Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін бөлшектің бөлімін 10 ға еселі санға айналдыру керек. Оның бөлімін жай көбейткіштерге жіктегенде тек 2 немесе 5 немесе 10-ға еселі сандардан құралу керек: = =
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу жай бөлшекті немесе аралас санды кескіндеу сияқты орындалады:
Ондық бөлшектерді салыстырғанда – алдымен олардың бүтін бөліктерін салыстырамыз, егер ол тең болған жағдайда бөлшек бөлігін үтірден кейінгі үлестері бойынша салыстырамыз: 6,78>6,762 , (мұнда бүтін бөліктері тең, 7 лері тең, бірақ 8>6) және координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал кіші ондық бөлшек сол жақта орналасады.
Ондық бөлшектерді қосқанда немесе азайтқанда олардың үтірден кейінгі үлестердегі цифрлар саны теңестіріледі баған түрінде жазылып есептелінеді, үтірлер бір қатарда тұру керек. Мысалы:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде үтірге назар аудармай көбейтеміз. Сосын көбейткіштің үтірінен кейін неше цифр болса, көбейтінді мәнінде сонша қалатындай етіп үтір қоямыз. Мысалы:
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейткенде, көбейткіштердің үтірлеріне назар аудармай көбейтеміз, шыққан мәніне көбейткіштердің үтірінен кейін неше цифр болса сонша цифр болатындай етіп үтір қоямыз:
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу натурал сандарды бөлудегідей орындалады. Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлу аяқталғанда бөліндіге үтір қойылып, бөлу жалғастырылады.
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін бөлгіште үтірден кейін неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек және шыққан өрнек ондық бөлшекті натурал саңға бөлу ережесімен орындалады:
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... сандарына көбейту үшін көбейткіште неше нөл болса, ондық бөлшектегі үтірді сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек. Мысалы: 0,154*100=15,4 4,2*100=420
Ондық бөлшекті 0,1 0,01 0,001 ... сандарына көбейту үшін көбейткіште үтірден соң неше цифр болса, ондық бөлшектегі үтірді сонша цифрға солға қарай жылжыту керек. Мысалы: 0,154*0,1=0,0154 4,2*0,1=0,42