Сыныптан тыс оқуыту
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дүрыс үстап, күте білудің ережелерін үйре-теді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқу-лықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғатта-ну т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен та-нысады. Осындай, класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мүғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі кластан тыс оқудың мазмұны мен үйымдастыру жолы жөнінде жаңа программа-ның жобасында былай делінген: «Кластан тыс оқудың мақсаты: баланың кластан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу ; өз бетімен жүмыс істеу дағды-сын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, қүштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану қүмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды үйымдастырудың ең негізгі принципі — оның класта жүргізілетін оқумен ты-ғыз байланыста болуы. Оқушының кластан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады. Оны мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сүрап, класта оқы-ғандарына байланыстырып отырады ... ».
Сөйтіп, класта оқу сабағы жақсы үйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мү-ғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қы-зықтыра алса, кластан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Т. Бигелдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кей-ін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мүғалім С. Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу кластан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақса-тында оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен кластан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтын-саринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтірік-тің залалы» т. б. әңгімелері кластан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды кластан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шы-ғармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, — бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады. Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға кластан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен іріктеп үсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар үйымдастырады т. б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кі-тапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ға-на айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсы-руға болады.
Бастауыш класс оқушыларын оқуға қызықтыру үшін V—VI сынып оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезін-де оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарай-ды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен кластан тыс оқудың маз-мұнына сай, бастауыш класс оқушыларымен мынадай жұхмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ер-тегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі («Балдырған», «Ақ жел-кен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан» газеті) мақала-ларды оқу.
3) Кітаппен жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармалары-на сүрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қоры-тынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығанда-ры жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сүрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында кернекі қүралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кез-десетін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын тал-дауда сол жазушының емірі мен қызметінен толығырақ мағлүмат беруге болады. Мұүндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығарма-сынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қыс-қаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқылана-ды, ал үшіншгсабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш кластарда балалар ертегі оқу-ға өте қүмар келеді дедік. II—III кластарда көбіне жа-нуарлар туралы ертегілерді жақсы көреді. Мұндай са-бақтарға көрнекі қүралдарды балалардың өздеріне жа-сатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан су-реттер де бар («Түлкі мен бөдене» т. б.), ал көптеген ер-тегілер бойынша диафильмдер жасалды.
II—III кластарда оқу үшін үсынылатын материал-дарды мұғалім өзі іріктейді, ал IV класта балалар езде-рі іріктеп алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына си-яқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Үлан» газетіне қызы-ғатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың мектептегі, үйдегі іс-әре-кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз мектебіне, сов-хозына, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткен-дері т. б.), әңгіме үйымдастыру (балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар үнай-ды т. б.).
ә} газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күн-дері шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.
б) «Ұлан» атты газетінің кезекті номерінің қүры-лысымен (макетімен) және мазмүнымен таныстыру. Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.
«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында журналдың кітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады.
Балаларды ез беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т. б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет.Кластан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жө-нінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл — балалар-ды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағды-ландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кі-таптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II—III кластарда балалар оқыған кітаптарының ав-торы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне үнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV класта осы-ларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |