Сипаттамалық функциялар, термодинамикалық потенциалдар



бет5/10
Дата11.06.2023
өлшемі34,48 Kb.
#178641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сипаттамалық функциялар, термодинамикалық потенциалдар-emirsaba.org

Энергетикалық факторды сан жағынан жылу эффектісінің мәні (ΔН) бойынша бағалайды. TΔS көбейтіндісі энергия бірлігімен өлшенеді (ΔН сияқты, К∙Дж/К = Дж). Екі фактор химиялық процеске қарама-қарсы әсер етеді. Химиялық процестің жүру мүмкіншілігі осы факторлардың арақатынасымен анықталады. Процесс жүру үшін, жоғарыда айтылғандай, қолайлы жағдай болып системаның энергиясының кемуі мен энтропиясының өсуі саналады: ΔН < 0, ΔS > 0

Демек, химиялық реакция жүруінің принципті мүмкіндігі: ΔG = ΔН - TΔS < 0 ΔG<0

Энергетикалық және энтропиялық факторлардың әсерлері теңескенде (ΔН = TΔS) химиялық тепе-теңдік орнайды: ΔG = 0. (2.53)

ΔG >0 болса процесс кері бағытта өздігінен жүреді. (2.38)- теңдеуді (F= U–TS) температура мен көлем тұрақты жағдайда изохорлық потенциалдың өзгерісі түрінде жазсақ: ΔF=ΔU–TΔS

Мұнда да ΔU – энергетикалық фактор, ал TΔS – энтропиялық фактор деп аталады. Процестің өздігінен жүру мүмкіндігі осы екі фактордың қатынасымен анықталады.

Термодинамиканың 2-заңына сәйкес, өздігінен жүретін процесс үшін ΔF< 0 және тепе-теңдік жағдайында ΔF = 0.

Температура мен көлем тұрақты болатын системада изохорлық потенциалдың азаюымен жүретін процестер ғана өздігінен жүреді:

Температура мен көлем тұрақты болатын системада изохорлық потенциалдың азаюымен жүретін процестер ғана өздігінен жүреді:

dF = 0, (2.66)

Тұрақты температура мен тұрақты қысымда изобарлық потенциалдың азаюымен жүретін процестер ғана өздігінен жүреді.

Процестердің шегі, яғни тепе-теңдік жағдайы G функциясының берілген жағдайда минималь мәнге жетуімен анықталады.

dG=0, (2.67)

Бірақ бұдан F және G функциясының өсуімен жүретін процестер болмайды деген түсінік тумауы керек. Ондай процестер сырттан жұмыс жұмсағанда (мысалы, электр тогының немесе жарықтың әсерімен) ғана іске аса алады.


Температура өзгергенде изобарлық және изохорлық потенциалдың өзгерісі энтальпияның және ішкі энергияның өзгерісімен қарапайым қатынаспен анықталады. Бұл байланысты Гиббс пен Гельмгольц бір-біріне тәуелсіз ұсынған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет