Ситуациялық есептерге жауаптар:
№1 есеп
1.Клиникалық диагноз- созылмалы панкреатит. Ол диффузды немесе сегментарлы фиброзбен қосарланған, функционалды жеткіліксіздік пен этиологиялық факторлардың əсері тоқтағаннан кейін үдеумен дамитын, фокальдық некрозбен мінезделетін ұйқы безіндегі қабынулық-деструктивті процессі.
2. Емдеу тактикасы: Емдеу ұзақтығы: 14 күн.
Дəрі-дəрмексіз ем: Диета №5.
Дəрі-дəрмектік ем:
СП асқынуының ауыр дəрежесінде шұғыл жəрдемге кіреді:
1. Ұйқыбездің функционалды белсенділігінің минимумға дейін төмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылы асқазан ішіндегіні аспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу венаіщіне) немесе протондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне).
2. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəне оның аналогтары октреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет).
3. Қан айналымнан қабыну медиаторларын алып тастау (тұзды ерітінділермен инфузиялық терапия).
4. Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттік препараттарды тағайындау.
5. Инфекциялық асқынулармен күресі үшін жəне олардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарының антибиотиктерін немесе стандартты дозада синтетикалық пенициллиндерді тағайындау көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |