Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет35/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Жарылқасын Бикенов

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қажы аруағына дұға оқуға арнайы келіп, «Құдайдың істе дегенін Жыржыс істеді, Жыржыстың істе дегенін Құдай істеді. Аллаһу акбар», – деп бетін сипаған екен. Ғұламаның бүгінге дейін ел аузында жүрген сондағы сөзінің мағынасы мынадай екен: «Алланың әмірімен қажы медресе-мешіт ашып, балаларды мұсылман дініне баулыды, ал Жыржыс қажының «Мені кәпірдің алдына жеткізбе» деген тілегін Алла қабыл етті».

Алла Тағаланың ерекше нәсіп еткен сыйы болар, Меккеге барғанында қасиетті Қағбаның жамылғысы – жылына бір рет, оның өзінде ел билеген сұлтандарға ғана берілетін «Қисуа» Жыржыс қажыға бұйырған. Бұл мүбәрак мұраның кейінгі тағдыры тәлкекті болыпты. Қажы ел басына күн туатын керзаманды ерте біліп, өзін милиция келіп, ұстап әкетердің алдында қасиетті Қисуаны Жаппар деген досына аманатта п кеткен екен. Баға жетпес осы жәдігер араға сексен жыл салып, қажы ұрпақтарының қолына аман-есен тиді: Қисуаны Семізбұғыдағы Оқап молданың баласы Мейрам Жыржыс қажының шөбересі Арыстан Мәуленұлына табыстаған. Осыдан он жыл бұрын Жыржыстың ұрпағы Ақжардағы қажының басына ескерткіш тас қойып, аруақ алдындағы парызды өтеді. Қажының басына белгі қойылған кезде орын алған аңызға бергісіз мына оқиғаға қалайша таң-тамаша қалмайсыз: сол күні күн ерекше суық болып, қар аралас жаңбыр жауған. Жаратқанның құдіреті болар, сонда айнала алай-түлей болып жатқанда, Жыржыс қажы жерленген жердегі радиусы 200 метрдей аумаққа күн нұрының аямай төгіліп тұрғанын осы оқиғага куә болғандар күні бүгінге дейін жыр қылып айтады... Бүгінгі таңда Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақарадағы мешіт Жыржыс қажы есімін иеленген.

Жыржыс қажының ұлы Ғазали да әке жолын ұстап, кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпай, халықты дін жолына баулыған.

***

Мәулен Ғазалиев Бұқар жырау ауданына қарасты Ақжар ауылында 1917 жылы дүниеге келген. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары ол Қызылжардағы ет-сүт өнеркәсібі техникумын үздік бітіріп, Мәскеудің осы аттас институтына конкурстан тыс түсуге мүмкіндік беретін жолдамаға ие болады. Бірақ, өмірдің өзі талапты жастың мақсатын өзгертіп, басқа арнаға бұрған болатын. Ұстаз болуды арман қылған жалынды жас С. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) химия факультетіне түскен. Бұл жерде ол профессорлар Д. Сокольский, М. Усанович, М. Козловский, Б. Беремжанов сынды аса ірі химиктерден бар ғұмырына азық болған аса бай білім алады. Ол осы оқу орнының ақырғы курсында жүргенде Отан соғысы басталды. Ел басына күн туғанда ерлер бұғып қалушы ма еді, Мәулен де сондай сайыпқырандар сапынан табылды. Жас жігіт өз еркімен өтініш жазып, туған жерді фашизмнен қорғауға аттана берген. Әуелі артиллеристерді даярлайтын курстан өтіп, 70-ші Армияның құрамында қан майдандағы кескілескен ұрыстарға кіреді. Өмір мен өлім тайталасқан сол бір ауыр шақта Курск, Орел, Елец қалаларын зұлым жаудан қорғап, Штенин, Брест, Варшава қалаларын неміс-фашист басқыншыларынан азат ету шайқастарына қатысқан. Ғазалиевтің майдан даласында көрсеткен ерлік істері де еленбей қалған жоқ. Ол I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды. Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің Алғыс хаттарын да сан мәрте алды. 1943 жылы Мәукең Белоруссия жерінде ауыр жараланып, біраз уақытқа дейін қатардан шығып қалды.











Өмір сынақтарының сыры

Бірақ, бойын фашистерге деген ыза-кек кернеген жауынгер жарақаты жазыла салысымен, қаруын қолына алып, сапқа қайта тұрды. Фашизм ордасының кіндігі – Рейхстагқа ту тігілген Ұлы Жеңіс күнін Мәулен Ғазалиев Кенигсберг қаласында қарсы алды. Жауды жеңіп, мәртебесі тасыған кеңес әскерлерінің сапында ол немістің астанасы Берлинге де барып, өзінің майдандағы жан серігі - штык-қанжарымен Рейхстаг қабырғасына есімін қашап жазған. Осы әңгімені мен Мәукеңнің өз аузынан естіген едім...

Соғыстан елге аман-есен оралған Мәулен Ғазалиұлы аяқталмай қалған оқуын тәмамдаған соң, 1946-1949 жылдар аралығында Қарағанды қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Мәукең осында қызмет етіп жүрген кезде анасы ол кісінің қарамағындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген техника ғылымдарының докторы, профессор В. Плотников Мәулен Ғазалиевтің осы кезеңдегі биік адамгершілік қасиетін, солақай саясаттан қаймықпаған қайсар рухын былай деп суреттеп, еске алады:

«Мектептің оқытушылар құрамының 80 пайызға жуығы Қарағандыға жан-жақтан саяси қуғын-сүргінге ұшырап келген, өз ісінің жоғары дәрежелі мамандарынан құралды. Солардың көбі Қарағанды қалалық халыққа білім беру бөлімін басқарған Мәулен Ғазалиевтей ғажап адамның жоғары гуманистік және адамгершілік қасиеттерінің арқасында ел қатарлы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Әрине, мұндай шешімді жоғары жақтағылар жақтыра қоймайтын және мұның салқыны Мәукеңнің жұмысына да тиіп жатты. Бірақ, ол соның бәріне де қасқайып қарсы тұра білді. Ол бірінші кезекке жалпы адамдық құндылықтар мен халыққа білім беру мүддесін қойды».

Мәулен Ғазалиұлымен ұзақ уақыт дос-жаран болған еңбек және соғыс ардагері Құлкен Шаяхметовтің мына бір естелігі де тау тұлғалы Мәукеңнің табиғатын терең тани түсуге сеп болады.

«1950-51 жылдары атышулы 37-нің ойраны қайта келгендей болды. Ел ішінен жау іздеп, аттандаған «белсенділер» мен «қырағылар» тағы көбейе бастаған. Оның салқынын 1951 жылы Жаңаарқа ауданы мұғалімдерінің тамыз конференциясында да көрдік. Бұл жиынға Мәулен Ғазалиұлы облыстан өкіл ретінде келіп қатысқан болатын. Ал мен ол кезде аудандық атқару комитетінің төрағасы едім.

... Бір кезде мінбеге Ақтаудан келген мұғалім Хасен Сәрсенбаев деген шықты. Шықты да, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Өскембеков Байдәулетті сынға алды. Себебі – бұл Өскембеков әйгілі Ағыбайдың шөбересі екен... Аузына келгенді айтты. Тіпті, «Бұл Өскембеков ұлтшыл, салт-сананы жақтайды, ислам дініне де жақын, сондықтан осы конференциядан қуып шығу керек!», – деп көпіріп барып тоқтады.

Мінбеден түсіп бара жатқан Сәрсенбаевты Мәулен тоқтатып, қатқыл дауыспен:

– Жолдас мұғалім, сіз Ағыбай батырды көрдіңіз бе? – деді.

– Жоқ...


– Ал Ағыбайдың баласын немесе немересін көрдіңіз бе? – деп тағы сұрады.

Анау сасқалақтап: «Жоқ, жоқ», – дей берді.











Жарылқасын Бикенов

– Ал, енді, мынаны айтыңызшы: Ағыбай батыр кімді жоқтап, кім үшін, кіммен соғысқан, осыны білесіз бе?

– Ол жерін біле алмадым. Әйтеуір... – деп мұғалім күмілжи берді. Зал да оның мүсәпір халін көріп, дуылдасып кетті.

– Білмесеңіз, сонда Өскембеков Байдәулет кімге жау, осыны айтыңызшы?

Сәрсенбаев үндемеді.

Сол кезде Мәулен Ғазалиев орнынан ширақ тұрды да, тегеурінмен сөйлеп кетті. Үнінде ашынғандай леп бар:

– Ағыбай батыр отаршылдыққа қарсы, елінің амандығы, жерінің бүтіндігі үшін соғысқан. Мына сіздер мен біздердің келешегіміз үшін соғысқан. Ендеше Ағыбай бізге жат емес. Ондай батырларды біз ардақтап, есте сақтауымыз керек. Олардың есімдерін жас та, кәрі де білуі керек. Басқаша, бұрмалап айтқандар білімсіздіктен, тарихи шындықты білмегендіктен айтады. Мына мұғалім де білместікпен айтып тұр. Мұндай өресіз пікірден аулақ болу керек. Ал оқу бөлімінің меңгерушісін «Кімнің ұрпағы деп емес, жұмысын қалай істейді» деп бағалау керек, – деді.

Жиналыстағы аудан мұғалімдері «бәсе, бәсе» десіп, қол шапалақтады».

1949-1953 жылдары Мәулен Ғазалиұлы Қарағандыдағы № 2 қазақ мектеп-интернатының директоры болып, ал 1963 жылдан бастап 1986 жылға дейін № 10 жұмысшы жастар орта мектебін басқарды. Бұл қызметті ол 1953-1973 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институтында студенттерге химия пәнінен дәріс оқи жүріп, қоса-қабат атқарды.

Мәуелі бәйтеректей Мәукеңнің соңында өзі тәрбиелеген мыңдаған шәкірт қалды. Солардың қатарындағы еліміз өз алдына, атағы шетелдерге кеткен ғалым-академиктер Т. Шарманов, Б. Рақышев, А. Алдашев, Ғ. Құлқыбаев, М. Мұқышев, Г. Пивень, А. Әлібаев сынды азаматтарды ерекше атауға болады.

Үкімет пен партия Мәулен Ғазалиевтей ұлағатты ұстаздың еңбегін лайықты бағалады: ол «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағына ие болды. Бірнеше медальдармен, КСРО Халыққа білім беру министрінің Құрмет грамотасымен екі мәрте марапатталды. Халыққа білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін оның есімі 1986 жылы Қарағанды қаласының «Құрмет кітабына» енгізілді. Мәукеңнің елім деп соққан сом жүрегі 1988 жылдың тамызында тыным тапты. Мәулен Ғазалиұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қарағанды қаласындағы бұрын өзі тұрған үйдің қас бегіне 1997 жылы оның мемориалды тақтасы орнатылды. Онда

«Тыңдадым елдің мұңын көп,

Болсам деп ардың қорғаны.

О, туған жер, Ұлың боп,

Есіңде жүрсем болғаны», – деген Мәукеңнің өмірлік ұстанымын бір ғана шумаққа сыйдырған жыр жолдары бар. Ал 1999 жылы кеншілер астанасының Ботаника бағындағы көшеге ғибратты ғұмыр иесі Мәулен Ғазалиевтің есімі берілді.



***

Мәулен Ғазалиұлының зайыбы Зейнеп Кенжеғұлова да текті жердің қызы еді. Ол кешегі азамат соғысында партизан отрядының комиссары болған революционер Айса Кенжеғұловтың қызы болатын. Зейнеп Айсақызы да бар саналы ғұмырын ұстаздық етуге арнаған жан.











Өмір сынақтарының сыры

Қарағандыдағы № 2 мектепте отыз жылдан астам уақыт тәрбиеші болып, абыройлы қызмет етті. Мәукең мен Зейнеп шешей Дәуіт, Арыстан, Шолпан, Айман, Жанат және Дәурен есімді балаларды дүниеге әкеліп, оларды тал бесігінен ұлағатты тәрбиемен тербеп өсірген бақытты ата-ана болды. Балаларының ішіндегі Арыстан 25 жасында химия ғылымдарының кандидаты, ал 39-ына қараған шағында ғылым докторы атанып, қатарынан оза шапты. Бүгінде ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевтің жетекшілігімен тоғыз ғылым докторы және 42 ғылым кандидаты өздерінің ғылыми дәрежелерін сәтті қорғады; ол 600-дей ғылыми еңбектің авторы.

Арыстанның зайыбы Бағлан Қамзақызы Жұмабекова да үлкен ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор; қызы Меруерт те медицина ғылымдарының докторы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері; ұлы Асқар – экономика ғылымдарының кандидаты. Мәукеңнің бір қызы Шолпан да ғылым жолына түскен, ол – медицина ғылымдарының докторы.

Міне, ғибратты ғұмырында талай шәкіртті ілім-білімнің шапағатымен сусындатып, ұлы өмірдің көгіне самғатқан Мәулен Ғазалиұлының Алла алқап, аруақ жебеген бүгінгі ұрпағы осындай. Дүниеде екі анық болса, соның бірі – осы ұрпағының жиылып барып, барша отандастарымыз тәрізді Ұлы Жеңістің 65 жылдығын ұлықтайтын 9 мамырда әке, ата аруағына тағзым етіп, Мәңгілік алаудың басына гүл шоқтарын қоятындығы. Өйткені, Ұлы Жеңісті жақындатуға сан миллиондаған солдаттармен бірге майдангер Мәулен Ғазалиұлының да теңізге қосқан тамшыдай үлесі болды емес пе?! Иә, ерлер даңқы мәңгі өшпейді!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы «Орталық Қазақстан» газеті

ДЕЛО ОТЦА ПРОДОЛЖИЛИ ДЕТИ

Прошло 65 лет, как отгремели последние залпы Великой Отечественной войны. И хочется вновь и вновь низко поклониться тем, кто подарил нам мир. Один из них – ветеран войны Маулен Газалиев.

Один из дальних предков Маулена Газалиева Тансык-ходжа был полководцем войск Абылайхана в войне казахского народа против джунгарских захватчиков. Свидетельством тому – отрывок из знаменитого стихотворения Бухар жырау Калкаманулы, где Тансык-ходжа воспевается как народный герой.

Дед Маулена Жыржыс-хаджи и его отец Газали также были людьми героического склада. Жыржыс был глубоко верующим человеком и просветителем, а после совершения хаджа в Мекку и Медину в












Жарылқасын Бикенов

1920 году построил мечеть в ауле Акжар нынешнего Бухар-Жырауского района. При мечети сам обучал грамоте детей и исповедовал каноны ислама.

В 1928 году, он собрав людей окрестности, впервые провел Маулит один из священных праздников мусульман – день рождения пророка Мухаммеда. Вскоре как представитель вредной идеологии был подвергнут репрессии. Но выслать его за пределы родных мест не удалось. В феврале 1929 года он умер.

Десять лет тому назад потомки Жыржыс-хаджи установили памятный надгробный камень на могиле хаджи в селе Акжар, а ныне имя Жыржыс-хаджи носит мечеть в районном центре Ботакара. Сын Жыржыса Газали, не боясь кары советской власти, также был верен отцовским идеалам, открыто исповедуя ислам.

Маулен, сын Газали, родился в ауле Акжар в памятном 1917 году. В тридцатые годы прошлого века он с отличием окончил мясомолочный техникум в Петропавловске и получил возможность поступить вне конкурса в институт в Москве. Однако он выбрал химический факультет КазГУ (ныне КазНУ им. аль-Фараби).

Когда грянула война, Маулен как истинный патриот добровольно встал на защиту своей Родины. Сначала прошел курсы подготовки артиллеристов, и в составе 70-й армии участвовал в боевых действиях. Он защищал Курск, Орел, Елец, освобождал Брест, Варшаву, Штеттин от немецко-фашистких захватчиков. Ратные подвиги Газалиева отмечены орденом «Отечественной войны» I степени, многими боевыми медалями, благодарственными письмами И. Сталина. В 1943 году Маулен был тяжело ранен в Белоруссии. Но как только подлечился, снова встал в строй. День Победы Маулен Газалиев встретил в Кенигсберге.

После победоносного возвращения с войны Маулен Газалиев завершил учебу в КазГУ, а затем работал заведующим Карагандинского городского отдела народного образования.

Этот период в жизни Педагога с большой буквы вспоминает доктор технических наук, профессор В.М. Плотников, мать которого заслуженный учителъ КазССР Анна Яковлевна Плотникова была бессменным директором школы № 17, и много лет работала под руководством Газалиева:

– Преподавательский состав школы примерно на 80% состоял из репрессированных, высококлассных специалистов, оказавшихся в Караганде. Многие из них получили возможность работать в школе благодаря гуманности М.Г. Газалиева, который поддерживал ходатайство директора школы о принятии таких людей на педагогическую работу. Естественно, в то время такие решения не приветствовались. В 1949-1953 годах Маулен Газалиевич был директором казахской школы-интерната № 2 в Караганде, а с 1953 года по 1986 год возглавлял среднюю школу рабочей молодежи № 10. По совместительству он также преподавал химию в Карагандинском государственном медицинском институте.

Он воспитал тысячи учеников, имена которых известны не только в нашей стране, но и за ее пределами. Достаточно назвать имена академиков Т. Шарманова, Б. Ракишева, А. Алдашева, Г. Кужыбаева, М. Мукушева, Г. Пивня, А. Алимбаева и др.

Партия и Правительство в свое время достойно оценили самоотверженный труд Учителя: он в 1961 году удостоен почетного звания «Заслуженный учитель Казахской ССР», награжден несколькими медалями, двумя почетными грамотами Министерства











Өмір сынақтарының сыры

образования. В 1986 году за вклад в развитие народного образования его имя внесено в «Почетную книгу» Караганды.

Сердце учителя перестало биться в 1988 году. Чтобы увековечить имя Маулена Газалиева, решением городских властей в 1997 году на фасаде дома, где он жил, установлена мемориальная доска. А в 1999 году в Караганде его именем была названа улица.

Супруга Маулена Газалиевича Зейнеп Кенжегулова также посвятила всю свою жизнь педагогической деятельности. Она родилась в семье комиссара партизанского отряда времен гражданской войны, революционера Айсы Кенжегулова. Более тридцати лет работала воспитательницей в школе-интернате № 2 Караганды. Маулен и Зейнеп воспитали шестерых прекрасных детей.

Слава и вечная память герою.



Жарылкасын БИКЕНОВ Республиканская газета «Казахстанская правда»,

30 июля 2010 года

АЯУЛЫ АЗАМАТ, АРЫНДЫ ҰШҚЫШ

Өмір жолы өнегеге толы адамдардың ісі әсте өлмейді. Ондай жандардың тұлғасы ұрпағының ғана емес, ел жадындағы естеліктер арқылы алып таудай асқақтай түсері анық. Менің ұғымымда аяулы азамат, Нұра топырағының нар тұлғалы перзенті Ермек Мақанұлы Жапаров дәл осындай санаттағы адам еді.

Қызметінің бабымен түзде өссе де, туған жерге, еліне деген оттан ыстық махаббатын суытпаған оғыланның көзі тірісінде жасап кеткен жақсылықтары адам баласын тәнті етпей қоймайды...

Ермек Жапаровтың әкесі Мақан ақсақал Нұра топырағының перзенті еді. Бұл кісі 1940 жылдан бастап Қарағандыда жеті қат жердің астында көмір қопарып, кенші болып еңбек еткен. Қарапайым забойщиктен учаске бастығы дәрежесіне дейін өзінің ерен еңбегімен жеткен жан. Үкімет пен партия жанқиярлық еңбегін лайықты бағалап, Еңбек Қызыл Ту және «Шахтер Даңқы» ордендерімен, басқа да көптеген медальдармен марапаттаған. Өзінің ортасына еңбегімен, адамгершілік қасиеттерімен сыйлы болған Мақан Жапарұлы 1969 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін, өзінің кір жуып, кіндік кескен Нұра топырағына көшіп келеді.

Ол кезде менің әке-шешем Көбетей ауылында тұратын. Мақан ақсақал тура біздің үйдің жанынан үй сатып алып, қоныс тепті. Мен ол кезде Нұра ауданының орталығы Киевка кентінде аудандық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып қызмет ететінмін. Аудан орталығы мен ауылымның арасы бар болғаны жиырма шақырымдай, демалыс сайын үйге келіп тұрдым. Сол кезде байқағаным, біздің үй мен құдайы көрші Мақан ақсақалдың отбасы өте тату тұрды. Ет жақын ағайыннан бетер араласып кеттік.

Мұндай тату-тәтті тірлік салтанаты Жүнісбек Тұранов деген үлкен құдамыздың Мейіз деген қызына Мақан ақсақалдың Ермек атты ұлы үйленгеннен кейін тіпті үдей түскен.











Жарылқасын Бикенов

Сол Ермек біздің бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері. Жас жігітіттің сол кездің өзінде ұшқыш болуды бала күнінен армандап жүргенінен хабардар болатынбыз.

Мектептің жоғары сыныптарында оқып жүрген кезінде екі жыл қатарынан аэро-клубта арнайы дәріс алған. Сол кездері ол қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров және Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі, қазіргі сенатор Мұхтар Алтынбаевпен бірге ұшқыштар даярлайтын әлгі үйірмеде бірге оқыған екен.

Ермектің мықты ұшқыш болғанына мына бір дерек те нақты дәлел бола алады: ол әскериі бар, азаматтық авиация бар, барлығы 16 түрлі ұшақта ұшқан екен.

Әскери қызметте болған Ермек бұрынғы КСРО-ның аумағындағы бірқатар қалаларда өзінің борышын өтеген. Әскери мансабының соңына таман полковник шеніндегі ол Өзбекстанның Ферғана қаласында авиация полкының командирі болып қызмет етті.

Сыртта өссе де, Ермектің ағайын-туыс, жерлестеріне деген бауырмалдығы керемет болды. Қолынан келген жақсылықты жасауға әркез дайын тұратын аяулы жан еді.

Оның адамгершілік қасиетін мына бір қарапайым мысалдан-ақ байқауға болады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары менің Сейіт Рахымбеков деген досымның Талғат деген баласын Ауғанстандағы қантөгіске әкетейін деп жатыр деген хабар жетті. Сейіт ағайындардың ақылымен, сонау Ферғанада жүрген, өзін бұрын мүлде көрмеген Ермекті іздеп табады. Сонда бұрын танып-білмеген, әйтеуір Нұраданмын деп келіп тұрған Сейіттен қолдан келген көмегін аямаған. Сол кездегі КСРО Қорғаныс министрлігіндегі қажетті адамдарға шығып, құжатының бәрін реттеп, Сейіттің баласын Ауғанстандағы соғыстан алып қалған еді. Осы оқиғадан кейін Сейіт пен Ермек туғандай болып араласып кетті.

Тоқсаныншы жылдардың басында кеңес өкіметі құлаған соң Ермек елге оралады. Алайда, тәжірибесі мол, әскери авиация саласындағы білікті командирлер санатында болған Ермекке Қазақстанның Қорғаныс министрлігінен лайықты қызмет табыла қоймаған. Әлбетте, мұндай көзқарастың КСРО Қорғаныс министрлігінің өзі қабілет-қарымын ерекше бағалаған бірінші санатты ұшқыш, полковникке оңай тимегені анық.

Дегенмен, ол қызметсіз қалмады. Республикалық ДОСААФ-ты басқарып, өз еліне қызмет етті. Осы кезеңде ол ел азаматтарымен өте тығыз қарым-қатынас жасай бастады.

Сол жылдары жекешелендіру басталғанда көп балалы Сейіт досым өз алдына жеке шаруашылық құрып, іс бастады. Міне, осындай қысылтаяң шақта оның шаруашылығының аяғынан қаз тұрып кетуіне Ермек Мақанұлы көп көмек берді. Соның арқасында Сейіт достың тасы өрге домалап, егінді де салды, мал басын да көбейтіп, берекелі шаруашылықтың қатарына қосылды.





292




Өмір сынақтарының сыры

Сөйтіп, Ермек кітаптың редакторымен өзі келісіп, мені бүкіл республикаға танымал етіп, ерекше тосын сый жасағаны бартын.

Тағы бірде елге демалысқа келгенінде менің ұстазым, атақты ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын құрушылардың бірі Махмет Темірұлының өлеңдер жинағын шығара алмай жүргенін естіп, Алматыға кетерінде ақсақалдың қолжазбасын өзімен бірге ала кетіп, соңынан кітап етіп шығарып бергені бар. Сонда ол кітаптың барлық шығынын өзі көтеріп алған еді...

Бұдан бөлек, бірнеше кітаптары жарық көрген Махмет Темірұлының Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуына тікелей ықпал еткен де Ермектің өзі еді.

Республикалық ДОСААФ ұйымын басқарып жүргенінде Ермектің ауыз толтырып айтатын бір шаруасы – АН-2 ұшағын сонау Америкаға дейін ұшыруы болды. Бұл айтуға ғана оңай шаруа еді. Әуелі мұндай тәуекелі зор шаруаны іске асыру үшін құзырлы органдардан рұқсат керек болатын. Одан кейін, ұшақты, ұшқышты дайындау да зор қажырлылық пен табандылықты және шешімгерлікті қажет ететін. Түптің түбінде, Ермек Мақанұлы бұл істі жүзеге асырған да болатын. 1992 жылдың 27 тамызында құрамында ұшқыштар Юрий Ельцов, Владимир Ястремский, Геннадий Крючков бар экипаж Алматы маңындағы Байсерке әуежайынан көкке көтеріліп, Сібір мен Қиыр Шығысты, Тынық мұхитын көктей өтіп, 57 тәулікті артқа тастап, Американың Сан-Диего қаласына аман-есен қонған болатын. Ал бұл аса жауапты сапарға рұқсатты берген сол кездегі ДОСААФ ұйымының басшысы Ермек Мақанұлы Жапаров болатын. Бұл жөнінде 1992 жылдың 6 желтоқсанында Gazetа.kz. сайтында Елена Яфязова былай деп жазған болатын:

«Америкадан көптен күткен хабар жетті: «АН-2» ұшағы, экипаж командирі 32993 Юрий Ельцов, бүгін 1992 жылдың 22 қазанында, Мәскеу уақыты бойынша түнгі 01 сағатта немесе Орталық Американың уақыты бойынша сағат 13.00-де маршруттың соңғы нүктесіне аман-есен жетті және Калифорния штаты, Сан-Диего қаласының жанындағы Карлсбад елді мекенінің әуежайы Паламарға қонды. Авиатехниканың жай-күйі ойдағыдай. Экипаждың жағдайы жақсы... Бұл әуе сынағына жол ашқан – ал ол рұқсат бермеуі де мүмкін еді – сол кездегі аэроклубтың бастығы, тәжірибелі ұшқыш Ермек Мақанұлы Жапаров».

Бірақ, ол бұл оқиғаның «Гиннестің рекордтар кітабына» енгенін білмеген еді. Оны кейін зейнет демалысына шығып, Астанаға көшіп келгеннен кейін, интернет иірімінен кездейсоқ тауып алғаны бар. Сөйтсе, мұхитты көктей ұшып Америкаға жеткен АН-2 ұшағы Сан-Диего қаласының әуежайында ескерткіш болып тұғырға орныққан екен...

2008 жылы Нұра ауданының 80 жылдық тойы аталып өтті. Осы шараға Ермек Мақанұлы да өзіндік үлес қосқысы келді. Ол арнайы ұйымдастырып, той үстіне АН-2 ұшағы мен тікұшақтарды алып келді. Жерлестеріне әуеде қызықты қойылым көрсеткісі келген еді. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан бұл ойын жүзеге асыра алмады. Елін, жерін перзент ретінде ерекше сүйген Ермек соған өзі кейінге дейін өкініш білдіріп, айтып та жүрді.

Енді бірде Ермек Мақанұлы Канадаға жұмыс бабымен іссапарға барады. Сол жерде канадалықтар «Мистер Жапаров, мына бір ұшақпен ұша алар ма едіңіз?», –











Жарылқасын Бикенов

деп өзі бұрын отырып көрмеген ұшақтың түрін көрсетеді. Сонда, намысты туған Ермек тәуекелді істен бас тартпай, келісім береді. Аз ғана уақыт ұшақтың техникалық ерекшеліктерімен танысып алғаннан кейін, қазақтың жүрек жұтқан жігіті көкке самғап кете барған. Канадалықтар жағасын ұстап таң қалса, Ермек те сыннан сүрінбей өткен. Қазақ деген халықтың атына сөз келтірмеген!

Өмірінің соңында Ермек Мақанұлы аты жаман онкологиялық ауруға душар болды. Бірнеше рет ота жасатқанмен, түзеліп кете алмады. Басқа амалы қалмаған соң, Израильге барып емделуге тура келді. Әлбетте, ол жақтағы ем-домның қымбатқа түскені рас. Міне, осындай сын сағатта Ермек Мақанұлының өмір жасының екі-үш жылға ұзаруына күйеу баласы, қазіргі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ерекше еңбек сіңірген еді.

Ермек Мақанұлының бауырынан екі қыз өрбіген еді. Асылжан Мамытбеков – Ермектің Алмагүл есімді қызының жұбайы.

Жарылқасын БИКЕНОВ, Нұра ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері

ШИПАГЕРЛІКТІҢ ШЫҢЫНДА

Өмірде бір ғана мәрте кездесіп, танысып-біліскеннен-ақ қимасыңдай бауыр басып кететін жаны жайсаң адамдар болады. «Жақсыда жаттық жоқ» деген аталы сөз дәл осындай жандарға арналып айтылған-ау деп ойлайсың. Ішкі жан-дүниесі бай, мәдениеттің мәйегін бойына жиған мұндай жандар айналасына үнемі шуақ төгіп жүреді. Содан да болар, олардың ордалы ортасында болудың өзін зор құрмет деп бағалайсың.

Мен профессор, хирургияның һас шебері Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков ағамызды жоғарыда айтылған жайсаң жандардың санатына ойланбастан қосар едім. Ұзақ жылдардан бері араласып, мидай қайнасып кеткеннен бергі берік достықтың мықты байламы бұл.

Қани ағамен 1971 жылы құдамыз Құтпан Ералиннің үйінде таныстым. Ол кезде мен облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері қызметіне тағайындалып, Нұра ауданынан Қарағанды қаласына көшіп келген болатынмын. Қани Жұмкенұлы ол кезде Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері екен.

Күрмеуі қиын тірлікте түрлі жағдайлар болып тұрады. Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, қуаныш пен қайғының арпалысы адам баласын сынақтан өткізіп қана қоймай, шыңдайтыны да бар. Әлбетте, менің басымда мұндай жағдайлардың көп болғаны да рас еді...

«Жазмыштан озмыш жоқ», менің Нұрқасым деген 1972 жылы туған балам бір жасқа келгенінде шетінеп кетті.Тәртіп бойынша, мәйітті зерттеп, тексермейінше қолға бермейді. Мен жас сәбидің мүрдесіне пышақ тигенін қаламай, Қани Жұмкенұлынан көмек сұрадым. Қанекең мен үшін сондай ауыр сәтте жалғыз ауыз сөзімді жерге тастамай, қолынан келген көмегін көрсетті. Сөйтіп, біз ғұмыры келте болған перзентімізді арулап жерлеген болатынбыз.











Өмір сынақтарының сыры

Өмірдегі осындай қайғылы оқиғалардың адамдарды өстіп бір-біріне жақындастыра түсетіні бар. Біздің Қанекеңмен арадағы байланыс та бекіп, нығая берген. Оның үстіне Қани Жұмкенұлы менің зайыбым Әнияшқа ататек жағынан аға болып шықты, ал ол кісінің жан жары Нескен болса менің апам екен. Мұның өзі арамыздағы қарым-қатынасымыздың тығыз болуына да аз септігін тигізбеген.

Қани Жұмкенұлының медицина саласында қол жеткізген барлық табыстарының, өмірдегі көптеген қызық-қуаныштарының куәсі болдым. Соның жуан ортасында жүріп, жақсы ағаның жан-дүниесін тани түстім, ол кісіге деген сый-құрметім де бұрынғыдан бетер аспандай түскен.

***

Қани ағамыз қазақ қолы жеңіл деп айтатын шипагерлердің санатынан еді. Кеңестер Одағы кезінде ол кісінің өңештің қатерлі ісігін емдеу ісінде өзіндік қолтаңбасы, әйгілі әдіс-тәсілі болған. Бұл тәсілдің тиімділігіне ажалдан аман қалған талай жанның тағдыры дәлел болған. Содан да болар, Қани Жұмкенұлы алып империя КСРО-ның онкология саласындағы аузын айға білеген мамандары арасында аса сыйлы һәм абыройлы болды. Дарынды дәрігер, өз ісінің шын мәніндегі кәсіби шебері Одақтың небір майталман ғалымдарын осылайша мойындата білген.



Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков 1934 жылы Жаңаарқа ауданының орталығы Ата-су кентінде дүниеге келген. Осы жерде онжылдықты бітірген талантты жас өз білімімен Қарағанды медициналық институтына түседі. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, еңбек жолын Жезқазғанда учаскелік терапевт дәрігер ретінде бастаған. Одан кейін Қарағандыға ауысып, қалалық ауруханада хирург, КСРО медицина ғылымы академиясының сынамалы және клиникалық онкология иститутының аспиранты, облыстық онкологиялық диспансерде хирург, бөлімше меңгерушісі, содан кейін барып бас дәрігер қызметіне тағайындалды. Мұның алдында, яғни 1968 жылы Қани Жұмкенұлы «Асқазанның проксимальді бөлігіндегі қатерлі ісікті хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбында жазған кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан болатын.

1981 жылы Қани Жұмкенұлы «Өңештің қатерлі ісігін емдеу» тақырыбында докторлық диссертациясын Мәскеудің қақ төрінде қорғады. Докторлық диссертацияға КСРО Медицина ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті, П.А.Герцен атындағы Бүкілодақтық онкологиялық ғылыми зерттеу институтының директоры Борис Евгеньевич Петерсонның жетекшілік етуі Қани Мұсылманбековтей ғалымның сол уақыттың өзінде қандай қияда самғағын аңғартса керек.



Бұдан бөлек, Қани Жұмкенұлы сынды аса сирек кездесетін талантты ғалымды, дарынды дәрігерді академик, Н.Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығының директоры болған, одан кейін Ресей медицина ғылымдары академиясының президенті қызметін атқарған Михаил Иванович Давыдов, Социалистік Еңбек Ерлері, академиктер, сол кездегі КСРО-ның бірінші басшыларын емдеген А.В.Вишневский, Б.В.Петровский сынды мүйізі қарағайдай ғалымдар да бағалаған. Біздің Қани Жұмкенұлы ағамыз көзі тірісінде аттары аңызға айналған осы кісілердің бәрімен достық қарым-қатынаста болып, жақын араласқан. Ал бұл ордалы һәм зиялы ортаның маңынан көлденең көк аттының жүре де алмасы бесенеден белгілі. Медицинаның мұндай тау тұлғаларымен қатар тұрып сөйлесіп қана қоймай, олардың ықыласына ие болудың өзі екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақ еді.










Жарылқасын Бикенов

Жоғарыда есімі аталған академик Давыдовтың Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен КСРО онкологтарының алқалы жиынында Қани Мұсылманбековті Одақта өңештің қатерлі ісігін емдеуде алдына жан салмайтын хирург ретінде атап өткені тегіннен тегін емес. Осының бәрін ой елегінен өткізіп отырып, Қани Мұсылманбековтей кесек тұлғаны қазақ медицина ғылымының мақтанышы деп қалайша айтпайсың!

Қани Жұмкенұлы үлкен ғалым ретінде шет мемлекеттерге ғылыми іссапарлармен жиі шыққан. Жапония, Америка, Қытай, Сирия, Эстония сияқты елдерде болып, тәжірибе алмасқан, ғылыми конференцияларға қатысып, семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізген. Ол кезде Қазақстанның медицина ғылымы шетелге соншалықты танымал болмады. Сондықтан, Қани Жұмкенұлы шет мемлекеттерге көбіне Ресей Ғылым академиясының ресми делегациясы құрамында шығып жүрді. Олар Қани Мұсылманбековтің барлық жол шығынын өз мойындарына алып, оны маман ретінде қатты қадірлеген.

Осы жерде бір ғана мысал жоғарыдағы сөзімізге нақты дәлел бола алады. КСРО уақытында, Қарағандыда көмір өнеркәсібі дүрілдеп тұрған кезде совнархоз деген болған. Бірде атағы жер жарған осы мекеменің басшысы болған Файзолла Серғазин деген ағамыз қатерлі ісік дертіне шалдығып, Мәскеуге дереу жеткізіледі. Қолы ұзын адам болған соң жоғарыға бір-ақ шыққан ғой. Ондағы небір білгір мамандар әлгі кісіні тексеруден өткізгеннен кейін:

– Сіз мұнда бекер келгенсіз. Өйткені, сіздің елде Қани Мұсылманбеков деген майталман маман бар. Және де сіздің дертіңізді – өңештің қатерлі ісігін емдеуге келгенде Одақта ол кісіге жететін маман жоқ, – депті!

Ал Қанекең болса Файзекеңді емдеген.

Келесі бір мысалда кейіпкеріміздің болмысын аша түседі. Кезінде Қарағандының әйдік әкімі болған, Мәжілісіміздің экс-депутаты Шәймердеи Оразәлиновтің өз аузынан мынадай әңгімені естіп едім. Шәкең Нидерландыға іссапармен барып, сол елдің азаматтарымен әңгіме-дүкен құрып отырғанында олардың Қани Мұсылманбековтей хирургты жақсы білетінін естіп, таң-тамаша қалыпты! Міне, біздің Қанекең атағы осылайша алысқа кеткен әйгілі хирург.

***

Кезінде Қани ағамыз түрлі қызметтерді атқарды. Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері, Қарағанды медицина институтында хирургия кафедрасын ұйымдастырып, соның меңгерушісі болды. Одан кейінгі жылдары Қарағанды медицина академиясының профессоры, клиника жанындағы проректоры, Қазақстанның Жаратылыстану академиясының толық мүшесі болды.



Қани Жұмкенұлы «Арглабин» дәрісінің қатерлі ісікке қарсы әрекетін зерттейтін ғылыми топқа жетекшілік етті. Адамзат баласын елеңдеткен бұл зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің фитохимия институты мен Хьюстон (АҚШ) онкологиялық орталығы бірлесе жүргізген еді.


292






Өмір сынақтарының сыры

Қани Жұмкенұлы – екі жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Қани Жұмкенұлы өңеш, асқазан қатерлі ісігін хирургиялық және терапиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдірді. Ол өңештегі қатерлі ісікті сылып тастаудың ерекше әдісін тауып, соның нәтижесінде өңеш қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың операциядан кейінгі өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін нәтижеге қол жеткізді. Операциядан кейін науқастардың өлімін және дертінің асқынуын азайтуға мүмкіндік беретін адаптациялық, инвагинациялық, т.б. анастомоздардың түрлерін жасады. Он үш өнертабыстың авторы, халықаралық деңгейдегі екі патенті бар, жиырмаға тарта өнертабыстық ұсыныс енгізген. Ғалым өзінің ұзақ жылғы оқытушылық қызметінде бес ғылым докторы мен 14 ғылым кандидатын дайындап шығарды. Яғни, оның бір қыры – ұстаздық еді. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген. Қазіргі таңда ол кісінің шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатыр. Мысалға, Мұратбек Жұмақаев деген шәкірті бүгінде ұстазының ізін басып, облыстық онкологиялық диспансердің басшысы болып отыр. Тағы бір шәкірті – медицина ғылымдарының докторы Е.С.Шәуенов ұстазы Қани Жұмкенұлы ашқан кеуде ісіктері бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Мақтан етерлік енді бір шәкірті – профессор В.Б.Сирота. Ол қазіргі таңда кезінде Қани Жұмкенұлының өзі басқарған онкология кафедрасының меңгерушісі. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Шәкірт дегеннен шығады. Бір жылдары Қани Жұмкенұлының өзі қатты ауырып, операция үстеліне жатты. Сонда ол өзіне ота жасауды басқа емес, өзінің төл шәкірттеріне сеніп тапсырды. Мұратбек Жұмақаев, Мейрам Тұрғынов сынды шәкірттері Мәскеу мамандарымен ақылдаса отырып, аса күрделі операцияны сәтті орындап шыққан болатын. Міне, осының өзі Қанекең дайындаған шәкірттердің қаншалықты білікті, кәсіби маман болып шыққанын аңғартса керек.

Қани Жұмкенұлы үйде айрандай ұйыған ынтымақтың шуағына бір кісідей-ақ шомылған жан. Құдай қосқан қосағы Нескен апамыз – отбасы, ошақ қасының ұйытқысы болып, шаңырақтың жылуын сақтай білген адал жар, асыл ана. Бұл кісінің өзі медицинаның майталман маманы болды. Ұзақ жылдар Қарағанды медициналық институтында оқытушы болып, сандаған шәкірт тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз.

Қанекең мен Нескен апамыз Алмас деген ұлдары мен Майра, Шолпан, Айман есімді қыздарын саналы азамат етіп тәрбиелеп өсірді. Бұл күнде балаларының бәрі де ақарлы-шақарлы, өмірден өз орындарын тапқан.

Балаларының ішінде әке жолын қуғаны Майра болды. Ол Қарағанды медицина институтын үздік бітіріп, тіс дәрігері болды. Қазіргі таңда Майра Қаниқызы – жоғары дәрежелі стоматолог, Қарағанды медицина академиясында студенттерге стоматологияның қыр-сырын оқытады. Ұл мен қыз өсірген. Бүгінде Майраның өзі әже атанған.

Айманы Қарағанды кооператив институтын тәмамдаған. Қазір ол «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» мемлекетгік кәсіпорны бас директорының орынбасары болып қызмет етеді. Ұлы бар.



Шолпан Қаниқызы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бүгінгі күнде полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты. Шолпанның ұлы мен қызы бар. Қызы қазіргі уақытта Америкада білім алып жатыр.










Жарылқасын Бикенов

Қанекеңнің атұстар ұлы Алмас та оқыған, тоқыған жігіт. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Қазір «КАРЦ» АҚ-ның президенті. Алмас – бір ұл, бір қызды тәрбиелеп жатқан үлгілі әке, шаруасын дөңгелетіп отырған беделді азаматтың бірі.

***


Қани Жұмкенұлының медицина саласындағы жемісті еңбегі лайықты бағасын алды деуге болады.

Баға дегеннен шығады, Қани Жұмкенұлының өмірінде мынадай да оқиға болған. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап жатқан тұста бір топ медицина ғалымдары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Мұның ішінде Қани Мұсылманбеков те бар екен. Үміткерлердің тізімін қараған Ресей Федерациясының мемлекеттік комиссиясы Қазақстан ендігі бөлек тәуелсіз ел, сондықтан оның ғалымына сыйлықты бере алмаймыз деп Қанекеңді тізімнен алып тастаған екен...

Дегенмен, ғалым-дәрігерге 2007 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Қарағанды облысы мен Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы атағын алды. КСРО кезінде «Денсаулық сақтау ісінің озаты» төсбелгісімен, үкіметтік және салалық бірнеше грамоталармен де марапатталған. Қани ағамыз Қазақстан онкология және радиология қоғамының құрметті мүшесі.

Әлбетте, мұның бәрі жөн ғой. Тек, облысымыздағы медицина саласында жүрген басшы азаматтардың, Қани Жұмкенұлының әріптес інілерінің, шәкірттерінің Мұсылманбековтей әлем таныған ғалым-дәрігерді үкіметтік наградаға әлі күнге дейін ұсынбай келе жатқаны мен үшін түсініксіздеу жайт. Мүмкін, мұны табиғатынан кішіпейіл, өмірі атақ-даңқ қуып көрмеген сыпайы жан Қанекеңнің өзі қаламай ма екен?! Қалай дегенмен, талай жанды ажал аузынан алып қалған, сандаған шәкірт түлетіп самғатқан, қазақ медицина ғылымының абыройын жарты әлемнің алдында асқақтата білген дара тұлға, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан аңыз ақсақал Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебелі марапатының біріне әбден лайық деп ойлаймын!



Сексеннің сеңгіріне сергек шыққан Қани ағамыз егделіктің алдында еңсе түсірмей, өмірге деген құштарлықтың қандай болатынын біздерге паш етіп келе жатыр. Спортты жанына серік еткен, жаны мен тәнін бірдей тәрбиелеген аңыз адам, нар тұлға. Тоқсаннан тоқтамай өтіп, жүзге жетіңіз, шипагерліктің шыңына шыққан ардақты аға, әйгілі дәрігер, ардагер ұстаз!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Нұра ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері,

«Құрмет» орденінің иегері.

«Орталық Қазақстан»» газеті









Өмір сынақтарының сыры

СИРЕК ТАҒДЫР ИЕСІ

Өнегелі өмірімен өзін қоршаған адамдардың, дос-жаранның жадында мәңгі сақталып қалатын ізгі адамдар болады. Уақыт озған сайын олардың тұғыры биіктеп, жұлдызы жарқырай түседі. Өйткені, мұндай адамдар өзінің жүріп өткен жолына ізгіліктің нәрін сеуіп кеткен. Сондай жанның бірі – Сапар Исабекұлы сынды сирек тағдыр иесі еді.

Сапар Исабеков 1940 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, бірден еңбекке араласты: Нұра аудандық қаржы бөлімінде салық бойынша бухгалтер, аудандық «Жаңа жол» газетінде корректор болып еңбек етті. 1964 жылы әскери қызметін өтеп келген соң, Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, оны 1968 жылы тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап шықты.

Жоғары білімді жас маман ретінде өзінің еңбек жолын Қарағанды кооператив институтында бастады. Осы білім ордасының қабырғасында оқу бөлімінің бастығы болып 1975 жылға дейін абыроймен қызмет етті. Сапардай саналы жасқа білімін терендетіп, самғап ұшар кеңістігін кеңейту аса маңызды болатын. Сондықтан, ол 1973 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсіп, оны 1975 жылы бітіріп шықты. Бұдан кейінгі ғұмырын таза ғылыми-оқытушылық қызметке арнады. 1976 жылдан бастап, кооператив институтының тарих кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жемісті қызмет етіп, доцент дәрежесіне көтерілді.

1986 жылы Сапар Исабеков экономика саласы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, саяси-әлеуметтік кафедраның меңгерушісі болып тағайындалды. Өз ісінің аса білікті маманы болды, еңбек еткен білім ордасының мүддесіне мейлінше адал қызмет етті. Соның арқасында, Сапар Исабекұлы әріптестері арасында зор абырой-беделге ие болды.

Өзінің бар саналы ғұмырында Сапар Исабекұлы азаматтық арына қылаудай кір жұқтырмаған, адам баласына жақсылық жасауға асығып тұратын және сол жақсылығын бұлдамаған жампоз еді.

Жұмыр басты пендеге деген тағдырдың да сыны көп: біреу соны көтере алмай мөрт сынады, ал енді бірі қарағайға қарсы біткен бұғақтай бәріне де шыдайды. Қайсар рухты Сапекеңнің де жолы ауыр болды: алайда, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, басқа түскен ауыртпашылықтың бәрін қайыспай көтеріп алды. «Досы көпті жау алмайды» деген сөз рас екен. Алтынтөре Жақыпов, Қадырбек Мейрамбеков, Елеусіз Серіков, Сатыбалды Бейсенов және осы жолдардың авторы, Сапардың қатардан қалмай, қиындықты жеңуіне айрықша еңбек сіңірген едік.

Жаны сұлу, ары таза Сапардай атпал азаматпен жан аямас дос болдық. Күрмеуі қысқа өмірдегі қайғы мен қуанышты бірге бөлістік. Сондықтан, саф алтынның сынығындай Сапекең туралы қысқа қайырып естелік айтуды өзіміздің азаматтық борышымыз санадық.



Сапардай саналы ердің жарқын бейнесі оны танитын жандардың жүрегінде мәңгібақи мекен ететіні сөзсіз.

Жарылқасын БИКЕНОВ,

Нұра ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,

«Құрмет» орденінің иегері, 2011 жыл









Жарылқасын Бикенов

СЫР ЕЛІНІҢ СҰҢҚАРЫ ЕДІ

Уақыт шіркінде тоқтау бар ма?! Ай артынан ай туып, күн соңынан күн өтіп жатыр. Жалған дүние десеңші, тірлігінде ұлағатты ұл, сүйікті жар, мейірімді әке, абзал дос, ардақты бауыр, ағайын-туғанға, құда-жекжатқа асқаралы тірек, білгір маман, ұжымына білікті де абыройлы басшы бола білген Сейілхан Смағұлұлы Медеубаев құдамыздың мына фәни жалғаннан бақилыққа озғанына 10 жыл болып қалыпты.

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар, бірақ.

Ертең өзің қайдасың. білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ, – деп ұлы ақынымыз Абай айтқандай, жер басып жүрген адам баласының бұл өмірге қонақ екендігі ақиқат.

Алайда, өкініштісі, ақкөңіл адал азаматтың өмірден алатыны кем, берері көп шағында мезгілсіз бақилық болуы, өмірден күтпеген жағдайда тым ерте кетуі қабырғамызды қатты қайыстырды. Біз тағы да бұл өмірдің шолақтығына, мейірімсіздігіне, жалғандығына көз жеткізе түстік.

Сейілхан Сыр бойында дүниеге келіп, тағдырдың жазуымен, жастық шағындағы қызық та мағыналы өмірін Сарыарқа жерінде өткізді.

Сейілхан құдамыз отбасында ақжарқын, қонаққа есігі ашық, төрі әзір болатын. Қолы босай қалса, домбыра тартып, табиғат аясында болуды ұнататын.

Сейілхан өз отбасында адал жар, абзал әке, мейірімді ата болып, үлгілі шаңырақ, берекелі отбасын қалыптастыра білді. Зайыбы Ғазират екеуі Әлиядай үлгілі, тәрбиелі қыз өсірді. Біз осы Әлия мен Әзімхан қосылғаннан бастап құда-жекжат болып, өте жақсы араласып, қызықты өмір кештік. Немересі Айдана туғанда, Секеңнің қуанышында шек болған жоқ.

Немере сүйіп, балалары мен немерелеріне ақылшы, қамқоршы болып, солардың қызығын қызықтайтын үлкендік жасқа енді қадам басқанда, ажалдың мезгілсіз келгені өзекті өртейді. Бірақ, «Жазмыштан озмыш жоқ» деген, адамның дегені емес, Алланың дегені болады. Сейілханның жасамаған жасын Алла Тағала оның балаларына, немере-шөберелеріне, бауырларына берсін. Сейілхан көрмеген қызықты солар көрсін. Секең шықпаған биіктерге солар шықсын!

Секең әрқашанда бауырларының аяғынан тұрып кетуіне тікелей ат салысты, олардың ақылшысы, тірегі болды.

Секең Алуа сынды жеңгесін өте сыйлады, оның балаларына қамқор бола білді.

Секеңнің ел сыйлайтын азамат болуына, жұмыста биік лауазымға көтерілуіне, оның жан жары Ғазираттың қосқан үлесі аз болған жоқ. Екеуі өте тату тұрды. Біз құда болып араласқан кезімізде екеуінің бір нәрсеге ренжіскенін көргеніміз жоқ. Азаматтың басына қиыншылық түссе қосыла қиналып, ол қуанса қосыла қуанатын, мәз-мейрам болатын жалғыз жан серігі – жан жары. Жары дәл сондай болмаса, небір асыл азаматтың алтын басының құны қара бақырдай болмай қалатыны өмірде кездесіп жүрген жай. Ғазират құдағиымыз Секеңнің қамқоршысы, демеушісі, сүйеніші бола білді, ешқашан сағын сындырып, жерге қаратқан жоқ. «Еркектің жақсы атын да, жаман атын да шығаратын әйел, егер әйел берекелі, қонақжай болса, еркектің шаңырағына қызыр қонады, бақ дариды, ал әйелі берекесіз сөйлеп, қабағын шытып, үйінен ызғар ысқырса, кұт қашады» деген екен бұрынғы үлкендер.











Өмір сынақтарының сыры

Адам өмірінің нәтижесі, мәні оның жасаған жасымен өлшенбейді. Біреулер жүз жасап, шөп жапырмай өтсе, ал енді біреулер аз жасында атан жүгін арқалап, өзіне өшпес белгі қалдырады.

Секеңнің сіңірген еңбегі елінің игілігінде, жарқын бейнесі замандастарының жадында. Артында бауырлары, шаңырағының отын маздатып отырған аяулы жары – Ғазират, өркен жайған ұрпағы – Әзімхан, Әлия, немерелері – Айдана, Әлихан, Әліби, елі, жері қалды. Бұлар барда Секеңнің есімі уақыт өткен сайын жаңғыра бермек.

Мәңгі тірі болып қалатын жер бетінде ешкім жоқ. «Өмір озады, тон тозады», бірақ тарихта жақсының ізі, жүректің сөзі қалады.

Ажалдың кім құтылар қармағынан,

Жеткізген тағдыр кімді арманына.

Секеңдей адал, аппақ құдамыздың

Он жыл толды бақилық болғанына.

Қара жер бауыры суық кімді алмаған,

Пайғамбар барған жерге кім бармаған.

Жер үсті аз ғана күн сейіл-серуен,

Талайдан өтіп жатыр дүние жалған.

Аңсайды өзің туған Сыр сұлуың,

Аңсайды өзің жүрген Сарыарқамыз.

Артыңда өркен жайсын жапырағың,

Алланың пейішінде нұрың шалқып,

Әз Секе! Торқа болсын топырағың.

Еске алушылар: Жарылқасын-Әнияш, Ерқара-Гүлнұр, Қайрат-Анар, Әмір-Гүлнара, Айман, Бағдат-Ұлжан, Зәуреш құдағи, балалары – Әзімхан-Әлия, немерелері – Айдана, Әлихан, Әліби.

«Орталық Қазақстан» газеті, 6 қыркүйек, 2012 жыл

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АЗАМАТ

Жаратқанның қалауымен саналы ғұмыр, салалы өмір жолында талай жақсымен ынтымағымыз жарасып, сыйластықтан сүйем де аттап кетпей, өзіміздің бақ-талайымызға тиесілі тірліктің дәмін татып келеміз. Адамның жасы ұлғайған сайын, кешегі өмірге аттың басын жиі бұрып, қарайлап, өткенді ой елегінен өткізіп жүретіні – қапысыз шындық. Өзіңнің өміріңе адамгершілік биік болмыс-бітімімен, парасат-пайымымен, ішкі жан-дүниесінің өлшеусіз байлығымен өшпес із қалдырған жандар туралы естелік айтып қалдыру – қолына қалам ұстауды дағдыға айналдырған адамның азаматтық борышы деп білемін. Жалындаған жас кезімде, кейін ақыл тоқтатып, есейген жылдары алыс жүрсек те жанымыз ерекше жақын, рухани туыс болған жанның бірі – Кәрім Есмұханов сынды атпал азамат еді.



Кәрім Есмұхановтай жаны жайсаң азаматты алғаш рет 1967 жылы Қарағанды облысындағы Нұра аудандық Тұтынушылар одағында бас бухгалтер болып қызмет етіп жүргенімде көрдім...








301

Жарылқасын Бикенов

Бұл кезде ол Алматы кооператив техникумының соңғы курсында оқиды екен, Нұра ауданына іс-тәжірибеден өтуге келіпті.

Әрине, ол кезде біздер соншалықты бой салып араласа қоймаған болатынбыз: мен болсам қызметте жүрген адаммын, ал ол қатардағы көп студенттің бірітін. Дегенмен, жұмыс бабында бірді-екілі кездесіп, тілдесіп қалғанда, жас жігіттің көзіндегі отты, білсем, көрсем, үйренсем дегенге ұмтылған өмірлік құлшынысты байқап қалып жүретінмін. Қазір, уақыт белесінен қарап отырсам, Кәрімдей өрімдей жастың бойында көрініс берген осы қасиеттерді жазбай таныппын. Бұл жерде, әрине, өзімнің байқағыштық қасиетімді емес, Кәрімдей ынталы жастың алдына қойған мақсатына ұмтылудағы сан-қырлы талантының сырын ашып айтуды көздеп отырмын...

Кәрім Есмұхановтың өмірбаянына қарап отырсам, ол маңдайға жазылған тағдырдың сынын жастайынан көріп баққан екен. Аяулы анадан бес жаста, асқар таудай әкеден 10 жасында айырылған. Бір сөзбен айтқанда, оң мен солын танитын жасқа жетпей тұл жетім қалған. Бірақ, әр баланың өз несібесі болады деген аталы сөзге тағы бір мәрте бас июге тура келеді: бұғанасы бекіп, қабырғасы қатаймаған жастың нәп-нәзік иығына түскен өмірдің батпан салмағы бала Кәрімді еңіске емес, төске өрлетіпті. Шіркін өмір жетім қалған баланы бірде ызғарымен қарып ширатса, енді бірде шуағын да аямай төгіп, аялай білген!

Бозбала Кәрім Жаңажолдағы сегізжылдық мектепті бітірген соң, асқақ арманның қанатында Алматыға барып, сондағы кооператив техникумына оқуға түсті. 1967 жылы оқуын ойдағыдай бітірген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандық Тұтынушылар кооперативінде, одан соң облыстық Тұтынушылар одағының аппаратында қызмет етті. Елгезек, ісіне мығым да жауапты жастың аяқ алысы жұрттың, әсіресе басшылардың назарынан тыс қалмады. Содан да болар, олар жалынды жастың бойындағы ізгі қасиеттерді дер кезінде байқап, өз тараптарынан қамқорлық танытып жүрді.

Түркіменстанның Кушка қаласында өткен екі жыл әскери қызмет те Кәрім Есмұхановтай азаматтың өмірінде айтарлықтай із қалдырды. Қатаң тәртіп пен үлкен жауапкершілікке тәрбиелейтін әскери өмір жас жігітке алдағы өміріне қажетті аса мол рухани азық берген еді...

Әскери қызметін өтеп келгеннен кейін біліктілігін жетілдіру бойынша бір жылдық курста оқыды. Осы уақытта ол өзінің білімге деген құштарлығымен, оқып-үйренсем деген таудай талабымен көптеген жандарды тәнті етті. Оқуын үздік бітірген соң, Қазақ Тұтынушылар одағының аппаратына жұмысқа шақырылды. Әлбетте, тағдырдың мұндай сыйы екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін. Еліміздің солтүстік қиырында туып, жетім өскен, ешқандай тірегі жоқ жастың ба- сына бақ құсы адасып қонбаған еді. Бұл – алдымен бір Алланың, одан кейін өзінің өмірге деген зор құштарлығының, таудай талабының арқасында мүмкін болған тағдыр еді.



Кәрім Есмұханов Қазтұтынуодағы сынды мәртебелі мекеменің қабырғасында отыз жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етті: мұндағы еңбек жолын аға маманнан бастап, Қазақ Тұтынушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Міне, осы уақыт аралығында мен Кәрім Есмұхановтай жаны жайсаң азаматпен, ұйымдастырушылық қабілеті аса зор, ерен білікті басшымен жұмыс бабы бойынша да, былайғы өмірде де жақын араластым. Ұлық бола жүріп кішік болудың жарқын үлгісін көрсете білген Кәрімдей асыл азаматтың өзіме деген көл-көсір пейілін сезінген сайын, бойымды мақтаныш сезімі кернеуші еді.









Өмір сынақтарының сыры

Өмірде осындай жаны жайсаң азаматпен бір салада еңбек етіп, тонның ішкі бауындай тату-тәтті араласқаным – тағдырдың сыйы десем де артық емес. Бес күндік жалғанда пенде баласының ба- сында неше түрлі жағдаяттар болады: адам осындай сындардан ниеті бір жолдастың көмегіне, рухани қолдауына сүйеніп барып өтеді емес пе? Менің өмірімде сондай өшпес із қалдырған жанның бірі – осы Кәрім Есмұханұлы еді...

Кәрім Есмұхановтың ғибратты ғұмыры кез келген жасқа үлгі етуге тұратын дүние... Бұл – адам баласы алдына мақсат қойса, оның алмайтын қамалы жоқ деген тұжырымның ақиқаттығын дәлелдеген жарқын үлгі еді.

Кәрімнің бойындағы ең асыл қасиеттің бірі – оның жастарға, еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға деген шетсіз-шексіз қамқорлығы еді... Оның шарапатын көрген талай жас бүгінгі күнде өмірден өз орындарын тапқан: ең бастысы олар кезінде өздеріне әкесіндей қамқор болған аяулы жанның жақсылығын ұмытқан емес. Жалпы, өмірдің өзінде Кәрім кез келген адаммен терезесі тең тұрып сөйлесетін ішкі дүниесі бай, ойы алғыр, жан-жақты, сырмінез адам болатын. Ал жұмысқа келгенде, Кәрімдей жайсаң жан дүниенің қызығын тәрк ететін нағыз еңбекқор жан болды. Өзі де тыным таппай ізденді, өзгеден де соны талап етті. Нәтижесінде, оның қолға алған шаруасының бәрі де шашау шықпай, түбі бір игі жемісін беріп отыратын. Бір ғана қарапайым мысал, ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы экономикалық колледждің директоры болып қызмет еткен кезінде, елеусіз болған білім ошағын дүрілдете дамытып, ел танитын, материалдық-техникалық базасы бай оқу ордасына айналдыра білді. Кәрім Есмұхановтың бай тәжірибесі мен ұйымдастырушылық дарыны лайықты бағаланып, ол «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ Басқармасының мүшесі, Оқу кеңесінің мүшесі, сондай-ақ, университет ректоратының мүшесі болды.

Өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілік, асқан жауапкершілік, ұйымдастырушылық зор қабілеті, адамдармен тіл табысып жұмыс істей білетін жеке басының асыл қасиеттері Кәрім Есмұхановтың абырой-беделін асқақтатып, оның алға қойған мақсаттарына адастырмай алып барып отырды. «Шарапат» сақтандыру қоғамы бақылау кеңесінің төрағасы, «Игілік-банк» акционерлік-коммерциялық банкі бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерінде жүргенінде де ол өзін бар қырынан көрсете білді. 1990 және 1999 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұтынушылар кооперациясы туралы» заңының жобасын әзірлеуге де белсенді ат салысты. Осы еңбектері зая кетпей, билік пен қоғам алдында лайықты бағасын алды да: «КСРО тұтынушылар кооперациясының үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің, «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды. Ең бастысы, ол бірге жүрген, айналасындағы адамдардың арасында абыройлы да сыйлы болған ардақты жан еді.



Ол өмір бойы өзінің білімі мен біліктілігін жетілдірумен болды. Жұмыс істей жүріп, 1976 жылы Қарағанды кооператив институтын (қазіргі Қарағанды экономикалық университеті) тәмамдады. Әлемнің бірталай озық елдерінде, атап айтқанда, Швеция, Голландия, Англия, Италия, Германияда болып, тәжірибе алмасып, алдыңғы қатарлы қоғамдағы озық ой-пікірлер, үздік үлгілермен жан-дүниесін, білік-білімін байыта білді.









Жарылқасын Бикенов

Аты жүйрік ажал үстіміздегі жылдың тамыз айында Кәрімдей азаматты артына қарайлатпай, мәңгілік сапарға алып кетті. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген осы да, әйтпесе, ол өзінің кенже қызы Әлиманың оқу бітіріп келгенін, үлкен қызы Әлиядан туған Әмринаның мектеп табалдырығын аттағанын және сүйікті жары Розаның алпыс жасқа толуын ұлан-асыр той қылсам деген ұлы мақсат, ықтиятты дайындықтың үстінде жүрген болатын...

Шын мәнісінде, Кәрім Есмұханов отбасында бақыттың құшағына, махаббаттың шуағына бөленген жан болды. Тағдыр оған Роза сынды адал, ақжарқын, дастарханы жиылмайтын қонақжай, жаны жомарт жанды жар қылып жолықтырды. Ынтымағы жарасқан шаңырақта дүниеге екі қыз келді: ата-ананың өнегелі өмірін үлгі егіп, ұлағатты тәрбиесімен сусындап өскен олардың екеуі де сана-сезімі биік, ақыл-ойы терең, мақсатшыл жандарға айналды. Үлкен қыздары Әлия мектепті Италияның астанасы Римде бітіріп, жоғары білім алған соң, Миланда сынақтан өтіп, қазіргі таңда Халық банкінде департамент директоры болып қызмет етеді. Күйеу баласы Руслан да көшелі азамат болып шықты: бүгінде ел ырысын арттырған, тасы өрге домалаған кәсіпкер. Бұлардың отбасында Әмрина сынды Кәрімнің жанындай жақсы көрген құлыншағы аман-есен, гүлдей жайнап өсіп келеді. Кіші қыздары Әлима да Қазақтың менеджмент, экономика және басқару институтын (КРІМЭП) тәмамдап, алыстағы Англияда грант бойынша магистратурада оқып келді. Бүгінгі күнде ол еліміздегі халықаралық ірі компанияда жемісті қызмет етіп жатыр.

Міне, бар саналы ғұмырын Қазтұтынуодағының дамуына арнаған жанның сүттей ұйыған отбасы осындай. Әттең, нағыз кемел жасына келгенінде ол осы бір өз қолымен қабырғасын қалаған жұмақтың төріндей ошақтың қызығына мейірі қанып тоя алмай кетті...

Таяуда Алматыға жол түсіп, Кәрімдей жайсаң азаматтың отбасына арнайы соғып, марқұмның ғазиз рухына бағыштап құран оқыдым. Ошақтың отын өшірмей, жылуын аялай ұстап отырған жан жары Розаның ақадал пейілі мен ниетіне, ауыр қайғыны сыр білдірмей көтере білген қажырлылығына тәнті болып, іштей сүйсініп отырдым. Қазақ: «Арты қайырлы болсын», – дегенде осындай түтіні түзу тірлікті меңзеп айтады екен ғой... Бес күндік жалғанда бір салада сыйласып еңбек еткеніміз бар, одан кейін өзімнің ағалық парызымды алға тарта отырып, өмірден өткен жайсаң жан туралы жылы лебіз білдіріп, аруағын риза етпекке қолға қалам алып едім... менің қолымнан келгені осы болды. Марқұмның аруағы артында қалған ұрпағын желеп-жебен жүрсін деп, Алладан медет тіледім...



Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазтұтынуодағы саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Қарағанды облысы Нұра ауданының Құрметті азаматы.

«Орталық Қазақстан» газеті









Өмір сынақтарының сыры

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Сәлімдей жаны сырлы досымның жүріс-тұрысы мен мінез-кұлқы, оның өмірлік ұстанымы текті жерден, ордалы ортадан шыққандығын әрдайым паш етіп тұратын. Өйткені, оның кіндік қаны Жаңаарқадай бұлбұлдар мен дүлдүлдер өсіп-өнген киелі топыраққа тамған еді. Сәлім достың бойынан ақсұңқар ақын Сәкеннен қалған сырбаздық пен сұлулық атаулыға деген ғашықтықтың нышанын әрдайым байқайтынмын. Той-томалақтарда, көңілді отырыстарда ол қасиетті домбыраны қолына алып, небір сұлу сазды әндерді жан-жүрегі елжіреп, мейлінше беріліп, нақышына келтіре орындаушы еді. Тыңдаушысын бір сәтке де жалықтырмайтын. Ол ән айтып, күй шерткенде, әсіресе, әсерлі нәзік жандылар үзіліп тыңдаушы еді-ау. Сондай сәттерде Сәлім өзінің өмірін есеп-қисап ғылымына арнамаса, әлдеқашан сахнаның гүлі болар еді-ау деген ойға да қалатынмын.

Сәлім Көпжасарұлы Қошқаров 1940 жылдың 2 қаңтарында Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Әкесі Көпжасар марқұм ұлағатты ұстаз болған, атырапқа есімі белгілі адам еді. Ұстаздың отбасында тәрбиеленген, қазақы қаны тамған тәрбиенің уызын сіміріп өскен Сәлім де өнер мен оқу-білімге жасынан құштар болды.

1971 жылы Сәлім Көпжасарұлымен танысудың сәті түсті. Ол кезде мен Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағына бас бухгалтер болып қызметке келген едім. Ал Сәлім болса, Мәскеуде аспирантурада оқитын. Әлі есімде, сол жылы Воронеж қаласына, Бүкілодақтық семинар-кеңеске жол тартып бара жатып, Мәскеу қаласына, Сәлім досқа соққанымыз бар-тын. Дәл осы сапар барысында біз – Сәлім, Сапар, Сәрсен және Ғалымбек деген достар Мәскеудің төрінде бас қосып, ақтарыла сырласып, арадағы адал достықтың қабырғасын мызғымыстай етіп бекіткен болатынбыз. Жалпы, Сәлімнің аспирантура қабырғасындағы бухгалтерлік есепті механикаландыру мен автоматтандыру тақырыбындағы кандидаттық диссертация жұмысы сынақ ретінде Қарағанды және Семей облыстарында іс-тәжірибеден өткен болатын. Міне, содан бері Сәлім екеуміздің арамыздағы іскерлік және достық қарым-қатынастар тіпті де нығая түскен еді.

Үлкен достыққа айналған сол таныстығымыз Сәлімнің өмірден көшкеніне дейін үзілмей жалғасты. Шын мәнісінде, Сәлім Көпжасарұлындай жаны жомарт адаммен жұрттың көбі дос болуға ұмтылушы еді. Өйткені, оның жаны таза болатын; ол пенделіктен адал, шындықтың жолында ештеңеден тайынбайтын қайсар да мінезді жігіт болды. Осындай қасиеттері үшін біз – Сәліммен жақсы араласқан көптеген азаматтар оны ерекше құрметтедік, бағаладық.

Сәлім өткен ғасырдың 50-ші жылдары Целиноград (қазіргі Астана) қаласында кооператив техникумын бітіріп, Шет ауданындағы Тұтынушылар одағында бухгалтер болып еңбек етті. Ол өз ісіне шын берілген маман еді: тынымсыз ізденетін, жалықпай оқып, білімін ұштаушы еді. Осындай құштарлықтың арқасында Самарқан кооператив институтына түсті. Институт қабырғасында ол өзін үздік студент ретінде көрсете білді. Соның арқасында, Сәлім білімін Мәскеудегі кооператив институтында жалғастыру сынды мәртебелі мүмкіндікке ие болды. Аталған институттың бухгалтерлік-есеп факультетін үздік тәмамдап, қолына диплом алған жас жігіт Көкшетау кооператив техникумына оқытушы болып қызметке тұрды.











Жарылқасын Бикенов

1966 жылы Қарағандыда кооператив институты ашылғаннан кейін, Сәлім сынды білімді жігітті оқу орнының басшылары зор сенім көрсетіп, керегесін жаңа керген білім ордасына қызметке шақырды. Сәлім Көпжасарұлы өзіне көрсетілген сенімнің жауапкершілігін түсіне отырып, шақыруды ерекше құрметпен қабыл алған. Сөйтіп, ол Қарағанды кооператив институтының бухгалтерлік-есеп кафедрасының тұнғыш меңгерушісі болып тағайындалған тұғын.

Сәлімнің алғашқы зайыбы – сол кездері Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істеген Дәметкен Жұбанышбайқызы еді. Олар отау құрмастан бұрын, бес баламыз болса, олардың есімдерін Ардақ, Арман, Жеткен, Бақытты және Жанар (Ардақты Арманына Жеткен Бақытты Жанар) етіп қойсақ деп армандайтын. Жастар сол армандарына жетті де. Ұстаздардың отбасында өскен осы бес бала бүгінгі күні өз алдарына жеке-жеке отау болып, оқып-тоқып, өсіп-өнген.

Бес күндік жалғанда пенде баласының басынан өмірде неше алуан оқиғалар өтетіні белгілі. Тағдырдың жазуымен біздің досымыз, жаны сұлулыққа құмар, серілікке құштар Сәлім есейген шағында екінші рет отау тігуге мәжбүр болды. Әрине, досымыздың өмірін күрт өзгерткен бұл оқиға оның отбасына ғана емес, бізге де оңай тимеген. Бірақ, біз де, оның зайыбы Дәметкен де Сәлімдей азаматтың жаңылыстау басқан бұл қадамына түсіністікпен қарауға тырыстық. Ол өзінің екінші жары – Айна есімді қырғыз қызынан Сағындық есімді сәби сүйді...

Қарағандыдан көшіп кеткеннен кейін Сәлім 1985 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте қызмет етті, одан Алматы барып, әуелі Республикалық есептеу орталығының бас директоры, содан кейін Алматы технологиялық техникумының директоры болып, абыроймен еңбек етті. Білікті басшы, мықты маман, ардақты азамат осы жерден зейнет демалысына шықты.

Сәлім, шын мәнінде, өз мамандығының кәсіби шебері болды. Ол өз мамандығы саласында КСРО сынды алып мемлекеттің ірі-ірі қалаларында өтетін үлкен жиындарда өткір баяндамалар жасап, өзінің озық ойлы, жаңашыл бастамаларымен мүйізі қарағайдай мамандарды тәнті ете білген талантты жан еді. Бүгінгі таңда Сәлім Көпжасарұлы дайындаған сандаған шәкірт республиканың әр қиырында еңбек етіп, еліміздің экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жатыр. Олардың бәрі де Сәлім Қошқаровтай ұстаздың шәкіртіміз дегенді мақтанышпен айтады. Ұстаз үшін бұдан үлкен бақьгг болар ма дейсіз.

Осыдан екі жыл бұрын Сәлім досымыз өмірден озғанда, оның қазасын туған-туыстарымен бірге бөлістік. Атпал азаматтың аруағына дұға бағыштап, қабіріне топырақ салдық. Шынында да, біз бір атаның баласындай болып бауыр басып кеткен жандар едік. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бүкіл отбасымен, әулетімізбен аралас-құралас болып кеткен ажырамас, қимас достар бола білдік.



«Өткен күнде белгі жоқ» деген, міне, Сәлімнің бұл дүниеден озғанына да екі жылдың жүзі болып қалыпты. Осы уақыт аралығында адал дос, аяулы азаматтың жарқын бейнесі біздің жүректен бір сәтке де кеткен емес. Таяуда, белгілі қаламгер, кезінде Сәліммен дос-жаран болған, қазіргі уақытта Қызылжар қаласында тұрып жатқан Зарқын Тайшыбайұлы Сәлім Көпжасарұлы туралы естеліктер жиыстырып, кітап бастырып шығарғалы жүр деген жағымды жаңалықты ести сала, өткенді көз алдымнан тағы бір мәрте өткізіп, аяулы азаматтың есте қалған әрбір қылығын жадымда жаңғыртуға тырыстым.









Өмір сынақтарының сыры

Азаматтың аруағы риза болып, жатқан жерінен бір аунап түссін деген мүбәрак ниетпен дос туралы тебірене отырып, осы естелікті қағазға түсірдім. Алла Тағала адал достың, аяулы азаматтың топырағын мамық, қабірін жарық етсін.

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы «Орталық Қазақстан» газеті

ҒИБРАТЫ МОЛ ҒҰМЫР

Сынаптай сырғыған уақыт шіркіннің жүйрігін-ай десеңізші. Сейіт Бопылұлындай сырлас достың өмірден өткені күні кеше ғана сияқты еді: міне, жылы да жылт етіп айналып келіп қалыпты. Марқұм тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтеректей еді. Досқа адал, сыйластыққа берік ерекше жаратылған жан болатын... Бүгінгі күнде оның өсіп-өнген ұрпағы әкесінің жылдығын атап өтіп, ас беруге қамданып жатыр екен. Алла разы болсын, ниеттерін қабыл етсін дейміз.

Сейіт Бопылұлының жүріп өткен өмір жолына көз жүгіртер болсақ, оның жарық дүние есігін ашпай жатып-ақ, тағдыр талқысын көп көргенін аңғарамыз. Фәни жалғанға шыр етіп келгенінде әкесі Ұлы Отан соғысының қан майданында шейіт болып кеткен екен. Әкенің ақ дидарын бір көруді арман етіп өскен Сейіттің балалық шағы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген нағашыларының қолында өтті. Ат жалын ерте тартып өскен еді: он алтыға шыққан кезінде қара жұмысқа білек сыбана кірісті. Жұмыс дегеннен тартынбады: мал бақты, трактордың құлағында ойнады.

Сейіт еңбек ете жүріп орта мектепті бітіргеннен кейін, Киевка кентіндегі автокәсіпорында екі-үш жыл жүргізуші болып жұмыс істеді. Нағашы әкесі Қырықбай егде тартып, жүруден қалғанда сол кісінің отбасымен бірге «Казгородок» ауылына қоныс аударып, Чкалов атындағы совхозда автомашина жүргізушісі болып еңбек етті. Ол өз ісіне тиянақты, жауапкершілік сезімі мол жан болатын. Соның арқасында өзі жүрген, еңбек еткен ортада абыройлы болды, жұрт оны еңбекқорлығы мен үлкенді аға, кішіні іні тұтқан бауырмалдығы үшін қатты қадірлейтін.

Сексенінші жылдары Сейіт сол кездегі Мичурин атындағы ауыл шаруашылығы техникумын агроном мамандығы бойынша бітірді. Дипломды маман атанғаннан кейін, егіншілер бригадасында өз мамандығы бойынша жемісті еңбек етті. Еті тірі, істің қиюын білетін жігітті басшы да, қосшы да құрметтей білді. Өйткені, ол өз ісінің білгір маманы еді.

Еңбекпен есейген шағында отбасын құрып, ел қатарлы түтін түтетті. Өмірге бірінен соң бірі балалар келіп, Сейіт тамырын тереңге жайып, өсіп-өне түсті. Топты баланы асырау да оңайға түспеген. Дегенмен, Алла Тағала ерінбей еңбек еткенге береді ғой: Сейіт пен Мараштың балалары да көштен қалмай, көк құрақтай жайқалып өсті. Қазіргі таңда ұлттық тәрбиенің уызын еміп өскен балалары да өмірден өз орындарын тауып, ел қатарлы тірлік етіп жатыр.














Жарылқасын Бикенов

Сейіт нарық заманының тамырын тап басқан іскер азамат еді. Өткен ғасырдың толқымалы тоқсаныншы жылдары алғашқылардың бірі болып шаруа қожалығын құрып, шаруасын дөңгелетіп әкеткен фермер болды. Әрине, мұндай тың істе өзінің рухани інісі, отставкадағы полковник Ермек Мақанұлы мен жан досы Сапар Исабековтің көмегі көп тиді. Шын жанашыр жандардың қолтығынан демегені Сейіттей ақжүрек азаматтың абыройын асқақтатқан еді. Осы жандардың шынайы қамқорлығын, қолдан келгенше жасаған жақсылықтарын өмірден кеткенінше аузынан тастамай өтті.

Тыңнан түрен салып, жаңа істі бастау айтуға ғана оңай еді. Осы жолда Сейіт ерекше табандылық танытты: соның арқасында ол жолына көлденең кезіккен қиындық атаулыны жеңе білді. Бірлігі жарасқан балалары да жұдырық болып жұмылып, әкенің көк тіреп ұшар қанатына, жер тіреп қонар кұйрығына айналды. Мехнаты мол еңбек түбі жемісін берген: Сейіттің мал басы өсіп, мейманасы тасыды. Енді ол өзінен артылғанды ауылымен бөлісті. Жоқшылықты көп көрген жанның мұндай мүбәрак ісі көпшілікті тәнті еткен еді.

Еңбегімен еленген, мінезімен ерекшеленген Сейіттің абырой-беделі Кертіндіден асып, Нұра мен Жаңаарқа атырабына жайылғаны да шындық. Мұқтаждықпен келген жанның меселін қайтармады, жоқ-жітіктің жанарын жәудіретпеді. Қарапайым шаруа адамы бола жүріп, ол шын мәнінде өресі жоғары, көргені мол көшелі жанның әрекетін жасай білді.

Сейіт сұңқарша шашып жейтін жайсаң жан еді. Тасы өрге домалап тұрғанында ауыл-аймаққа қолдан келгенінше жақсылық жасап бақты. Нұра ауданының орталығындағы мешіт құрылысына көмекті аямай төкті. Кертінді ауылындағы әлеуметтік нысандардың мұқтажын ашуға келгенде де қамшы салдырмайтын. Қиын-қыстау уақытта Сейіттей жомарт жанның жақсылығын көрген талай жан, көптеген отбасы күні бүгінге дейін оның есімін құрметпен еске алады. Артына жақсы атын ғана қалдырған мұндай жанды қалайша тебіреніп еске алмайсың?!

Сейіттей сері көңіл жан өзінің саналы ғұмырында дос іздеуден жалықпады. Ол шын мәнінде кеңқолтық еді: үлкен-кіші оның саясында дамылдап, алыс пен жақынның ақ ниет жандары осы бір ақкөйлек азаматты дос тұтып, ерекше қадірлейтін.

Сейіттей атпал азаматтың жан жары, өмірлік серігі Мараш Хасенқызы туралы да тебіреніп айтпау мүмкін емес. Біз – Сейіттің достары, жолдас-жора, замандастары оның жар таңдауда ерекше жолы болғанына шын жүректен қызығушы едік. Өйткені, қолы ашық, мінезі жібек Мараш сынды әйел заты Сейіттей азаматтың баға жетпес байлығы, таусылмас қазынасы еді. Бір ерекшелігі, пейілі кең Сейіттің үйінен кісі арылмайтын. Ой мен қыр, алыс пен жақыннан келген жанның бәрі де ардақты ана Мараштың мол дастарханына шын ниетпен риза болып аттанысып жатушы еді.

Сейіт пен Мараш көтерген шаңырақ құтты болды: ұл өсіп ұядан ұшты, қыз өсіп Қияға қонды. Балаларынан немере-жиен, шөбере сүйіп, арқа-жарқа болған ата мен әже атанды.

Сөзіміздің басында айтып өткеніміздей Сейіттің артында қалған ұрпағы асқар тау әкелеріне шілде айының 15-і күні сағат 12.00-де Кертінді ауылында ас бергелі жатыр. «Аруақ разы болмай тірі байымас» деген сөзге жүгінер болсақ, балалардың бұл берекелі ісіне қабыл болсын айтып, ниеттеріне шын жүректен ықылас білдіреміз.








Өмір сынақтарының сыры

Сейіттей асыл ердің аруағы жатқан жерінен бір аунап түсеріне де кәміл сенімдімін. Жаратқан Ием марқұмның ұрпағын ауызбіршілігінен айырмасын!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы «Орталық Қазақстан» газеті

АТЫРАУ МЕН АРҚАНЫҢ АРЫСЫ ЕДІ...

Ермекқали Алмажанов Атырауда туып, Арқа еліне тастай батып, судай сіңген атпал азамат еді. Бір жасқа толар-толмас шағында әкесі Алмажан Отан соғысына аттанып, содан хабарсыз кеткен. Атадан қалған жалғыз тұяқ Ермекқалиды анасы Шәумен, нағашылары қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Абзал ана Шәумен Смағұлқызы 84 жасына қараған шағында өмірден озды. Алла Тағала оның пешенесіне сүйікті ұлымен бірге бақиға аттануды жазған екен... Осы бір қаралы оқиғаны еске алсам, күні бүгінге дейін аза бойым қаза болады. Бұл – адамның ой- ына кірмейтін антұрған апат еді. Ермекқали анасымен және зайыбы Зәурешпен жақындарының қуанышына бара жатқан кездерінде, Қарағандыдағы «Орбита» шағын ауданында бұлар мінген көлікті «ГАЗель» автокөлігі соғып, қайғылы оқиға орын алған еді. Ермекқали мен Шәумен шешей тілге келмей жан тапсырса, Зәуреш ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Бір ай төсекке таңылып, жары мен енесіне топырақ салу бұйырмаған Зәуреш Жантемірқызы да өмірден озған.

Ермекқали Алмажанов сынды жаны жайсаң азаматпен 1977 жылы Қара теңіздің жағасында демалған кезімізде, Эш тауының басында танысқан едік. Сол кезден бастау алған арадағы адал достық пен шынайы сыйластыққа күні бүгінге дейін сызат түспеді. Отыз жылға жуық уақыт жалғасқан достықтың жүлгесі әлі күнге дейін үзілмей, ұрпақтар сабақтастығына ұласты. Зайыбым Әнияш екеуміз Ерекеңнің екінші немересі Әзілхан дүниеге келгенде, оның тұсауын кесіп, өкіл ата- анасы болғанымыз бар. Былтыр Ермекқали мен Зәурештің кенже ұлдары Дархан әкесінің кір жуып, кіндік кескен туған жері Атырауда отау тіккенде, Қарағандыдан біз отбасымызбен, Ғазират құдағи, басқа да жора-жолдастар бар, артынып-тартынып барып, қуаныштың жуан ортасында болған едік.

Ермекқали Алмажанов Қазтұтынуодағы Қарағанды кооператив институтына (қазіргі Қарағанды экономикалық университеті) 1972 жылы қызметке келіп, өмірінің ақырғы сәтіне дейін осында жемісті қызмет етті. Ғылым мен оқытушылық қызметті ұштастырып, небір жауапты қызметтерді, қоғамдық жұмыстарды абыроймен атқарды. Университетте қаржы-экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор болды.



Ерекең әкеден жастай қалса да, бауырмал, өмірге құштар, жан-жақты азамат болып өсті. Атырау өңірінде онжылдықты бітірген соң, сол жақтағы ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. Бұл оқу орнын үздік аяқтаған ауыл баласы өз білімімен Мәскеу қаласындағы Экономика-статистика институтына оқуға түседі.












Жарылқасын Бикенов

Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін, Мәскеуде әскери борышын өтейді. Бұдан кейін зерделі жас Қарағанды кооператив институтының жолдамасымен Мәскеуде, аспирантурада үш жыл оқып, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Ермекқали сынды жастың шетке шығып оқуына, жалпы, оның азамат болып қалыптасуына ықпал еткен жандар деп оның нағашысы Қайыпқали Смағұлұлы мен жеңгесі Зағипаны атауға болады. Қайыпқали Смағұлұлы ол кездері Қарағандыда трест басшысы, облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі сынды жауапты қызметтер атқарғантын. Жан жары Зәуреш Жантемірқызына кездесіп, 1972 жылы отау құрғанға дейін ол осы кісілердің қолында тұрды, нағашы деген жұрттың жақсылығын бір кісідей-ақ көріп өсті.

Ермекқали мен Зәуреш Алмажановтар Әзімхан, Әділхан және Дархан есімді үш ұлдың ата-анасы болды. Балаларының үшеуі де ұлттық рухпен сусындап, қазақы тәрбиенің тал бесігінде тербеліп өсті. Көзі тірісінде Ерекең үлкен ұлы Әзімхан мен келіні Әлия Сейілханқызынан туған немерелері Айдана мен Әзілханды сүйіп, ата болу бақытын көрді. Құйрық-бауыр жескен құда-құдағиы Сейілхан және Ғазират Медеубаевтармен өмірінің ақырына дейін сыйласып өтті.

Ермекқали Алмажанұлы өмірде дос іздеп, дос жинап өткен адам десек қателеспейміз. Мәскеуде оқып жүргенінде жат жерде елден жырақ жүрген қазақ жастарымен тонның ішкі бауындай араласып, тілеуі бір талай дос тапты. «Жақсыда жаттық жоқ» деген емес пе, одан беріде, Сарыарқаның төсіне келгенде де өзі жүрген ортада талай жанмен достасып, өмірінің ақырына дейін солармен бір туғандай сыйласып өтті.

2006 жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде марқұм Ермекқали Алмажанұлымен қоштасуға арналған қаралы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен қалың көпір адам келді. Сол қаралы жиынның бел ортасында сонау Мәскеуде оқып жүрген кездерінен аралас-құралас болған, қазіргі уақытта Сенат депутаты Оңалбек Сәпиев, белгілі қоғам қайраткері Сарыбай Қалмырзаев, Мәжіліс депутаты Бақберген Доспамбетов, бір кездері Сенаттың қаржы комитетінің меңгерушісі болған, сенатор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мүсірәлі Өтебаев сынды достары да болды. Ермекқалидың осы достары әлі күнге дейін марқұмның отбасымен хабарласып, олардың қызық-қуаныштарын бөлісіп тұрады.

Отыз жылға жуық уақыт аралас-құралас болған кезімде марқұм Ерекеңнің өзін өзгелерден ерекшелендіріп тұратын талай тамаша қасиеттеріне тәнті болдым. Әлі есімде, 1994 жылы менің анам өмірден озып, ол кісіні Нұра ауданындағы Көбетей ауылына жерлеп жатқанымызда, Ерекең жұртты тоқтатып қойып, «Уа, халайық. Жарылқасынның анасы менің де анам еді. Мен күні кеше Мекке барып, сол жақтан бір уыс топырақ ала келіп едім. Енді, рұқсат болса, мен сол топырақты Жарылқасынның анасының қабіріне салайын деп едім», – деп, қасиетті жерден әкелген топырақты анамыздың қабіріне салып еді. Мен Ермекқалидың бұл мүбәрак ісін оның маған деген адал достығының, жөн білетін көргенділігінің белгісі деп күні бүгінге дейін бас иіп, бағалаймын.



Иә, Ермекқали досымыз рухы күшті, мінезі қайсар азамат еді. Кеңес өкіметі құласа да, қылышынан қан тамған коммунистік идеологияның ызғары қайта қоймаған, егемендіктің буыны әлі бекімей тұрған елең-алаң шақта – 1993 жылы, кооператив институтында партия ұйымының хатшысы, факультет деканы болып жүргенінде Меккеге барып, қажылық парызын өтеп қайтқан болатын. Меккеден оралған соң, ол «Орталық Қазақстан» газетінде өзінің сапары, Ислам әлемі туралы ғибрат пен үлгі-өнегеге толы көлемді мақаласын жариялады.







Өмір сынақтарының сыры

Ермекқали өмірден озып, жерлеу рәсімі болып жатқан кезде ауруханада жатқан зайыбы Зәуреш балаларына: «Әкелеріңнің Меккеден әкелген топырағы бар еді. Жарылқасынға айтып, сол топырақты қабіріне салыңдар», – деп аманат айтқан екен. Қабір басында мен жұртты тоқтатып, марқұмның Меккеден әкелген бір уыс топырағын баласы Әзімханға салдыртып, Зәуреш Жантемірқызының аманатын орындаттым. Сол кезде Ермекқалидың балдызы Ерболат деген азамат: «Жездеміздің соғыста опат болған әкесіне туған жердің топырағы бұйырмап еді. Міне, мен жездеме өзінің туған жері Атыраудан әдейі бір уыс топырақ алып келдім», – деп ол азамат та жөн білетіндігін танытып еді.

Ермекқали Алмажанұлы Қарағанды экономикалық университетінде қызмет еткен жылдары өзінің іскерлігімен, адалдығымен абырой-беделге ие болды. Оқу орнының еліміздегі іргелі білім ошағының біріне айналып, сән-салтанаты мен мәртебе-мерейінің аспандауына сүбелі үлес қосты. Ерекеңнің ерен еңбегін университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерқара Аймағамбетов өте жоғары бағалады да. Көзі тірісінде Ермекқали Алмажанов министрлік пен Аты- рау және Қарағанды облыстық әкімдіктері тарапынан лайықты сый-құрмет көрді. Көптеген алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен, медальдармен марапатталып, мерейі өсті. Өмірден өткен соң, өзі ұзақ жылдар қызмет еткен Қарағанды экономикалық университетінде арнайы конференция ұйымдастырылып, профессор Ермекқали Алмажанұлының есімі оқу орнының дәрісханасына берілді. Сонымен қатар, екі жыл қатарынан марқұмды еске түсіруге арналған спорт жарыстары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Былтыр профессор Ермекқали Алмажанов атындағы баскетбол жарысы өтсе, биыл еліміздің жоғары оқу орындарының мини-футбол командалары марқұмды еске түсіруге арналған турнирдің жүлделерін сарапқа салды.



Атырауда туып, саналы ғұмырын Арқада өткізген атпал азамат, адал жар, асқар таудай әке Ермекқали Алмажанұлы егер тірі болса, алдымыздағы тамыздың 24-інде 70 жасқа толар еді. «Жазмыштан озмыш жоқ», бұл күнді көруді Жаратқан оның маңдайына жазбады. Есесіне, Алла Тағала оның пешенесіне бес күндік жалғанда тамаша адамдармен аралас-құралас болып, ғибратты ғұмыр сүру, артына саналы ұрпақ қалдырып, өзінің есімін жадының шежіресіне мәңгі жазып кету бақытын бұйырыпты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы ҚАРАҒАНДЫ қаласы «Орталық Қазақстан» газеті









Жарылқасын Бикенов

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

Ұзақ жылдардан бері аралас-құралас жүрген адам туралы сөз айту – әрі жеңіл, әрі қиын дүлше. Жеңілі сол – ол адамның өмір тарихын жатқа білесің, ал қиын болатын себебі – айта бастасаң болды, ол сай-саласы мол, қойнауы жұмбақ, шыңы бас айналдырар алып тауға айналып жүре береді...

Біздің Қарағанды ғылымға деген адал еңбегімен «Ғалымның хаты өлмейді» деген сөздің һақтығын дәлелдеп жүрген ғалымдарға кенде емес. Солардың алдыңғы қатарында техника ғылымдарының докторы, профессор Тұяқ Көпейұлы Исабек те бар деп түсінемін. Оның ғылымның дамуына қосқан қомақты үлесіне деген лайықты бағаны тарих бүгін болмаса, ертең бере жатар. Ал біздің бүгінгі міндет – хал-қадіріміз жеткенше жақсының жақсылығын айту.

Тұяқ Көпейұлы қалада туып, ат жалын тартып мінгенше ауылда өсті. Анығында, қаланың да, даланың да емшегін тел емген. Содан да шығар, бала жастан қатарының алды болды. Ес кіріп, етек жапқаннан бергі уақытта бір ғана білсем деген мақсаттың жалынан ұстап, қияға құлаш сермеген. Бүгінгі күні алпыс жастың асқарына шыққан атпал азаматтың техника ғылымдарының базбіреуге қасаңдау һәм тарлау көрінетін шеңберін бұзып шығып, құлашты кеңге сермеп, кеудесі алтын сандық ақсақалға айналғаны да оның кесек тұлғасын танытып, қатпарлап қазына жиған ішкі жан-дүниесінің рухани бай екенін аңғартса керек.

Тұяқ Көпейұлының кіндік қаны 1950 жылдың 29 наурызында Қарағанды қаласының топырағына тамды. Әкесі Көпей Исабекұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, кейінде жер қыртысын қопарған кенші еді. Баласының үлкені Әнияштың исіне мейір қандырғанымен, жалғыз ұлдың жарық дүниеге келген бақытын көруді Жаратқан оның маңдайына жазбапты. Біздің кейіпкеріміздің Тұяқ аталуының өзіндік сыры да осындатын: әкеден қалған тұяқ, қала берді, бүтін бір әулеттің жалғасы еді... Көпей Исабекұлы дүниеден қайтқаннан кейін, зайыбы Бақыт Тұяғын алып, аттың басын елге бұрған, ал Әнияш болса, аяулы нағашылары Әбутүсіп пен Рахияның қолында өсті.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген анасы Бақыт 1997 жылы, Тұяқ докторлық диссертациясын қорғардан сәл бұрын дүниеден өтті. Әттең дүние, қайран ана ұлының ғылымдағы ұлы жеңісін көре алмай кетті...



Тұяқ Көпейұлы орта мектепті Нұра ауданындағы Көбетей (бұрынғы Черниговка) ауылында бітірді. Осындағы Калинин атындағы орта мектепті үздік аяқтаған соң, 1967 жылы Қарағанды политехникалық институтының таукен факультетіне түсіп, «Пайдалы кен орындарын жерастылық қазып-өндіру» мамандығы бойынша дәріс алды. Бес жыл білім қуып, кен инженері мамандығын алып шыққаннан кейін, Қиыр Шығыста, кеңес әскерінің құрамында азаматтық борышын өтеді. Әскерде ол қатардағы жауынгер емес, артиллерия полкының офицері дәрежесінде қызмет етті. Басында взводты басқарды, одан соң батареяның аға офицері болды, содан кейін барып, батарея командирі санатындағы жауапты қызметті атқарды. Үш жылдан кейін аға лейтенант шенінде запасқа шығып, елге оралды. Айтпақшы, әскерде жүріп, елге ат ізін салған демалыс сапарының бірінде Тұяқ Көпейұлы өміріндегі өте маңызды қадамға барды: жиырма үш жастағы тепсе темір үзетін жігіт Сәуле сынды ақылына көркі сай қызбен көңіл жарастырып, отау тікті. Текті жерден қыз алғанын күні бүгінге дейін мақтан етеді. Шынында да, қайын атасы Рақым Әбдікәрімұлы облыстық атқару комитетінде жауапты қызмет атқарған, елге сыйлы азамат болды. Енесі Ұрқия Мақанқызының да жас отаудың түтіні түзу шаңыраққа айналуына қосқан үлесінің зор екенін айта кеткен ләзім.










Өмір сыңақтарының сыры

Тұяқ Көпейұлы студент кезінде анасы Бақыттың нағашысы Құлжан Ақмесовтің үйінде тұрып оқыған. Құлжекең кезінде №22 шахтада кен шебері, учаске бастығы, шахта директорының орынбасары болып қызмет еткен, өзінің парасатты мінезімен, адамгершілік жоғары қасиетімен айналасына қадірі асқан кісі-тұғын. Қарағандыда зайыбы Зүбәйра екеуінің босағасынан кісі арылмаған, қазанынан ырыс кетпеген шаңырақтың бірі еді.

Әскерден келген соң, Тұяқ Көпейұлы 1974-1977 жылдар аралығында Қарағандыдағы «Западная» шахтасында кен шебері, учаске бастығының орынбасары қызметтерін абыройлы атқарды. Шахтадағы мехнатты еңбектен қол үзгеннен кейін өзі білім алып, түлеп ұшқан ұясы – Қарағанды политехникалық институтына қайта оралды. Мұнда ол әуелі аға инженер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер дәрежесінде еңбек етті. Жалпы, Тұяқ Көпейұлының өмір жолында өзінен әкелік қамқорлығын аямаған аяулы жандар мол болды. Соның бірі – Төлеубай Мұқаев сынды жайсаң жан еді. Төкең кезінде «Западная» шахтасының директоры, тау-кен округінің бастығы, республикалық Техникалық қадағалау комитетінің төрағасы сынды жауапты қызметтер атқарған, ұлық пен кішік сөзін санап тыңдаған аса беделді адам болды. Тұяқтың алаңсыз оқуына, кейін үйлі-жайлы болуына, қызметке тұруына бірден-бір қамқор болған адам осы Төкең еді. Ал, енді, жас Тұяқтың үйленіп, отау тіккен, өсіп-өнген, қызметте қияға шыққан барша қызық-қуанышының басында тұрып, «Әкенің жақсысы жездедей-ақ» деген сөздің тегін айтылмағанын дәлелдеген адам – апасы Қаят Оспанқызының жары, яки жездесі Нұрғиса Жүнісұлы болды. Әкесінің қарындасы Қаят апасының бауыры дегенде шығарға жаны бөлек еді; Тұяктың тұғырының берік қалануына шын жанашыр болған жан да осы аяулы апасытын. Тұяқтың өміріндегі барлық қуанышының басы-қасында апасы Әнияш пен осы жолдар авторының жүргенін айта кеткеннің де айыбы болмас. Әкенің жоқтығын білдіртпей, әлемнің бар жақсылығын сыйлауға әзір болған осы бір аяулы жандарға бұл күнде басын иіп, алғыс айтады мерейтой иесі. Ол, шын мәнісінде, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосқан жандардың сенімін өзінің еселі еңбегімен толығымен ақтаған жан деп бүгінгі күн биігінен ауыз толтырып айтуға болады.



Тұяқ Көпейұлының ғалым ретінде қалыптасуына институттың ұзақ жыл ректоры болған әйгілі ғалым, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сағыновтың ықпалы өте зор болды. 1979-1982 жылдар аралығында Ә.Сағынов басқарған «Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру» кафедрасының аспирантурасында оқып, ілім-білімнің бүкіл өміріне азық болған қайнар бұлағынан қанып ішті. Арада үш жыл өтісімен, ол есімі Кеңестер Одағына кеңінен мәлім болған ғалым, профессор Сергей Сынгувич Квонның жетекшілігімен «Таукен геологиялық жағдайлары күрделі көмір тақталары мен шоғырланған учаскелерін қазып алу технологиясын жетілдіру және тазартпа қазу параметрлерін анықтау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын табысты қорғады. Ғылым кандидаты атағын алғаннан кейін институтта оқытушылық қызметке білек сыбана кірісті. 1987 жылдан аға оқытушы, кейін доцент атанып, профессорлық дәрежеге дейін көтерілді. Оқытушылық қызметте он жыл болғаннан кейін, яғни 1997 жылы ғұлама ғалым Әбілқас Сағыновтың жетекшілігімен «Жатысы күрделі көмір тақталарының шоғырланған учаскелерін дайындау қазбаларды өткізусіз қысқа тазартпа кенжарлармен қазып алу технологиясын жасау» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, «Техника ғылымдарының докторы» деген мәртебелі атаққа ие болды.









Жарылқасын Бикенов

Ғылымдағы еңбегі лайықты бағаланып, 1998 жылы Жоғары аттестациялау комиссиясының (ЖАК) шешімімен оған профессор ғылыми атағы берілді. Қызметтік лауазымы да жоғарылап, 2001-2003 жылдар ішінде тау-кен факультеті деканының орынбасары, бір жылға тарта уақыт қысқа мерзімді оқыту факультетінің деканы болды. Ал 2004 жылдан бастап төрт жылдай уақыт тау-кен факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарды. Бүгінгі таңда Тұяқ Көпейұлы академик Әбілқас Сағынов атындағы «Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру» кафедрасының меңгерушісі. Ғалым 2003-2005 жылдар аралығында ҚарМТУ-дың кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау ғылыми кеңесінің мүшесі, ал 2005 жылдан бері Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Бақылау және аттестациялау комитеті (БАК) сараптау кеңесінің мүшесі, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану академиясының академигі.

Тұяқ Көпейұлы – 200-ге тарта ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, оқулықтардың, өнертабыстардың авторы. Ол қазақ тілінде екі оқулық, төрт оқу құралын жазған. Бұл жерде ғалымның ұлағатты ұстазы, академик Әбілқас Сағыновпен, профессорлар Ибадулла Арыстановпен және Зекен Смағұловпен бірігіп, қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазғанын бөле-жара айта кеткен жөн. Сондай- ақ, оның екі ғылыми монографиясы да ғылымға қосылған қомақты үлес ретінде бағаланды.

Бар ғұмырын ғылым жолына арнаған ғалымның еңбегі лайықты бағалануда. 1996 жылы ол «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталды. 2007 жылы «ҚарМТУ-дың құрметті қызметкері» атағына, ал 2009 жылы «Жоғары оқу орнының 2008 жылғы үздік оқытушысы» белгісіне ие болып, қомақты мөлшердегі ақшалай грантты жеңіп алды.

Талантты болып жаралған адамның бір ғана іспен шектеліп қалмай, сегіз қырлы, бір сырлы болып келетіні бар. Тұяқ Көпейұлын да сондай дария білімі жан- жақты, жаратылыс тілін меңгерген, көкірегі қазына жандардың санатына қосуға әбден болады. Ғалым Ж. Жәкеновпен және осы жолдардың авторымен бірігіп, «Тоқа шежіресін», «Қарпық шежіресін», «Қарпық және Қожа шежіресін» және «Алтай Қалыбек шежіресін» (Қ. Әбеуовпен бірге) жазды, елден алғыс алды.

Тұяқ Көпейұлы зайыбы Сәуле Рақымқызымен қырық жылға таяу уақыт түтін түтетіп келеді. Гүлмира, Әсел деген қыздарын, Ерен есімді ұлды ұлттық рухтың уызымен ауыздандырып, тәрбиелеп өсірген. Балаларының бәрі де жоғары білім алған, әр салада еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатыр. «Әке көрген оқ жонар» деген емес пе, ұлы Ерен әкесінің жолын қуып, ғылымның соңына түскен: бүгінгі күнде ол кандидаттық диссертация жазу үстінде. Гүлмирасы мен Думанынан туған Саян, Диана, Әселінен туған Ясмина және ұлы мен келіні Әсемгүлден туған Нұрасыл сынды немере-жиендері де желкілдеп өсіп келеді.

Міне, Көпейден қалған жалғыз тұяқ – Тұяқ Исабек те пәрмені күшті уақыттың әмірімен «Алпыс-талтүс» дейтін межеге келіп қалыпты. Енді бір ұмтылса – Пайғамбар жасына жетпек... Қазыналы Қарағандыдағы ғылыми һәм зиялы ортаның, еліміздің әр қиырындағы дос-жаранның, ағайын-туыстың мерейтой иесіне деген бұл күнгі тілегі мен құттықтауының наурыздың ақша қарындай жауарына сөз жоқ.











Өмір сынақтарының сыры

Сол тілектің ішінде біздің де болуымыз шүкір дегізіп, көңіл құсын құйқылжытқан өмірдің бір қызығы екен-ау!

Жарылқасын БИКЕНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Нұра ауданының Құрметті азаматы «Орталық Қазақстан» газеті

СЫРМІНЕЗ СУДЬЯ

Демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық институты соттар екендігі сөзсіз. Әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың табысты болуы көп жағдайда тікелей осыған байланысты. Сондықтан, сот жүйесінде туындаған өзекті мәселелер арқашан мемлекеттің және бүкіл қоғамның назарында болады. Біздің азаматтардың үмітінің ақталуы, олардың әділетке деген сенімділігі судьялардың қызметтерімен тығыз байланысты. Яғни, судьяларға артылар сенімнің салмағы өте ауыр. Сондай жауапкершілік арқалап, өзінің өнегелі өмірі мен адал еңбегі арқасында әріптестері арасында сый-құрметке бөленіп жүрген жанның бірі – Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Орман Омарұлы Салқымбаев.

Орман Омарұлы 1954 жылы бұрын Жаңаарқа ауданының құрамында болған Көктіңкөлі ауылында дүниеге келді. Сол кезде қазығын енді қағып, отау тігіп жатқан Көктіңкөлі совхозы мен кейіндері өз алдына жеке шаруашылық болған Ортау бөлімшесіне әкесі Омар Салқымбаев партияның жолдамасымен келген болатын. Осы Ортауда кіндік қаны тамғандықтан, кейбір құрбы-құрдастың Орман Омарұлын күні бүгінге дейін «Ортау» дейтіні бар...

Орман бір жасқа толар-толмаста әкесі жоғары жақтың шақыртуымен Қарағандыға келіп, партия-шаруашылық қызметтеріне кірісті. Ол заманда өкімет пен партияның тәжірибесінде іскер, шаруаға мығым қызметкерлерді жаңадан құрылған немесе тұралап, әлсіреген шаруашылықтарға жұмысқа салу үрдісі болатын.



Арада бес жыл өткенде Орманның әкесі Тентек поселкесіне (қазіргі Шахтинск қаласы) шахта салуға жіберілді. Міне, Орман Омарұлының балалық шағы, жалындаған жастығы осы қалада өтті. Осындағы сегізжылдық мектепті бітіргеннен кейін, Шахтинск кен-құрылыс техникумына оқуға түсті. Техникум қабырғасында оқып жүргенінде асқар таудай әкесі дүние салып, отбасының барлық ауыртпалығы түбіт мұрты тебіндеп енді шыққан он бес жастағы бозбаланың иығына түсті. Аяқ астынан келген ауыр қайғы теңселтіп кеткенімен, Орман сынды тумысынан өжет жасты тізеге сала алмады. Оқи жүріп, қайырымды жандардың көмегінің арқасында Шахтинскідегі үй құрылысы комбинатында монтаждаушы болып еңбек етіп, табыс тапты. Тұрмыстың тауқыметін анасына сездірмеуге тырысты. Тапқан-таянғанын анасының алақанына салып отыратын. Шаңырақты шайқалтып кеткен ауыр қаза Ормандай жасты тез есейтіп, ширата түсті.









Жарылқасын Бикенов

1973 жылы техникумды үздік бітіріп, қолына дипломын алды. Жұмысқа деген жауапкершілігін көріп-біліп жүрген басшылары Орманды монтаж учаскесінің шебері қызметіне қойып, талапты жасқа зор сенім артқан. Табиғатынан байсалды, қандай шаруаға болсын үлкен жауапкершілікпен қарап, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін Орман сенім үдесінен шыға білді. Сөйтіп жүріп, өзіне еңбектің алғаш ащы да тәтті дәмін таттырған кәсіпорын қабырғасынан екі жылдық әскери қызметке аттанды. Азаматтық борышын өтеп келген соң, өзінің туған ұжымына қайта оралған. Осы жерде учаске шеберінен кәсіпорынның бас инженері қызметіне дейін өсіп, абыройлы болды. Жұмыс істей жүріп, Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсіп, оны инженер-құрылысшы мамандығы бойынша үздік тәмамдады.

1983 жыл Орман Омарұлының өмір жолындағы шешуші жыл болғаны анық. Еңбекқор, тындырымды, жоғары білімді азаматты Шахтинск қалалық партия комитетінің бюросы ішкі істер органдарына қызметке жолдаған. Сол жылы ол КСРО Ішкі істер министрлігіне қарасты СМТКБ-нің (ОБХСС) Рига қаласындағы бір жылдық жоғары курсына оқуға жіберілді. Бұдан кейін Киев қаласындағы КСРО ІІМ Академиясында арнайы мамандандыру курсын үздік бітірді.

Орман Омарұлы 1983-1995 жылдар аралығында құқық қорғау орындарында жемісті қызмет етіп, Шахтинск қалалық ІІБ СМТКБ-нің жедел уәкілінен бөлім бастығы дәрежесіне дейін көтерілді. Осы аралықта ол Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың заң факультетін тәмамдады. Қызметте адалдығымен, өзінің кәсіби ісіне берілгендігімен көзге түсті. Соның айғағындай, Орман Омарұлы басқарған Шахтинск қалалық СМТКБ облыс бойынша қызметтік көрсеткіші өте жоғары, тәртібі темірдей бөлімдердің бірінен саналды. Білікті басшының ұйымдастыру жұмыстарын өте жоғары деңгейде жүргізуінің арқасында талан-таражға түскен талай мүлік пен қазына мемлекет игілігіне қайтарылды.

1995 жылы қайта құрылған салық милициясына білікті, кәсіби мамандар керек болды. Сондай маманның бірі ретінде Орман Омарұлы жаңа құрылымға қызметке шақырылды. Ұзамай, салық милициясы қаржы полициясына айналып, осы жерде Орман Салқымбаев сынды тәжірибелі маман, үлгілі офицер ішкі істер органдарындағы ұзақ жылғы еңбегінің жемісі ретінде полковник шенін алды. Адал еңбегі, мінсіз қызметі лайықты бағаланып, Ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы басшылары тарапынан бірнеше мәрте алғыс алды, «ІІМ сапындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.



2012 жылдың соңғы айы да Орман Омарұлының қызметтік жолына үлкен өзгеріс әкелген берекелі кезең болды. Полиция полковнигі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Сөйтіп, кешегі ішкі істер органдарында небір шытырман істердің шешімін тауып жүрген полковник қара қылды қақ жарған соттардың қатарына қосылды. 2004 жылы Орман Салқымбаев сот органдарында жүріп өзінің баяғы қызметіне –­­ экономикадағы қылмыстық істермен күресетін кәсібіне бір табан жақындай түсті, яғни, ол Елбасының кезекті жарлығымен Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья болып тағайындалды. Орман Омарұлындай тәжірибелі судьяның небір шытырманды, күрмеуі қиын істерді жілігін шағып, майын ішкендей тындыратын дара қасиеті, әсіресе, атышулы «Валют-Транзит Банкке» қатысты істерді жүргізгенде жарқырай көрінді.









Өмір сынақтарының сыры

Шын мәнісінде, мұндай өте күрделі, кәсіби маманнан аса жоғары біліктілікті талап ететін істер судьялар арасындағы суырылып шығар майталмандарына ғана жүктелетін. «Валют-Транзит Банктің» бұрынғы басшыларының жалған, бір күндік фирмалар құрып, мемлекетке тиесілі дүние-мүлік пен салымшылардың қаражатын талан-таражға салғаны белгілі. Соның бірі – Қарағанды қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер санатына жататын Кеншілердің мәдениет үйі болатын. Бұл ғимарат 1997 жылы «Аргус» деген фирмаға бар болғаны 13 млн. 100 мың теңгеге сатылып кете барған. Ғимарат одан кейін де қолдан-қолға өтіп, алаяқтардың қолында мал табар құралға айналған болатын.

Міне, қалаға талай жылдан бері көрік беріп тұрған осы мәдени ескерткіш ғимаратты қайтарып беру оңайға түспеген болатын. Осы оқиғаға қатысты істі жүргізген судья Орман Салқымбаев өзіне көрсетілген сенімді ақтап, жауапты істі аяғына дейін тап-тұйнақтай етіп жеткізді. Судьяның дерек пен дәлелді жалықпай жинап, аса шыдамдылықпен, мехнатты еңбекпен, кәсіби тұрғыда өте сауатты жүргізген ісі жемісін беріп, әділдік салтанат құрды. Кеншілердің мәдениет сарайы мемлекетке қайтарылып, тарихи ескерткіш халықтың игілігіне айналған болатын. Судья Орман Салқымбаевтың қызметтегі кәсіби болмысын ашатын істің бірі осы еді. Ал шын мәніне келгенде, мұндай түбі берекелі болған жеңісті істер Орман Салқымбаев сынды сырмінез судьяның қызметтік тәжірибесінде, әрине, мол болған, бола да бермек. Біз соның біреуін ғана мысалға алып отырмыз.

Зымыран уақыт көз іліспес шапшаңдықпен өтіп жатыр. Бүгінгі күнде Орекеңнің де самайына ақ қырау түскен. Десе де, ол қатардан қалған жоқ, тұғырдан түскен емес. «Орман Омарұлы сынды тәжірибелі, жастарға үлгі-өнеге болатын мамандар – біздің асыл қазынамыз», – дейді Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының басшысы Мұрат Амангелдіұлы Туғанбаев. Әлбетте, бұған біздің алып-қосарымыз жоқ, әрине.

Өмірдің сан алуан мектебінен өтіп, әбден сырмінез болып қалыптасқан Орман Омарұлына тағдыр Баян Хамитқызы сынды әйел затының перизатын жар етіп жолықтырды. Екі жас бірін-бірі бала күнінен біліп өскен. Үй арасында үй жоқ, көрші тұрды. Орманның әкесі Омар Салқымбайұлы мен Баянның әкесі Хамит Ахмедияұлы заманында араларынан қыл өтпеген дос адамдар болған. Тағдырдың жазуымен, олардың шынайы достығы уақыт өте келе екі баланың көңіл жарастырып, отау тігуіне ұласып, адал достықтың тұғыры құдайындай сыйласқан құдалықпен асқақтай түсті. Екі ақсақалдың мәңгі достығынан сыр шертетін шағын ғана дүние Орман Омарұлының үйінде көнеден қалған асыл жәдігердей күні бүгінге дейін сақтаулы тұр. Ол – Хамит ақсақалдың 1960 жылы Ессентуки курортында демалған шағында Омар досына сыйға тартқан, сыртына жүректен шыққан ақ тілегін қашатып жаздырған хрусталь тостаған еді...



Жарылқасын БИКЕНОВ «Орталық Қазақстан» газеті, 20 қазан, 2010 жыл









Жарылқасын Бикенов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет