СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»



бет10/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

II топқа несиенің, мәнін бейнелеитін принциптер:

  • несиенің мерзімділігі;

  • несиенің қайтарымдылығы;

  • несиенің төлемділігі;

  • несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылык органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіште негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сон дай -ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі варианты мен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принцип туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық катего­рия ретінде баска да тауарлы-акшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатта-лады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтық нарықтық, қатынастарға өтуіне байланыс­ты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қара-жаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылыкң несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;

  • банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;

  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін ор­таша сыйақы мөлшері;

  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);

  • несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);

  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;

  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуга тиіс, себебі, инфляция жағ-
    дайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).

Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:

1 =

І X Р X П


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет