Осылайша, тұрақты көлемде энтропия өзгермей жүретін кез келген қайтымсыз процесс үшін ішкі энергия азаяды, яғни энергиясы ең аз система тұрақты күйде болады
Осылайша, тұрақты көлемде энтропия өзгермей жүретін кез келген қайтымсыз процесс үшін ішкі энергия азаяды, яғни энергиясы ең аз система тұрақты күйде болады.
Соңғы теңсіздікті F = U – TS-ке қойып, аламыз: (dF)T,V
< 0 (2.48)
Олай болса, T және V тұрақты болатын қайтымсыз процесте изохорлық потенциал F кемиді.
Зертханаларда физикалық және химиялық процестер әдетте тұрақты температура мен қысымда жүргізіледі. P және T тұрақты жағдайда (2.43)- өрнек мынадай түрде жазылады:
d(U+PV-TS)T,P < 0 (2.49)
Бұл теңсіздікті G=U+PV-TS-ке қойып, аламыз: (dG) T,P< 0 (2.50)
T және P тұрақты болатын қайтымсыз процестерде, егер тек ұлғаю жұмысы жасалатын болса, онда изобарлық потенциал G кемиді.
Жоғарыда қарастырылған процестер қайтымды болса, онда қайтымсыздық (теңсіздік) белгілерін қайтымдылық (теңдік) белгілеріне алмастырады.
Жоғарыда қарастырылған процестер қайтымды болса, онда қайтымсыздық (теңсіздік) белгілерін қайтымдылық (теңдік) белгілеріне алмастырады.
Изотермиялық процестер үшін (2.30)-теңдеуден термодинамикалық потенциалдың өзгерісін аламыз:
ΔG =ΔН - TΔS ( 2 . 5 1 )
Изобарлық потенциалдың өзгерісі электрхимиялық системалардың электрқозғаушы күшін және химиялық реакциялардың тепе-теңдік константаларын есептеуде қолданылады.
Тұрақты температура мен қысымда тепе-теңдік жағдайы екі қарама-қарсы тенденциямен анықталады: біріншіден, энергияның максималь азаюы жүреді, екіншіден, энтропияның максималь өсуі орын алады. (2.51)- теңдеудегі ΔН – энергетикалық фактор, система энергиясының минималь күйге көшуін көрсетеді; TΔS –энтропиялық фактор, системаның көбірек ретсіздік күйіне көшуін анықтайды.
Энергетикалық факторды сан жағынан жылу эффектісінің мәні (ΔН) бойынша бағалайды. TΔS көбейтіндісі энергия бірлігімен өлшенеді (ΔН сияқты, К∙Дж/К = Дж). Екі фактор химиялық процеске қарама-қарсы әсер етеді. Химиялық процестің жүру мүмкіншілігі осы факторлардың арақатынасымен анықталады. Процесс жүру үшін, жоғарыда айтылғандай, қолайлы жағдай болып системаның энергиясының кемуі мен энтропиясының өсуі саналады: ΔН < 0, ΔS > 0