Сынып: Күні: Сайыстың тақырыбы: Сайыстың мақсаты



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі29,5 Kb.
#130845
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сайыс
Презентация Взгляд в будущее (3) compressed compressed, словарь, Шавхатұлы Рахат Midterm, Презентация 6, Серік Бақытгүл, Еділ, Темирханова Сара 2курс(магистратура)
Арнайы сұрақ .Өнер.
Қазақтың күміс көмей әншісі, қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш)
Биология.
Ол біздің организміздегі микробтармен күреседі. Оларды қаптап алып, өлтіреді. Сен дем алатын оттегін бүкіл денеңе таратады. Пайдалынылған газды өкпеге жеткізеді, сосын сен оны деммен шығарасың. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетің жабатын жабысқақ ерекше бір зат өндіреді. Ол не? (қан)
Арнайы сұрақ.
Жаңа сауылған жылы сүтті ашытып, ірітеді одан кейін суалғанша қайнатады. Әбден қайнатқаннан кейін қызыл, сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Кепкен соң май, жүзім қосып жент жасайды. Бұл қандай ұлттық тағам? (Ірімшік)
Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз. Қатысушылардың үш кезең бойынша жинаған ұпайларын айтып берсеңіздер.
Сайысымыздың келесі туры «Дода» деп аталады. Бұл турдың қорытындысы бойынша бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталады. Доданың ережесімен танысып өтейік. Әр топқа 2 минут беріледі. 2 минут ішінде қанша сұраққа жауап беріп үлгерсендер, сонша ұпайды қанжығаларыңа байлайсыңдар.
Екі адам шахматты 2сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ./
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/
Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/
«Талаптың пайдасы» әңгімесінің авторы кім? /Ыбырай/
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/
«Әнұран» сөзі қандай мағына береді? /салтанатты ән/
б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? /қатаң/
Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а,о,ұ,ы/
Ең мықты қандай ағаш? /емен/
Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
Бүлдіргенді жақсы көретін аң. /аю/
Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/
Қай құстың балапаны анасын танымайды? /көкек/
«Әдемі, сұлу, көркем, өнерлі» қандай сөз таптарына жатады? /сын есім/
Айтты, сөйледі, ағаш, күлді... Артық сөзді тап. /ағаш/
Туынды сын есімге мысал келтір. /өнерлі/
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? /40км./
4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? /4мин./
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? /тең/
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? /200кг./
Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартады,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?/1/
Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар? /5бала/
Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? /иә/
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? /сейсенбі/
Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? /жұма/
Бөлмеде 4 мысық отыр, әрқайсысының алдында 3-еуден отыр, бөлмеде неше мысық бар? /4-еу/
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? /3/
Жер-дің қақ ортасында не бар? /е – әрпі/
Бір сыйлықты орауға 70см. жылтыр қағаз керек. 9сыйлыққа неше см. керек? /630/
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/

  • Сонымен, бүгінгі сайысымыздың соңғы кезеңіде аяқталды. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы анықталған болар. Сөзді әділқазылар алқасына берейік.

  • Бүгінгі интеллектуалды сайысымызға қатысушыларға, ұстаздарға және көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет