Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет17/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47

Систематикасы.

Ашықтұқымдыларды 6 классқа бөледі: 1/ Тұқымды папоротниктер, 2/ саговниктер, 3/ бенетиттер, 4/ гинколар, 5/ гнеталар, 6/ қылқан жапырақтылар.



Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы

Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жалаңаш тұқымдылардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Жалаңаш тұқымдылардың жабық тұқымды өсімдіктерден айырмашы -

лығы неде?

  1. Аталық бүрдің құрылысы?

  2. Аналық бүрдің құрылысы?

  3. Қарағайдың аталық және аналық гаметофиттері қалай пайда болады?

  4. Тұқым қалай пайда болады және қандай құрылысты болып келеді?

  5. Тұқымды өсімдіктердің пайда болуы эволюциялық дамуда қандай маңызы бар?

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж









Дәріс 21. “Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі”

Дәріс жоспары:

Жабықтұқымдыларға жалпы сипаттама.Гүл. Құрылысы. Жабық тұқымдылардың көбеюі. Жабық тұқымдылардың классификациясы.



Гүл. Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пай­да болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.

Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.

Гүлдің негізгі бөліктеріне – гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін .

Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағақты гүл, сағағы жоқтары — сағақсыз немесе қондырмалы гүл.

Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп ата­лады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия — гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.

 Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол­са, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.

Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б.).

Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента» - бес) және тетрациклді (грекше «тетра» - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналаса­ды. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған бай­ланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.

Адроцей. 

Гүлдегі аталықтар жиынтығын андроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардың саны әр түрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда - 3, күрделігүлдерде - 5, лалагүлдерде - 6, бұршақ тұқымдастарында - 10. Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Әдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты.   

Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі және тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. Тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясында микроспоралар (тозаң) жетіледі. Кейде аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады, кейде өте қысқа болады (картоп). Сол сияқты олардың пішіндері де цилиндр, таспа тәрізді және т. б. ұқсас келеді. Жабық тұқымдылардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардағы микроспорофиллдері — аталықтар, ал микроспорангийлері тозаң ұялары деп аталады.

Тозаңның жетілуі. Микроспоралардың пайда болуы микроспорогенез делінеді. Бұл аталық тозаңқабының тозаң ұясында — микроспорангийлерде жүреді.

 Тозаңның сыртын екі қабықша қаптап тұрады. Оның ішкісі — интина өте жұқа үлпек, беті тегіс, серпімді, порасыз негізі целлюлоза заттары сыртқысы — экзина қабырғасы қалың спорополленин (кутинге ұқсас зат) сіңген. Бұл зат экзинада өсімдік түрлері тозаңының әрқайсысына тән мүсінді қалыңдаулар пайда етеді. Экзинада қалыңдамаған учаскелер қалады, ол жерлерде тозаң түтігі өсіп шығу үшін қажетті поралар қалыптасады.

Тозаң ұясында тозаңдар пісіп жетілген кезде тозаңқап кебірсіп, эндотеций шытынап жарылады. Жарылған жерден тозаң сыртқа шашылады. Осыдан соң тозаң қос жынысты гүлдерде өз гүлі аналық аузына және жел, насекомдар т. б. арқылы басқа гүлдер аналығына түседі. Аналыққа келіп түскен тозаң одан бөлінетін тәтгі сұйықтықпен қоректеніп өсе бастайды. Өсу тозаң түтігінің пайда болуымен басталады. Экзина порасы арқылы сыртқа жылжып томпайып шыққан тозаң ци­топлазмасы созылып өсе келе түтікшеге айналады. Тозаң түтігінің өсу барысында тозаң интинасы да созылады, осыдан вегетативті генеративті жасушалардың цитоплазмасы бір бағытқа ығысып жаңа жетіліп келе жатқан тозаң түтігіне қарай жылжиды. Тозаң түтігіне алдымен вегетативті ядро, одан кейін цитоплазмамен қосарласа ілесіп генеративті ядро немесе екі спермия өтеді. Спермиялар — аталық гаметалар.

Вегетатив ядро және екі спермиялы тозаң түтікшесі — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің аталық гаметофитінің гомологы. Жоғарыдағы құрылымдық сипаттамасына қарағанда жабық тұқымдылардың аталық гаметафитінің тым қарапайымдалғаңдығы анық көрінеді. Жоғары сатыдағы споралыларда аталық гаметофиттің вегетативті денесі көп жасушалы болса, ол жабық тұқымдыларда бір ғана тозаң дәнінен тұрады, ал көп жасушалы антеридий редукцияланған. Папоротник тәрізділердің антеридиінде пайда болатын көптеген сперматозоидтардың орнына жабық тұқымдыларда екі ғана спермий пайда болған. Жабық тұкымдылардың апталық гаметофитіңдегі осы құбылыстың өзі олардың сыртқы орта жағдайындағы шұғыл өзгерістерге, қолайсыз жағдайларға мейлінше бейімділігінің дәлелі іспетті.

Гинецей  

Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақтарға ұқсас. Жеміс жапырақшасының кәдімгі вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. Сыртқы эпидермасында кейде устьице болады.

Жеміс жалырақшасының құрылымдық ерекшелігінің бірі — оның жүйкеленуі. Сырттай қарағанда вегетативті жапырақ жүйкеленуіне ұқсас, бірақ оның өзіне тән зандылығы бар. Жеміс жапырақшасы өткізген шоқтарының негізгі қызметі — тұқым бүршіктерін қоректік заттармен қамтамасыз ету. Әрбір тұқым бүршігіне бір өткізгіш шоқтан келеді. Жеміс жапырақшасының мегаспорофилл гомологы — вегетативті жапырақпен ұқсастығы, оның шығу тегінің жапырақ екендігін дәлелдейді. Жеміс жапырақшалары және сол сияқты вегетативті жапырақтар жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің жіктелмеген жапыраққа ұксас вегетативтік мүшелерінен пайда болған. Жеміс жапырақшасы тұқымды әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғауға (сақтауға) бейімделген редукцияланған мегаспорофилл болып табылады.

Аналықтың құрылысы. Әдетте аналық үш бөлімнен тұрады. Олар: аналық ауызы, аналық мойыны және жатыны. Аналық ауызы — аналықтың ең жоғарғы бөлігі, пішіні бүтін не телімді болып келеді. Телім саны көбіне жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес, кейде жеміс жапырақшаларының санына қарамастан тұтас болады. Аналық ауызы тәтті сұйықтықты бөліп, тозаңды ұстау және қоректендіру қызметін атқарады. Аналық мойыны аналық жатыны мен ауызын байланыстырады. Аналық мойынының саны кейде жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес келеді. Мысалы, алмада және алмұртта жатын бес жеміс жапырақшасынан пайда болған, оның мойыны да бесеу. Ал кейбір өсімдіктерде мұндай сәйкестік бола бермейді. Мысалы, қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдерінде жеміс жапырақшаларының саны бесеу, ал аналық мойын үшеу ғана болады.

Крестгүлділер және ерінгүлділерде жатын екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, ал аналық мойыны біреу ғана.

Аналық мойыны кейбір өсімдіктерде қуыс, қайсы бірінде өткізгіш деп аталатын өте борпылдақ паренхимаға толы. Ана­лық; мойынының үш кейпін ажыратады: I) ашық мойын — мұңда аналық мойыны ұзына бойына қуыс (кейбір дара жарнақтыларда); 2) жартылай ашық мойын — мұңда аналық мойынның қуысы секреторлық борпылдақ өткізгіш ұлпамен жабылған; 3) бітеу (жабық) мойын — мұнда аналық мойынның қуысы борпылдақ өткізгіш паренхимаға толы.

Ашық және жартылай ашық мойында тозаң түтігі кедергісіз еркін өседі. Бітеу мойындарда аналық ауызында өсуін бастаған тозаң аналық мойыныңдағы өткізгіш паренхиманың жасуша аралықтары арқылы жатынға бағытталады.

Аналық мойынының ұзындығы өсімдіктердің түріне қарай әр түрлі. Кейбір өсімдікте ол қысқа болса, қайсы бірінде мой­ын мүлде болмайды. Бұл жағдайда аналық ауызы қоңдырмалы болады да бірден жатынмен жалғасады. Аналық мойыны мен ауызы жиектері арқылы кіріккен жеміс жапырақшаларының жоғарғы бөлігінен пайда болады.

Жатын - аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы – тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағдайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осыңдай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.

Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді (8-сурет).

Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.

Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.

Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады.

Гүлшоғыр. Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады . Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас),

        Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен). Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыргүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр (женьшень), наурызшешек, ақшұнақ). Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде). Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре). Күрделі гүлшоғырларжай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр.Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш). Күрделі масақ – орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық). Сырға гүлшоғыры масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас (2-сурет). Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек).



Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған,

Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, жөке, қырмызыгүл және т. б. гүлдердің шипалық қасиеті болғандықтан, оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады. Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады. Жөке, қарамық гүлдерінің шірнелері балдың дәмін кіргізеді, хош иіс береді. Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.



Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Гүл бөліктерін атаңыз.

2. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

3.Тозаңның құрылысы қандай?

4.Гүлшоғыры дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж

Дәріс 22.Раушангүлділер тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

1. Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама.

2.Систематикасы

3.Раушангүлділер

Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal. Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар Солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен тарқалған. Раушангүлдердің вегетативтік және генеративтік органдарының құрылысы алуан түрлі. Өмірлік формалары мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін негізінен көпжылдық. Жапырақтары қарапайым және күрделі жапырақ серігі бар, немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ салалы жүйкеленген. Кейбір түрлерінің гүлдері мен жемістерінің біршама қарапайым болып келуі оларды көп жемістілерге жақындатады мыс: пестиктер санының көп болуы. Екінші біреулерінің гүлдің жекеленген бөліктерінің редукцияға ұшырауы және прогрессивті белгілерінің болуы тыс жатыны төмен болуы. Тұқымдастың негізгі қасиеті гиницеті мен гүл табанының құрылысында гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецеті көп апокарпты немесе гүлтабаны ойыс және гинецеті көп ценокарпты болып келеді. Осындай бір – бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формалары да болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне гүл табанынан басқа гүлдің басқа да бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының аталықтарының түп жағы кейде тостағаншаның асты да қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып, етжеңді және шырынды жағдайға келеді. Ол жемістердің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушнгүлдер сарғалдақ гүлдерден айырмашылығы гипанты жақсы жетілген, жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы, гүлдер астында тостағанша асты жапырақшаларының болуы, гүлдері барлық уақыт актиколеофор гүлсерігі қосарланған мүшесі сиректеу мүшелі аталықтары көп мүшелі олар қатар шеңбер түзі орналасады.

Раушангүлдер тұқымдасы гүл, жемістер құрылысына қарай 4 тұқымдас тармағына бөлінеді: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.

Тобылғылар тұқымдастармағы - Spirocoidae. Бұталар көп жылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы орналасады. Гүл табасы біршама жалпақ, сиректеу ойыс. Тостағанша жапырақшаларының саны 5 олар түп жағынан біріккен болып келеді. Күлтесі 5 бос орналасқан андроцейі көп гинецейі –5 Ca5 Co5 A G5. Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен болады топталған жиынтық, қауашақтан тұрады.

Тобылғы туысы – Spiraea. Европа, Азия, Солтүстік Америкада 80-дей түрі бар. БОР – да 22 түрі бар. Қазақстанда 3 түрі өседі. Табиғи және мәдени жағдайларда өсетін түрлері таңқурай жапырақты тобылғы – Shypericifolia және доцес жиекті жапырақ тобылғы Serenata, тал жапырақты S. Salicifolia жатады. Парктерде әдемі гүлшоғыры бар жапон тобылғысы S- Japonica өсіреді.

Итмұрындар тұқымдастармағы – Rosoideal. Түрлерінің жалпы саны 800-дей олар Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Өмірлік формалары мәңгі жасыл және жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәрізді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Гүл формуласы

Са (5) Co5 A Ce. Жемістері құрама дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан құрама топтамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектер жиынтығынан тұрады. Раушангүл немесе итмұрын туысы (Rosa) полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5 мүшелі түксіз қосарланған сиректеу жартылай түкті гүлсерігі болады. Солтүстік ендінің кең таралған орманды, шөлейтті, таулы сай бойларында өседі. Орта Азияда көптеген жерлерді алып жатады. Түрлер саны анық емес 120-350 дейін бар.

БОР –да 150 түр олардан 60 эндем Қазақстанда 24 түр бар. Бұлардың құрамында е.В.г. Р.К. және провитаминдер бар. Итмұрындардан тікенектік қоралар жасайды.

Таңқурай (ежевика - малина) Ribus туысы 500 түрі бар үлкен полиморф өзгергіш –БОР флорасында 45 түр, Қазақстанда 4 түрі бар. Солтүстік ендіктің қоңырт климатты жерлерінде көп тарқалған бұталар. Ағаш тәрізді формалары субтропикалық зонада өседі. Жеміс сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай –малина Ridalus Кавказ, Солтүстік және Солтүстік Американың ормандарында төменгі ярусын (қабатын) түзеді, өзендер бойында бұталар арасында өседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өседі. Қожақат таңқурай – R. caesinius –ежевика, қойбүлдірген –R. Saxatilis. БОР-дың Европа бөлігнде кездеседі.

Құлпынай туысы- Земляника Fraqaria. 50-дей түрі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Тостаған астында тостағанша асты жапырағы болады. Аналығы ойыс, етжеңді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы –F. Vesca және жасыл бүлдірген

F. Viridis екі үйлі өсімдіктер олар БОР-дың Европа бөлігінде Сібірде, Орта Азияда бұталар арасында таралған ананас құлпынайы тек мәдени Fananasa жағдайда ғана белгілі олардың жемісі үлкен сортқа бөлінеді.

Алмалар тұқымдастармағы- Pomoidae. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары 5, олар көп жағдайда редукцияға ұшыраған 2-3, кейде 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, бакал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүл формуласы Са(5) Со5 А Ce (1-5). Жемісі жидек. Алма туысы – Malus. Туыстың құрамына қоңыржай климатты елдерде өсетін 30 түр жатады. БОР-да 10 түр, Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Көп кездесетін түрлері : орман алмасы М. Siversii – Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалын ормандарда өседі. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі “үй алмасы” –М domestica деген атпен топтастырылады.

Алмұрт туысы –Pyrus. Құрамына негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20 түрі бар. БОР-да 17 түр, Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы сопақша болып келетін жемістерімен, олардың жұмсақ бөлігінде склероидтардың (тасты клеткалар) болуымен ажыралады.

Кәдімгі алмұрт – Р. communis табиғи жағдайда өзгергіш БОР-дың Европа бөлігінде, Кавказ Орта Азияның таулы бөлігінде ормандар түзеді.

Шетен туысы - (рябина – Sarbus). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі бар. БОР-да 34 түрі, Қазақстанда 3 түрі бар. Кең таралған түрі (рябинка обыкновенная - Sancuparia). Ақ түсті гүлді, қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістері кулинарияда пайдаланылады.

Қараөрік тұқымдас тармағы – Prunoideal. Ағаштар, бұталар гүл табаны ойыс. Гинецейі бір ғана жеміс жапырақшасынан тұрады. Тұқым бүрі 2 оның біреуі жетіледі. Гүл формуласы Са (5) Со3, A, Сl1. Жемісі шырынды сиректеу құрғақ сүйекті.

Шие туысы - (вишня Cerasus) 150 түрі белгілі. БОР –да 10 түр, Қазақстанда 7 түр кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесі С. viqaris, құс шиесі – (черешня Cavium) кеңінен отырғызылады. Бақ шиесі табиғи қауымдастықтарда кездеспейді. Құс шиесі Украинада, Молдовада, Кавказ тауларында көптеп кездеседі. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін барады.

Қараөрік туысы –(Слива-Prnus) 35 түр бар. Қараөрік (слива домашняя –Р. Domestica) мәдени жағдайда көптеп аудандастырылған мәдени будандастырылған түрлердің негізгі арғы тегі ретінде кең таралған. Өсімдік (алша Divaricta) биіктігі 9-10м болатын ағаш, немесе бұта. Кавказ, Орта Азияда өседі.

Өрік туысы (абрикос - Armeniaca) табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 23. Бұршақ тұқымдасы

Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal – Papilonaceal 120 мыңдай түрі бар (490 туыс) полиморф. Негізгі өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін формалары қоңыржай климатты аудандарда, топтасқан ағаштары мен бұталары тропикалық, субтропикалық аймақтарда өседі.

Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп

ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.

Са5 Со 3 .(2) А (9).1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық, жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.

Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая

V. hirsut.

Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.

Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі



    1. дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
24 тақырып. Күрделігүлділер тұқымдасы.

Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы – Compositae. Бұл тұқымдасқа 18-20 мыңдай түр (мың туыс) жатады. Өмірлік формалары кішігірім ағаштар, бұталар, лианалар, жартылай бұталар, көп, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар көп жағдайда өрмелеп өседі, кейде скуленттер. Жер бетінің барлық құрылықтарында таралған. Көптеген туыстары өзгергіш келеді. Түрлері, тұқымы және вегетативтік жолмен көбейеді. Бұтақтарына жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде розетка түзеді. Тұқымдасқа тән белгілер: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады. Олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Орама жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауда ең қажетті белгілер. Гүлдері алуан түрлі біреулері біршама үлкен және қанық боялған, екіншілері ұсақ, көрінсіз. Олардың барлығы 4 шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 5 мүшелі тостағаншасы жел айдарға айналып кеткен редукцияға ұшыраған. Андроцейлері жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Аналығы 1 гүл түйіні төменгі

1 ұялы аналық мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады. Жемісі тұқымнан көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (легушка) болады.

Күлтежапырақтың құрылысына қарай гүлдердің түрлері: трубка тәрізді, тілше, жалған тілше, воронка тәрізді екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады. Гүл формуласы : Са (5) Со (5) А(5) Ge(2).

Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын дәрілік, бояулық, сәндік, хош иісті өсімдіктері көп. Кейбіреулері арамшөптер тұқымдас 2 тұқымдас тармағына бөлінеді : трубкагүлділер және тілше гүлділер.



Жусан туысы – Artemisia. 400 түрі бар. БОР-да 134 түр, Қазақстанда 81 кездеседі. Ареалы Европа, Азия, Солтүстік Американың қоңыржай климатты аудандары. Шөптесін көпжылдық екі жылдық, бір жылдық өсімдіктер немесе жартылай бұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі. Жапырақтар кезектесіп орналасқан. Жапырақтары қаты тілімделген, сиректеу тұтас, эфир майлы гүлдері трубка тәрізді. Жусан түрлері шөлейт аймақта, жартылай шөлдерде ланшафт түзеді.

Дәріс 28. Сарғалдақгүлділер тұқымдасы

Дәріс жоспары: Магнолиялар тұқымдасына жататын өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері.

  1. Магнолиялар тұқымдасына жататын өсімдіктердің өкілдері және олардың шаруашылықтағы маңызы.

  2. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері.

  3. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің өкілдері және олардың шаруашылықтағы маңызы.

Бұл тұқымдаста 200-ден аса түр бар (20 туыс). Көп жемістілер қатарлар тобына жатады. Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солтүстікте поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен Шпицберген, Гренландия аралдарында таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқындауына байланысты олардың ареалының солтүстік бөлігі жойылған, осы тұқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған орталығына Қытайдың оңтүстік Шығысы, Индоқытай, индияның Солтүстік шығысы жатады. Тұқымдастың тіршілік ету формалары: магнолиялар өте ірі ағаштар, бұта түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінің бойының биіктігі 35-40 м дейін, мысалы американдық тюльпан ағашының (тюльпанное дерево - Liriodendron tulipifera) биіктігі – 75 м жетеді, ал діңінің жуандығы 10 м.

Вегетативтік мүшелерінің ерекшеліктері. Магнолиялардың тамыр жүйесі негізінен өте жақсы жетілген кіндік тамыр, қауырсын жүйкелі жай жапырақтары кезектесіп орналасқан, мәңгі жасыл, ірі болып келеді. Мыс. Ірі жапырақты магнолияның - (магнолия крупнолистная - Magnolia macrophylla) жапырағының ұзындығы 1 м., ал ені 40 см.

Генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері. Гүлдері үлкен , диаметрі 32 – 46 см. әдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Геницейі апокарпты. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан, сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.



Магнолия туысы (магнолия – Маgnolia). Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сәндік өсімдіктер ретінде Кемпбелла магнолиясы мәдени жағдайда (30 - сурет) өсіріледі. Солтүстік Америкада (мәңгі жасыл түрлері) және Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған ағаш. Гүлінің формуласы: *Са3 Со А G ∞.

30-сурет. Кемпбелла магнолиясы (Magnolia):А-гүл;

Б - гүл (тігінен жасалған кесіндісі); В-аталық; Г- гүлдің

диаграммасы; Д- жемісі бар өркен біріккен таптама;

Е- тұқым (тікесінен жасалған кесіндісі).


Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда

сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталатын бір ғана

түрі өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны ( магнолия крупноцветковая - M.grandiflora)

жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз тәрізді ақ және жұпар иісі болады, парфюмерияда қолданылады. Магнолияның кесілген бөренелері әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады. Американдық тюльпан ағашының қабығынан, жапырағынан және гүл бүршіктерінен дәрі жасап медицинада пайдаланады.

2. Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) формалары жағынан алуан түрлі болып келетін Сарғалдақгүлділер қатарына жатады.

Тұқымдастың тіршілік ету формалары: көпжылдық , кейде біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, ағаштектес лиана. Шамамен 50 туысы мен 2000-нан аса түрлері бар. Бұл тұқымдастың өкілдері негізінен жер шарының қоңыржай бойлықтарында, сонымен қатар Қазақстанда да кездеседі.

Өкілдерінің негізгі бөлігін мезофиттер құрайды, олардың бірқатары ылғалдылығы жоғары жерлерде өседі (батбақ қалтагүлі, күйдіргі сарғалдақ), сирек гидрофиттер кездеседі (сусарғалдақ).

Вегетативтік мүшелерінің ерекшеліктері. Тамыр жүйесі тамыр сабақты, шашақ және кіндік, сондай-ақ тамыры түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады (таушымылдық, көктем ақбүйрегі). Жапырақтары бөбе жапырақсыз кезектесе келген, жапырақ тақтасы көбінесе тілімделген.

Генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері. Гүлдері шашақгүл және сыпыртқыгүл гүлшоғырына жиналған, сирек дарагүлді болып келеді. Гүлдері актиноморфты (сарғалдақ, қалтагүл, жібілген) және жел арқылы тозаңданады. Зигоморфты гүлдері (уқорғасын, шөмішгүл, тегеурінгүл), гүл тепкісі бар бойлап өскен күлтежапырақтарының ойыс өскіндерінің төмен жағы қусырыла біткен түтікше түрінде, онда шірнеліктер жиналады. Гүлдері қосжынысты бөліктерінің саны белгілі және белгісіз болып келеді. Тостағаншасы 5, сирек 6 тостағанжапырақшалардан тұрады, сонымен бірге 4 (жібілген), 3 (ақбүйрек), сирек 2 (кандалашөп) тостағанжапырақшалы да болып кездеседі. Гүлсерігі жай немесе қосарланған. Андроцейі кезектесе келген көптеген аталықтан құралған, гинецейі апокарпты, бір не бірнеше жапырақшадан тұрады, жоғарғы түйін. Гүлдерінің реңі саналуан. Жемісі кезектесе келген таптамалардың жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан немесе қарапайым жидектәрізді болып келеді.

Тұқымдасқа жататын өсімдіктердің барлығы алколоидтардың болуымен ерекшеленеді, сондықтан оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер болып саналады.

Уқорғасын туысы ( борец –Aconitum). Туыстың құрамында 60 - тай түр бар. Олар солтүстік ендікте, әсіресе таудың күн түсетін беткейлеріндегі шалғындарда, бұталардың араларында жиі кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың аймағында 50 – дей, ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Бұлар көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлі зигоморфты, шашақ гүл шоғырына жиналған. Тостағаншасы 5, олар ашық көк түске боялған, күлтежапырақшалар тәрізді болады, оның үстіңгісі ұлғайып өсіп бүркіттің томағасы тәрізді , ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды. Күлте жапырағының саны 5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғарғы екеуі ғана жетіледі және олар үлкен тәтті шырындыққа айналады. Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны 3 - 7- ге дейін болады. Жемістері таптама. Өсім -

діктің бойында өте улы аканитин алкалоиды болады. Оларды сәндік және дәрілік өсімдіктер ретінде отырғызады. Бақтарда көп жағдайда дәрілік у қорғасыны (A.napellus) өсіріледі ( 31 - сурет). Қазақстанда кең таралған өкіл -деріне ақ ауыз уқорғасын мен (A.leucostomum ) жоңғар у қорғасыны (A.soongarica) жатады.

Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың аймағында 180 - дей, ал Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Олардың ішіндегі ең көп таралған өкілінің бірі күйдіргі сарғалдақ

(лютик едкий - R. acris). Бұл – арамшөп ретінде орман және сужайылым шалғындарында, егістікте, өзен жағасында, бұлақтарды бойлай өсетін өсімдік (32 - сурет). Улы, дәрі ретінде пайдаланылады. Жатықтүкті, өте қысқа тамырсабақты, көпжылдық өсімдік, тамырсабақтан таралған тамырлардан тығыз топтасқан, қатаң шашақ тамыр түзіледі. Дара өсетін көп гүлді, тік сабағының биіктігі 30-80 см.

Гүл құрылысы. Гүлі өте ұзын гүлсабақта орналасады, қос гүлсерікті, дұрыс гүлді болады. Тостағаншасы жұмыртқа тәрізді 5 тостағанжапырақша -

лардан құралады, жылтыр, алтын сары түсті 5 күлтежапырақшасы бар. Гүлтабаны - тақыр, аталықтар мен аналықтар көп болады. Тостағанжапырақ -



шалар мен күлтежапырақшалар шеңберлене орналасады. Шар тәрізді жемісі өте көп жемісшелерден тұрады; жемісшелері – жаңғақша тәрізді. Гүлінің формуласы *Са5 Со5 А G.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет