Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп жасалған жұмыстар.
Қазан айында 7-11 сынып оқушыларынан «Құқық бұзушылықтың алдын алу» жасырын сауалнама алынды. Мақсаты: Оқу мекемесіндегі құқық бұзушылық пен оқушыларды қорқыту фактілерін анықтау. Нәтижесі: «Құқық бұзушылықтың алдын алу» сауалнамасының қорытындысы бойынша оқушылар арасында қорқыту фактілері анықталған жоқ.
Қараша айында 7-11 сынып оқушыларымен «Шылымдық қоспалар барса келмеске жібереді» тақырыбында кеңестер берілді. Мақсаты: оқушыларды темекінің құрамында кездесетін зиянды заттармен таныстыру. Нәтижесі: оқушылармен шылым қоспалары және темекінің құрамында кездесетін зиянды әдеттермен таныстыру әңгіме, сұхбат сабағы өтілді.
Желтоқсан айында «ЖИТС-тің жұғу жолдары» тақырыбында баяндама оқылды. Мақсаты: Жасөспірімдерге ЖИТС-тің жұғу жолдары,алдын алу және оның белгіері туралы мәлімет беру. Нәтижесі: Мектеп медбикесі сынып жетекшілермен бірігіп, әр сыныппен жеке кездесулер өткізді. Кездесу барысында «ЖИТС-тің жұғу жолдары» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында баяндама оқылып, видеороликтер көрсетілді. Баяндама барысында оқушыларды жалпы ЖИТС-тің шығу тарихымен, оның жұғу жолдары, одан сақтану ережелерімен оның белгілері жайында таныстыра кетті. Оқушыларға материалдар слайд түрінде дайындалып көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |