Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің Жаным сенен жаратылған өлкемсің



Дата24.12.2021
өлшемі17,13 Kb.
#104785
Байланысты:
Жүргізуші


Жүргізуші: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырғым келеді.

1-оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,


Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
5 оқушы

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,


Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

6 оқушы


Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын.

     Сонымен қатар, Бейнеу жері мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені. Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3.Акқу көлін аңсайды,


Адам туған жерін аңсайды. 
4.Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне.

5.Пәлен жерде пайда бар,    


өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, 
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

8.Туған жер — тұғырың, 


Туған ел — Қыдырың.

9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Жүргізуші: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. Ортаға «көк тудың желбірегені » әнімен сыныбымыз оқушыларын шақырамыз.

Тәуелсіздік қасиетті  ұғым бұл,

Ей,  келешек  жан-тәніңмен  ұғып бұл,

Он  бір  әріп не мағына  береді,

Ал  талдайын, жеткенінше  қызыл тіл,   -дегендей  сөз  кезегін  оқушыларға берейік:

Т
Әрпі білдіреді  теңдікті


Ә
Әрпі әдептілік әлдікті
У
Әрпі уайымсыз уақытты
Е
Әрпі  егемендік  елдікті
Л
Әрпі дейді  лағып  лепірме
С
Әрпі сенімділік  секілді ең
І
Әрпі ілтипат  пен  ізет  қой
З
Әрпі зиялылық  тілек  қой

Д
Әрпі шақырады  достыққа


І
Әрпі  ілкімді  боп  сақтыққа
К
Әрпі дейді  күн  бол  көктегі,

Көз  аларпа  көршілерге  қол  сұқпа


Жүргізуші:

-Сонымен  балалар,  осы  әріптерден  қандай  сөз  құрастырылды? (Балалар тәуелсіздік  деп жауап береді)



Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  біздің «Армысың, Туған жерім – Атамекенім!» атты тәрбие  сағатымызды  аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт  тілейміз. Отанымыз  гүлдене  берсін, Қазақстанымыз туымыздағы  қырандай  самғай  берсін! Хош, сау-саламат болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет