер етудің тиімді әдістерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі(Ф.Перлз). Негізгі мақсаты тұлғалық потенциалын жоғарылату, оның күшін арттыру. Клиенттің өз өзімен, қоршаған ортамен байланыстағы күйзелістеріне жағдай жасау, бұрынғы өткен күзелістерінің сақталып қалуын қазіргі жағдайдағы керектігін түсіну психотерапиялық жүргізілу жағдайының негізгі болып табылады.

«Осында және енді» ұстагнымы гештальттерапияда басты ұстаным болып табылады. Клиентке осы шақта не істеп жаиқанын, не сезініп жатқанын, не ойлап жатқанын, не керек етіп жатқанын анықтауды сұранады. Өткенді бүгінге қайта келмеуін өтінеді.

Ойындар гештальтпсихолог ұйымдастыратын үрдістердің екінші тобы. Бұл жаттығулар клиентке өз күйзелістерін басқалармен экспериментке түсуге көмектеседі. Мысалы, «Аяқталмаған жмыстар», «Менің құпиям бар» және басқа. Мұнда үсжору арқылы жүргізіледі, оны өткен шақ есебінде емес нақ қазірге байланыстара отырады. Клиентке өз айтқандарын дәл қазір сезініп тұр ма, әлде айтқандарын сезінген бе деген сұрақтар қойылады.

Э.Бенрнің трансакті анализі. Оның тұжырымдамаларында тұлға «Мен» күйінің үш негізінде сипатталады. Бұл «Мен» күйінің Ата ана, Бала, Ересек сипаттамасы.

Егер адам психикасында эмоционалдық әсердің генетикалық бағдарламасы мен еліктеу болса, онда ол Бала күйінде тұр. Бала үш түрде көрінеді: табиғи, сұрапыл және икемделгіш.

Табиға Бала ата анадан айырылып қаупінен олардың талабынан тыс іс әрекетке бармайды. Сұрапыл Бала барлық ережелер, беделдер, тәртіптерді керіге шығарады. Икемделгіш Бала өзіне сенімсіз, қарым қатынаста ұялшақ келеді.

Ата ана күйі өзіне және басқаларға қысым, тыйым, мінез құлық нормаларын қояды. Ол бақылаушы және қатал түрде көрінуі мүмкін. Олар істеу керек, рұхсат, міндетті және т.б. сөздерді кемсітуге қолданады.

Ересек күйі бұл дағдылардың қабілеттердің оң бейнесі, шындықы және өзін шынайы бағалай алады. Э.Берннің пікірінше бұл үш күй әр адамның бойынан табылады.

Морита терапия, оның негізі Жапонияда 1921 жылы шығарылған Морита кітабында жазылған. Бұл барлық адамдардың талап тілегін түсіну мақсатында түзілген. Талабы өзгелерде жағымды бейне қалдыру. Морита әдісі келесідей: бірінші саты төсектегі төрт сегіз күн мүлдем тыныштық күйі. Бұл сатының нәтижесі қимылдауға тілегі болып табылады. Екінші саты бес он күн бойы жеңіл жұмыс атқару бірақ ешкіммен сөйлеспей. Клиент күнделік жүргізе бастайды. Үшінші саты бес он төрт күн бойы нәтижеге ағытталған ауыр жұмыс. Төртінші саты он төрт, жиырма бір күн шынайы өмірмен байланыс аурудан басқа нәрселердің барлыған айтуға болады.

Сонымен психотерапияның негізгі әдістері клиент пен психологтың өзара әсері мен ішкі әлемге үңілуге бағытталған. Психолог ой, сезім, қимыл, талап, армандардың үлгісін қүрады.
Индивидуалды психотерапия барысында психолог пен клиенттің өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері

Индивидуалды әдіс қатысушылары әртүрлі көзқарасты ұстанады, біреулері дәрігер болса, екіншілері пациенттің рөлін ойнайды. Қатысушылардың өзара әрекеттестік көзқарастары тең емес, клиенттің потенциалды мүмкіншілігі бар, ал психотерапевтэкстериоризиялық формада тұлға түтастығы туралы клиентпен өзара әрекеттестік пәнінің мазмұны ретінде көрсетуі қажет.

Реконструкциямен айналыс отырып, психолог клиентпен өзара әрекеттестік ситуациячында өзара әрекеттестік ситуациясында өзінің адам болмысы туралы кәсіби білімнің негізінде белгілі бір қатынас орнатады. Басқаша айтқанда психотерапевтің клиентпен жұмысы адам болмысы туралы философиялық көзқарастарға сүйенеді.

Өзара әрекеттестік пәнін анықтау мәселесі біздің көзқарасымыз бойынша психотерапевт әрекетінің әдісін таңдауды ғана емес, клиенттің проблеманы қабылдауын анықтағандықтан маңызды роль ойнайды.

Психотерапевтің адам болмысы туралы түсінігі келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі: адам өмірінің құндылықтары, моральдық міндеттер құндылықтары, мейірімділік пен зұлымдық түсінігі т.б.

Психотерапевт кәсіби іс әрекетін бастамас бұрын адам болмысының негізгі мәселесінің мәнін түсіну маңызды.

Мұндай ойдың қажеттілігі тек психотерапевтің клиент алдындағы психологиялық міндетін щешу үшін ғана емес, клиент санасында оның психотерапевтің міндетімен әрқашанда сәйкес келе бермейтін өмірлік философиясының болуымен байланысты.

Қазіргі заманауи ғылыми техникалық революция адамнан өзінің өміріне ғана еес, көптеген адамдардың өміріне әсерін тигізетін жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Бұл адамды жеңіске итермелейді, сондықтанда ғылыми әйгілі әдебиеттер адамға өмірлік сәттіліктердің жолдарын ұсынады. өмірлік сәттілікке жету нұсқауы шындық. Және бұл психологиялық тұрғыдан өте дұрыс. Алайда біз, ол тіпті маңызды психогендік факторлардың бірі болатындай мәліметтер атап өттік. Психолог клиентпен жұмысқа кірісе отырып, ол өз кәсіби іс әрекетінде «бақыт», «сәттілік» т.б. адам үшін маңызды ұғымдарды атайды.

Психологтың өмірге көзқарасын ең алдымен адамның өткені мен болшағын түсінуден анықтайды.

Психологтың философиялық көзқарасы өмірдің объективті жағдайларын субъективті түсінуі секілді мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар себептің рефлексивтік ұғымы психотерапевтке клиенттің болашағын дұрыс болжауға мүмкіндік береді.

Психологиялық ақпараттың өзгермелілігі психотерапевтке кез келген бағалау категориясын қолдануды талап етеді. Психотерапевт клиетпен динамикалық пән – оның ішкі өмірін талқылайды – сонымен қатар клиентпен қарым қатынастың өзгермелілігіне икемделеді. Тұрақтылықтың барлық элементтері олардың көзқарастарымен, әлеуметтік ролдермен анықталады.

Егер осы қатынстар клиентте жаңа альтернативалар тудырмай, жалған альтернативалар тудырса, онда психотерапевт пен клиент тек өз өмірлері үшін ғана емес, басқа адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті қз мойындарына алады.

Клиентпен өзара әрекеттестік барысындағы психологтың көзқарасы реалистикалық оптимизмді болжайды. Біздің ойымызша, психотерапевтке конструктивті қатынас тән.

Сонымен қатар психотерапевт жұмыс істейтін адам даралығы құндылығына басқа адамдар құндылығы секіліді күмән келтірілмейді. «Басқа адамдар»- бұл да психотерапевт үшін шаруашылық категория, оның мазмұны адамға оның ішкі әлемінің, адами болмысының мәнін анықтауға мүмкіндік береді.



Топтық психотерапия
Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан психотерапевтік әдістің бұл формасы әртүрлі ауруларға қарсы қолданылады.

Әдебиеттерде неврозды емдеу, психогендік ауытқу, мінездің паталогиялық ерекшеліктері, наркомания, алкоголизм, токсикамания, психоз және эпилетциялар, нерв жүйесінің оргаикалық аурулары, жүрек тамыр және басқа да аурулар сипатталған.

Топтық психотерапия адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылмайды- мектепке дейінгілерге бастап( бұл әдісті мысалға ; А.В. Спиваковская) қарт адамдарға дейін ( И.А Мизрухин бұл психотерапевтік әдіспен 100-142 жастағы адамдарды емдеген)

Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі.

Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады.

Сол себепті психолог ауруды топқа қатысу үшін дайындау керек, жағдайларды өзгету керек, мотивайиондық компаненттерді күшейту керек- осының барлығы да ауруды емдеуде көп көмек береді. Психолог аурумен топтық психотерапияның ситуациясына оның қатынасын үнемі сұрастыруы керек, оның көзқарасын ескеруі қажет.

Міне осындай психологпен жеке қатынас арқылы тек қана жеке ауру адамның ғана емес жалпы топтық психотерапияның ішкі мәнін толықтыра алуға болады.

Емдеудегі дәрігер топтық психотерапия кезінде ауру адаммен не болатын, оның қандай күйде болатынын әрдайым қадағалап отыруы керек. Ол оған қысым көрсетумен қатар қорғайда білуі жөн.

Негізінде топтық терапиямен айналысатын психолог, индивидуалды психотерапевтік қабылдаумен айналыспайды. Ол аурудың жеке дәрігерімен және жеке психологімен қарым-қатынаста болады. Бұл ауруды топтық психотерапияға қосу үшін қажет шарт.

Индивидуалды психотерапия топтық жұмыспен қатар жүргізіле береді, алайда оның қарқындылығының дәрежесі ауру адаммен жұмыс фазасымен емделу фазасына тікелей байланысты.

Осылайша индивидуалды психотерапиямен емделудің соңғы фазасында ол шектеліне береді. Негізгі мақсат топтық жұмыстың формасына қойылады. Бұл кезеңде клиент өз іс -әрекеттерін бақылау қатар,тек қана өзі өмірін өзгерте білетінін сезінуі қажет.

Бірқатар психотерапевтердің пікірі бойынша, топтық психотерапияның рөлі зор, өйткені ауруға өз-өзіне басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Өз іс-ерекеттерін жөндеуде де маңызы зор. Топтық психотерапия ашық және жабық топтан құралады. Үлкен топ 25-30 адамнан құралса, кіші топтың құрамы 8-12 адамнан құралады.

Практикалық түрде психотерапиялық топтың құрамын жасауда бірқатар шектеулер бар, мысалға; топқа мінездік истерикалық немесе ананкастикалық акцентуациялары бар, ауыр обессивтік симптоматикалық аурулары бар 2-3 адамдардың болуы дұрыс емес.

Бұндай жұмыспен айналысу жүйілігі әртүрлі бола береді-аптасына бір реттен басталып күнделіктіге дейін, көбнесе нақты ситуацияның емделуіне байланысты.

Жұмыстың оптималды ұзақтылығы -1-1,5 сағат. Топ амбулаторлық немесе статционарлық, қысқа мерзімді 1-6 айдан немесе ұзақ мерзімді ( бірнеше жылға дейін) болып бөлінеді.

Жабық топта оның мүшелерінің саны тұрақты. Ал ашық топта тұрақсыз себебі, бұндай топта жаңа аурулар қосыла береді. 50 жастан асқан адамдарменен 18-жасқа толмаған аурулар үшін, оларға сәйкес етіп топ құрылуы керек.

Психолог алдын ала топ мүшелеріне топтық психотерапияның барлық принциптері мен шарттарын таныстыруы арқылы, оның нәтижесін бұрын емделген ауруларды таныстыру арқылы түсіндіре алады.

Психотерапевтік жұмыстар міндетті түрде белгілі бір уақытта, белгілі бір жайлы жерде, дөңгелек тәрізді қойылған орындықтарда жүргізілуі шарт. Бар болған жағдайда психотерапевт ортада ақ халат пен ерекшеленуіне болады.

Жүргізілетін жұмыстардың бірінде психолог топтағы жұмыстың негізгі принциптерін топ мүшелеріне таныстыруға міндетті:
►топтық жұмыстардың қатаң тәртібін орындау,

►топта ашық және шынайы сөйлесуге тырысу,

►топта болатын жұмыс барысын сыртқа шығармау( бұл жалпы топқа, және

топ мүшесіне байланысты),

►топтағы жолдастарына топқа қосылуға көмектесу, олардың ауруларыннан

қайғы –қасіреттерінен құтылуға өзара көмектесу арқылы оларды жеңу,

►ортақ тақырыптарға уақыт кетірмеу, тек қана нақты проблемаға, нақты

жеке дара және нақты жалпы праблеманы шешу,

►өзгелердің көзқарасын пікірін, кеңесін тыңдау, бірақта шеішді өзі

қабылдау.

Біржағынан жоғарыдағы принциптер көптеген аурулар үшін ауыр сондықтанда мұндай қиындықтар ортаға салынып талқылануы мүмкін.

Дәрігер мен психологтың топтық психотерапиядағы жұмыс жасау формалары әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер жұмысының тәжірибесі бойынша жұмыс жасау түрлері былайша іске асады: топтағы паценттер индивидуалды психотерапияны басқа дәрігерден қабылдайды; немесе топтағы біршама клиенттер үшін дәрігер –топтағы психотерапевте бола алады.

Б.Д.Карварскийдің пікірі бойынша бір ғана дәрігердің жабық топтағы паценттері топтық психотерапияда невроз ауруларына шалдыққандар үшін ыңғайлы болып келеді.

Топтық психотерапия қарым-қатынас жүйелігі үшін анықталған мақсатқа бағытталған жолмен жүзеге асды, яғни емдеудегі мақсаттағы топтық динамикамен байланысты. Міндетті түрде топ мүшесі өзін -өзі көрсетуде топтағы басқа мүшелермен қатынасына жағдай туғызып тұғаны абзал.

Топтық қарым-қатынас нәтижесінде топ мүшелерінде ең бірінші өзінің өзгелермен арасындағы адекватты және толық механизмдер мен заңдылықтармен танысу жүреді.

Топта оның әр мүшесінің жеке дара төсуі байқалады. Белгілі бір ситуацияны бастан кешу арқылы өзіндік санасы кеңейеді. В.П.Зинченка жазғандай «өзінің объективті мәнділігінде сана өз жоғарғы сезімталдылығымен және табиғи үстемдігі арқылы тікелей қасиеттерін сақтайды-ол яғни туралығы тікелей мәні арқылы сана туынды шығарады... Мысалы: философия »

Психотерапевтік топтың дамуы мен функциялары бірқатар авторлардың ойынша, топ мүшелерінің санасымен өзіндік саналарының өзгеруінде 3 қатар финоминдерді анықтап берді. Бұл финоминдер топтың дамуының дәрежесімен байланысты, және төмендегедей сипатталады.

1.Фаза-күш салу жоғарғы дәрежеде сипатталады. Бұл жағдайда психологтың талаптарын ескеру, топтың ситуациясымен танысу, жаңа жағдапйға үйрену арқылы үрейді кетіру бұл фазаның ұзаққа созылуын тудырады.

2.Фаза-дәл осылай көп күш салушылық болады, бірақта 1-ші фазада клиенттер көбнесе пассивті күйде болса, 2-ші фазада анағұрлым белсенді іс-әрекеттілік байқалады. Сонымен қатар бұл ситуацияда психологпен пікір алмасу проблемаларды талқылау, өз күшіне өзі сенбеушілік, өзін өзі ұстай білушілік, мәселелері психологпен кең талқыланады және пацент психологтан көмек күтеді.

Бұл фазаның соңғы этапында топтың структуралық құрамы белгіленеді, оның мақсат пен нормалары қарастырылады. Жалпы алғанда бұл кезеңде жағдай тек жақсы жаққа бағытталады, белсенділік реттеледі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет