Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1


Жалаңаш қалталылардьщ филогенезі



бет15/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

Жалаңаш қалталылардьщ филогенезі. Бұлар — аскомицеттердің ішіндегі ең карапайым құрылымдысы. Бұлардың шығу тегін жыныс процестерінің бір-біріне ұқсастығына қарап, зигомицеттердің біреуінен шыққан деп қарауға болады. Жыныс процесіндегі айырмашылық зигомицеттерде зигота тыныштық кезеңін басынан өткізгеннен кейін редукциялы жолмен бөлінеді, сөйтіп гаплоидты спора түзеді. Ал жалаңаш қалталыларда зигота тыныштық кезеңге көшпей, бірден қалта дамиды. Мұнда да редукциялы бөліну болады, одан гаплоидты аскоспора түзіледі. Сонымен, көп клеткалы мицелийі бар эндомицесс сияқты алғашқы қалталылар зигомицеттерден дамыған. Мицелийі жоқ ашытқы саңырауқұлағы тез кебетін қантты сұйық ортада тіршілік етуіне байланысты мицелийдің түзілуі түрін сақтауда және оның таралуының қолайсыз болғандықтан, екінші рет өзеріске ұшыраудан пайда болған.

Жалаңаш қалталыларда қалтаның дамуы екі бағытта жүрген болу керек. Бірінші алғашқы қалталылардың тіршілік орталығының ерекшелігіне байланысты қалталар шашылып жату бағытында дамыса, ал екінші, тафриналыларда паразиттік тіршілік етуіне байланысты қалталар жинақталып, белгілі бір қабатқа орналасу жағдайына қарай бағытталып дамыған. Жемісті денелерінің болмауына байланысты бұларды алғашқы қалталылар мен жақындастыру оңай. Алайда, тіршілігінің көп кезеңі гаплоидіы күйде болатын алғашқы қалталыларға қарама-қарсы дикарионды фазада өтуі, бұл екі қатарды бір-бірне жақындастыруды қиындатады. Дегенмен, тафрина қатарын үнемі диплоидты болуына қарай Saccharomyces Ludwigii ашытқы саңырауқұлағымен жақындастыруға болады. Кейбір микологтар қалталарының эутуникатты болуы, аскоспораларын активті түрде лақтырып тастауы жағынан дискомицеттерге жақындастырады. Ал жеміс денесінің болмауы паразитті тіршілік етуіне байланысты қарапайымдалып жойылып кетуі тиіс дейді.

Қолданылған әдебиеттер:

1 Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2 Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000


  1. Курсенов Л.И. и др7 Ботаника в 2-х Т., М., 1991.



Дәріс 14. Базидиомицеттер (Basidiomycota) класы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Базидиомицеттердің жалпы сипаттамасы

2. Базидиомицеттердің систематикасы

3. Базидиомицеттердің филогенезі



Базидиомицеттердің жалпы сипаттамасы Қазіргі уақыта бұл бөлім 30000 - жуық ұсақ жəне ірі саңырауқұлақтар түрін біріктіреді. Базидиальді саңырауқұлақтар класы деп аталуы олардың өкілдері базидия болып табылады. Базидиоспоралардың стеригмасында шағын өскіндер экзогенді дамиды. Базидия үнемі апогамды болады, бұл саңырауқұлақтардың толығымен жыныстық жасушалары жойылған. Базидиальді саңырауқұлақтардың даму циклінде дикариотты мицелий басым, бірақ көптеген өкілдерінде гаплоидты мицелий бар, ол өз бетінше немесе дикариотты мицелий сияқты дами алады. Көптеген базидиальді саңырауқұлақтарға ерекше құрылыс оларда өтпелер мен аралық перде қалқандар болуы тəн. Оларды долипоровтар деп атайды. Олар құмыра тəрізді

іскен (кеуіп кеткен) болады. Осы ісік мембрананы қоршаған-парентосомадан,

яғни эндоплазмалық ретикулуммен тығыз байланысқан. Парентосома аралақ

қалқан перде арқылы ядролардың миграциясына кедергі келтірмейді. Жасушалы қабырғалары қалталы саңырауқұлақтардыкінен айырмашылығы олар сияқты екі қабаттан емес, бірнеше қабаттардан тұрады жəне хитин, глюкандар, фукоза, ксилозадан тұрады. Конидий споралар аскомицеттерге қарағанда базидиальді саңырауқұлақтарда сирек кездеседі жəне көбінесе дикариотты мицелийде пайда болады. Көптеген базидиальді саңырауқұлақтардың жемісті денелері де дамиды, дикариотты мицелийден қосылады. Жемісті дене құрылысы бойынша өте алуан түрлі. Дəрежесі бойынша жемісті денесі - терілі,ағашты, етті болуы мүмкін. Олар сол сияқты

бояуы бойынша да ажыратылады. Спора түзуші қабаты жемісті денесі гимений, ол базидийден жəне қосымша құрылымды түзілістен-базидиол, цистид, парафиз жəне т.б. тұрады, олар əр түрлі таксономиялық топтардың

байланыстарына тəуелді. Гимений əкелетін - гименофор – тегіс – лабиринт тəрізді, пластинкалы түтікше тəрізді жəне т.б. Базидийлардың түзілуінің екі əдісі белгілі: дикариотты мицелийдің жасушаларынан жəне өсу кезеңінде тыныштықтағы споралар – телиоспоралар. Бірініші жағдайда базидия мицелийдің жас екі ядролы жасушадан дамиды. Жас жасушаның төбесінің бүйірінде жақын жатқан екі ядродан бүршік тəрізді жіпшелер дамиды. Бұл уақытта дикарионның екі ядросы бөлініп, төрт ядро түзіледі, олар былай орналасады: екі əр түрлі жынысты ядро жасуша төбесінен кетеді, үшіншісі негізге қарай жылжиды, ал төртіншісі жіпше өскініне кіреді де, одан соң екі аралық пайда болып, дикарионнан жасуша бөлінеді. Көптеген базиомицеттер жоғары сатыдағы өсімдіктерде ерекше паразитті тіршілік етеді. Базидийлердің дамуы өзгеше жүреді. Олар тыныштық күйдегі споралар – телиоспоралар өсуінен түзіледі. Құрылысы бойынша базидийлер - біржасушалы, түйреуіш тəрізді (холобазидия) болуы мүмкін немесе екі бөліктен тұрады: төменгі - гипобазидийлер жəне жоғарғы - эпибазидийлер,

олар гипобазидийлердің өскіні болып табылады. Эпибазидия - үнемі екі немесе төрт жасушадан тұрады. Мұндай күрделі базидия гетеробазидийлер деп аталады. Базидияның үшінші типі – төртжасушалы базидия – фрагмобазидия болып табылады. Фрагмобазидийлердің ерекшелігі - оның қалың қабырғалы телиоспоралардан түзілуі жəне оны склеробазидия деп атайды.

Базидиомицеттердің систематикасы

Базидийлердің құрылысы негізінде Basidiomycоtа бөлімі 3 класқа бөлінеді. Нolobasidiomycetes класы

Бұл кластың өкілдері бөлінбейтін біржасушалы базидияның түйреуіш тəрізді немесе цилиндрлік формалары бар, олар дикариотипті мицелийдің жіпөрімінен дамиды. Əр түрлі құрылысты жақсы дамыған жемісті денесі бар.

Оның сапротрофты жəне паразитті формалары да бар .



Нeterobasidimycetes класы Гетеробазидиальді саңырауқұлақтардың негізгі белгілері болып оның өкілдерінің өзіндік жемісті денесінің жəне базидийлердің болуы, көпжасушалы, не дифференцияланған гипобазидия жəне эпибазидияның (яғни гетеробазидия) болуы болып табылады. Гетеробазидиальдыларды көбінесе ашытқы саңырауқұлақтар деп атайды. Бірақ бұл өте дұрыс емес, бұл саңырауқұлақтар арасында жемісті денелермен құрғақ консистенциялы түрлері бар. Гетеробазидиальды саңырауқұлақтар арасында үлкен əр түрлі формалы жəне саңырауқұлақтардың жемісті денесінің сыртқы құрылысының көптеген типі жалаңаш базидиальды саңырауқұлақтар болады Кейде олардың ұқсастығы өте жақсы, оларды микроскоптық сараптау арқылы анықтауға тура келеді. Гетеробазидиальдылардың көпшілігі - қарағайлы жəне жапырақты ағаштарда өсетін сапротрофтар. Олар ормандарда немесе топырақтарда көптеп кездеседі. Олардың арасында жоғары сатыдағы өсімдіктер де паразитті тіршілік етеді. Сол сияқты жартылай паразиттер де бар (Auricularia mesenterisa). Сол сияқты паразит саңырауқұлақтар да кездеседі. Олар мүктерде, папоротниктерде де өседі. Бұл жағдайда олардың жемісті денесі нашар дамыған, сирек те болса кейде мүлдем болмайды жəне базидийлер саңырауқұлақ - паразит түзіледі (Tremella). Бұл үнемі жүйелеуде ауытқуға əкеледі. Гетеробазидиальды саңырауқұлақтардың практикалық маңызы аз зерттелген. Көпшілік түрлері ағаштарды бұзушылар болып табылады жəне қарашіріктің түзілуіне қатысады . Олардың арасында паразиттер көп емес, халықшаруашылықтық маңызы бар түрі - Rhizoctonia crocorum – беде, жоңышқа жəне көптеген бақша дақылдарының сəндік ағаштардың тамырын шірітеді. Кейде кəдімгі сапротрофты саңырауқұлақ Auricularia mesenteriсa өзін паразитті көрсетуі мүмкін. Белгілі бір жағдайда ол əлсіз жеміс ағаштарын (алма, алмұрт саңырауқұлақтар əзірге белгісіз. Жеуге жарамдылары да көп емес, бірақ аз болуы себепті жəне дəмдік сапасының төмендігіне байланысты оларды тамаққа пайдаланбайды. Тек кейбір Auricularia туысының түрлерінің Қытайда, Жапонияда жəне т.б. жерлерде маңызға ие. Олардан ұлттық тағамдар дайындайды. Гетеробазидиомицеттердің жемісті денесі əр алуан. Ең қарапайымы – жемісті денесі, олардың арасынан 4 типті бөліп қарауға болады. Гипохноидты тип - жемісті денесі өте жұқа шырмалған жіпөрімнен тұрады, олар таралып жəне топты базидияларды түзеді. Тығыз гимениальды қабаты болмайды жəне жемісті денесі өрмек тəрізді түрі бар (Tulasnella, Bourdotia). Кортициоидты тип - жұқа жемісті денелі, тығыз гимениальды қабықпен қапталған (Exidiopsis, Heterochaeta, Heterochaetella). Кортициоидтық жемісті денелері тегіс, бірақ кейде стерильді тікенектермен қапталған (Heteroc Стероидты тип – қалың ресупинатты жемісті денесі қатты – терілі консистенциядан, сызықтық шеті анық (Exidiopsis, Eichleriella) түрін біріктіреді. Ресупинаттықтарда жемісті денелері гименофор тегіс, жалпақ болып қана қоймайды, бірақ Hydnaceae сияқты тікенектер орналаспайды (мысалы, Protodontia туысы). Гетеробазидиальды саңырауқұлақтар үшін жастықша тəрізді жемісті денесі болып табылады. Бұл жемісті денелер атауларын эксидиоидты типтердің жемістік денесінен алды. Бірақ іскен, жастық тəрізді болып тек жаңбырлы немесе ылғалды ауа райында болады. Құрғақ ауа райында олар барлық ылғалын тез жоғалтады жəне құрғақ, мүйізшелі жұқа қабат немесе қабыққа айналады. Жаңбырлы ауа райы басталысымен олар қайтадан ісінеді, суға толады жəне өзінің өмірін жалғастырады. Осындай эксидиоидті жемісті дене Exidia,Tremella, Dasryopinax, Guepiniopsis туыстарына тəн. Эксидиоидті типтердің туындылары псевдогидноидты жəне аурикулариоидты типті жемісті денелері болып табылады. Псевдогидноидты қалпақ тəрізді дененің бүйіріне жабысқан, кірпікщелі тікенекке ұқсас. Мұндай жемісті дене Pseudohydnum туысында ғана кездеседі. Аурикулариоидты жемісті дене əдетте табақша тəрізді немесе құлақша тəрізді, арқа жағынан орталық нүктеге немесе эксорталық нүктеге бекіген жəне бетінде болады. Мұндай жемісті дене тек Auricularia туысы өкілдерінде ғана кездеседі. Гимений оларда тегіс немесе лабиринт тəрізді болады. Гетеробазидиальдық саңырауқұлақтар арасында жемісті денесі клавароид типті түрлері де кездеседі, мұндай жемісті дене тура тік тұратын, цилиндрлі немесе түйреуіш тəрізді, жаңғақтылардың жемісті денесіне ұқсас болады (олар Cаlоcera жəне Eocronartium өкілдеріне тəн). Сонымен, бұл топтағы саңырауқұлақтарда гимнокарпты жемісті денесімен қатар ( барлық жоғарыда

айтылған типтер) ангиокарпты жемісті денелі саңырауқұлақтар да бар. Олар ұсақ, шар тəрізді, жіңішке аяқтарымен миксомицеттердің спорангийлерін еске түсіреді. Жемісті денесі қабықты перидиймен жабылған, төбесі базидий жіп өрімінен түзілген (Phleogena туысына тəн) жемісті денесінің бояуы өте алуан түрлі, біреулерінде сары жəне қызыл сары түс болса, екіншісінде – қоңыр немесе түссіз, кейде – қызыл, кейбіреулерінде басқа түстер болады. Барлық гетеробазидиомицеттер жіпөрімдер, жемісті денесі біртұтас, яғни мономиттік жіпөрімдер жүйесі (тек Heterochaeta жеке түрлерінде ол димиттік, сонымен қатар қаңқалық жіп өрімдер мен генеративті жіпөрімдерімен) бар. Генеративті жіпөрімдер жұқа қабырғалы, қалың қабырғалы да болуы мүмкін. Олар кейде жіптермен шумақталған болып та кездеседі. Олардың 3 типін ажыратуға болады: доға тəрізді, медальон тəрізді жəне іскен (үрілген). Гимений жемісті дененің төменгі ішкі бетінде орналасқан (унилатеральды немесе біржақты гемений) немесе барлық жемісті денесін жауып тұрады (амифигенді гимений). Базидийде про,- гипо немесе экибазидийлер болып ажыратылады. Кейбіреулерінде эпибазидий рөлін ұзын стеригмалар орындайды. Tremellales қатарының базидиясы – шар тəрізді жасуша, ол ұзынынан өтпелерге 4 жасушаға немесе екі жасушаға бөлінеді. Сосын əрбір жасуша бір - бірден ұзын цилиндрлі стеригмаларды береді (олар эпибазидийлерге сəйкес келеді), базидиоспоралар түзіледі. Tulasnellales қатарындағы базидийлар базидий қуыстарына ұқсас, ал, Tremellales олардан ерекшеленеді, өйткені гипобазидий əрқашан бір жасушалы болып қалады, ал стеригма (эпибазидия) цилиндрлі емес, қалың шар тəрізді жəне базальді өтпелері болады, ол оларды базидийден (гипобазидий) алыстатады. Стеригмалар саны төрттен жетіге дейін болуы мүмкін. Auriculariales қатарындағы базидийдің Tremellales жəне Tulasnellalesтерден айырмашылығы бар. Алғашында оларда шар тəрізді пробазидийлер түзіледі, бірақ одан тек бір ғана эпибазидий өсіп шығады. Сосын көбінесе гипобазидий жоғалады жəне эпибазидий ғана базидий рөлін

атқарады. Ол көлденең өтпелерге 4 жасушаға бөлінеді (2-5 сирек). Əрбір жасушада базидиоспорасымен бір стеригма болады. Стеригмалар өте ұзын болады. Гетеро – базидиомицеттердің базидиспораның ең маңызды ерекшелігі – бұл олардың түзілуі кезінде екінші спораның дамуы, олар формасы бойынша алғашқы базидиоспораларға ұқсас болады. Кейде екінші споралар ұсақ конидийлерден түзіледі. Гименийде кейде жыныссыз споралар – конидийлер пайда болады. Əдетте олар ( Dacrumyces deliquescens, Tremella mesenterica) 164 базидиясы түрінде көрінеді, бірақ кейде базидиямен жіпөрімдерде біруақытта түзіледі.

Teliobasidiomycetes класы

Бұл класс жоғары сатылы өсімдіктердің паразитті саңырауқұлақтарын біріктіреді. Базидийлар – тыныштық күйдегі споралар – телиоспоралар немесе склеробазидийлер өскенде пайда болады. Олардың тығыз қабықшасы бар, хитиннан, меланин мен басқа да заттардан тұрады. Бұл саңырауқұлақтардың жемісті денесі болмайды. Бұл класқа екі қатар кіреді; Ustilaginales – жəне Uredinales саңырауқұлақтары .


Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж

Блок 5 Қыналар - Lichenophyta бөлімі
Дәріс 15. Қыналар - Lichenophyta бөлімі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қыналардың жалпы сипаттамасы.

2. Қыналардың систематикасы.

3. Маңызы.



| Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер катарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатга қыналар басқа өсімдіктерге колайсыз келетін кұнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада кыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.

Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.

Олардың құрамына кіретін балдырлар көк – жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ. Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.

Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туысы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы.

Қыналар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.

Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.

Гетеромерлі талломның құрылыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектинхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстінгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түсіз болып келеді.

Плектинхиманың астында, босандау орналасқан гифтермен қоршалған, шар пішіндес бір клеткалы жасыл балдырлар топтарынан тұратын гонидиялық қабат орналасады. Гонидиялық қабаттың астында өзек орналасады. өзектегі саңырауқұлақтар гифтері түссіз келеді әрі өте бос байланысқан, олардың аралары ауаға толы.

Талломның ең астынғы қабаты құрылысы жағынан беткі қабатына ұқсас, яғни тығыз орналасқан жуан қабықты гифтерден тұрады. Осы қабаттан тарайтын бір қатарлы саңырауқұлақ жіпшелері, немесе ризоидтер, ал көпшілік жағдайларда ризиндер (өзектен өтетін жіпшелер шоқтары) қыналардың субсртаттарға бекініп өсуін және қоректенуін қамтамасыз етеді.

Нағыз бұталы қыналардың цилиндірлі талломдарының құрылысы да гетеромерлі типке жатады. Олардың көлденең кесінділерінен талломдарының бірнеше концентрлік қабаттардан тұратынын көруге болады: шеткі бөлігінде тығыз сыртқы қабат, одан ішке қарай бір клеткалы жасыл балдыр шоқтары орналасқан гонидиялық қабат, ортасында түссіз өзек және ең ортасында орталық білеу – остьік цилиндр орналасады. Остьік цилиндр серпілмелі шеміршек тәріздес тканьнен түзілген және механикалық қызметатқарады.

Қынаның көбейуі.

Олар жай екіге бөлінуі арқылы, немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитейий қына қабатына кіріп томпайып орналасады.

Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.

Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процессі тән.

Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.

Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп тускен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен катар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады

Сорадиялар саңырауқүлактардың жіпшелерімен оратылған балдырлардың жасушалар тобы. Бұндай жасушалар кына денесінің ішкі жағында пайда болады, осы кезде кынаның салмағы артады да кабығы кысымнан жарылып, ондағы соридиялар үзіліп, жел, жауын суының ағынымен таралып, жаңа жерде жаңа қына өсіп пшғады.

Изидиялар - кына кабаттамасының жоғарғы жағында төмпешіктер пайда болып, оның кұрамында да саңыраукүлактардың жіпшелеріне оратылған балдырлар болады, бұлар сыртынан қабықпен қапталады. Изидиялардың соридиялардан айырмашьілығы осы кабығының болуында. Төмпешік ұзарып өсіп, үзіледі де жел арқылы таралып кетеді.

Қаспак кыналар кесектері аркылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.

Қыналар - ыстык күндері курап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар кайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бүғы мүгі-ягель бір жылда не бары 1-3 мм өседі.

Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.

Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де, олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғарғы бөлігі жұмырлана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында подециялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.

Систематикасы.

Қыналарды 4 класқа бөледі: қалталы қына, базидиальды қына, фиколихенс класы, дейтеролихенс класы.

Қыналардың экологиялық топтары.

Қыналар жоғарыда көрсетілгендей барлық жерлерде таралған.



Төмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді.

  1. Топырақ бетіндегі қыналар немесе эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қыналардың қатарына пельигера, стереокаулон, кладония, цетрария т. б. туыстар түрлері жатады.

  2. Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса – эпифильді, жалаңаш ағаш діндерінде қоныстанса – эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т. б. туыстары жатады.

  3. Эпилитті қыналар – олар тастарда, құздарда, жартастарда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.

  4. Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына – гидротирия қынасын жатқызуға болады.

Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек устінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады.

Қыналар талломы әр түрлі түсті: сүр, қара, көгілдір, сары, кызғылт-сары, коңыр түсті болады, мүңдай түс беру қүрамындағы кыналар кышкылдарының болуына байланысты, бұлар жіп шумактың жоғарғы жағында түйіршікті, таяқшалы, қристалды түрде калыптасады.

Сыртқы пішіндеріне карай кыналар үшке балінеді:

1. Қаспак немесе кабыршакты кыналар - бұлар ағаштардын қабыктарына, таска, жартастарға жабысып өседі, бекінген тастардан бөліп алу киын және түстері әртүрлі болады.

2. Жапырак тәрізді кына (жалпак жапырак гашінше үқсас) - бұлар ормандағы ағаштардың діңіне, түбіріне жабысып өседі, бүларды оңай бөліп алуға болады, түстері сұр, сары, кызғылт- сары болып келеді

3. Бұта тәрізді кыналар - бұлар карағайлы күрғак ормандарда тіршілік етеді, түсі сұр, акшыл болып келеді, оңай бөліп алуға болады. Бұл кыналар тундрада көп кездеседі, мысалы, бұғы- мүгі ягель.

Анатомиялык кұрылысы жағынан кыналар талломдарындағы балдырлардың орналасуына карай екіге бөлінеді:

1. Гетеромерлі- кыналардьщ жоғарғы кабык қабатының астында жасыл балдырлардын жасушаларының бір кабат болып орналасуы, бұны гонидийлер кабаты деп те атайды, ]бұған жапыракты және бүта тәрізді кыналар жатады.

2. Гомеомерлі - балдырлар жасулалары саңырауқұлактардың жіпшумағының арасында шашыранды орналасады, бүған каспак кыналар жатады.

Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым қалай аталады.

2. Қына қандай организм.

3. Қыналардың табиғаттағы маңызы қандай.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж
Дәріс 16. “Мүктәрізділер бөлімі”. Мүктәрізділерге жалпы сипаттама. Мүктәрізділердің көбею жолдары. Мүктәрізділердің классификациясы.

Дәріс жоспары:

1. Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

2. Систематикасы.

3. Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.

4. Систематикасы.

Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен  көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет