Сұйықтар. Сұйық ерітінділері. Жоспар



бет5/13
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#88050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
120339968757 №12 дәріс. Сұйықтар. сұйық ерітінділері

СИ-да беттік керілу коэффициенті Дж/м2 немесе Н/м өлшенеді. Сондықтан сұйықтың беттік қабатының молекулаларының сұйық ішіндегі молекулаларына қарағанда артық потенциалдық энергиясы болады. Сұйық бетіндегі молекулаларының потенциалдық энергиясы оның бетінің ауданына пропорционал:

Ep = Aсырт = σS.

Белгілі бір қысым түсірілгенде сұйықтың көтерілу биіктігі әсіресе өте жіңішке түтіктерде жақсы байкалады. Бұл жіңішке түтіктер капилляр түтіктер деп аталады. Сұйықтың жіңішке түтіктегі деңгейі биіктігінің өзгеру құбылысы капилярлық деп аталады.

Капиллярдағы сұйық капиллярдағы сұйық бағанына әсер ететін ауырлық күші, сұйықтықтың капилляр бетімен жанасқан шекарасы бойымен әсер еткен беттік керілу күштерінің тең әсерлі күштің модуліне тең болғанша көтеріледі: Fт = Fн, мұндағы Fт = mg = ρhπr2g, Fн = σ2πr cos θ.


Толық дымдау кезінде θ = 0, cos θ = 1
Толық дымдамау кезінде θ = 180°, cos θ = –1, сондықтан h < 0. Капиллярдағы дымдамайтын сұйықтың деңгейі капилляр түсірілген ыдыстағы сұйықтың деңгейінен төмен түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет