Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі25,16 Kb.
#96634
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
көптіл Сайфуллина У.О 14..11


Сайфуллина Улданай Оңдасынқызы
1- Курс «ДОТ» колледжден кейін

  1. "Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы" дегеніміз не?

Сыни тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет