Сманова ақмарал смаилқызы студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру



бет2/2
Дата17.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#9736
түріДиссертация
1   2

басқа мамандыққа ауысқысы келетіндігін білдірді. Студенттердің басым бөлігін ұлттық киім үлгісін әзірлеуді үйренгісі келетіндігін айтты, дегенмен олар осы әзірлеудегі еңбектің мәні мен маңызын терең түсінбейтіндігін байқатты.

Сондай-ақ, осы саладан кәсіби қызметін бастағалы тұрған, диплом жобасын қорғау алдындағы 4 курс студенттерінің болашақ кәсібіне қатынасын, ұлттық киім үлгісін әзірлеуге бағыттылығын, еңбекке көзқарастарын, еңбекке белсенділіктерін, еңбек жетістіктерін бағалау деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен тапсырмалар жауаптары олардың 37 %-ның кәсібіне жағымды қатынасын, оның мәнін түсінетіндігін, өз ісінде белсенділік танытатындығын, жетістігінің тек қана еңбекпен келетіндігін жете түсінетіндігін, кәсібінің қоғам үшін маңыздылығын білетіндігін білдірді, Олардың 28 % өзінің кәсібінің мәнін материалдық қызығушылықпен байланыстырса, 385 % бүгінгі таңда бұл кәсіптің беделінің басымдығын, осыған сәйкес өзінің атын шығару мен қызметтік өсуін қалайтындығын жасырмады. Айта кететін жәйт осы студенттердің басым бөлігінің ұлттық киім үлгісін әзірлеуге қызығушылықтарының бар екендігін, білгісі, әзірлегісі келетіндігін, бірақ оның мазмұны мен жасалу ерекшеліктері бойынша білім, іскерлік, дағдыларының жоқтығын айтты. Таңқаларлығы қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеуге қызығушылықтары бар студенттердің құрамында басқа ұлт өкілдері (орыс, татар, әзірбайжан және т.б.) де аз болған жоқ.

Сондай-ақ, студенттердің дипломдық жобасын қорғауда ішінара көрініс алған ұлттық киім үлгілерінің сапасы мен әзірленуі төмен деңгейде болды, оны студенттер арнайы білім, іскерліктерінің жетіспегендігінен, әсіресе ұлттық киімнің кестелеу өнерін жетік меңгермегендігінен, ұлттық киім әзірлеудегі халықтық дәстүрлерді білмейтіндігінен екендігін түсіндірді.

Анықтау эксперименті нәтижелерін ескере отырып біз студенттердің ұлттық киім үлгісін жасау арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру экспериментінің әдістемесін жасадық. Қалыптастыру эксперименті 3 кезеңнен тұрады.

Қалыптастыру экспериментінің 1-кезеңінде студенттердің қазақ ұлттық киімдері саласынан теориялық білімін кеңейту мақсатында «Бүкіл әлем киім тарихы» (1-курс), «Топтама бұйымдарын жобалау» (2-курс), «Көркем кестелеу» (2-курс) пәндері тақырыптарының мүмкіндіктері пайдаланылды. «Бүкіл әлем киім тарихы» пәнінен студенттерге қазақ ұлттық киімдерінің тарихы, атаулары, киімнің дамуына байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер, олардың ерекшеліктері, атқаратын қызметі меңгертілді, қазақ ұлттық киімдерінің тарихы мен мазмұны басқа ұлт киімдері тарихымен салыстырыла түсіндірілді. «Топтама бұйымдарын жобалау» пәнінде ұлттық киім формасын жобалау теориясы, композициясының заңдылығы, негізгі және типтік формалары, олардың эскиздерін, макеттерін құрастыру, графикалық бейнелеу әдістері, ұлттық киімдердің байырғы түрлері мен қазіргі типтерінің формаларын жобалау ерекшеліктері меңгертілді. «Көркем кестелеу» пәнінде кесте өнерінің тарихы, даму бағыттары мен қолдану аясы, киімге салынатын кесте түрлері, кестелеу технологиясына байланысты оның алуан түрлі қол тігіс түрлері (отызға жуық), оларға байланысты әдет-ғұрыптар, ырымдар, тыйымдар, кесте сызбаларын сызу мен композициясын құру үйретілді.

Нәтижесінде студенттердің ұлттық киімдерге сыйластықты көзқарасы мен жағымды қатынасы қалыптасты. Қазақ ұлттық киімдері саласынан мазмұндық-танымдық білімдері тереңдеді. Ұлттық киім үлгісін әзірлеуге әуестігі, оны білуге құмарлығы артты. Мұны студенттердің қазақ ұлттық киім үлгілері бойынша жазған рефераттары, эсселері, жобалаған эскиздері, сызбалары, макеттері, орындаған кестелері дәлелдеді.

Қалыптастыру экспериментінің 2-кезеңінде студенттердің эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, еріктік, іс-әрекеттік компоненттеріне бойынша деңгейлерін жоғарылату мақсатында «Материалмен жұмыс» пәнінде шапан үлгісін әзірлеудің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктері меңгертілді. «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» (Кесте 2) элективтік курсы оқытылды. Курс бағдарламасы 90 сағатқа (2 кредит) арналған, оның 22 сағаты – дәріс, 26 сағаты – СОӨЖ, 42 сағаты – СӨЖ. Курстың дәріс сабақтарында студенттердің қазақ ұлттық киімдері саласынан алған білімдері тереңдетілді, практикалық сабақтарында ұлттық киім үлгісін жасау іскерліктері мен дағдылары, шеберліктері шыңдалды. Олар өздері қызыққан, білуге құмартқан ұлттық киім үлгісін өз қолдарымен жасап, қиындығы мен қуанышын, нәтижесіне қол жеткізгенін сезінгенде олардың осы пәнге, өзі таңдаған кәсібіне қызығушылықтары арта түсті. Ұлттық киім үлгілеріне аялы қатынастары артты. Ұлттық киімдердің халық өміріндегі рухани және материалдық тұрғыдағы мәнін, қоғамдық маңыздылығын, мемлекет дамуындағы мәдениет көрсеткіштерінің бірі екендігін түсінді. Ұлттық
2-кесте - «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» атты элективтік курс тақырып жоспары


Тақырып атауы


Дәріс

СОӨЖ

CӨЖ


1

«Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» атты курстың мақсаты мен міндеттері, тапсырмалары.

1

1

-

2

Қазақ ұлттық киімдерінің шығу және даму тарихы

2

1

2

3

Қазақ ұлттық киімдерінің жіктемесі

3

3

4

4

Қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

1

2

4

5

Қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметтері

1

1

2

6

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мазмұндық ерекшеліктері

2

2

3

7

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің композициялық ерекшеліктері

3

4

7

8

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің техникалық ерекшеліктері

2

1

2

9

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің конструкциялық ерекшеліктері

2

3

7

10

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің технологиялық ерекшеліктері

3

6

9

11

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі еңбектің мәні мен маңызы

1

1

2

12

Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы рөлі.

1

1







Барлығы

22

26

42

киім үлгісін әзірлеудің күрделі де табанды еңбек арқылы жүзеге асатындығына аса мән берді. Есесіне студенттердің еңбек ету дағдылары артты.

Қалыптастыру экспериментінің 3-кезеңінде және «Іс тіге біл» студиясының (3-4 курс) бағдарламасы меңгертілді, өндірістік практика (3-4 курс), дипломдық жоба мүмкіндіктері пайдаланылды. Студия шеберханасында, өндірістік практика, дипломдық жоба жасау жұмыстары барысында студенттердің қазақ ұлттық киім саласынан меңгерген білімдері, іскерліктері мен дағдылары, шеберліктері дамытылды. Олардың осы игерген білімдерінің нәтижесін көрсетуге мүмкіндіктері туындады. Өздерінің қолдарымен дайындаған еңбек өнімінің өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, мемлекетке қуаныш, табыс әкелетіндігіне көздерін жеткізді. Еңбек етуге белсенділіктері артты. Мұны студенттердің Сән көрмелерінде, Сән апталықтарында, Сән подиумдарында иеленген жүлделі орындары (Нұржан Гүлмамыр, Сариева Айгүл және т.б.), дипломдық жобаларда орындаған «Әсем сызықтар», «ЕркеНаз», «Баян сұлу», «Кербез», «Арай» топтамалары дәлелдейді.

Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру процесінде жеке, топтық, ұжымдық ұйымдастыру формалары қолданылды. Оқытудың дәстүрлі әдістері ауызша (әңгіме, әңгімелесу, дәріс, баяндама, нұсқау, кеңес беру және т.б.), көрнекілік (иллюстрациялар, оқытудың техникалық құралдары, табиғи объекттер, әдістемелік кестелер және т.б.), практикалық (жаттығу, үлгімен жұмыс істеу, шығармашылық жұмыс және т.б.) әдістерді қолданудың мүмкін екендіктері анықталды. Сондай-ақ, инновациялық технологиялардың проблемалық оқыту, дамыта оқыту, ұқсастыру, модельдеу, ақпараттық технология түрлерінің мүмкіндіктері пайдаланылды. Мәселен, ұлттық киім үлгісінің композициясын жобалауды меңгертуде ақпараттық технологияның компьютерлік бағдарламаланған оқыту, материалды компьютердің көмегімен оқу, компьютер қоры негізінде оқу, компьютер қорымен оқыту, компьютер арқылы бағалау, компьютерлік коммуникация әдістері қолданылды.

Қалыптастыру эксперименті барысында эксперимент топтарындағы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру процесінде мынадай өзгерістер болды (Кесте 3).

Эксперименттік қорытынды нәтижесі бойынша студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру деңгейі анықталды. Эксперимент тобы бойынша, эксперимент басында cтуденттердің 1,3 % жоғары деңгей көрсетсе, соңында 11,2 %-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді 13,2 % көрсетсе, соңында 32,3%-ға жетті; орта деңгейді эксперимент басында 42,3 %-ға көрсетсе, эксперимент соңында 54,6% -ға артты, ал төмен деңгейді басында 43,2 % көрсетсе, соңында ол 2,2 %-ға төмендеді. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
3-кесте – Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығының қалыптасу деңгейлерінің қорытынды көрсеткіштері (%)

Деңгейлер

Кесінділер

Эксперимент тобы – 54

Бақылау тобы –51

Жоғары

Басы

1,3

2,2

Соңы

11,2

3,4

Жеткілікті

Басы

13,2

8,3

Соңы

32,3

12,6

Орта

Басы

42,3

44,1

Соңы

54,6

48,3

Төмен

Басы

43,2

45,4

Соңы

2,2

35,7

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысы студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру моделінің оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің деңгейлерінің дұрыстығын, сондай-ақ ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.


Қорытынды

1. «Қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «пәнге қызығушылық» ұғымдарының ара қатынасын зерттеу оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама беруге, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетуге және «еңбекке қызығушылық» түсінігін зерттеу пәнімізге сәйкес нақтылауға мүмкіндік тудырды. Сондай-ақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылықты қалыптастыру механизмін жасауға ықпал етті.

2. Қазақ ұлттық киімдерінің даму тарихын және мазмұнын зерттеу оның қайсыбір түрінің қай кезеңде дамып жетілгенін, қай түрінің басымырақ дамығандығын, қай түрінің қай кезеңдерде тоқырап қалғандығын айқындауға; жіктемесін жасауға; ерекшеліктерін, атқаратын қызметін анықтауға және оларға жан-жақты сипаттама беруге септігін тигізді.

3. Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мазмұнына жүргізілген зерттеу оның танымдық, көркем-шығармашылық, өндірістік процесстердің бірлігінде құралатындығын негіздеуге көмектесті және оның студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға негіз болды.

4. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығы қалыптасқандығының деңгейі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, еріктік, іс-әрекеттік, нәтижелілік компонеттерінің бірлігінде және оған сәйкес көрсеткіштер мен өлшемдерінің негізінде жасалған құрылымнан талап етіледі.

5. Педагогикалық технологиялардың негізінде (проблемалық оқыту, дамыта оқыту, ұқсастыру, модельдеу, ақпараттық технология) студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекеттер таңдау пәндерін оқыту кезінде, өндірістік практика барысында, дипломдық жоба жасау жағдайында, оқу-танымдық әрекеттер үдерісінде кездескен қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік берді.

6. Қазақ ұлттық киімдерінің мазмұнын жүйелеу мен педагогикалық жіктеме негізінде жасалған пән бағдарламаларына қосымшалар, элективтік курс, студия жұмысының бағдарламалары мен жоспарлары және оларды өндірістік практикада, дипломдық жоба жасауда пайдалануға байланысты оқу- әдістемелік нұсқаулар осы проблеманы тиімді шешуге көмектеседі.

9. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелілігі ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері бойынша анықталады.

Зерттеудің нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Қазақ ұлттық киім түрлерінің жіктемесі, ерекшеліктері мен атқаратын қызметінің топтамасының мазмұны осы саладан білім алушыларға теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге септігін тигізеді. Оларды мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың әдістемелік бағдарламаларына енгізген жөн.

2. Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің жіктемесін және оның мүмкіндіктерін студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажет.

3. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыруды біздің ұсынып отырған пән бағдарламаларына қосымшалар, элективтік курс, студия жұмысының бағдарламалары, өндірістік практиканы жүргізуге, дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар бойынша жүзеге асырған дұрыс.

4. Ұсынылып отырған әдістемені элективтік курс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларды мұғалімдер білімін жетілдіретін курстарда оқушылардың еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады.

5. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ЖОО жанында қолөнер мұражайын, тігін шеберханасын, сән театрын, студияларын құру қажет. Сондай-ақ байқаулар, көрмелер, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастырған орынды.

Зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеуге танымдық қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгісін әзірлеу дәстүрлеріне қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру; ұлттық киім үлгілеріне эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері арнайы зерттеуді қажет етеді.


Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
1 Оқу-өндірістік тігін шеберханасында студенттерді кәсіби шыңдау. // I халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Сымбат сән бизнес академиясы. –Алматы, 2002. –Б.216-220.

2 Киім үлгілеуге студенттерді даярлау ерекшеліктері. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА –Алматы, 2002. –Б.343-347. (М.С.Сайдаевамен авторлық бірлестікте).

3 Қазіргі таңдағы еңбек пәнінің маңызы мен қажеттілігін қоғам талабына лайық ұйымдастыру.//Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ҚазМемҚызПИ –Алматы, 2002. –Б.102-105. (К.А. Шагировамен авторлық бірлестікте)

4 Студенттерге ою-өрнек кешені пәнін оқытуда тіл мен өнерді қатар дамытудың кейбір мәселелері. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Абай атындағы ҚазҰПУ –Алматы, 2005. –Б.239-242.

5 Жаңаша ұлттық киімдерді үлгілеу. ҚазМемҚызПИ Хабаршы № . 2006. –Б.62-66.

6 Кәсіптік білім берудегі мұғалімнің практикалық даярлығын қалыптастыру. //Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің материалдар жинағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ. –Алматы, 2007. –Б. 48-55. (Ж.А. Асқаровамен авторлық бірлестікте).

7 Кәсіптік білім мамандарыныің еңбекке деген патриоттық сезімдерін жетілдіру. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. –Шымкент, 2007. -Б.126-129.

8 Кәсіптік білім мамандарының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. ҚазМемҚызПИ Хабаршы №3. 2007. –Б.78-81.

9 Мектептегі технология пәнінде жаңа әдістерді қолдану (тезис) ҚазМемҚызПИ Хабаршы. №3. –Алматы, 2007. –Б. 76-78.

10 Тасмоншақ өнерін меңгерту арқылы оқушыларды еңбекке үйретіп, эстетикалық сезімдерін жетілдіру. //Еңбекке үйрету республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.№7-8. Алматы, 2007. –Б.22-25.

11 Өндірістік іс-тәжірибені жүйелі ұйымдастыру. /Бастауыш мектеп. № 12. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. –Алматы, 2007. –Б. 55-56.

12 Болашақ технология пәні мұғалімдерін тігін ісіне еңбекке баулу арқылы үйрету. Ұлт тағлымы. № 4 (1) /2007. –Б. 212-215.

13 Материалмен жұмыс пәнін оқытуда киім үлгілеуге студенттер іскерлігін қалыптастыру. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. № 4(13). –Алматы, 2007. –Б. 64-68.

14 Жоғары оқу орнының «Киім дизайны» мамандығының студенттеріне дипломдық жобаға (жұмысқа) арналған (әдістемелік нұсқау) –Алматы, 2007-46 б. (Н.Б. Рахметова, Г.Н. Ахметовалармен авторлық бірлестікте)

15.Шеберхана сабақтарында студенттерді еңбекке баулу. //Халықаралық ғылыми-практикалық материалдары. . ҚазМемҚызПИ –Алматы, 2008. –Б. 521-525.

16. Ұлттық киімдер: кеше, бүгін, ертең. /Қазақстан мектебі. № 3. –Алматы, 2010. –Б. 54-56. (Л.Керімовпен авторлық бірлестікте).





РЕЗЮМЕ
Сманова Акмарал Смаилкызы
Формирование у студентов интереса к труду посредством разработки моделей национальной одежды
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
Актуальность темы. Сегодня перед государством и обществом стоит задача не только сохранить, но и приумножить интеллектуальный потенциал нации, подготовить к жизни новые поколения с тем, чтобы они несли в себе лучшие качества – патриотизм, духовность, профессионализм. Важнейшим в формировании интеллектуальной нации является духовное и трудовое воспитание молодежи. Как отметил Президент, «знания и профессиональные навыки не могут быть созидательной силой, если они не основаны на национальных приоритетах, нравственных ценностях». В этом плане национальный костюм играет роль своеобразной брони, которая позволяет считать себя частью национального сообщества и чувствовать поддержку и защиту со стороны ее нации. Кроме того, национальная одежда несет в себе воспитательную функцию – ношение костюма формирует осознание принадлежности к своему народу и питает чувство патриотизма и гордости за свою страну. Народный костюм отличается особенностями кроя, композиционно – пластического решения, фактуры и колорита ткани, характера декора (мотивами и техникой выполнения орнамента), а также составом костюма и способом ношения различных его частей. Актуальность темы данного исследования представляется вполне оправданным, если учесть, что процесс формирования у студентов интереса к труду посредством разработки моделей национальной одежды до сих пор системно не изучался.

Цель исследования – теоретическое обоснование и разработка методики формирования у студентов интереса к труду посредством разработки моделей казахской национальной одежды.

Объект исследования – учебно-воспитательный процесс в высшем учебном заведении.

Предмет исследования – процесс формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей казахской национальной одежды.

Задачи исследования:

- определить теоретические основы формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды;

- определить возможности разработки моделей национальной одежды в формировании интереса к труду у студентов;

- разработка модели формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды и определить критерии, показатели и уровни ее сформированности;

- разработка методики формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды.

Научная новизна исследования и теоретическая значимость

- определены теоретические основы формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды;

- определены возможности разработки моделей национальной одежды в формировании интереса к труду у студентов;

- разработана модель формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды и определены критерии, показатели и уровни ее сформированности;

- разработана методика формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национальной одежды и осуществлена проверка ее эффективности в учебно-воспитательной работе.

Практическая значимость исследования.

- типовые программы дисциплин «конструкция технология даярлау негдері», «арнайы сурет және ою-өрнек»;

- приложения к содержанию программ по дисциплинам «киім тарихы», «топтаманы жобалау», «материалмен жұмыс»;

-образец семестровой работы для дисциплины «материалмен жұмыс», методические разработки дипломных проектов (работ) для студентов специальности «Дизайн одежды»;

-программа элективного курса «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы»;

- программа для студии «Іс тіге біл».

Результаты исследования могут найти применение в высших и средних специальных педагогических, художественно-технических учебных заведениях, в учреждениях переподготовки и повышения квалификации.

На защиту выносятся следующие положения:

1. Казахский национальный костюм – ведущее средство формирования интереса к труду у студентов. Это связано с тем, что он с точки зрения его эстетической действенности, создает положительное эмоциональное отношение (любопытство к национальной одежде); способствует накоплению знаний о богатой истории и глубоком содержании, социальной значимости и особенностях, классификации (интерес к предмету); стимулирует усердие к освоению различных сложных техник и технологий изготовления моделей национальной одежды (интерес к профессии); таким образом, готовность самостоятельно конструировать модели национальной одежды и стремление к достижению успеха через производительный труд формируют устойчивый интерес к труду.

2. Содержательная и технологическая особенности казахского национального костюма. Знание истории возникновения и развития, классификации, особенностей, функций костюма оказывает влияние на формирование у студентов познавательного интереса, а художественно-творческий, производственный процесс разработки и изготовления моделей национальной одежды развивает эстетическое восприятие, вкус, культуру и силу творческого воображения, фантазию, активность, способствует выработке навыков к труду, оттачивает мастерство.

3. Модель формирования интереса к труду у студентов посредством разработки моделей национального костюма охватывает единство таких компонентов, как эмоционально-мотивационный, содержательный, интеллектуальный, волевой, деятельностный, результативный, и характеризуется уровнем конкретных показателей.

4. Систематизированные знания в области казахского национального костюма и программа элективного курса, разработанный с учетом особенностей его изготовления, программы кружков и разработка научно-методических указаний для их осуществления и внедрение их в практику, использование различных методов и индивидуальной, групповой, коллективной системы форм способствуют эффективному формированию интереса к труду у студентов.

Диссертационное исследование не претендует на всестороннее раскрытие рассматриваемой проблемы. Дальнейшее её развитие может быть продолжено в следующих направлениях: формирование интереса у студентов к разработке моделей национальной одежды; формирование интереса у студентов к традициям разработки моделей национальной одежды; формирование интереса у студентов к профессии посредством разработки моделей национальной одежды; формирование познавательного интереса студентов к национальной одежде, формирование эстетического интереса студентов к национальной одежде.




THE RESUME
Smanova Akmaral Smailkyzy
Formation at students of interest to work by means of development of models of national clothes
13.00.01 - the General pedagogics, history of pedagogics and education, ethnopedagogics
Urgency of a theme. Today before the state and a society there is a problem not only to keep, but also to increase a mental potential of the nation, to prepare for a life new generations so that they carried in themselves better qualities - patriotism, spirituality, professionalism. The major in formation of the intellectual nation is spiritual and labour education of youth. As the President has noted, « the knowledge and professional skills cannot be creative force if they are not based on national priorities, moral values ». In this plan the national suit plays a role of the original reservation which allows to consider itself as a part of national community and to feel support and protection from its nation. Besides the national clothes carry in itself educational function - carrying of a suit forms comprehension of an accessory to people and feeds feeling of patriotism and pride of the country. The national suit differs features of a cut, is composite - the plastic decision, the texture and colour of a fabric, character of a decor (motives and technics of performance of an ornament), and also structure of a suit and way of carrying of its various parts. The urgency of a theme of the given research is represented quite justified if to consider, that process of formation at students of interest to work by means of development of models of national clothes till now is system was not studied.

The purpose of research - a theoretical substantiation and development of a technique of formation at students of interest to work by means of development of models of the Kazakh national clothes.

Object of research - teaching and educational process in a higher educational institution.

Object of research - process of formation of interest to work at students by means of development of models of the Kazakh national clothes.

Research problems:

- to determine theoretical bases of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes;

- to determine opportunities of development of models of national clothes in formation of interest to work at students;

- development of model of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes and to determine criteria, parameters and its levels of formation;

- development of a technique of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes.

Scientific novelty of research and the theoretical importance

- theoretical bases of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes are certain;

- opportunities of development of models of national clothes in formation of interest to work at students are certain;

- the model of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes is developed and criteria, parameters and its levels of formation are certain;

- the technique of formation of interest to work at students by means of development of models of national clothes is developed and check of its efficiency in teaching and educational work is carried out.

The practical importance of research.

- typical programs of disciplines «Конструкция технология даярлау негдері», «Арнайы сурет және ою-өрнек»;

- appendices to the contents of programs on disciplines «Киім тарихы», «Топтаманы жобалау», «Материалмен жұмыс»;

- the-sample of semestrial work for discipline «Материалмен жұмыс», methodical development of degree projects (works) for students of a speciality «Design of clothes »;

- the-program of elective course «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы»;

- the program for studio «Іс тіге біл».

Results of research can find application in the supreme and average special pedagogical, is art-technical educational institutions, in establishments of retraining and improvement of professional skill.

On protection following positions are taken out:

1. The Kazakh national suit - leading means of formation of interest to work at students. It is connected by that it from the point of view of its aesthetic effectiveness, creates the positive emotional attitude (curiosity to national clothes); promotes accumulation of knowledge of rich history and the deep contents, the social importance and features, classification (interest to a subject); stimulates diligence to development various difficult technique and manufacturing techniques of models of national clothes (interest to a trade); thus, readiness independently to design models of national clothes and aspiration to achievement of success through productive work form steady interest to work.

2. Substantial and technological features of the Kazakh national suit. The knowledge of history of occurrence and development, classification, features, functions of a suit influences formation at students of cognitive interest, and is art-creative, production of development and manufacturing of models of national clothes develops aesthetic perception, taste, culture and force of creative imagination, imagination, activity, promotes development of skills to work, perfects skill.

3. The model of formation of interest to work at students by means of development of models of a national suit covers unity of such components as is emotional-motivational, substantial, intellectual, strong-willed, activity, productive, and it is characterized by a level of concrete parameters.

4. The systematized knowledge in the field of the Kazakh national suit and the program elective course, developed in view of features of its manufacturing, the program of circles and development of scientifically-methodical instructions for their realization and their introduction in practice, use of various methods and individual, group, collective system of forms promote effective formation of interest to work at students.

Dissertational research does not apply for all-round disclosing of a considered problem. Its further development can be continued in following directions: formation of interest at students to development of models of national clothes; formation of interest at students to traditions of development of models of national clothes; formation of interest at students to a trade by means of development of models of national clothes; formation of cognitive interest of students to national clothes, formation of aesthetic interest of students to national clothes.




СМАНОВА АҚМАРАЛ СМАИЛҚЫЗЫ

Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика

және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
а в т о р е ф е р а т ы
Басуға 28.05.2010 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1\16. Офсеттік қағаз.

Әріп түрі «Таймс». Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 1,5.

Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 317


«Әрекет-Принт» баспаханасында басылды.

050036, Алматы қаласы, 12-ықшамаудан, 16/69



Тел\факс 221-84-55





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет