Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану арқылы оқушылардың ынтасын арттыру



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#4517
1   2   3


Осындай сабақтарды жүйелі өткізу арқылы табысқа жету мүмкін екендігіне тәлім алушым екеуміз көз жеткіздік. Эссе жазу барысында да жақсы оқитын оқушылармен қатар, үлгерімі төмен оқушылар да қол көтеріп, өзінің әңгімесін оқуға белсенділік танытып жатты. Тәлім алушым осы сабақта оқушылардың қызығушылығын да оята білді, яғни тренингте балаларды билетіп, одан кейін жеміс-жидектер арқылы топқа бөлді де, интерактивті тақтадан мультфильмнен үзінді көрсетіп, оқушылардан бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп сұрағанда, оқушылар денсаулық туралы деп дұрыс жауап берді. Тренингте видеоролик арқылы билегенде, оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Сабақ ортасында оқушылар дайындалып жатқанда, жай музыка қосып қойды. Бөлек жүруге,отыруға тырысатын ұлдар мен қыздар бірге билеп, бір топта бірлесіп жұмыс істей бастады.



Екінші өзгертілген сабақта байқағаным, оқушы бағалау парағымен жұмыс істеу барысында бірінші сабаққа қарағанда, сен жауап берген жоқсың ғой деп бір-бірінің жұмыстарына сыни тұрғыдан баға беріп жатты.

Сабақтардың барлығы бейнетаспаға түсірілді. Әр сабақтан кейін тәлім алушыммен өткен сабақ туралы сұхбат өткіздім, оны бейнетаспаға түсіріп алдым.

«Жаз мезгілі» тақырыбына өткізген сабағында ұстаз сын тұрғысынан ойлау технологиясының әді-тәсілдерін ұтымды пайдалана алды деп айта аламын. Сабақты кезекшімен сұхбаттан кейін, оқушыларды топқа бөлуден бастады. Үш топты жаз суреті бейнеленген пазлдардан бүтін бір сурет құрастыру арқылы құрды. Оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындады. Клиптограмманы шешу арқылы тақырыпты оқушылар өздері айтты. Мағынаны ашуда ұстаз әр топқа тапсырма берді:

1топ- «Жаз» сөзіне ассоциация орындау.

2топ- Жаз мезгілі мен қыс мезгілін салыстыру (вен диаграммасы арқылы).



3топ- Суреттеу ( сурет салып, әңгімелеу)

Таңдап алған үздік оқушы – Айнара суреттеу тапсырмасына шығып: «Жазда үш ай бар. Олар: маусым, шілде, тамыз. Жазда адамдар жеңіл киім киеді, жемістер, көкөністер піседі. Жазда балалар жазғы каникулға шығады. Күн ұзарады, түн қысқарады. Жазда менің туған күнім болады, сондықтан мен жазды жақсы көремін. Жаз мезгілі тамаша, - деп жауап берді.

Екпінді оқушы – Әлішер ассоциация жасауда дұрыс ұсыныстар беріп отырды, топта белсенділікпен жұмыс істеді, тақтаға шыққанда нақты жауаптар айтты.

Үшінші оқушы – Анель топта жұмыс істеуге талпынып, тапсырма бойынша өзінің пікірлерін ұсынынды.



Бірнеше сабақтар бойы бақылаудан байқағаным, үздік оқушыға қарағанда, екпінді оқушы мен нашар оқушының сабақта белсенділігі артқанын, тапсырмаларды қызыға орындап отырғандарын байқадым. Үздік оқушым қалғандарынан қалмай, белсенділікпен жұмыс істегенімен, ондай оқушылардың саны класта бұрынғыдан артты, яғни басқа да оқушылар оның деңгейінде жауап беріп жатты.

Оқушылар мұғалім-оқушы ролінде шеңбер құрып, тапсырманы орындау кезінде сұрақтардың дұрыс қойылуы, жауаптың дұрыстығы,нақтылығы ескерілді. Бұл жұмыс түрін олар қызығушылықпен ғана емес, жауапкершілікпен орындады. Тапсырма бойынша талдауда олар бір-бірінің жауаптары бойынша көзқарастарын білдірді. Осы жұмыс түрін ұйымдастыруда мұғалім балаларды рольдерге шеберлікпен бөлді деп айта аламын. Сабақтағы көрнекіліктер оқушының оқуға деген ынтасын арттырғандығы көрініп тұр. Мұғалімнің топқа бөлудегі немесе тренингті өткізудегі әдіс-тәсілдері әр сабақта әр түрлі болды. Әр сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдаланып, баланың оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға жағдайлар жасады. «Ротация» әдісі көмегімен әр топқа тақырып бойынша әңгіме құрастыру тапсырмасы берілді. Әңгіме жазу барысында сөйлемдер қайталанбай, тапсырма дұрыс орындалды. Әр топ өздерінің постерлерімен ортаға шығып, қорғады. Бұл әдістің тиімділігі сөйлемдердің толықтырылуында. Бір топ білмейтінді екінші топ толықтырып отырады, осылайша тақырыптың мазмұнын ашуда әрі игеруде оқушы өзі басшылық етеді. Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бағалады, кейін мұғалім өзінің де осы парақта бағалайтынын ескертіп өтті. Бағалау парағы әр топтың орындаған тапсырмасы бойынша құрастырылды. Мысалы: толық жауап берсе – 3ұпай

Жартылай жауап берсе – 2 ұпай Көшіріп алса – 1 ұпай

Осы сабақта топ мүшелерінің бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істегенін, бір-біріне көмектесіп, топтарының алда болуына жанашырлық танытып жатқандарын байқадым. Үлгерімі нашар Анель жауап бергенде, қатты сасқалақтайтын, қазір берген жауаптарында батылдық байқалады. Сыныптастарынан алшақ жүретін ол қазір олармен емін-еркін сөйлесе береді. Қанша байқасам да тұнжырап жүретін Анель бүгін күлімсіреп, сабақта ақжарқын отырды. Анельдің бойындағы бұндай өзгерістердің болуы, меніңше, топтық жұмыстың, тренингтің өткізілуі деп ойлаймын әрі сын тұрғысынан ойлау әдістерінің баланың тұлға болып қалыптасуына әсері мол. Бұрын да класта көшбасшы – Әлішер қазір тобында бәрін аузына қаратып отыр. Өзі жазады, жазбаса, ұтымды пікірлер айтып, қате айтам-ау деген қорқыныштан арылған. Тақтаға шыққанды ұнатады, ортада көзге түсіп, белсенділігі артты. Таң қалатыны, осындай оқушылар топта көбейген сияқты. Үздік оқушым –Айнара сабақта белсенділік танытып, көштен қалмаудың әрекетін жасап жатыр, өз тобы үшін бар көмегін аямайды. Топ ішінен жарылып шығып, жауап беруге дайын.

Осы класта тәлім алушым төртінші « Жазда» сабағын өткізді. Қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларды ортаға шақырып, класта кім билегенді ұнататынын сұрады. Оқушылар Әлішер, Манас билеуді ұнататынын жамырап айтып жатты. Мен бірінші сабақтағы тренингтегідей емес, балалардың ортада қысылмай, еркін отырғандарын байқадым. Мұғалім Әлішердің қимылын қайталап билейтіндерін айтып, музыка қосып, билетті. Содан кейін орындыққа отырғасын, мұғалім интерактив тақтадан өлең оқытып, бұл қай кезде болады деген сұраққа оқушылардан жазда болады деген жауап алып, сабақтың тақырыбын айтты. Топқа бөлуде орындықтың астында қағаз жабыстырулы тұрғанын, соны алып оқуларын сұрады. Қағазда жазылған сөздер арқылы үш топ пайда болғанын айтты, яғни

« Табиғат», «Саяхат» және «Еңбек» топтары. Осылайша топқа бөлу арқылы мұғалім оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра білді. Орындарына отырғасын мұғалім интерактивтақтадан «Жаз дегеніміз не?» тақырыбына презентациямен жұмыс жүргізді. Оқушылардың барлығы бір сөйлемнен оқып шықты. Мұндай жұмыс түрі оқушылардың сөздік қорын молайтуда тиімді. Оқылған сөйлемдердің біреуін Әлішер есімді оқушы тақтаға шығып жазды, содан кейін әр сөзді сөз табына қарай ажыратты. (Жазда (мезгіл үстеу) шөп(зат есім) ерекше (сын-қимыл үстеу) жасыл (сын есім) болады (етістік)). Үй жұмысы жаз туралы өлең жаттап келген оқушылардан сұралды. Кейбір оқушылар оқулықтағы өлеңді айтса, кейбіреулері басқа өздері ізденіп тапқан ( Абайдың өлеңі) өлеңдерін айтты. Келесі тапсырма оқулықпен болды . Кітапта Қ. Мырзалиевтің « Жаз» деген өлеңін постерге сурет арқылы бейнелеп, әңгіме құру. Мұғалім үш шапалақтан кейін жұмысты тоқтату керектігін ескертіп өтті. Осы тапсырманы орындап жатқан кезде, мұғалім әр топтың қалай дайындалып жатқанына шолу жасап жүрді. Бұл әдіс бізге оқушының нені оқып жатқанымен қатар, қалай оқып жатқанын да бақылауға мүмкіндік береді.



Оқушылардың бойында топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан, әр оқушы тапсырманы орындауда белсенділік танытып жатыр. Тек екінші топтағы Жайдар есімді бала алғашқыда жұмысқа кірісіп кете алмай отырды, шамалыдан кейін Манас оған тапсырма беріп қойды. Сөйтіп, байқағаным, бірлескен жұмыс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасын арттыруда, өз бетінше оқуға үйретуде көп жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Үшінші топтан жауап беруге Анель шықты (зерттелуші оқушының бірі- үлгерімі нашар):

-Әңгіменің тақырыбы «Жаз». Жаз келді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда гүлдер өседі. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Жазда күн ыстық болады. Балалар суға шомылады. Мен жазды жақсы көремін- деп жауап берді.

Анельдің осылай жауап беруі ол үшін жетістік деп айтуға болады,себебі дәстүрлі сабақтарда бұл оқушы үйден жаттап келген тапсырмасын тақта алдына шығып айтуға батылы жетпейтін, көбінесе белсенділік танытпай, немқұрайлы отыратынын тәлім алушым атап өтті.

Екінші топтан жауап беруге Манас пен Әлішер шықты:

-Жаз келді. Құстар ұшып келді. Гүлдер өсіп жатыр. Талда алмалар қызарып жатыр. Күн жарқырап тұр. Күн ыстық. Шөп шықты.

Мұғалім осы жерде оқулықтағы өлең бойынша: «Қадір Мырзалиев өлеңінде қандай жаз дейді?» деп жетектеуші сұрақ қойды. Манас пен Әлішер: жаз пейілді, жан-жануар сейілді, бақ-бақ өсті,- деп өз әңгімелерін толықтырды. Осы жерде мұғалімнің миға жасаған шабуылы өз нәтижесін берді деп айтуға болады, өйткені сұрақ арқылы оқушының білімін , сөздік қорын толықтырды.

Бірінші топтан жауап беруге Карім мен Айнара шықты: - Жаз келді. Шөп шықты. Ағаштардың жапырақтары жасыл. Жан-жануар сейілді. Бақ-бақ та ұшты жан-жаққа- деп жауап берді.

Мұғалім оқушыларды осы жұмысты орындау барысында тапсырманың мақсатына жетуі үшін бағыт- бағдар беріп тұрды, яғни өлең жолдарынан үзінді келтіруіне көңіл бөлінді. Тапсырманы орындап болғасын балалар үш шапалақпен бір-бірлерінің жауаптарын бағалады.

Келесі тапсырма әр топқа сұрақтар таратылып берді.

1топ – Жазда ауа райы неге ыстық болады?

2топ - Жазғы саяхат не үшін керек?

3топ – Жазғы еңбектің адамға пайдасы қандай?

Тапсырмаға дайындалу барысында әр топ қызу талқылау жүргізді. Бос отырған оқушы болған жоқ. Топқа қосыла қоймайтын Жайдар өз тобының сұрағы бойынша көңілге қонымды жауаптар беріп жатты. Үздік оқушы – Айнара да тобында белсенділікпен сұрақтың жауабын оқушылармен бірге талдап жатыр. Ал екпінді оқушы – Әлішер болса, тобындағы басқа оқушыларды аузына қаратып, қызу талдау үстінде отырғанын байқадым. Оның тобында отырған Анель (үлгерімі нашар оқушы) әзірше тек басқалардың ойын тыңдап отыр. Осы жерде тоқтала кететін бір жайт- ол Әлішердің бойында жан-жағындағы адамдарды оқуға ынталандыратын қасиеті бар, ол болған топта әрдайым қызу жұмысты бақылауға болады. Сынып жетекшінің өзі де Әлішердің бойындағы жақсы өзгерісті байқағанын атап өтті, яғни Әлішер – сыныпта барлық оқушылармен тіл табысып, көшбасшылық қасиетін одан әрі шыңдай түскені байқалады.

1-топтың жауабы бойынша жауап бермеген оқушы Алтынай сөйледі: Жазда жер күнге жақындайды, сондықтан жазда ауа-райы ыстық болады. Қар болмайды,-деді.

2-топтан Айжан: Жазғы саяхат адамға білім алу үшін керек десе, Жайдар : саяхат адамға денесі дем алу үшін керек,-деп жауап берді. Ал басқа топтан Ләззат: Саяхат көп жерлерді, көру үшін, білу үшін керек,-деп толықтырды.

3-топтан Ләззат: Жазда жеміс-жидектер, көкөністер піседі. Адамдар оларды жинайды. Жазда шөп өседі. Адамдар шөп шабады. – Сонда шөп шабудың қандай пайдасы бар?-деп мұғалім қайта сұрақ қойып еді, Әділет: Адамның денесі шынығады, күшті болады,-деп Ләззаттың жауабын толықтырды.

Осы жұмысты орындау барысында оқушылар бір-бірінің білмейтінін өздері толықтырып жатты. Екінші топтан үлгерімі нашар Жайдардың ғана жауабы дұрыс болды. Осы жерде мұғалім оны мақтап жіберсе ғой деп іштей ойлап қалдым. Себебі топтың оқушылары Жайдардан дұрыс жауап естиміз деп тіпті ойламайтын сияқты. Талдау барысында Жайдардың осы сөйлемді ұсынып жатқанын естідім, өкінішке орай, оның сөйлемін жауап беруші Айжан елеген жоқ та, дұрыс жауап бере алмады.

Егер оқушылардың тіл байлығы жеткілікті дәрежеде болғанда, бұдан да жақсы жауаптар алуға болатын еді. Сабақтан кейінгі сұхбатта балалардың өздері осы сұрақтардың қызықты болғанын, әттең орыс тілінде болғанда ғой деп қалды.



Бұл сұрақтарды мен жоғары деңгейлі сұрақтар қатарына жатқызамын. Ондай сұрақтарды жиі қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі қабілетін дамытуға болады. Ол үшін топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, тақырыпты меңгеруде белсенділікті оқушының қолына беру керек деп ойлаймын.

Келесі кезеңде мұғалім әр топтың атына сәйкес тапсырма берді: бір-бірімен диалог құру, оны көрініс ретінде барлық топ мүшесі қатысып көрсету керек. Тапсырмаға дайындық кезінде топтың әр мүшесі өзінің идеясымен бөлісіп, тобы үшін жаны ашып отырғанын байқадым. Біреуі ауызша айтып жатса ,екіншісі оны қағаз бетіне түсіріп жатты.

Бірінші болып «Жазғы саяхат» тобы жауап берді. Әлішер, Манас және Жайдар үшеуі келісіп, жазғы саяхатқа Америка еліне баратын болып, кассаға келді. Кассир ролін Айжан ойнаса, жолсерік ролін Ромина ойнап, көрініс көрсетті.

«Жазғы еңбек» тобының оқушылары мектеп ауласында ағаш отырғызудан көрініс көрсетті, қимыл-әрекеттерді, қалай жұмыс істеп жатқандарын көрсетіп, сен су әкел, сен ағаш отырғыз деп әр қайсысы өзінің роліне кіріп ойнады.



Келесі «Жазғы табиғат» тобы бір-бірімен табиғатқа шығуға келісіп, жазғы табиғаттың сұлулығына тамсанатын сөйлемдер құрастырып айтты. Мысалы, қандай керемет табиғат, қандай өте таза ауа, иә, өте әдемі табиғат, бәрі айнала тамаша деген сөз тіркестерін айтты.

Осы көрсетілген көріністен балалардың осындай жұмыс түрлерін ынтамен орындайтыны сезіледі, бәрі бір кісідей тапсырманы орындауда белсенділік танытты. Соның ішінде үздік оқушы Айнараның тобының жауаптары салмақты, ойға қонымды болды. Оның себебі бұл топта Айнарадай Карим, Алтынай сияқты сөйлесім деңгейі жақсы оқушылар да бар. Топтың үздік жауап беруі бір адамға байланысты емес, әр топ мүшесі белсенді болғанда, жұмыстың нәтижесі көрінетінін балалар түсінген сияқты.

Сабақты қорытуға мұғалім «синквейн» әдісін қолданды. Үшінші топтан Әлішер (зерттелуші) жауап берді. Оның жауабынан сын есім, етістікті жақсы білетіні, сөйлем құра алатыны, синонимді таба білетіні байқалды. Екінші топтан Ромина жауап берді. Сын есімді ойлап табу кезінде қателесті, бірақ құрастырған сөйлемі мазмұнды. Бірінші топтан Алена жауап берді. Бұл топ табиғат деген сөзге синоним табуда қателік жасады, алайда тапқан сын есім, етістік, сөйлемдері мазмұнды болды. Мұндай жұмыстың түрі оқушының бұрынғы білетін білімін еске түсіруге, пысықтауға тиімді.

Сабақ соңында мұғалім үйге «Жаз» тақырыбына эссе жазып келуді тапсырды. Бағалау парағына топтың көшбасшысы бағалады. Бірінші топтан – Айнара, екінші топтан – Манас, үшінші топтан – Әлішер бағалау барысында оқушылармен талдап, кім қай жерде жауап берді, қай жерде үндемей қалды айтып, әділ бағалап жатты. Одан кейін балалар «көңіл-күй экранына» смайлдар арқылы өздерінің әсерлерін, ал «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өздерінің пікірлерін жазып, тақтаға ілді. Баладан өтірікті жасыра алмайсың деп бекер айтпаса керек, бірінші сабақтан бері жүргізіліп келе жатқан кері байланыста оқушылардан бір ауыздан топта жұмыс істеген ұнайды, маған қазақ тілі ұнайды, т.б. осындай жағымды жауаптар алынды. Сабақтан кейін оқушылардан он сұрақтан тұратын сауалнама алдым. Осы сауалнамада оқушылар өздерінің бойларындағы өзгерістерді, тағы да осындай сабақтар өткізіле берсе ғой деген пікірлер жазыпты. Әсіресе, топта командамен жұмыс істеуді, білмейтініңді топтасыңның көмегімен білетінің, бір-бірімізді жақын білдік деген ойларын білдірді.



Сыныптағы үш оқушыны зерттеуде мен мектептің психлогымен байланыста болдым. Психологпен бірлесе отырып, оқушылардың танымдық үдерісін , зейінінің ерекшелігін ,жадының қабілетін ,оқуға ынтасын анықтайтын, темперамент түрін анықтайтын зерттеулер жүргіздік. Сонымен қатар, топ ішіндегі қарым-қатынасты анықтайтын социометрия жүргізілді.

Танымдық үдерісін анықтауда Айнара, Анель, Әлішердің ойлау деңгейлері орта деңгейді көрсетті. Зейіні жағынан Айнара орта деңгей көрсетсе, Анель мен Әлішер зейіннің төмен деңгейін көрсетті. Жады (есі) бойынша: Айнара – көру арқылы жоғары деңгей, Анель – көру арқылы жоғары деңгей, Әлішер- көру және есту арқылы орта деңгейді көрсетті. Оқуға ынтасы жағынан Айнара -жоғары деңгей, Әлішер-жақсы деңгей, Анельге мектепте оқу емес, мектептің қоғамдық жұмыстары жағымды әсер етеді. «Айзенк» әдістемесі көмегімен оқушылардың темпераменті анықталды.Айнара- сангвиник-меланхолик, Анель- сангвиник-флегматик, Әлішер-холерик-сангвиник.

Жоғарыда атағанымдай, Айнара- үздік оқушы, қабілетті, белсенді, сыныптастарының арасында сыйлы оқушы. Әлішер- кластың президенті, осы класқа жағымды әсер ететін, көшбасшылық қасиеті бар екпінді оқушы. Анель- үлгерімі жағынан төмен оқушы, алайда осы сабақтарда ол жақсы жағынан өзгерді, сабақта белсенділігі, ынтасы артып, бойында білсем деген қызығушылық артты. Оған дәлел – үшеуімен жүргізілген сұхбат (бейнежазбаға түсірілді).

5 «Б» сынып оқушыларының тоқсандық нәтижесі бойынша білім көрсеткіші:


тоқсан

Оқушы саны

үздіктер

екпінділер

орташа

Үлг

ерім


сапа

сы


Ітоқсан

16

6

4

6

100%

62%

ІІтоқсан

16

6

6

4

100%

75%

ІІІтоқсан

15

7

5

3

100%

80%
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы

Мектепте мен тәлім алушымен жұмыс істей отырып, оның сабақ үдерісіне өзгерістер енгіздім. Мұғалім сабақ жоспарына жеті модульді кіргізді. Осы өзгерістер оқушылардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырды, білім деңгейлері жоғарылады. Жоспарлаған өзгерістерді енгізу жолында қиындықтар да кездесті. Жоғары деңгейлі сұрақтарды құрастыруда мұғалімнің түсінбеуі, оқушылардың ондай сұрақтарға жауап беру дағдылары қалыптаспаған деп көнбеді. Алайда сабақта байқалғандай ең алғашқы қадамдары жаман емес. Осындай тапсырмаларды жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болатынына мұғалімнің көзі жетті. Оқушылардың сөздік қорының кедейлігі де қиындықтар тудырды, себебі тапсырманы орындауда көп уақыт берілді, сабақ қоңыраумен аяқталған жоқ. Қуантатыны, балалар қоңырауға қарамай, тапсырманы аяқтамай кеткен жоқ. Тәлім алушымның сабағына қатыса отырып, зерттелетін оқушыларды таңдадым. Сабақ барысында мен барлық оқушылардың сабаққа қатысып отырғанын бақыладым. Әрине, жағымды өзгерістер көп. «Белгіленген балалардың» бойында сабаққа деген ынтасы артып, көңіл-күйлері көтеріңкі отырғандарын байқадым. Дегенмен әлі де болса Жайдар, Әлихан есімді оқушылардың сабаққа белсенділігі төмен. Осы оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында тәлім алушым осындай жұмыс түрлерін өткізуді жалғастыра беретінін, олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізетінін айтты. Бесінші класпен жұмысымды жоспарлау кезінде қалай болады екен, жоспарым іске асама екен деген күмәнді ойлар болды, бірақ, нәтиже жаман емес сияқты. Бір ай практика кезінде өзім де көп нәрсеге үйрендім. Баланың көзінен білсем деген ойды көріп, өзің де жаңаша үйретуге талпынасын. Тәжірибе кезіндегі іс-әрекеттер жағымды әсер берді. Болашақта бағалау және Блум таксономиясына негізделген сабақ жоспарын құруда өзімнің білімімді жетілдіруді мақсат етіп қойып отырмын. Алдағы уақытта өз жұмысымды осы бағытта жалғастырамын. Сабағыма жеті модульдің кезеңдерін жүйелі түрде енгіземін, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданамын, әсіресе диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөз байлығын жетілдіремін. Алған білімдерін өмірмен байланыстыруына мән беріп отырамын.Іс-тәжірибем арқылы ұстаздармен бөлісіп,оларды өз кәсібінің шебері болуына көмектесемін. Сынып жетекші ретінде ата-аналармен жұмыс жүргізуде де осы білімімді, әдіс-тәсілдерді қолданамын. Қазірдің өзінде тәлім алушымның сабақтарына қарап, менімен де жұмыс жүргізіңіз деген ұсыныстар болып жатыр. Бұл да әрі қарай осы бағытта жұмыс істеуіңе қуат береді. Мұғалімдердің тәжірибесіне осы тәсілдермен өзгеріс енгізуге көмек беру үшін жұмыс істеймін. ІІдеңгей бағдарламасы бойынша алған терең білімім, өзімнің ұстаздық тәжірибем, сүйіп таңдаған мамандығым, ұстаздық ұстанымым осы бағытта жемісті жетістіктер әкеледі деп сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет