Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері



бет1/3
Дата25.12.2021
өлшемі17,69 Kb.
#105400
  1   2   3
Байланысты:
f6024b1ff3f56b0


Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы,

ұйымдастыру түрлері.
Секцияны ұйымдастыру жолдары.Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).

Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.

Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі өте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік - дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.

Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады.

Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.

Мұғалім ұжым кеңесімен бірлесе отырып дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасайды және директордың бекітуіне ұсынады.

Секция жұмысының мазмұны. Секция мұғалімнің және дене тәрбиесі кеңесі мен мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын мұғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы төмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянақты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, мектепішілік және мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардын қатысуын ұйымдастырады; оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Секция спорттың сол түрімен айналысатын оқушыларды Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция жаттығушылардың спорттағы жетістіктерін есепке алып отырады және осы есепті әрбір оқушыға жеткізеді. Ол үшін спорттың сол түрі бойынша секцияның және мектептің рекордтары кестеге түсіріліп, көрнекі орынға ілінеді. Секция мектеп дирекциясы және дене тәрбиесі кеңесі өткізетін көпшіліктік шараларға қатысады, оқушылар өз өнерлерін көрсетуді, ашық сабақтарды, секциядағы спорт түрі бойынша барлық оқушыларға арналған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Секция спорттың сол түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға білдірген оқушылардан арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген оқушылардың барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушыларды белгілеп, бөледі. Дәл осылай етіп жеңіл атлетика секциясы секіру, лақтыру және жүгіруден Президенттік сынамаларды тапсыруға тілек білдірген топтар ұйымдастырылады. Мұндай топтарды тікелей сыныптар бойынша ұйымдастырған тіпті қолайлы.

Мектептің жоғары сыныптары түгелге дерлік жарыс (жолына шығатын шаңғы және жеңіл атлетикалық жаяу жарысқа (кросқа) даярлық кезеңіндегі секция жұмысының ) мәні ерекше. Секция оқушыларды мүшелікке тарту жөнінде үздіксіз жұмыс жүргізуі қажет. Секцияларда өзге оқушыларға спорттың сол түрімен басқа оушылардың айналысуына мүмкіндік бермейтін жабық топтар болмауын кадағалап отыруы керек. Жаңадан катыса бастағандар спорттың сол түрінің техникасын меңгеріп алғанша оларға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Көп жағдайда секцияға жаңа келген оқушы секция басшылығы тарапынан колдау таба алмай, жаттығуға қатысуды тоқтатып, секцияны тастап кетеді. Жаңадан қатысқандар үшін кейде арнайы топтар мен сабақтар ұйымдастырылады. Жаңадан қатысушылармен жаттығулар өткізуге мұғалімге көмектесу үшін жоғары сынып оқушылары арасынан белсенділер тартылады.

Ұжым секцияларында кейде құрамның тұрақсыздығы байқалады, осы мәселеде көп жұмыстар атқарылуы керек. Мұндай тұрақсыздыққа оқушылардың өз уақыттарын дұрыс жоспарлай алмауы, оқу жүктемесінің өте көп болуы, жаттығып жүрген спорт түріне оқушының тиянақты қызығушылығының болмауы, спортты жаңа бастағандарға дұрыс көңіл бөлінбеуі, секцияда өткізілген сабақтардың іш пыстыруы, спортпен айналысудың болашағын түсінбеу және білмеу оқушыларға дене тәрбиесі мұғалімі тарапынан дұрыс қолдау көрсетілмеу, секция сабақтары кестесінің қолайсыз жасалуы және басқалар себеп болады.

Тұрақсыздықтың себептерін мұқият түрде зерттеп білу және әрбір нақты жағдайда оның алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен дене тәрбиесі ұжымының табысты болуына оқу озаттары мен дене тәрбиесі белсенділеріне сүйенетін мұғалімнің тиянақты ұйымдастыру жұмыстары жол салатындығын көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет