Күні:
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мектеп ауласына саяхат. Л дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстырады.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Л дыбысы мен әрпі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Ойын «сөз ойла - тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
№1 Тыңдалым.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
Дәптермен жұмыс
Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»
1 - ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 - ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
|
Түрлі тапсырмалар
|
Аяқталуы
16 минут
|
№2 Оқы.
АЛ АЛА АЛАН АЛАН,АЛА допАЛ:
№3 Суреттердің көмегімен ауладан Л әрпін табайық.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
|