Сынып сағаты: «Адамгершілік- адам бойындағы алтын қазық» Мақсаты



Дата25.04.2020
өлшемі17,74 Kb.
#64635
Байланысты:
Адамгершілік адам бойындағы алтын қазық


Сынып сағаты: «Адамгершілік- адам бойындағы алтын қазық»

Мақсаты:- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Барысы:

І жүргізуші:

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

«Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»-деген екен Вовенарг

ІІ жүргізуші: Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,

әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды

айтып берейін деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер,

әдеп-нормаларын білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.

І жүргізуші: Адамгершілік бастау неде?

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

ІІ жүргізуші: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

І жүргізуші: «Маржан сөздер шыр шертеді»

  1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы - ұстаздан болады.

Жақсылық істеуден жалықпа

Істеген жақсылығына өкінбе!

  1. Бітер істің басына

Жақсы келер қасыңа

Жақсы адам елдің ырысы,

Жақсы сөз- жанның тынысы.

  1. Баймын деп мақтанба, жарлық бар.

Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.

ІІ жүргізуші:

  1. Сыйға сый, сыраға бал.

Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

  1. Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

  1. Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді.

  1. Ар қайда болса ұят сонда.

Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Аға әдепті болса, іні әдепті.

Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.

Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі.

І жүргізуші: «Автопортрет» жаттығуы.
Жаттығу шарты: әр қатысушыға қос беттен беріледі, ол өзінің бойындағы оны басқалардан ерекшелендіріп тұратын 2 қасиетін және сыртқы келбетіндегі ( шаш үлгісі, киім-киісі т.б) 1 ерекшелігін жазуы тиіс. Кейін парақтар жиналып алынады. Жүргізушілер парақтарды оқиды, және кім екендігі анықталады.

ІІ жүргізуші: -Ал енді адамгершілікке байланысты видеоролик тамашалаймыз.

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары :

  1. Амандасу

  2. Үлкенді құрметтеу

  3. Дінінді сатпау

  4. Отанды қорғау

  5. Тілінді құрметтеу

І жүргізуші: «Адамгершілік академиясы»

“Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ”



Сайф Сарай

“Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”



Абай

ІІ жүргізуші

“Арыңды сатпа, теріңді сат, адалдықты ізде”



Шәкәрім

“Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы”



Әл-Фараби

Қорытынды:

І жүргізуші: Адамгершілік қасиет- жеке адамның басындағы емес,

жалпы қоғамның қордалы байлығы.



Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін.

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Павлодар педагогикалық колледжі



Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Адамгершілік-адам бойындағы алтын қазық»



Дайындаған: ММ-22 тобы

Павлодар қаласы, 2018 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет