Сымсыз телефон Ойынның мақсаты



бет4/27
Дата27.04.2022
өлшемі34,63 Kb.
#140984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Ойындарр
National holidays in Kazakhstan Ғиззат Мирас 202 стом, Жадынама.docx, 1-Билет, Тақырыбы Шынықс, ойыннннн, суретт, алгебра 1-нұсқа тереңдетілген, 1393957599419, слайд 2, Документ, reports, ГОСУДАРСТВО
Белбеу тастау 

/екінші түрі/ 
Ойыншылар екі топқа бөлініп /ұлдар мен қыздар араласып ойнауына болады/, бір-бірімен 50-60 м қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу немесе шиыршақталған орамал тастайды.
Кезек бойынша бір топтың басқарушы өз ойыншыларының біреуінің атын атайды. Берілген белгі бойынша әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп, белбеуді алуға ұмтылады. Бұрын жеткен ойыншы белбеуді ала салып, жете алмаған ойыншы қарсы топқа жеткенше көрі қуып барады да, қолындағы белбеуді сонда тастай салып, өзі кейін қашады. Енді әлгі қашып келген ойыншы жаңағы ұтылған ұпайларын қайтарып алуға тырысады.
Ойынның қорытындысында қай тотың ойыншылары қарсыластарына көбірек белбеу жұмсаса, сол ұтқан болып есептеледі. 
Бұрыш 
Ойынды бес не тоғыз адам ойнайды.
Ойын жүргізушінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтағы /3-5/ төрт ойыншы төрт бұрышқа тұрады, олар екі-екіден орындарын ауыстырады. Ойын жүргізушінің мақсаты – төртеуінің ортасында тұрып, осы кезде босаған оыңға тұра қалу. Ойынның шарты түсінікті болу үшін, әрбір ойынша тұрған жерін бормен белгілеп қойса да болады. Сөйтіп, орнынан айрылған ойын жүргізуші болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойынша ойнағанда әрбір қабырғаға тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет