Сынып математика ережелер натурал сандар және саны. Натурал сан



бет1/9
Дата28.10.2022
өлшемі214,27 Kb.
#155430
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, микр лаб жаңа, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм

5 сынып математика ережелер
НАТУРАЛ САНДАР ЖӘНЕ 0 САНЫ.
Натурал сан- дегеніміз, күнделікті өмірде санауда қолданылатын сандар. Олар 1 ден басталып шексіздікке дейін жалғасады. Әр натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар. 0 саны натурал сан емес.
Координаталық сәуле – дегеніміз, сәуленің 0 басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәулені айтамыз.

Натурал сандарды координаталық сәуледе салыстырғанда, сандардың кішісі сол жақта, ал үлкені оң жақта орналасады.
Кез келген бірдей натурал сандардың қосындысын көбейтінді түрінде жазуға болады. Мысалы: 2+2+2=2*3 (3 рет қосылғаны үшін)
Қосудың ауыстырылымдық қасиеті - қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындының мәні өзгермейді. Мысалы: 5+16=16+5
Көбейтудің ауыстырылымдық қасиеті – көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Мысалы: 3*58=58*3
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті – қосындыдағы ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілін айтамыз. Мысалы 4*47+4*53=4(47+53)
Амалдарды ретімен орындау – дегеніміз, берілген есептегі арифметикалық (қосу, азайту, көбейту, бөлу) амалдарын орындалу ретін сақтау. Ең алдымен көбейту немесе бөлу орындалады. Сосын қосу немесе азайту амалдары. Егер жақша бар болса есепте жақша ішіндегі амалдарды бірінші орындаймыз. Мысалы: 3*4+(5-2)*8= есебінде 1) 5-2 орындалады, 2) бірінші амалдан шыққан мәнді 8 ге көбейтеміз 3) 3*4 орындаймыз 4) екінші және үшінші амал мәндерін қосамыз
Коэфициент – дегеніміз, ол әріпті өрнектегі әріп алдындағы көбейтіліп тұрған сан. Мысалы: 6а+5. Алты саны коэфициент болады.
Өрнектің коэфициенті – дегеніміз, әріпті өрнек ықшамдалып (қосылатындары қосылып, көбейтілетін сандар көбейтіліп) болған соң, әріп(тер)дің алдындағы әріпке көбейтіліп тұрған санды айтамыз. Мысалы: 2а+1,5а өрнегінің коэфициенті 3,5 ға тең себебі өрнектің мәні 3,5а болады. 5а*4b*0,1c өрнегінің коефициенті 2 болады, себебі өрнектің мәні 2abc - ға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет